
- •Мазмұны
- •1 XVIII ғасырдың бас кезіндегі кіші жүздегі саяси жағдай және әбілхайр хан.
- •1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі
- •1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-әрекеттері
- •2. Әбілқайыр ханның кіші жүзді ресейге қосу жолындағы ұстанған саясаты.
- •2.1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы
- •2.2 Әбілқайыр ханның орыс үкіметінің өкілдерімен қарым-қатынасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
1 XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ӘБІЛХАЙР ХАН |
8 |
1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі |
8 |
1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық және дипломатиялық қызметі |
17 |
2 ӘБІЛҚАЙЫР ХАННЫҢ КІШІ ЖҮЗДІ РЕСЕЙГЕ ҚОСУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ
|
27 |
2.1 Әбілқайыр ханның ресейге қосылудағы саяси көзқарасы |
27 |
2.2 Әбілқайыр ханның орыс өкілдерімен қарым – қатынасы |
32 |
Қорытынды
|
43 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
45 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ елі көп жылдар бойы бодандық құрсауында болып,енді егемендік алған тұста алдына әлемдегі өркениетті халықтар санатына қосылу мақсатын қойып отырған ұлт үшін өзінің өткеніні білу, төл тарихынана тағылым алып, оның сабақтарын ескеру – болашақ мақсаттарға жеткізетін негізгі фактор. Қазақстанның XVIII-XIX ғасырлардағы тарихы бірқатар объективті себептерге байланысты зерттелмей кеткені белгілі. Осы кезеңдегі тарихи өткенімізд зерделеуге Қазақстанның отарлық езгідегі болуы да зиянды әсер еткені сөзсіз. Сол сияқты қазақтардың мемлекеттілігі туралы қолда бар тарихи жазбалар ең алдымен кеңестік кезеңдегі негізінен көшпенділік стереотиптерге құрылған болатын. Тарихтың өзекті арнасы – жеке тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің туған еліне халқына сіңірген еңбегіне қоғамдық-саяси әлеуметтік тұрғыдан зерттеу болып табылады. Жеке тарихи тұлғалардың өзінің азаматтық құқығының сақталуы,оның қайраткер ретінде қалыптасу мәселелеріне көп көңіл бөлінуге тиіс. Халқының жадында, тарихтың сарғайған құжаттарға толы қойнауында есімі де, қызметі де толық сақталған, сол заманда жасалған ерлік істері бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің ардақты тұлғаклары аз емес. Сондай тұлғалрдың бірі Әбілқайыр – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі. Әбілқайыр Қажысұлтанұлы сияқты ірі саяси тұлғаның қызметі кеңестік тарихымызда жалаң, бір жақты баяндалды. Оған дәлел кеңестік жүйенің алғашқы жылдарында оны таихшылар «сатқын», «авантюрист» деп жөнсіз айыптаса, ал кеңес үкіметінің кейінгі жылдарында «дана билеуші», ұлы орыс халқына өз еркімен қосылудың негізгі ұйытқысы» деп асыра мақтаған. Демек, бұндай жағдай аталған тақырыпты шынайы, сындарлы, яғни жаңаша зерттеу қажеттігін айқындай түседі. Қайткенде де өз заманының перзенті Әбілқайыр Шығыс халықтарының тарихында ірі саясаткер, мемлекет қайраткері, мықты әскери қолбасшы ретінде елеулі орын алады. Халқының қиын-қыстау тарихында дипломат-мәмілегер, данышпан қолбасшы өз ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға және аямай күш салысқан тұлға ретінде танылды. Бүгінде Қазақстан тәуелсіз ел атанып, өзінің тарихын жаңаша көзқараспен жазып жатқанда, оларды бұрынғы қате, сыңаржақ пікірлерден арылтуымыз керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз жарлығымен 1998 жылды «халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп және 2001 жылды «Тәуелсіздік жылы» деп жариялауы еліміздің өткеніне, қазақ мемлекеттілігінің тарихын ашуға, оның ішінде қазақ хандарының ел тарихында алатын ролінің ғылыми тұрғыда кеңінен жазылуына, халыққа оның тарихи зердесін қайтрып беруге септігін тигізері сөзсіз. Дегенменде елбасының өзі айтқандай «тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі, айлағы» [1].
Ғылыми жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда Әбілқайырдың қайшылығы мол күрделі тарихи тұлғасы толық зерттелді деп айту қиын. Кіші жүз ханы туралы көптеген мәселелер түбегейлі байыпты зертеуді талап етеді. Сонымен Әбілқайыртанудағы өзекті мәселелерді зерттеуді ғалымдар енді ғана шын мәнінде енді ғана жүзеге асып жатқанын айта кетуіміз керек. Алайда, біздің қазіргі оқып жүрген тарихнамамызда ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға сүйеніп жазылған тұстар аз емес екені туралы пікірлер айтылуда. Бұл мәселеге байланысты әр кезде әр түрлі тұжырымдар айтылып келді. XVIII ғасырдың I жартысындағы қазақ - орыс қатынастары жөнінде бұл мәселе бойынша біршама қарастырып өткен орыс авторлары да болды. XVIII ғасырдағы және XX ғасырдың басындағы орыс авторларының ерекшілігі – ғылыми экспедициялармен қызмет бабындағы ауқымды мәселелер бойынша ауқымды ақпарат жинады, сонымен бірге тарих, мәдениет, этнография, география және т.б. қамтылды. Бұл авторлар Қазақстанның XVIII - XIX ғасырлардағы қоғамдық саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан, өздерінің еңбектерінде Әбілқайыр ханға көптеген беттер арнаған. Алайда бұл авторлар өз заманының адамдары болды және олардың көзқарастаы сол уақытқа, идеологияға тән ықпалдардан азат емес еді. Әбілқайыр хан саясатына берілген бағалар зертеушінің қай тапқа жататыны тұрғысынан айқындалды. Қандай жағдайда болсын, қазақ халқының шынайы тарихын жасау үшін олардың еңбектерін зерттеу және талдау қажет. Алғашқы орыс зерттеушілерінің қатарына П.И.Рычковтың [2], А.И.Левшиннің [3], Л.И.Костенко [4], В.Н.Витевскийдің [5], А.И.Добромысловтың [6], А.И.Макшевтің [7] еңбектері жатады.
Жоғарыда айтылған Кіші жүз ханы жайлы қалам тартқан ізденушілер мен зерттеушілердің көпшілігі патша үкіметінің отарлау саясатын аяқтауға, керісінше, Әбілқайыр ханның саясатын жағымсыз жағынан түсіндіруге трысқан. Орыс геоеграфиялық қоғамының негізін қалаушылардың бірі А.И.Левшин Орынбор комиссиясында дипломатиялық қызметте жүрген кезінде қазақтардың тарихына қатысты материалдар жинады. Өзінің қомақты еңбегінің екінші бөлімінде автор Қазақстанның Ресей құрамына кіруін айта келе, оның себептеріне мейлінше терең үңіліп, Әбілқайыр хан туралы да мейлінше көп деректер келтірілген. Автордың айтуы бойынша қазақтардың бірден бір қорғанышы, қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі тек Ресей бодандығына өз еркіктерімен кіргеніән дәлелдей келе, А.И.Левшин олардың бұл қадамы «сәті түскен кенде қайтадан тәуелсіздікке оралуға нақты шешім қабылдау» жасалуы мүмкуін екенін жоққа шығариайды. Сонымен қатар А.И.Левшин бұл бождандықты Әбілқайырдың жеке басы еркінің және «қуатты елдің қорғаушылығымен күшейуге үміт арттқан басқа да халықтың «әкімқұмар бастықтарының дәмеленушілік көрінісі деп қарауға да бейім тұрғанын атап өтуіміз қажет. Қазақ жерлерінң Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А.И.Добромыслов: «Самым сильным, предпринывчивым и энергичным из ханов казахских орд, начале второй четверти XVIII столетия был ближной наш сосед хан Малой Орды Абулхаир», - деген байлам жасайды. Патшалық Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігі әрі тарихшы А.И.Макшеев былай деп жазды: «Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар бұрынғысынша тәуелсіз болып қала берді, ешқандай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет атқармады». Кіші жүз ханын көзімен көріп, жүзбе-жүз кездескен орыс шенеуніктері де, ханның жеке басының қасиеттерін жоғары бағалаған. Оған дәлел, Орынбор экспедициясының бастығы И.Кириллов: «Әбілқайыр хан барлық қайсақ хандарының ішіндегі атақтысы және ақылдысы...» [8] десе, ханмен етене жақын болған орыс елшісі М.Тевкелевтің: «Әбілқайыр хан жетерліктей ақылды және қулығы да бар адам, оның ұлы мәртебелі императорға бодан болу ниеті лажсыздан туып отыр» деген мінездемесінен көруге болады. XIX ғасырдың ірі қоғам қайраткерлері сапынан орын алатын қазақ зиялылары да өз еңбектерінде аталмыш мәселелерге назар аударған. Олар: Ә.Бөкейханов, Х.Досмұқамедұлы, Ғ.Мұсағалиев, К.Кемеңгерұлы т.б. Бұл авторлардың шығармашылық мұралары олардың ой - өрісінің кең екенін және Қазақстанның ресейге қосылуын , соған сәйкес Әбілқайыр саясатын басқаша тұрғыдан бағалайтынын көрсетеді. Біз бұл еңбектердің қазақтарды отарлаудың зақымдары мен зардаптары көзге ұрып тұрған кезде жазылғанын ескеруіміз керек. Осы орайда Ғабдулғазиз Мұсағалиев өз пікірін былайша білдіреді: «...Әбілқайыр хан халық пайдасы үстіне өзінің құмар болған дәреже, лауазымын русь қол астына кіруді қуаттайды, һәмде қазақтардың бастан русьқа бағынуына себепші болды...Оның русьқа бағыну пікіріне көбісі қарсы келді... Сонда да хан көптің ризалығын күтіп тұрмады, өзіне ерген кісілермен русь қол астына кіруге қара берді» [9].
