Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТОҒЖАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСOffice Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.32 Кб
Скачать

1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-әрекеттері

Ғасырлар бойы қазақ халқы өз күшімен ғана тәуелсіздігін және жерін сақтап келді. XVII ғасырлардың аяғы – XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының саяси жағдайы қиын болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси жағдайының әлсіреуіне ықпал еткен мән-жайлардың бірі – көршілес елдердің қазақ халқының жеріне көз салуында еді. Өз кезегінде қазақ қоғамының саяси жағдайын Ш. Уәлиханов былай деп мәлімдеген болатын: «XVII- XVIII ғасырлар аралығы қазақ қоғамының тағдырында сұмдық қиын кездер болды. Жайық орыс-қазақтары, Еділ бойының қалмақтары, башқұрттармен жоңғарлар бірінен кейін бірі қазақ халқына шабуыл жасап, олардың малын айдап, қазақтарды тұтқынға алды» [39, 255 б]. Өзінің жеке әскери дарындылығы мен қолбасшылық шеберлігімен көзге түсен Әбілқайыр осы кезеңде қазақ хандары мен сұлтандарының әскери шерулеріне жастайынан белсене қатысқан жауынгер. Жай ғана қазақ әскери жасағының жауынгері болған ол, 16-17 жасында қазақ жасағының әскери басқарушыларының бірі болды. Кіші жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы әскери қақтығыстар бірде жеңіске, бірде жеңіліске ұшырап отырған. Еділ – Орал аймағындағы патша әкімшілігіне қарсы көтерілген башқұрттардың тарханы Алдар Исянгельдин айбынды қолбасшы Әбілқайырға арқа сүйегісі келіп, 1709 жылы Ноғай аймағына Кіші жүз ханын шақырды. Башқұрт елі Қазан, Осинов, Сібір, Ноғай деп аталатын төрт аймаққа бөлінген. Соның ішіндегі Сібір мен Ноғай аймағы Қазақстанмен тікелей шекаралас болып келді 1715 жылдың басында Әбілқайыр хан бастағн әскери күш башқұрт жеріне шабуыл жасады. Қазақ губерниясындағы Черемшан өзенінің алқабын басып алып, Ново-Шешминск станциясын өртеп жіберді [29, с. 69]. 1717 жылдың қысында Әбілқайыр 10 мыңдай әскермен башқұрт халқының уезіне жаңа жорық жасады. Ново-Шешминскіні басып алып, көп адамдарды тұтқынға түсірді. Бірақ кейіннен шегінуге мәжбүр болды. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Жайық орыс-қазақтарымен әскери соқтығысуды да тарихи арнада өзіңдік із қалдырған. 1718 жылы 30 мың әскер күшін басқарумен Әбілқайыр қазақ халқының үлкен ханы Қайып ханмен бірге, Аягөз өзенінің бойында жоңғарларға қарсы шайқасты. Белгілі бір жеңістерге жеткенімен, Әбілқайыр хан әскери жоғары тұрған жоңғарларға қазақ жасақтарының әскері қарсы тұра алсайтынын түсінді де, Ресей империясының Сібір әкімшілігімен жоңғарларға қарсы әскери одақ құру туралы келіссөздер жүргізді. Қалмақтар XVII ғасырдың 20 жылдары 50 – мыңдай шаңырақ қалмақтары Жайық пен Еділ арасында орналасқан Ноғайларға қарсы соғысты.Өзара ішкі алауыздықтан әлсіреген Ноғай Ордасын қалмақтар бірнеше рет талқандап жеңіп. Екі өзеннің бойында жаңа бір қалмақ хандығы орнайды. Сөйтіп қалмақтар бір ғасырдан астам уақыт бойы Кіші жүз қазақтарының ту сыртындағы қатерлі дұшпандары болды [35, с. 120]. Әбілқайырдың қалмақ хандығымен аянбай күресуінің бірден – бір себебі, қоныс мәселесі. Өйткені Жайық өзенінің жағалауындағы жайылымдар мен ормандар тұрмысқа өте қолайлы еді. Осы ретте, Жайыққа таласуын қоймаған Әбілқайырдың мынадай сөз жолдары кездеседі: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, қазақ халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткені қазақ халқы мұндай жайлы жерді еш жерден таппайды [6, с. 47].

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында 54 жыл бойы Еділ қалмақтары, Аюке хан тұсында көрші қазақ және қарақалпақ,Хиуа қоныстарына жиілетіп шабуыл жасап, жаулаушылық саясатын жүргізді.Аюке хан тұсында қалмақтар Қазақстанның солтүстік – батыс аймағына жиі шабуыл жасап отырды. Аюке хан бастаған қалмақтар өздерінің әскери – техникалық қамтамасыз етілуі және жауынгерлік қасиеттері жағынан көрші көшпенділердің әскери күштеріне қарағанда әлде қайда басым болғандығы байқалады.Қазақтарға, қарақалпақтарға, башқұрттарға, түркмендерге жасаған көптеген әскери шабуылдары нәтижесінде Аюке хан қалмақ хандығының ішкі саяси жағдайын нығайтып, өзінің билігін көрші ауылдарға да жүргізді. Аталмыш ханның халықаралық беделінің күштілігі соншалықты, өз кезегінде белсенді Хиуа, қырғыз – қайсақ, яғни қазақ сұлтандары соның ішінде Әбілқайыр да оның қарамағында қызметте болған [31, с. 87]. Осыған байланысты Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің қалмақ ханы сарайында қызметте екендігін құрметке балайтын. Осы орайда, сол кезеңдегі қазақ –қалмақ қақтығыстарын ескере отырып, қазақ сұлтанының «қызметке» өз еркімен емес, яғни қалмақ билеушісінің әскери жорықтарының бірінде тұтқынға түскендер қатарында болған шығар деген тұжырым туады. Әр құбылысты жағымды жағынан пайдалануға тырысқан жас Әбілқайыр Аюкенің әскери қолбасшылық шеберлігі мен билеу жүйесін көріп, геосаяси дүниетанымын кеңейтеді. Сөйтіп қалмақ ханының ержүрек бейнесі қазақ сұлтанының кеудесінде қалды. Әбілқайырдың әскери шеберлігінің қалыптасуы сол заманға тән қан майдан қақтығыстар болса, ержүректілік бейнесі осы қалмақ ханы Аюкеден берілген. 1723-1724 жылдар аралығында Кіші жүз ханы Әбілқайыр Жайық қалашығына қайта оралады. Сорл кездерде тарих көрінісінде қалған орыс– казактары мен қалмақтардың біріккен әскер отрядтары қазақ әскерімен Утва, Самара,Шаган өзендері бойында талай рет шайқастар жүргізді [36, с. 245].

1723 жылдың күзінде Еділ қалмақтарының шекара қоныстарына жоңғар ханының Аюкемен әскери одақ құруға тырысуының басты себебі – басқыншылық саясаты болды.Өз қоныстарынан айрылып қалу қаупі Кіші жүзге де төнді. Осындай қиын кезеңде елден бұрын мән-жайды түсініп, аз уақыт ішінде ірі әскери күш құрып,басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастырған Әбілқайыр хан еді. Жағдайды тез саралаған ол, 1723 жылдың тамызында 20 мыңдық қазақ, қарақалпақтардың біріккен әскерімен Арал маңында Сыбан Рабтап мен Аюкенің күштеріне соққы беруге аттанды. Еділ –Жайық арасында шағын топтарын қалдырған Әбілқайыр Еділ қалмақтарының жеріне бет алды. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қазақтардың көшіп қону аумағын солтүстік – батысқа қарай кеңейткісі келіп,Еділ даласына бағытталған,жорығын одан әрі жалғастырды. 1723 жылдың күзінде Еділ қалмақтарының шекара қоныстарына жетті. Бұл ауданда оның ірі әскери күшпен кенеттен қалмақтар арасында үлкен қобалжу тудырды.Сөйтіп 1723 жылдың 28-і қарашада Әбілқайыр әскері Лекбай ұлысын талқандап, көптеген тұтқындарды ұстап,малдарды айдап кеткен [31, с. 68].

