Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана эсселер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.6 Кб
Скачать

9.Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты

Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты айтамыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Мысалы, әлемді құдай жаратты ма, әлде ол өзімен өзі өмір сүре ме? Адамның ерік бостандығы мен құдайдың құдіреті өзара қалай байланысады? Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Қалай және не нәрсеге сүйене отырып, сену керек? Неге сену керек? Осындай сұрақтар төңірегінде іздене отырып, философтар негізгі қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни бұлжымай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Тертуллиан, мәртебелі Августин, Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Уильям Оккам.

Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы, адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу – мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Дінге байланысты философиялық сұрақтар теоцентризм, креационизм,  провиденциализм позицияларымен шешілді. Ойлау процесі теоцентрлік тұрғыда болды, яғни теоцентризм дегеніміз – бүкіл дүниені, табиғатты, әлемді Құдай жаратты деген. Монотеизм – бір ғана құдайға сену. Креацеонизм – құдай дүниені жоқтан жаратты және мәңгі жарату идеясы. Проведенциализм – құдай адам мен адамзатты құтқаруын алдын – ала білді идеясы. Орта ғасырлардағы теологиялық философияның негізгі ерекшеліктері: космосқа, табиғатқа, қоршаған орта құбылыстарына онша мән бермейді, бәрі құдайдан жаралды деген догмат үстем болды; материализм мен идеализм арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді; құдай алдын ала белгілеп қойғандықтан адам еркінің бостандығы жарияланды; әлемді Құдай арқылы тануға болатындығы есепке алынды. Орта ғасырлар философиясының негізгі принциптері жарату және ашылу догматтары. Жарату догматы бойынша: құдай әлемді ештеңеден жаратты; әлемнің жаралуы құдай еркінің нәтижесі; әлем құдайдың күшімен жаратылған; әлемдегі жалғыз шығармашылық бастау – Құдай; Құдай мәңгі, тұрақты. Ашылу догматы бойынша: әлемді тек Құдайды тану арқылы ғана тануға болады; құдайды тануға болмайды, бірақ ол өзін Библия арқылы танылтады; құдайды және әлемді танудың жолы – Библияны оқу деген.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар. Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі. Патристика шеңберінде кезеңдерді атап кетуге болады: Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім; Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім; Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: Балауса схоластика; Кемеліне жеткен схоластика; Құлдырау кезеңі. Схоластикалық философияның негізгі мәселесі: Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу; Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсали», яғни жалпылық ұғым мәселесі. Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды: Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлер» пайда болады деген. Ортағасырлық Батысеуропалық философияның көрнекті өкілінің бірі Аврелий Августин-патристика кезеңінің философы. Философиялық идеялары: түсіну үшін, сенім керек, барлық нәрсені біліп, бірақ Сені білмеген адам бақытсыз, ештеңені білмесе де, Сені білген адам бақытты, ең жоғарғы марапат-адамның бақыты деген. Құдай бар, онда ешқандай күмән жоқ, Құдай дүниені жаратып қоймай, оны өткен шақ, осы шақ және келер шақта да жарата береді идеясын ұсынды. Томизмнің негізін салған Фома Аквинский құдайдың бар екендігінің бес дәлелін көрсеткен. Олар: қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай; себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай; кездейсоқтық пен қажеттілік; сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай; мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай – мәңгі деді.

Дүниенің жаратушысы құдай деген пікір христиандық онтологияның басты идеясы болды. Баршаның және барлық әлемнің анықтаушы субстанциясы ретіндегі «құдырет» әлем жаратушы абсолют болып есептелінді. Дін дүниені біртұтас қабылдаудың тәсілі болды. Әлемді жаратқан құдай идеясы табиғаттың да дүниедегі орнын анықтағандай болды. Сондықтан болар ортағасыр филосорфиясы «жасаушының» философиясы болып қалыптасады. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің ілімдерінде ортағасырлық дүниетаным мәдениетінде сенім танымның дәрежесі ретінде анықталды. Бұл философияның басты сипаты ғасырлар бойғы реализм мен номинализмнің күресінде айқын көрінеді.