Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.7 Кб
Скачать

ПІКІР

АБ-31 тобының студенті Орынбай Мұратбек

Курстық жұмыстың тақырыбы «Лексиканы аудару ерекшеліктері»

Қурстық жұмысында Орынбай Мұратбек «Лексиканы аудару ерекшеліктері» тақырыбын жан-жақты зерттеген. Зерттеу барысында көптеген мағлұмат, ақпарат жинай білді. Ақпаратты дұрыс қолданып синтетикалық талдау жасаған. Мағлұматтың мол қорын пайдаланған. Негізгі анықтамалары мен терминдерді қолданған.

Курстық жұмыс кіріспеден, II бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

I бөлімде аударма кезінде лексикалық трансформациялар туралы қарастырған.

II бөлімде эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері ұғымын талдаған.

Курстық жұмыстың құрылымы берілген талаптарға сай орындалған. Студент өз ойын тиянақты және сауатты жеткізген. Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан бұл курстық жұмысқа жақсы баға беріп, қорғауға жіберуге болады деген сенім білдіремін.

Ғылыми жетекшісі:: Аманжолова М.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І БӨЛІМ. ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................4

1.1. АУДАРМА КЕЗІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР..............4

1.2. ЛЕКСИКАЛЫҚ АУДАРМА ТҮРЛЕРІ...............................................................8

ІІ БӨЛІМ. ЭКВИВАЛЕНТСІЗ ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................12

2.1 ЭКВИВАЛЕНТСІЗ ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР..........12

2.2. ЭКВИВАЛЕНТСІЗ ЛЕКСИКАНЫҢ АУДАРЫЛУ ЖОЛДАРЫ....................14

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................25

ҚОСЫМША .............................................................................................................26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір-бірімен сәйкес болу шарттары, әрбір тілдің сөздік қорлары – міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес.

Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді.

Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық-стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: аударма кезінде лексикалық трансформацияларға және лексикалық аударма түрлеріне анықтама беру. Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар туралы шолу жасау. Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдарын талдау.

Халықаралық сөздер дегеніміз – бірнеше тілдерде бірдей дыбысталатын, яғни дыбыстық, мағыналық және грамматикалық құрылымға ие сөздер. Көбіне мұндай сөздер қоғамдық саяси немее ғылыми мағыналарда айтылады. Мысалы: capitalism, astronomy, constitution, system, diameter. Олардың қатарында қоғамдық сөздерді де көре аламыз: occupant, delicate, elegant, scandal.

Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.