1723 жылдың көктемінде Жоңғарлар Ұлы және Орта жүздің басып кіреді. Қаратаудан асып, Талас өзеніне дейін жетеді. Қазақтар бұл уақытта шабуыл болады деп ойламаған, жайлауға көшуге дайындалып жатқан кезі еді. Елді жаппай қырып үйін, малын тонап, әкетіп жатты, тірі қалғандар туған жерін тастап қашуға немесе жоңғар билігіне көнуге мәжбүр болды. Аз уақыт ішінде жоңғарлар көктеп басып қазақ жасақтарын талқандайды. Сөйтіп Ташкент, Сайрам, Түркістан және көптеген қалаларды жоңғарлар жаулап алды.Қазақ халқының әдет - ғұрпы дәстүрі бойынша қалыптасқан қоныстарын жойды. Әбілқайыр Жоңғаралар мен күреске баса назар ауарды, өйткені қазақтардың ең басты жауы жоңғарлықтар болды. Қазақ халқына басты қауіп – қатер солардың тарапынан төніп тұрды. Жоңғарлар, Ұлы және Орта жүзді, Ходжент пен Самарқанд қалаларына, Кіші жүзді Хиуа мен Бұхара қалаларына қарай қашуға мәжбүр еткізеді.Қазақтар әскери шапқыншылықтардан ғана ауыр азап көрген жоқ, сонымен бірге мүліктерінен және мал шарушылығынан айырылуы себептерінен туындаған ашаршылықтарда көптеген адамдардан айырылды. Бұл жылдар қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» жылдары ретінде есте қалды. Қазақтар І млн 100 мың адамынан айырылды, демографиялық апатқа ұшырады. Демограф М.Тәтімовтың есебі бойынша Қазақ хандығы құрылған кезде (1465ж) қазақ халқының саны 1 млн. 100 мың, 1723 ж 3 млн. 330 мың, ал 1725 ж 2 млн. 222 мың адам болды [36, с. 251]. Қазақтың дәстүрлі мал шарушылығына зиян келді, көшіп – қону тәртібі бұзылды. Қалалар қирады, сауда мен қолөнер күйреді. Халықтың да, мемлекеттің де жағдайы қиындады. «Ақтабан шұбырынды» заманынан біздің осы уақытқа дейін жеткен «Елім-ай» атты мұңлы әні дәлел боладыі көрсеткіш және де дерек деп айтуға болады.

Қаратаудың басынан көш келеді

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді

Ел жұртынан айырылған қиын екен

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді

Мынау заман қай заман, қысқан заман?

Басымыздан бақ дәулет ұшқан заман

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман

1724 жылы қалмақ ержүрек қолбасшысы Аюке өлгеннен кейін Әбілқайырдың Еділ қалмақтары мен шайқасы ерекше күшейді. Осы жылдың шілдесінде қазақтар қарақалпақтардың біріккен әскерімен қалмақ ұлыстарына шабуыл ұйымдастырды. 1724 жылдың наурыз айында Еділдің сол ағасына көшіп-қонып жүрген алмақбилеушілерінің бірі Доржы Назаров ұлысына Әбілқайыр хан бастаған 13 мыңдай қазақ –қарақалпақтар әскері 50 қалмақты тұтқынға алып, Доржы Назаровтың қарамағындағы малын айдап кетті. Сонымен қоса, қалмақтарың көрші қоныстарына шабуыл жасап, 400 адам шамасында тұтқынға алып,сан жетпес ірі қара мал айдап кетті [29, с. 99]. 1724 жылдың Кіші орда өзінің бұрынғы шекарасы болған Жем өзеніне жетті. Онымен тоқтамай өзеннің оң жағасына өтіп, Жайыққа дейін жетті. Осындай халық басына түскен ауыр кезеңде, билеуші топтарды ымыраға итермелеп,бірігуге ынталандырған қазақ билері мен батырлары болды. Олар 1726 жылы қазақ билеуші топтарының басын қосып, Ордабасы деген жерде (Оңтүстік Қазақстан облысы) құрылтай өткізеді.Қаралған мәселе: жоңғарлады қазақ жерінен қуып шығу,елді, жерді қорғау,күресті жандандыру. Кіші жүз ханы Әбілқайыр біріккен қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланды.Бұл жөнінде А.И.Левшин ортақ сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленгендігін,төнген қауіптің өзара қырқыстарды бітістіргенін және ортақ ежелгі жауды қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланғандығын атап көрсетеді [3, с. 56].

1726 жылдың күзінде Әбілқайыр мен бірге басқа да қазақ хандары мен сұлтандары бастаған 10 мың қазақ әскери жасағы Чечен Дондук хан мен Доржы Назаров иелктеріне басып кіреді. Қазақ әскер жасақтары бұл жолы шабуылды қалмақ патшасы ұлыстарына жасады. Бұл жорықтағы қазақ әскер жасағының саны 10 мындай болса, қалмақтар 30 мың жауынгердей әскер жинады. Алғашында жеңіс Әбілқайыр әскерінің жағында болды. Бірақ көп ұзамай Жайыққа жетпеген қазақ жасағына қалмақтар әскері кезікті. Қиыншылыққа кезіккен әскер дереу қорғанысқа әзірленіп «түйе қорған» жасауға көшті. Бұл әскери әдіс бойынша, жау шабады деген жақтарға түйелерді қойып, аяқтарын буып тастайды да,үстерінен қалың киізді сулап жабады. Мұндай бекініс жауды жақындатпай садақпен,мылтықпен бірер күн қайтаруға жақсы. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың бұл әскери жорығының нәтижесі саяси келісімсөз жүргізумен аяқталды. Батырлар – Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай, Малайсары, Қойгелді, Қарасай т.б. күш жинап 1727 жылы Бұланты өзенінің, 1728 жылы Шұбартеңіз көлінің, 1729 ж Балқаш көлінің Оңтүстігінде – Аңырақай деген жерде жоңғар әскерлеріне күшті соққы беріп, осы шайқастарды жеңіспен аяқтайды. Бұл жере қазақ батырлары мен Абылай сұлтанды айтпауға болмас. Қай - қайсысын алсақ та қалың қол бастап, ел қорғаған ақыл –парасатымен, ержүректілітімен, ел есінде қалған азаматтар. Қазақ жасақтарының ерлігі Бұқар жырау шығармаларында айқын көрсетілген. Қазақ жеріне көз алартуын қоймаған қалмақтарды Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз жасақтары Қобда, Темір, Ойыл, бойларынан Каспий жағасына дейін ығыстырды. Ойылдың жоғарғы ағысындағы шайқаста қалмақтар жеңілді. 1728 жыл Әбілқайыр бастаған шамасымен 22 800 әскери жасақ Еділ қалмақатарына шапты [31, с. 54].

