Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана эсселер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.6 Кб
Скачать

1.Философия пәні мен ерекшеліктері

Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б. Француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар-теологиялық,(theos-грек сөзі,-Құдай), метафизикалық (meta phisika-грек сөзі,-табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивистік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method-грек сөзі,-әдіс) жөніндегі пәнге айналмақ. Көне гректе бұл білімге философия деген атақ берілген. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары пайда бола бастайды. Олар- Дүниенің негізінде не жатыр? Адам-ол кім? Ақиқат, ізгілік,әсемдік дегенімз не? т.с.с сұрақтар.Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия (ой өрісінен шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және көркемөнерлік(шығармашьшықгы зерттейді). Аристотель өз заманының ғұлама ғалымы ретінде ғылымның жеке мәселелерімен де айналысты, мысалы жануарлардың дене құрылысы, я болмаса, риторика т.с.с. (гһеіогіке — грек сөзі, әсем сөйлеу өнері). Бірақ бұл ғылым салаларын ол кісі философиядан бөлек ажыратып қараган жоқ. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, философия пәні жөніндегі Көне Замандағы қалыптасқан көзқарас сол күйінде қала берді. Алайда бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе өзгере бастайды.

Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай. Философияның негізгі мәселесінің болуы туралы Фридрих Энгельс өзінің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының соны» деген еңбегінде көрсетті. Ф. Энгельстің пікірінше философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар: онтологиялық және гнесеологиялық. Онтология дегеніміз – болмыс, яғни бұнда дүние, мән туралы айтылады. Онтологияда не пайда болды: материя немесе идея, болмыс немесе сана, рух немесе табиғат мәселесі қарастырылады. Ал гносеология-таным, мұнда дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселе қарастырылады. Философиялық білімнің негізгі ерекшелігі – оның екіұдайлығы, қосмағыналығы, өйткені, ғылым біліммен ортақтас, іспеттес пәні, әдістері. Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, карастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлауының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.

Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады.