Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана эсселер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.6 Кб
Скачать

Таным философиясы

1. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм). Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет  және қатынастар – байланыстар жүйесiнде алатын орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұнда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес. Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл таңдау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада “делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады.

Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.

Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды. Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.)- таным екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi деп түсiнiп, ал бiлiм енжарлы (пассивный) субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады. Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.)- әлеуметтiк таным теориясынның бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект дәне объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi, әлеуметтiкмәдени ортаға тәуелдi қалыптасатың адамның қабiлетi  деп түсiну. Философияның негізгі мәселесінің гноссологиялық жағының гнотицизм және агностицизм ұғымдарымен байланысы бар. Гнотицизм өкілдері (әдетте,материалистер) былай ойлайды; Дүниені тануға болады: Танымның мүмкіндігі шексіз; Агностиктер(әдетте, идеалистер)қарама-қарсы пікірде; Дүниені тануға болмайды; Танымның мүмкіндігі адам санасының тынымдықмүмкіндігімен шектелген.

Гностицизм (көне грекше: γνωστικός) — білім, ілім)  - христиан дініндегі догматтар мен эллинзмнің идеалистік философиясының, шығыс діни қағидаларының қосындысы болып табылатын діни философиялық ағым. Гностицизмнің шығуына Рим империясының шығыс елдерін өзіне қаратып, олармен мәдени және экономикалық байланыстардың қалыптасуы себепші болды. Гностицизмнің мистикалық ілімі бойынша адам аян беру арқылы білімге жетіп, сол арқылы жанның жай табуына мүмкіндік туғызады, яғни материалдық күнәһар дүниенің бұғауынан құтылады деп аскетизмді уағыздайды Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты. Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын, әсіесе гегельдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:

«сол жақтан сынау», материалистік философия өкілдері - Л.Фейербах, К.Маркс, Ф.Энгельс.

Сонымен бірге «Кантқа қайта оралу», «Гегельге қайта оралу» деген ұранмен неокантшылдық, неогегельшілдік философиялық мектептер пайда бола бастады:

Неокантшылдық мектептер. Марбург мектебі - Канттың таным теориясы, логика мәселелерімен айналысты. Бұл мектеп - Герман Коген (1842 - 1918), Пауль Наторп (1854 - 1924), Кассирер (1874 - 1945), Ганс Файхингер (1852 - 1933);

Бадендік(Фрейбургтік) мектеп - Канттың әлеуметтік философиясы мәселелерімен айналысты. Өкілдері - В. Виндельбанд (1848 - 1915), Генрих Риккерт (1863 - 1936);

Неогегельшілдер - Рихард Кронер (1884-1974), Г.Лассон (1862 Бейклассикалық идеалистік философияның негізінен екі бағытта кең тарады: иррационализм және «өмір философиясы»;

Тарихтың барысында бірін-бірі ауыстырып, оз ара күреспен тартысқан ағымдардың сан алуан болуына қарамастан, ағылшын философиясына материалистік дәстүр ежелден тән. «Материализм — Ұлыбританияның түлегі» деген-ді Маркс. Ағылшын философиясына бүкіл дүниені рационалистік тұрғыдан қараудан гөрі эмпирикалық материалдарға бай жеке философиялық моселелерді терең талдау, индуктивтік, аналитикалық бағыт тән. Сонымен бірге бұл философия табиғат тану білімінің дамуымен тығыз байланысты (бұл жөніндө Ньютон мен Дарвиннің ролін айтса да жеткілікті). Р. Бэкон, Дунс Скот жөне У. Оккам сияқты орта ғасырларда омір сүрген аса ірі ағылшын философтарының ілімдері арасында елеулі, айырмашылықтар бола тұра, олар католиктік догматикаға қарсы шыкты. 17 ғ-да Ағылшын философиясының, өсіресе материализмнің дамуы елдің экономика, саяси-әлсуметтік өмірінің жаппай орлеуімен және бурж. революциямен байланысты болды. Бұл дәуірдегі ағылшынның ұлы ойшылдары Ф. БэконГоббс және Локк басқа елдердегі философияға да зор ықпалын тигізді. Ағылшын материализмі мен жаңа дәуірдегі тәжірибеге сүйенген ғылымның негізін салушы Ф. Бэкон болды. 

Агностицизм (гр. а - теріске шығару, ал gnostos - білім) - дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді. Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Агностицизмнің көрнекті өкілі Иммануил Кант (1724-1804). Канттың пікірінше адам санасы,парасаты зор мүмкіндікке ие, біраұ,бұл мүмкіндіктердің өзіндік шегі, шекарасы бар. Адам санасының танымдық мүмкіндіктерінің шеттілігі мен шектілігінен пенде ешқашан шеше аламайтын тылсым жұмбақтар, қайшылықтар(антимоноиялар) туындайды, мысалы:

-Құдайдың бар екенін дәлелдеуге болмайды,дәл сол сияқты;

-Құдайдың жоқ екенін де дәлелдеуге болмайды.

Канттың философиядағы таным мәселесі

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді. Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді. Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді.

Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады.Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, «таным дегеніміз не?», «таным қалай жүзеге асады?», «танитын кім және танылатын не?», «танымның шегі бар ма?» деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты танымның мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады деді.