Аатор пікірі бір қырынан қрағанда Кіші жүз ханын сынағандай көрінгенімен, екінші жағынан кейбір пікірлері шындыққа жанасады. Әбілқайыр ханның ұстанған түпкі саясаты мақсатын Қошке Кемеңгерұлы 1924 жылы Мәскеуден шыққан «Қазақ тарихы» атты кітабында былайша түсіндіреді: 1. Күшті Ресейге арқа сүйеп Хиуалықты, Қарақалпақты бағындырамын, үш жүзге үлкен хан боламын; 2. Тақты мұралы қыламын; 3. Қол аяқты жинап алған соң, Ресейден бөлініп кетемін, деп ойлады. Соңғы пікірмен толқыған халықты да иландырады... Профессор Халел Досмұхамедұлының көлемді жазып, 1925 жылы Ташкент қаласында араб қарпімен күні бүгінге дейінгі мәнін жоймаған тұстары бар. Әбілқайыр саясатына берілген автордың бағасы мен ханның жеке басының қасиетін айқындауда автор көзқарасында қайшылық орын алады [10].
«...Ұлы хан болғысы келген хандар көбейді. Әбілқайыр, Қайып, Сәмекелер ұлы хан болғысы келіп қатар шықты. Бұлардың қайсысы да бір ауылдан елді тегіс ерте алмады. Әбілқайырға елді қорқытып алып хан болудан басқа жол қалмады. Елді қорқыту үшін Әбілқайыр орыс бағынбақшы болды...» - дейді. 1903 жылы Әлихан Бөкейхановтың «қазақтарды жау жағадан алып, бөрі етектен тартып орыс билігін мойындауға мәжбүр және етті» [11] деген тұжырым келтіреді. XV ғасырдың 30-жылдарының ортасы мен 80-жылдардың басында қазақ халқының бастан кешіргенін зерттеуге маркстік-лениндік идеологияны меңгерген және дворяндық-буржуазиялық тарихнамаға белсенді түрде қарсылық білдіретін кәсіби тарихшылар кірісті. Ресей империясының бұрынғы отарларының ұлттық тарихына деген ынталылық кең етек алды. Қазақстаның аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов осы кезең туралы құнды еңбектердің авторы. Ол: «Кіші жүздің қазақтары өздерінің көреген ханы Әбілқайырдың бастауымен 1730 жылы ерікті түрде орыстарға бодан болғаны мәлім. Мұның өзі сыртқы және ішкі себептерден туған қажеттілік болды; XVIII ғасырдың 30-жылдарында жоңғар жаулап алушылары тарапынан қанауға түсудің қаупі төнген. Әбілқайыр бастаған қазақтар өздерінің қуатты көршісі – Ресейден әскери көмек сұрады. Сонымен бірге орыстарға бодан болуға қазақтарды империямен экономикалық және сауда байланыстары да итермеледі. Бодандықтың шарттары бойынша қазақтар өздері тұрып жатқан мекенін және мемлекеттік дербестігін сақтап қалды» [12], - деп жазады.
