- •1.Философия пәні мен ерекшеліктері
- •2.Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
- •Онтологиялық және гносеологиялық
- •3)Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім. Онтология
- •Таным философиясы
- •5)Жаңа заман философиясы сипаты, ерекшелігі
- •8.Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру
- •9.Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты
- •10.Теология мен философия байланысы
5)Жаңа заман философиясы сипаты, ерекшелігі
Жаңа Заман философиясы XVII- XVIIIғ. қамтиды. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынмен дамыды, материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді. Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды-математикалық зерттеу дамыды. Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секулизациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды. Философия ғылымға көбірек бет бұра бастады.
Жаңа заман философиясының негізгі ерекшеліктері: метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды. Рационализм мен эмпиризм пайда болды, яғни, рационализм дегеніміз білімді ақылмен тану, ал, эмпиризм білімді тәжерибемен тану. Материализм философиясы мен ағартушылық идеясы болды. XVII ғасыр жаңа заман философиясының ірі өкілдері: Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Дж. Локк, Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц. Оларға тән ортақ сипат ортағасырлық рухани мұраларға сыни көзқарас, философияның рөлі мен маңызын қайта қарау, схоластикалық ойлаудағы суеверияға қарсы шығу болды. Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) -бойынша ғылыми білімнің міндеті, адамзат ұрпағына пайда алып келу. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Фрэнсис Бэконның айтуы бойынша «Білім – күш» білімге жету арқылы танымдық әрекеттің жолдарын анықтайды. Білімге жету үшін: «Өрмекші жолы»-білімді таза ақылдан тану жолы дейді. Ақылдан өрмекшінің өрмегін тоқиды. «Құмырсқа жолы»-догматикалық эмпиризм, яғни тек тәжірибе арқылы білім алу жолы. Практикалық тәжірибеге көңіл бөледі, жан – жақтан деректер жинайды, бірақ ішкі мәнін түсінбейді. «Ара жолы»-танымның абзал жолы. Бұл жол «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолының» ішкі мәнін түсінеді.
Томас Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырды. Қоғам мен мемлекет теориясының негізін салды. Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі — мемлекет. Джон Локк (1632 – 1704) эмпиризмді — білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Ол сенсуализм-барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады деген. Адамның жанын таза тақтаға теңеген. Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.
Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Рене Декарт–Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Сана мәселесін қарастырды, күмәндану принципін ұсынды. Менің күмәнданып тұрғандықтан-ойлап тұрмын. «Мен ойлап тұрмын, яғни мен өмір сүріп тұрмын» деген. Декарт таным ілімінде математикалық білімнің логикалық сипатын біржақты түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан рационализмнің негізін қалады. Барух Cпиноза-Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек қарастырылғанымен, бірті — бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне баса назар аударады. Негізгі еңбегі: «Құдай, адам және оның бақыты туралы». Өзінің философиясында Спиноза пантеистік бағытты ұстанады. Табиғаттың өзі — Құдай, табиғат — мәңгі, шексіз, ал сана оның қасиеті. Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екенін қолдайды. Субстанция ілімінің негізін қалады. Ол субстанцияны Құдай деп қарады. Ол — субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ешнәрсе жоқ, адамдардың Құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғаты. Спиноза адамгершілік ережелерінің Құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Табиғат қана шын өмір сүреді деген тұжырым жасайды. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1642—1716 жж.)- Лейбництің ілімі бойынша, құдай өзінің ішкі даму заңдылығына сәйкес түп негіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық мәнділіктердің, соның ішінде материяның да түпнегізі — ұсақ денелі, шамалы болса да саналы монадалар. Олар табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың негізгі қасиеттері: 1) барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол қарапайым және бөлінбейді; 2) олардың өз алдына бөлек және әрекетшіл мүмкіндігі бар. Лейбництің адам және қоғам туралы пікірлері өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Оның пікірінше, «мен» («жеке тұлға») модус емес, өз алдына бөлек монада. Сондықтан да, ол қайталанбайтын, дараланған, өзіндік ерекше қасиеті бар адам. Бірақ «жеке адам» өзінің тек тұтастықпен байланысты екенін түсінеді. Лейбництің ілімі Дидроның, Робинэнің, неміс классикалық философиясының қалыптасуына зор әсер етті. Әсіресе, олар Лейбництің монадалардың әмбебаптық байланысы, олардың өзара бір-біріне ауысуы т.б. идеяларын әрі қарай дамытып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық, қағидаларды дуниеге әкелді.
Сонымен, жаңа заман философтары мыны мәселелерді қарастырды:танымның жаңа әдістерін жасау,онтология мәселелері,болмыс мәселесі субъстанцияны қарастыруда көрінді,әлеуметтік өмір мәселелері.Ал бұл дәуірдің негізгі ерекшеліктері: ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі, білімнің қарқынды дамуы, ғылмдардың пайда болуы, діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы болды. XVII ғасыр философиясы гуманистік идеалдар мен құндылықтырды саналы түрде қорғады, әсіресе ақыл мен бостандық принциптерін талдауға ерекше мән берді.
7.Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) - Жаңа дәуір философиясына өз үлесін қосып, негізін қалаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып білім алған. Егер біз оны Ф.Бэконмен салыстырсақ, ол - бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға.
Ұлы математик, механик, физиологияның негізін жасаушы, психолог Декарт Аристотельден кейінгі жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерімен ұштастыра білген бірден-бір ойшыл болды.
Болмыс жөніндегі көзқарасында Р.Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді. Олардың біреуі - материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты - созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция - pyx. Оның негізгі атрибуты - ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.
Бұл екі бір-бірінен тәуелсіз жатқан субстанция адам мәселесіне келген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесі оның рухына, жан дүниесіне, ал соңғы оның денесіне сондай үйлесімді өз әсерін тигізе алады? Оны өз кезіндегі жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесімді қарым-қатынасын тудыра алады. Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық (ғарыштың дүниеге келуі жөніндегі ) болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет қозғап жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи заңдылықтарының негізінде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, күнге айналады. Екінші ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бір-бірімен қосылып, жер және басқа планеталардың денесін құрайды. Ал жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілікке келгенде, Р.Декарт бұрынғы философиядағы гилозоистік көзқарастардан бас тартады. Өз заманында Аристотельдің болжаған өсімдік пен сезімдік жандарын Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдің ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р.Декарт жануардың өмірлік мүшесі - ол оның жүрегі деген пікірге келеді. Ол ғылымда алғашқы болып, жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын ішкі реакциясының механизмін ашты. Оның ойынша, сыртқы әсерді миға жеткізетін - артериялар ішінде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектері. Әрине, бүгінгі физиология ғылымының тұрғысынан мұндай пікірді тұрпайы деп бағалауға болар еді. Бірақ шартсыз рефлекстің алғашқы болжамын жасаған Р.Декарт екені сөзсіз. Сонымен егер жануарлардың жан дүниесі болмаса, онда олар өте күрделі машиналар.
Адам дене ретінде жануар әлеміне жақын, сонда ол да машина ма? деген сұрақ заңды түрде ойға келеді. Оған Р.Декарт үзілді-кесілді теріс жауап береді. Біріншіден, адам мақсатқа лайықты іс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесімді жауап бере алады, өйткені ол ақыл-ой елегінен барлығын өткізіп, шешімін табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесі - жан-жақты кұрал», - дейді Р.Декарт. Адамның екінші ерекшелігі - ол сөйлей алатын пенде. Олай болса, адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы - оның рухында.
Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсегс алыстан қарасак, дөңгелек сияқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн кішкентай және жылы зат сияқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға толады, онда бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды...
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғыкүмәндану дейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады:«Ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнінде ешкім күмәндана алмайды.
Бұл тұжырымнан шығатын бірінші қағида: адам, негізінен алғанда ойлай алатын пенде. Біздің ойымыз өзімізге тікелей берілген Ал сезім арқылы берілетін адамның денесі және айнала қоршаған заттардың қасиеттері ой елегінен өткенде, тек қана бұл дүниеде болуы мүмкін сияқты беріледі. Мысалы, егер мен ойлау қабілетінен айырылсам, онда менің өмір сүріп жатқанымның дәлел дереу жойылар еді. «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін» қағидасының тағы бір ғажаптығы - ол түсінікті, ашық және мөлдір.
Адамның танымдық іс-әрекеті Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Біріншісі - сырттан қабылданатын сезімдік мүшелерге өзінің әсерін тигізетін идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбір адамның санасында бар. Екінші - адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсерді өзгерту арқылы пайда болуы мүмкін.
Соңғы үшінші идеялар - олар бізбен туа біткен, ең маңызды таным процесінде шешуші рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетеді. Ал оған жеткізетін адамның жан дүниесіндегі табиғи ақыл сәулесі (lumen naturale). Туа біткен идеялардың ерекшеліктері - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркінен тәуелсіз. Бұған мысал ретінде Р.Декарт «екі шама үшіншіге тең болса, онда бір-бірімен тең», «ештеңеден ештеңе пайда болмайды», «бір нәрсенің белгілі бір уақытта болуы мен болмауы мүмкін емес» т с.с. жатқызады. Туа біткен идеяға Р.Декарт «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін» принципін де жатқызады.