Жоңғария мен Цин империясының арасындағы қайта басталған әскери әрекеттер қазақ – жоңғарлар арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатты. Кіші жүз ханы бұл жағдайды өзіне жағымды пайдаланғысы келіп,жоңғарларға ес жидырмайтын шабуыл жасағысы келді. 1730 жылы Балқаштың оңтүстік – шығыс жағалауында Ит-ішпес жеінде Әбілқайыр жоңғарларға тағы бір шабуыл жасады. Әскер шеберлігі мен дарындылығы арасында, әрі шайқастарда ержүректілігін көрсете білген Әбілқайыр қаза жаласының кең аласында үлкен атаққа ие болды.

Әбілқайыр көрші елдердің шабуылын болдырмауда белсенді ішкі саясат жүргізді. Ол тек жоңғарменкүш алысқан жоқ, Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен, Жайық орыс-казактарыменде күш сынасты. Әбілқайырдың әскери ержіректілік пен шеберлік қасиеттері тек жау қатарында ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының ақсүйектер арасында да атақ пен құрметке толы болды. Әбілқайыр тамаша саясатшы, елбилеуде ерекше көзге түскен әккі билеуші ғана емес, сонымен қатар Орта Азияға жау жүрек қолбасшылығы мен атағы кең тараған сардар. Кіші жүз ханы Әбілқайыр өз заманындағы басқа әскер қолбасшыларынан айырмашылығы – бірнеше майданда қатар соғысуы,ол, Еділ қалмақтары мен,башқұрттармен, Жайық орыс-казактарымен, сондай-ақ жоңғарлармен, сондай - ақ Хиуа хандығымен күш сынасты. Қорыта келгенде, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың үлкен әскери жетістіктері - 1726 жылы көктемде, Торғай даласында Бұланты өзені бойында, «Қалмақ қырылған» деп аталған Қара Сиыр деген жерде, 1729 жылы Балқаш көлінің солтүстік-шығысында, Аңырақай даласында үш жүздің әскери күшіне бас қолбасшы болған, Әбілқайырдың үлесімен жоңғарлар талқандалды. Бұл жеңістер қазақ халқына ең қажет кезінде тыныс берген аса елеулі оқиғалардың бірі болды.Әрине сөз жоқ, ұлы жеңістердің басты кепілі – қазақ халқының өзара ынтымақтастықпен тізе қосып күресуінде екенін ескергеніміз жөн. Сонда да жеке ерліктерімен жан аямаған батырлар болғанымен үш жүздің әскери жасағының күшін біріктіріп ұрыс даласында үйлестіруде Әбілқайырдың жөні бөлек [38, с.25].

Бұндай жеңістерге жету негізі – Әбілқайырдың жауды қоршауға алып, тылмен байланысын үзіп, жеке-жеке жойып отыру әдісін қолдануы. Жалпы, оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте зор ерлік көрсеткенін көптеген зерттеушілер сүйсіне жазады. Ғасырдан ғасырға өткен бұл шайқастар да жеңушілер де, жеңілушілер де тарих көріністерінде орын алды. Сол дәіурдегі екі ірі халықтың соғысы бірін-бірі әлсіретті. Әсіресе қазақ халқының зардаптары ауыр еді. «Қалмақ қырылған» шайқасының «Аңырақай» шайқасының жеңістері қазақ халқының еңсесін көтеріп, жауға қарсы бірігу идеясын туғызды.

