Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖБ.АҚМ+.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.77 Кб
Скачать

Ф-МК-003/044

АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру

департаментінің директоры,

м.ғ.к. ___________Татыкаева У.Б.

«___» __________2014 ж.



«АУЫЗ ҚУЫС МИКРОБИОЛОГИЯСЫ» ПӘННІҢ

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән коды: Mikbac 2302

Мамандығы: 05130200 – Стоматология

Оқу сағатының көлемі:45

Кредит саны: I

Практикалық (семинарлық) сабақ: 15 сағат

ОБСӨЖ: 15 сағат

СӨЖ: 15 сағат

Курс:II

Оқу семестрі: IV

Емтихан: IV семестр

Түркістан-2014

Жұмыс оқу бағдарламасы «Стоматология» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұйрық №582, 01.12.2006 ж.),университет Сенатында бекітілген 5В130200– Стоматология мамандығының негізгі оқу жоспарының негізінде(хаттама №6, 27.06.2013,), медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының және университеттердегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша №6 нұсқау хаттың (хаттама №11,14.06.2007 ж.) талаптарына сай жасалған.

«Зертханалық пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі_______________х.ғ.к.,доцент Мамырбекова А.К.

Жұмыс оқу бағдарламасы оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2014 ж.

Комитет төрағасы _____________ магистр-оқытушы Кушкарова А.А.

Жұмыс оқу бағдарламасы білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.

Комитет төрайымы_________________б.ғ.к., аға оқытушы Байзакова Б.У.

2.1 Кіріспе.Ауыз қуысының микробиологиясы жоғарғы оқу орындарының стоматология мамандығында оқитын студенттеріне білім берудегі ең негізгі фундементальды теориялық білімдерін жетілдіруге көмектеседі.

Пәннің негізгі зерттеу бағыттары микроорганизмдердің систематикасы, морфологиясы, физиологиясы, генетикасы, микроорганизмдердің экологиясы патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, арнайы емдеуді зерттейді.

Ауыз қуысының микробиологиясы пәні адамдардағы жұқпалы аурулардың көрсеткішінің төмендеуінде және шартты патогенді микроорганизмдердің аурухана ішілік инфекциясының дамуын төмендетуде, арнайы алдын-алу және емдеуде маңызды рол атқарады.

2.2 Пәннің мақсаты: Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің стоматологиялық аурулардағы орнын, идентификациясын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беру.

2.3 Оқыту мақсаттары:

- патогенды және шартты-патогенды микроорганизмдердің классификациясының және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі туралы мағұлмат беру;

- микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндіктерін;

- адам ағзасында иммунопатологиялық жағдайлардың әсерінен пайда болатын иммунитетті, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын;

- клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерді білуі қажет;

- биологиялық сынамаларды алу ережесі туралы мағұлматты беру;

2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі

Студент білуге тиіс:

  • Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының негізгі биологиялық қасиеттерін, микроорганизмдердің (морфологиясын, физиологиясын, антигендерін) және экологиясын;

  • Адам ағзасының ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының өкілдерін;

  • Адам ағзасының ауыз қуысының спецификалық және бейспецификалық антимикробты қорғаныс қызметін;

  • Жұқпалы иммунды және аллергология негіздерін;

  • Патогенез негіздерін. Адам ағзасының ауыз қуысында көп кездесетін инфекциялық ауруларының диагностикасының негізгі тәсілдері мен принциптерін;

  • Науқастың ауыз қуысын зерттеу тәсілдері мен принциптерін;

  • Науқастың ауыз қуысында кездесетін инфекциялық ауруларының арнайы алдын-алуын және антибиотикотерапия принциптерін;

  • Антибиотиктердің және дезинфектанттардың антимикробтық белсенділігіне түсініктеме беру;

  • Асептика және антисептика, дезинфекция және стерилизация әдістеріне микробиологиялық негіздемені;

  • Ересектердегі және балалардағы дамыған ауыз қуысының ауруларының мәліметтерінің микробиологиялық мәліметтерімен сәйкестігіне сипаттама беру.

Студент істей білу керек:

  • Бактериологиялық лабораториядағы техникалық қауіпсіздікті және эпидемиологиялық жағдай ережесін сақтауды білуі тиіс;

  • Емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлері және науқастар арасындағы жұқпалы аурулардан сақтану ережелерін;

  • Микроорганизмдердің морфологиялық және тинкториальды қасиеттерін дифференцировать етуді;

  • Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістерін қорытындыларын бір-бірімен салыстыруды;

  • Инфекциялық аурулардың серологиялық диагностикасының қорытындысын тани білуді.

2.5.Пәннің реквизитке дейінгі: Пәннің мазмұнын нәтижелі меңгеру үшін химия, экология,биохимия, медициналық биофизика, молекулярлы биология және медицина генетикасы, физиология, гистология пәндерінің білімдері қажет.

Реквизиттен кейінгі: Биохимия, гистология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, фармакология, жалпы гигиена, эпидемиология, жалпы иммунология, жұқпалы аурулар, тері аурулары, терапевтік стоматология, хирургиялық стоматология.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Пәннің мазмұны. Классификациясы, морфологиясы, микроорганизмдердің анатомиясы және физиологиясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Жалпы вирусология. Антимикробты препараттар. Микроорганизмдерге физикалық, химиялық факторлардың әсері. Микроорганизмдердің патогенділігі. Инфекция. Қалыпты флора. Иммунитет. Респираторлы инфекция қоздырғышы. Зоонозды инфекция қоздырғышы. Жүйке жүйесі ауруларының қоздырғыштары. Тері аурулары инфекциясы. Урогениталді инфекция қоздырғыштары. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары. Микроорганизмдердің санитарлық көрсеткішін тани білуді үйрену. Санитарлық микробиологиялық зерттеу әдістері. Су, топырақ, ауа, азық түлік, күнделікті қажетті заттардың санитарлық микробиологиясы. Емдеу алдын алу мекемелеріне бактериологиялық бақылау, микробиологиялық мониторинг.