
- •1.Философия пәні мен ерекшеліктері
- •2.Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
- •Онтологиялық және гносеологиялық
- •3)Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім. Онтология
- •Таным философиясы
- •5)Жаңа заман философиясы сипаты, ерекшелігі
- •8.Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру
- •9.Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты
- •10.Теология мен философия байланысы
3)Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім. Онтология
Онтология грек тілінен аударғанда онтос – болмыс, логос – ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады. Онтология – болмыс туралы ілім. Болмыстың субстанциясы бар ма? Табиғат заңдары бар ма, әлде біз олардың бар екеніне тек сенеміз бе? Қозғалыс, кеңістік, уақыт деген не? Осы сияқты сұрақтарды онтология бөлімі қарастырады. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы – болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар – бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқыл ғана жауап беруге болады. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған. Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс - бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештеңе жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.
3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi. Діни дүниетаным үстемдік еткен ортағасырлық философияның өзегі – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да, кеңістіктен де тысқары тұр. Ол бүкіл әлемді, табиғатты, дамды жаратушы. Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс – «абсолютты идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне бъективті идеализм тұрғысымен келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах болса шынайы болмыс – табиғат, ол табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі – адам деп есептеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс материалистік дүниетаным мен диалектиканы ұштастыра отырып, қоғам мен оның тарихын танып-білудің жаңа сипаттағы ғылыми методологиясын ұсынды. Олар философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа түсінік енгізді. Адам болмысы екіге бөлінеді: адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстінде адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты – оның денесінің өмір сүруі. Яғни, адам, ең алдымен «сүйек пен еттен жаралған пенде».
Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс – бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.
Басқаша айтқанда болмыс- еш себебі жоқ таза тіршілік. Болмыс- өзi өзiнiң себебі. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.