Әбілқайыр хан өзінің хандық билігін жүргізу барысында дарынды дипломат – мәмілегер екенін көрсете білді. 1717-1718 жылдары Кіші және Орта жүз жеріне енген башқұрттар қазақтардың мыңдаған жылқысын қуып әкеткен. «Қазақ-башқұрт» саяси жанжалының астарын сезген қазақ хандары әскери әдістермен шектеліп қана қкалмай, дипломатиялық әдістерге де мән берді. Әбілқайыр хан қазақ –башқұрт қатынастарын реттеуде жоңғарларға қарсы одақ болу жөнінде ұсынысын жасап Уфа қаласына Елмет Баулықовты, Сапа, Етмәмбет, Бақырман, Бәйбек, Төлебай батырлар бастаған елшілікті жіберді (1718-1719 жылдар). Бірақ - та Ресей мемлекеті бұл ұсыныстан қашқақтайды.Өйткені, Ресей мемлекеті басқа саясатты көздеген еді. Ол жоңғарияны Қытайға қарсы соғысқысы келді [39, 56 б]. Өз кезегінде орыс патша өкіметі қазақ қауымының ішкі сырын ұғуға, қай жағынан тор қою керектігін айқындауға әрбір ханмен жее келссөздер жүргізіп, олардың бір-біріне деген ой-пікірлерін білуде елшіліктер жіберіп тұрды. Бір сөзбен айтқанда, елшіліктер арқылы патша әкімшілігі қазақ халқының ішкі жағдайын біліп,әрдайым саяси хабарда болды. Қазақ халқының жан жағын жау анталап,саяси жағдайының батып отырғаны Ресей өкіметі үшін әбден тиімді болды. Ол қазақ халқының табысқа жетуіне, әлсіреген саяси ахуалын күшейтуге жол бергісі келмеді [40, 12 б]. Кіші жүз Орыс бодандығын қабылдауы осы башқұрттар арқылы жүзеге асырылды деген пікір бар. Академик М.Қозыбаевтың Әбілқайыр ханның орыс патшалығына өтінішін жазушылар да, аударушыларда орыс империясына бодан болған , христиан дініне шоқынған башқұрт татарлар еді. Әбілқайырдың маңын ұзақ жылдар бойы торлап жүрді.Ақырында, Әбілқайырды орыс боданы болуға көндірді. Тағы бір дәлел ретінде, Әбілқайырдың Анна Иоановнаға жазған хатында башқұрттардан басқа көрші халықтарымен қарым –қатынасы жөнінде ештеңе айтпайды.Тек «башқұртар мен тату тұрамыз», «башқұрттарша салық төлейміз...»,деген сһз жолдары жазылған еді [41, 112 б]. Әбілқайыр хан 1726 жылы Санкт - Петербургқа қазақ – башқұрт арасындағы жер дауын реттеу үшін, яғни Жайық өзені аралығындағы жерлерге, көшіп - қону құқығын алу,қазақ көпестерінің Ресейге емін-еркін өтуін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмамен Қойбағар Көшекұлы бастаған елшілік жіберді. XVIII ғасырдың ортасында Жайық орыс-казактар мен қалмақтардың арасынағы жерлерді қазақ халқы өздеріне заңды қаратып алу үшін,талай рет соғысты. Ресейлік өкілдер арқылы шешуге талпыныс жасады. Олар патша өкіметінен Жайық, Тобылдың бойларына еркін көшірп-қонып жүруге, сол кещегі орыс бодандары қалмақтар мен башқұрттардың қазақтарға шапқыншылығын тыюға кепілдік алуға талай рет әрекеттенген. 1726 жылдың 18 қаңтарында Қойбағар Көбеков бастаған Кіші жүздің бірнеше сынды игі жақсылары Петерборға, Сыртқы Істер қаласына өтініш–хат тапсырды. Қазақ көсемдерінің бұндай іс-әрекет қимылдары нәтиже бермегеннен кейн Әбілқайыр хан мен Орта жүз билеушілері қалмақтарды Жайық жағасынан күшпен ығыстырып, қазақ жайылымдарын кеңейткісі келді. 1726 жылдың күзінде Әбілқайыр мен бірге басқа да қазақ хандары мен сұлтандары бастаған 10 мың қазақ әскери жасағы Чечен Дондук хан мен Доржы Назаров иелктеріне басып кіреді. Қазақ әскер жасақтары бұл жолы шабуылды қалмақ патшасы ұлыстарына жасады. Бұл жорықтағы қазақ әскер жасағының саны 10 мындай болса, қалмақтар 30 мың жауынгердей әскер жинады. Алғашында жеңіс Әбілқайыр әскерінің жағында болды. Бірақ көп ұзамай Жайыққа жетпеген қазақ жасағына қалмақтар әскері кезікті. Қиыншылыққа кезіккен әскер дереу қорғанысқа әзірленіп «түйе қорған» жасауға көшті. Бұл әскери әдіс бойынша, жау шабады деген жақтарға түйелерді қойып, аяқтарын буып тастайды да, үстерінен қалың киізді сулап жабады. Мұндай бекініс жауды жақындатпай садақпен,мылтықпен бірер күн қайтаруға жақсы. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың бұл әскери жорығының нәтижесі саяси келісімсөз жүргізумен аяқталды. Келісуші жақтар: «Бұдан былай екі жақта бір-бірімен жауласпай,тату өмір сүруге, екі жақ осы келісім болған күні тулыған жас өспірім өсіп,ант мінгенше жауласпауға анттасты». Келісім сөздер барысында аманаттар беру мәселесі де қарастырылды. Бұл келісім 1731 жылы Еділ қалмақтары тарапынан бұзылды [42, 14 б].

Бұл жорықты қорытындылай келсек қазақ хандары мен қалмақтардың қарым –қатынасы әскери қақтығыстан гөрі саяси жағынан маңызды орын алды. Әбілқайыр хан бастаған қазақ билеушілерінің Еділ қалмақтары мен жасасқан мәмілегерлік қадамы қазақ халқы үшін өте маңызды болды. Себебі, белгілі бір уақытқа болса да, қалмақтар жағынан ту сырты тыныш болды және жоңғарлардың, әскери-саяси агрессиясына толық көңіл бөліп, әскери күшті осы халыққа қарай түгел жұмсауға мүмкіндік берді. Осы ретте ғылыми еңбекте кездесетін: «Әбілқайыр ханныңжаулары Еділ қалмақтары мен башқұрттар, бірақ қалмақтар мен бітісу де соғысу да оңай» - деген сөз жолдары еске түседі [4, с. 45].

1732 жылғы Кіші жүзге келген елшідікке: «Черен Дондук Ресейдің қолшоқпары болып кетті (Черен Дондук осы кезде Еділ қалмақтарын билейтін), біз оған қарсы көтеріліске бастадық, бодандықтан бас тартыңдар,одақ болайық» - деген ұсыныстар айтылды. Қалмақ елшілеріне Әбілқайыр: «егер орыс өкіметі сендерге қарсы шығуға жарлық берсе, оны орындау үшін барлық күшімді саламын» - деп мәлімдеді. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың бұл берген жауабы әрине, қалмақтарды алаңдатты. Бұл жауап Әбілқайырдың Ресейдегі позицияларын нығайтуға бағытталды. Саясаттағы өз ұпайын ойлаған Әбілқайыр, 1732 жылдың 21 мамырында Анна Иоановнаға жолдаған хатында, барлық билеушісінің қазақтарды Ресейге қоюға тырысқаны, өзінің Доржыға Ресейге қарсы күресінде көмектесуден бас тартқанын хабарлады [8, с. 124].