Сонымен қатар Әбілхайыр ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясаты және тарихта алған орны туралы мәселелерді Н.Г.Аполлова [13], М.Тынышпаев [14], Е.Б.Бекмаханов [15], К.Л.Есмағамбетов [16], М.Қ.Қозыбаев [17], В.А.Моисеев [18], М.Ж.Абдиров [19], С.М.Мәшімбаев [20], Ж.Қ.Қасымбаев 21, Ж.Жақсығалиев [22], Ә.Қ.Мұқтар 23, С.Өтениязов 24 өз зерттеулерінде қарастырады.
Жұмыстың деректік негізі. Зерттеу жұмысының дерек көзі ретінде Кіші жүздің Ресейге қосылуы қарсаңындағы қазақтардың экономикасы, саяси құрылымы мен тұрмыс-тіршілігін зерттеуде А.И.Тевкелев күнделігінің орны ерекше. Күнделік 1731 жылы 3 қазанынан 1733 жылдың 14 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Оның тағы бір құндылығы автордың қазақ тілін жетік білетіндігі мен қазақтар арасында екі жылдан астам уақыт болғандығында. Күнделікті мұқият зерттеу қазақстан тарихнамасындағы кейбір күрделі мәселерді шешуге, Әбілқайырдың Ресейдің қол астына өту арқылы Ресеймен және бодандарымен бейбіт қарым-қатынас орнатуды көздегенін аңғару ққиын емес. Күнделік кемшіліктерінің бірі – оның әлеуметтік жағынан сыңаржақтылығы. Онда феодал, сұлтан мен ханедардың қызметі туралы мол мәліметтер келтірілгенімен, қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысы жайлы деректер жоқтың қасы деуге болады.
Тұтас алғанда, А.И.Тевккелевтің халыққа сұрау жүргізу арқылы және қзақтармен тікелей араласуы негізінде жинақталған деректері XVIII ғасырдың басындағы қазақ даласы солтүстік-батыс өлкесінің тарихы жөніндегі аса құнды мәліметтер болып табылады.
Алайда, патша әмірін орыедаушы А.И.Тевккелевтің конмерваивті саяси көзқарастағы адам болғанын да ұмытпағанымыз да абзал. Сондықтан да ол тарихнамалық әліметтерді ғылыми мақсатқа емес, негізінен отаршылдық саясатты негіздеуге пайдаланылады. Қалай болғандада патша жансызы Тевкелевтің көптегшен құжаттарын талдау Әбілқайыр хан саясатын айқындай түсуге көмектесері сөзсіз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты XVIII ғасыврдың жартысындағы Әбілқайыр ханның саяси-мәмілегерлік қызметінің негізгі бағыттарын бағыттап отырап, оның қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жағдайындағы ұлттық мемлекетіміздің сыртқы халықаралық саясатымен астасып жатқандығын дәлелдеу.Сондықтан осы мәселелерді шешу барысында мыеадай міндеттерді негізге алдық.
Кіші Жүз ханы ретінде Әбілқайыр ханның билікке келуін;
Сол кезеңде елінің, жерінің тұтастығы үшін күрескен Әбілқайыр ханның қолбасшылық қызметін;
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қалыптасқан күрделі саяси ахуалды Әбілқайырдың саяси-мәмілегер ретінде ұғынғандарын дәйектеу және оның сол замандағы тарих сахнасына көтерілген саяси тұлға екнін пайымдау;
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғы шарттарын анықтау арқылы Әбілқайырдың саяси тұрақтылықты сақтау жолындағы қызметін дәлелдеу және Кіші жүз ханының орыс отаршылдығына қарсы жүргізген саяси күресінің мәнін ашу;
Өзінің билік етіп отырған кезеңдегі Әбілқайыр ханның орыс өкіметінің арасындағы қарым-қатынасын көрсету;
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Ғылыми жұмыста нақты зерттеулер мен деректер негізінде Әбілқайыр ханның өмірі мен саяси - дипломатиялық қызметіне талдау тарихи шындық принципі негізінде жан – жақты талданып, көрсетілді; Жаңа көзқарастар мен жаңа деректер нігізінде Әбілқайыр ханның қазақ халқының тарихында өзіндік орны мен ұстанған саясатының зерттелмеген қырлары ашылып көрсетілді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. XVIII ғасырдың басынан осы ғасырдың 40-жылдаының соңына дейінгі қазақ даласындағы Кіші жүз ханының күрделі, қарама-қайшы саясат жүргізу шараларының маңызды кезеңін анықтауды қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден екі тармақшадан тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.