- •1.Философия пәні мен ерекшеліктері
- •2.Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
- •Онтологиялық және гносеологиялық
- •3)Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім. Онтология
- •Таным философиясы
- •5)Жаңа заман философиясы сипаты, ерекшелігі
- •8.Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру
- •9.Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты
- •10.Теология мен философия байланысы
10.Теология мен философия байланысы
Діннің кӛрінбейтін сырын зерделейтін ғылымды «теология» (қазақша – Тәңіріні тану) деп атайды. Шын сенім осы теологияға тәуелді. Ғылымсыз таным жоқ, пенденің екі кӛзін жұмып алып «мен нандым, сендім» дегені шын иманға жатпайды. Тәңірінің заты және хикметі бар. Тәңірінің заты өлшеусіз, ол өлшеулі адам ақылына танылмақ емес (әлемдік діндерде абсолюттік субстанция, үшжүзді құдай, үлкен құдай, кіші құдай деп сан-саққа жүгіртуі содан). Демек, шын иманның тірегі, барша діндерге ортақ негіздер – тек Тәңірінің хикметі туралы ілім, танымдар ғана. Тәңірінің іс-хикметтерін біз сезінеміз, түйсіне аламыз. Барлық діни сенімдер бойынша Құдай деген – он сегіз мың ғаламды Ғылым сипатымен мінсіз жаратқан Құдірет. Ойшыл ғұламалар күллі ғалам махаббат пен әділетке бағынышты дегенді бір ауыздан бекітеді. Демек, Құдай тағаланың хикметін (Құдай ісін) білудің танымдық құралдары – адамның махаббат, әділет сезімдері болып табылады.
Орта дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, []философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 – 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдік теология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 – 1142ж) болды. Негізгі еңбегі – “Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.
11. Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі шіркеудің Әулиесі . Ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты, сондықтан оны римдік –католиктік те проваславтық шіркеуі де мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған.Осы еңбегінде ол ұзақ күндер мен тер төккен еңбегінің арқасында өзінің өмірлік жолын тек қана Христиан дінінде тапқандығын ерекше көңіл аударып жұртшылыққа жария етеді, өмірінің мәні – христиан дінінде екендігін және басқаларды оғанқосылуды сұрайды.
Августин 354 жылыдың 13 қарашасында Тагасте кәзіргі Алжирдегі Сук - Арас деген қаласында дүниеге келді. Ол жанұясында үш баланын біреуі болған .Оның әкесі ауылдық муниципалитеттің чиновнигі болған , ал шешесі туа біткен христиан дінінің өкілі болғанымен күеуі Августинді ритор қылуға ешқашан қарсылық білдірмеген бірақ ол баласын ең бірінші кезекте баласын христиан дінінің өкілі ретінде көргісі келді. Өзінің тәрбиесі мен қалыптасқан көзқарастарымен саяси жетілуі шешесінің арқасы. Ол өзінің «Исповедь» деген шығармасында шешесінің нағыз христиан бейнесіне жие оралып суреттейді. Августин 370 жылы мектепті бітірген соң әкесі тілегендей Кафтаген қаласына риторикалық білім алуға барады.Ол антикалық философия мен Цицеронның«Гортензия» еңбегімен танысып Августиннің ақыл – есі дүниетанымы өзгереді. Ол өзінің өмірлік жолын басқа кітаптар мен әдебиеттерден іздейді сонымен қатар ол Библияны оқиды бірақ ол кітапты түсінбейді, жас бала осы уақытта бұндай күрделі шығармаға дайын емес болады. Болашақ Гиппона епископы сегіз жыл бойы манихейлікпен айналысады.Августиннің дүниеге деген қызығушылығы және дүние танымдығы он тоғыз жасында оны манихейлікке апарады. Ол сегіз жыл бойы діншіл – мистикалық сектада болады.Ол секта негізінен Христиан дінінің сектасы болып саналған.Манихейлік дін де онын қызуғышылығын тойдырған жоқ , ол өзінің орны басқа жерде екенің білді ол орнын іздеп манихейлік сектадан шығып кетті.383 жылы Августин Римге сосын Миланға барады және тағыда көптеген кітаптар оқып Философиямен қызығады және Риторика сабағынан оқушыларға сабақ береді.Римге жақын Медиолане дегенқаласында 387 жылы Августин Амвросии епископымен танысады. Осы кездесуден кейін оның көзқарасы күрт өзгереді және ол Библияны жаңаша оқып оның құдіреттілігін түсінеді. Ол әрине бір емес бірнеші кездесуден кейін епископ Амвросиенің арқасында өз көзқарасы мен дүниетанымын өзгертті. Августиннің шешесі қасында болғанда оны христиандыққа барып өмірлік жолын христиан дінімен жалғастыруын өтінеді , сонымен Августин Библиянын құдіреттілігін түсінгеннен кейін шешесінің христиан дініне қатысты айтқан әр бір сөзінің мәні бар екендігін түсінеді, сегіз жыл бойы манихейлікке кеткенше Библияны түсініп оқуым керек еді деп көп ойланады. Августин көп ойланып келесі кезекте шоқынып христиан дінін қабылдайды солай ол христиандыққа бірінші қадамын жасайды. Бұл оның өміріндегі ең бір дұрыс және мақұлданған бір шешімі болатын.Августин шоқынғаннан кейін өзінің туған қаласы Тагастуға қайтып келеді. Тагастуда ол христиандық ұйым ашып әулиелік өмірін бастайды. 