1736 жылы Әбілқайыр хан елшілік арқылы Орынбор бекінісіне хат жолдайды. Ол 1735 - 1736 жылдардағы башқұрт көтерілісі басшыларының бірі Қылмыкпен біріккен қырғыздар, Ресейдің мемлекеттік кеңесшісі И.Кириловқа оның жасағымен қауіп төніп тұрғанын, Уфа мен Қазанға дейінгі елді талан-таражға шығаруға дайын екенін айтып берді және олар осы жағдайды алдын алу үшін, оыс ешісін жібере екен деген тілегін білдірді. Орынбордағы Әбілқайырдың аманаттағы ұлы Ералы сұлтан коменданттан елші ретінде Джон Кэстльді жіберуін сұрайды [5, с. 33]. 1736 жылы көтеріліс күшейді. Әбілқайыр орыс әскеріне көмектесемін деп башқұрт елінің жеріне келді. «Көтерілісті тоқтатыңдар, бүкіл башқұрт халқына орыс императрицасымен жақсы қарым - қатынасты мен ғана орнатып бере аламын» , деп олардан сый-сыяпат алғанымен қоса, өздерінің ұлдарының бірін башқұрттарға хан етіп тағайындату қамымен жүрген. Ханның көтерілісші башқұрттар арасында жүргенінен күмәнданған орыс патша, ханға көмегі үшін алғыс айтып башқұрт елінен қайтуын сұраған [20, 63 б]. Келесі жылы Әбілқайыр башқұрт еліне қайта келіп, беделді башқұрт батырларының бірінің қызына үйленді. Осы заман саясатының мәмідегерлік тәсілдерінің бірі ретінде – үйлену, құда болу қазақи әдет – ғұрыптары қолданылды. 1738 жылдың сәуір айының аяғында башқұрттардың бір тобымен бірігіп, Әбілқайыр Орск маңына қоныстанған бейбіт башқұрттарды тұтқындап, қалаға кірді. Ханның бұл қылықтарынан қатты сескенген Орынбор экспедициясының бастығы В.Н.Татищев Кіші жүз ханына еріп жүрген башқұрттарды тұтқындауға ордер береді. Алайда өз қызметшісінің мұндай оқиғаларға жұмсақ жаза жариялағанын қолдамаған патша өкіметі В.Н.Татищев пен оның тобын қатаң әкімшілік жазаға тартты. Осыдан кейін Әбілқайыр ханның Ресей бодандығына екінші рет ант қабылдауының керектігі туралы мәселе қозғалды. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қазақ – башқұрт қатынастарына байланысты көтерген күрделі мәселелерінің бірі - 1734 қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салу туралы мәселесін ұсынды.Бұл ұсынысты бір жағынан әскери бекінісі, екінші жағынан сауда мәселесін дамытудың қайнар көзі ретінде қарастырған. Ресей мемлекеті Әбілқайырдың бұл ұсынысын қолдады [23, 56 б]. Қазақ – башқұрт қатынастарында Кіші жүз ханы Әбілқайырдың саясатында да қайшылықтар аз болмаған.Соған қарамастан Әбілқайыр өзіне тиімді пайдалана білген. Қазақ пен жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылғаны бәрімізге мәлім. Әсіресе XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ-жоңғар қарым-қатынастары өте шиеленіскен жағдайда болды. Жоңғар феодалдары қазақ жеріне агрессиялық шабуылды жиілетті. Олар қазақ жүздерінің ішкі алауыздығын пайдаланып, 1723 жылы Қазақстанға агрессиялық, алапат соғыс бастады. Жоңғар агрессорларының қазақ жеріне басып кірген бұл шабуылы тарихта «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деген атау мен танымал. Сонымен, Әбілқайыр ханның басқаруымен 1728-1729 жылдар аралығында қазақ жасақтарының Торғай даласының оңтүстік –шығыс жағындағы Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасындағы Қарасиыр [Қалмақ қырылған], Іле Алатауының Көкпек (Ойран төбе) деген жерлерінде қол жеткен жеңістері Нәтижесіне қазақ жерінің едәуір бөлігі басқыншылардан азат етілді.Балқаш көлінің оңтүстік –шығыс жағындағы Итішпес көлінің маңынағы Аңырақай деген жерде қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің шешуші шайқасы болды. Аңырақайдағы жеңіс үш жүздің біріккен қолының жеңісі еді [33, 115 б].

Кіші жүз ханы Әбілқайыр тек әскери өнерімен даңқы шыққан жоқ, сонымен қатар саясатта да өзіне тән шеберлігі мен көрінген. Жоңғар билеушілерінің бірі Қалдан Серенмен Кіші жүз ханы Әбілқайырдың арасындағы саяси – мәмілегерлік тактикасына қысқаша шлу жасасақ, Әбілқайырдың орыс патшасы мен одақ болу қатынастарына Қалдан Серен саяси тұрғыдан шалуға тырысқан. Кіші жүз ханының Ресей бодандығын қабылдағаны туралы Жоңғар қонтайшысы ақпаратты болды. Өзінің дипломатиялық іс- ірекетерін жағымпазданушылық жағынан көрсеткен Қалдан Серен 1736 жылы Әбілқайыр ханға елшілік жіберді.Достықтың шынайы белгісі ретінде ол, шамамен он бес жыл бұрын тұтқынға түскен әйенлі мен туысқандарын босататындығын айтқан. Өзінің Ресеймен жақындасқанын жоңғар қонтайшысына қолайсыз жағдай туғызғанын Әбілқайыр хан түсінгенде шығар. Бұл істің аузын бос қойғысы келмеген Әбілқайыр, жауаппен өз елшілігін жіберді. Елшілік сапарының негізінде ата – бабалары басқарған Түркістан мен Ташкент қалаларын қайтарса, өзінің Жоңғарияға бағынатынын және аманат ретінде өзінің ұлын беретіндігі туралы келісім жасады [43, с. 58]. Бұл жай туралы Әбілқайыр «Ресейден ешқандай көмек көрсетілмеді» дегенге байланыстыра орыс патша қызметшісі Д.Гладышевқа баянаған болатын. Әбілқайырдың көздеген мақсаты Жоңғарияға бодан болудан гөрі Ресейге саяси ықпал көрсету еді. Д.Гладышевтың ордасына барған сарапының бірінде,яғни 1742 жылдың қаңтар айында Д.Гладышев Әбілқайыр хан ордасына келген Жоңғар елшісін кездестірді. Кіші жүз хан Жоңғар елшілігі, Түркістан мен Ташкент қалаларын қайтарса, Жоңғарияның қол астына кіріп және аманат ретінде өзінің үлкен ұлын беруге даяр екендігін білдірген Кіші жүз ханымен келіссөз жүргізуге келгендігін айтты. Өз кезегінде орыс үкіметінің басшысы Кіші жүздің он жыл бұрын Ресей бодандығын қабылдағанын, қазақтардың жоңғарларға қосылуы орыс – жоңғар қатынастары біршама нашарлататынын ескертті. Шын мәнінде, Кіші жүз ханы Әбілқайырды, ақылды, парасатты, ойы озық мемлекет қайраткері ретінде растайтын дипломатиялық әдістерінің бірі.Дипломатиялық әдіс ретінде жоңғар қонтайшысына бағыну емес, бар болғаны Ресейге саяси ықпал жасау. Себебі қазақ халқының Ресей бодандығын қабылдағалы бері ешқандай көмек көрсетілмегендігі. Ғылыми зерттеу жұмыстарында мынадай мән-жайлар кездеседі, Қалдан Сереннің хан ұсынысынан бас тартуы. Оның себебі - Ташкентке орнығып алған соң, жоңғар өктемдігінен бір жұлқыныспен шығып кететіні. Әбілқайырдың ұстараның жүзіндей өткір адам екенін,көздегеніне жетсе болды тастап кететініне көз жеткен Қалдан Сереннің көзі жетті [44, 15 б].