388 жылы ол өзінің екінші қадамын жасацды ол әке – шешесінің барлық дүние – мүлкін сатып , барлық ақшаны кедейлер мен келімсектерге сатады. Келесі қадамында ол - монах атанады.395 жылы ол Гиппоне деген кішкентай қалада епископ атанады. Ол өмірдің соңына дейін Христостың сөзін адамдарға насихаттайды.Оның дүниетанымы фидешистік сипатта «Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ», деген принципке бағынады.Аврелийдің көзқарасы схолистика көздерінің бірі «Құдайдың қаласы туралы», деген шығармасында Аврелий тарихты адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепцмясын ұсынды. Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады. Августиннің пікірінше философия текнағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-.....Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра,- деп сөзін аяқтады. Ол Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді. 397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан Шіркеудің 410 жылдың 24 шілдесінде Римді вестгот Алариха жаулап алады. Бұл жағдай барлығын қатты алаңдатты Августин соның ішінде еді.Рим империясы құлағаннан кейін ол өзінің ең ғажайып шығармасын жазады . Ол әрине «Құдайдың қаласы туралы» . Бұл шығармада ол адамдардың не істегісі келетінің және Құдайдың әмірлері туралы жазады. Бұл ғажайып және көркем шығарманы жазуға Августиннің жиырма жылға жуық уақыты кетеді. «Құдайдың қаласы туралы» еңбегінде Августин өзіндік жердің қалыптасу тарихын айтады.Оның кейіпкерлері болып жер , уақыт пен тағдыр болады. Осылардың шағылысуынан Қала келеді олар біреу емес екеу. «Құдайдың қаласы туралы». Ол Аспан және Жер деген екі қала туралы ол екі қала адамзаттын пайда болысымен пайда болған және адамдардын өмірімен тығыз байланыста болады. Бұл екі қала жын –шайтан пайда болысымен пайдаболған және олар бір – біріне жақындығы соншалық олардын тарихын жеке – жеке емес бір болып айтылады. Адамзат тарихын таза адмдар және жоғарғы тап адамдары деп бөлуге келмейтіндей бұл екі қаланын тарихы да бөліне алмайды. Бұл екі қалалар махабаттан жаралған . Жер қаласы - өзіне деген махабатын құдайға деген махабаттан жоғары қояды. Аспан қаласы – құдайға деген махабатын барлынан , өзінен де жоғары деп санайды.Қазіргі заманда бұл өте сирек және бұл қалалар ешқашан болып және өмір сүріп көрген жоқ. Үшінші қала – шайтандар қаласы. Бұл қала ешқашан өмір сүріп көрген де емес . Ол үшін шайтаннын жерді билейі керек Құдай тұрғанда ондай жағдай ешқашан болмайды. Шайтан өзінің бостандығын 3,5 жылға ғана ала алады . беделді мүшесіне айналады. Бұл жылы антихрис келіп адамзаттын тарихы бітеді. Ол жылдары да шайтан жерді бағындыра алмайды , өйткені нағыз христиан дін өкілдері өған жол бермейді.3,5 жылды Құдай шайтанға өз қаласын салу үшін емес . адамдардарды қандай мықты жауды жеңгені туралы білсін деп береді, бұл адамдардың өзіне деген сенімділігін арта түсіреді және ешқашан қорықпай өз мақсаттарына жетуіне үйретеді. Бұл үлкен жеңістен кейін ең соңғы күн, сот күні келеді. Бұл күні құдайға сенген және табынған барлық адамдар тіріледі және құдайға табынбай өмір сүрген адамдар шайтанмен жолынан адасқан періштелермен бірге тозаққа түсіп өмір бойы күнәлары үшін ешқашан тыным таппай жауап береді.Августин қала туралы емес, а ол қаланы құратын күнәхарлар туралы айтады, ол күнәхарлар соттан кейін өмір бойы тозақта қиналумен өтеді. Барлық дұрысталған адамдар ең мықты марапаттауға «Құдайдың қаласында» өмір сүретін болады. Барлық адамда өз кінәсі болады, кінәсіз адам болмайды , өзінің жолына түскенше адам адасып жүреді.Бұл қала өмір бойы шексіз өмір сүреді.Бұл қалаға түскендер адамболмайды , жанадан періштелер болады , және алар идеалды түрде болады.Олар мәңгілік құдайдың қасында болады, бірақ олар ешқасан өздерінің атарын да не басынан кешкенің ешқашан ұмытпайды. Олардың өмір сүретін дүниесі басқаша болады, сот күнінен кейін жер отпен тазалып оның орнына басқа қала салынады бұл құдайдың қаласында тек періштелер ғана өмір сүреді, бұл қалада күнәхарларға орын болмайды.
Адамзаттын даму тарихы мен онын мақсаты.
Адамзаттын дамуын Августин үш сатыдан бөледі.
1. Бірінші жамандықтын пайда болуына дейін.
2. Адамзаттын даму тарихынан бастап соңғы сот күніне дейінгі кезен.
3. Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына жамандар тозаққа мәнгі қиналуға түскенге дейінгі кезең.
Соған қарағанда құдайдын жасаған әлемі адамзат тарихында ең бірінші және соңғы әлем болады. Адам туылғанда періште болып туылады ол өзінің арам ойы мен зұлымдығынын арқасында бұзылады.
Адамнын дамуын Августин еврей халқынын библиясына сүйенсе де , көтеген тарихи оқиғаларды шығыс халықтары мен рим халықтарынан алды. Рим қаласы Августиннің пікірінше христиандыққа қарсылық білдіретін қала деп санады. 410 жылы Рим империясын Алариханын нұсқауымен құлағанда ол «Құдайдын қаласы туралы» жаза бастады. Онын пікірінше бұл оқиға римдіктердің христиан дініне қарсылық білдіргені үшін тартқан жазасы болды.
Рим шіркеуі Әулие Августинді сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеуде орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді.