Кіші жүз ханы Әбілқайыр – башқұрт, жоңғар халықтары мен Еділ қалмақтарымен, Жайық орыс–казактары мен Хиуа хандығымен саяси қарым-қатынас жасай келе олардың нәтжелерін өзі үшін,халқы үшін мол пайдалана алған қазақ даласының қайраткері [45, с. 11]. Әбілқайыр ханның дипломатиясында орын алатын ерекше орын алатын мемлекеттердің бірі- Хиуа хандығы.Кіші жүз бұрыннан бері Хиуа хандымен шарушылық және саяси қатынастары жағынан тығыз байланыста болатын. Хиуада хан билігінң жағдайы тек Жошы ұрпағы Шерғазы ханның (1715 - 1727) билігі тұсында ғана тұрақтанды. Алайда Хиуаны өзбек өзбек ақсүйектерінің қастандығымен Шерғазы хан өледі. Жаңа хан етіп Әбілқайырдың қайтыс болған үлкен ағасы Тоқтамыс сұлтанның ұлы Мамай сұлтан отырады. Оның ел басына келу немере ағасы Әбілқайыр ханның тікелей араласуымен болған [46, с. 78]. Өкінішке орай жаңа билеуші ойламаған жерден қаза болып Хиуаны бар болғаны 1 жұма ғана билейді. Әбілқайыр өзге қарсылықтардың алдын алу үшін Хиуа тағын өз әулетіне жақын ұстап қалу мақсатында сол кезде Бұхарада тұратын күйеу баласы Батыр сұлтанды Хиуалықтардың өз билеушісі деп тануына қол жеткізді. Бірақ бұл ханның да билеу мерзімі қысқа болады. Бірнеше аптадан кейін, оған қарсы пацдаланып жатқан жергілікті адамдардың қастандығы туралы біліп, бір күні жасырын қашып кетеді. Бұл оқиғалардан кейін Әбілқайырдың туысқандарының бірі Елбарыс сұлтан отырады. Бұл шыңғысзада өзіне дейінгі ел билеген хандарға қарағанда 10 жылдай өз билігін жүргізеді. Әбілқайырдың Орта Азиға байланысты саясатында Бұхара және Хиуа иеліктері маңызды орын алды, Себебі Әбілқайыр хан Орта Азиялық хандық құру идеясын алдына қойған болатын. Әбілқайыр Хиуа, Бұхара хандарының Ресейге бодан болуға ниет ететіндігін және ол арқылы оларды өз билеушісі ретінде танитындығын өз хатында хабарлаған болатын. « Сөз жоқ бұның бәрі жалған жазылған болатын» деп пайымдайды ағылшын тарихшысы Алан Боджер [40].

Әрине мұның бәрі Әбілқайырдың Хиуа – Қазақ - Ресей қатынастарында дипломатиялық тәсілдер қолдану арқылы өз мақсаттарына жетуді Хиуа мен Ресей аралығына орналасқан Қазақ ханығының шиеленісті мәселелерін шешуді ойлаған Әбілқайыр хан алма – кезек Ресей мен Хиуаны пайдалану арқылы екі мемлекетке де ықпал ету мүмкіндігіне ие болғысы келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]