Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2test_zhauaptary_TTT_kaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884.22 Кб
Скачать

Билет № 9

1-сұрақ. КҚ жеке жұмыс көлемін табыңыз.

Жауабы: КҚ еңбек сиымдылығын “жылжымалы автокөліктерге техникалық қызметпен жөндеу көрсету” анықтамасындағы ережеге сай анықтаймыз.

Күнделікті қызмет автомобиль қозғалысын қауіпсіз ету үшін ,күнделікті жұмыс уақытында автомобильдің ақаусыз жұмыс жүргізу ушін жүргізіледі.Бұл қызмет автокөлік гаражға оралғанда ж/е гараждан шығарда жүргізіледі.

КҚ еңбек сиымдылығы ереже бойынша Тео=0,5 ад/сағ

Түзету коэф-тін анықтаймыз:

К=К2*К5=1,15*1,3=1,495

Тео=0,5*К=0,5*1,495=0,7475

Барлық автомобильдер үшін КҚ еңбексиымдылығын анықтаймыз.

Тео=20*0,7475=14,95 ад/сағ

2-сұрақ. КАМАЗ автомобильдерінің шиналарын жасау үшін қандай материалдар қолданылады

Жауабы: Олар камерлықтар мен камерасыздарға бөлінеді. Үлкен таралуды, дөңгелек тысынан , камерадан және бүкпелі лентадан тұратын, камералық шиналар алды. Камерасыз шиналарда камераның орнына дөңгелектің тысының ішкі қуысына желімдеу жолымен қалыңдығы 2-3 мм ауа өткізбейтін каучуктық қабат біріктірілген. Ауа камераға (шинаға) реттығын (золотник) және қалпақша-кілтпен жабылатын клапаны бар вентиль арқылы келеді.

Автомобиль дөңгелегі протектордан, жастықтық қабаттан, қанқадан,бүйірліктен, борттан, өзектен, бүкпелі лентадан, вентильдерден, дөңгелек тысынан, камерадан, каучукты қабаттан, бүкпеден, шинадан, құлыптық құрылғыдан тұрады.

КамАЗ автомобильдерінде дискісіз доңғалақтар қолданылады. Олардың ерекшелігі – құрсау мен күпшек арасында дискі болмайды. Алдыңғы доңғалақтар доңғалақ күпшегінің конусты жазығына, ал артқы доңғалақтар күпшекке гайкалар мен шпилькалармен бекітілген сақинаға орнатылады. Дискісіз доңғалақтарды орталықтандыру және бекіту үшін арнаулы қысқыштар қызмет етеді.

Пневматикалық шиналардың қысымы, нығыздалу тәсілі, өлшемдері мен профиль пішіні әртүрлі болады.

Шиналардағы рұқсат етілетін қысымның жоғарғы шегі: жеңіл және салмағы төмен жүк көліктер үшін – 0,20...0,30 МПа, ал басқа жүк көліктер мен автобустар үшін – 0,50...0,75МПа.

Ішкі қуыстың нығыздалуына байланысты шиналар камералық және камерасыз болады. Камерасыз шиналар көбінесе жеңіл және салмағы төмен жүк көліктерде қолданылады.

Камералық шина покрышкадан, вентильді камерадан және құрсау лентасынан (жеңіл автомобильдерде құрсау лентасы болмайды) тұрады.

Покрышка сығылған ауаның қысымын қабылдап, камераны құрсауға қысады және зақымданудан қорғайды. Ол каркастан , жұмсартқыш қабатынан (брекер) 2, протектордан 1, бүйірлерден 4 және борттардан 5 тұрады. Каркас резеңкемен араласқан матаның (корд) бірнеше қабатынан құралып, борттарға нық бекітіледі. Бортқа болат сымынан жасалып, сырты резеңке матасымен қапталған сақина 6 енгізіледі. Сақина покрышканың борттарын күшейтіп, олардың созылуына жол бермейді.

Покрышканың каркасы үстінен резеңкенің қалын қабатымен жабылады. Ол протектор. Протектордың сыртқы беті арнаулы суреттермен қапталады. Протектордың суреті жолмен ілінісу қасиетін арттырады.

Атқаратын қызметі мен пайдалану жағдайларына қарай шиналардың протектор суреттері жол (Ж), әмбебап (Ә) немесе өткіштігі жоғары (ӨЖ) болулары мүмкін. Соңғы ӨЖ протекторының суретінің бөлшектері кесек және қиықтары терең келеді

Автомобиль шиналары маңызды бөлшек болып табылады,олардың құны автомобиль құнының 15-20%-ға дейінгі бөлігін қамтиды,әрбір жөндеулер арасында шиналардың 2-4 комплектісі жаңартылып тұрады.

Автошина келесі материалдардан тұрады:

-Каучук –шинаның сапасын көрсететін негізгі материал болып табылады,ол барлық материалдардың 50-60 %-ын құрайды.

-металлокард-қалыңдығы 0,5÷1,5 мм болатын болат сымдардан тоқылады

-вулканизацияны жеделдеткіш қоспалар ,активаторлар,бояғыштар,полимерлер.

Бұл қоспалары жоқ таза каучук резина сияқты қасиеттерге ие бола алмайды.

3-сұрақ. Шосселік жолда толық массалы КамАЗ-5320 автомобилін орнынан қозғалу үшін қажетті күшті табыңыз.

Жауабы: Жетектеуші доңғалақтағы жанама күшті табамыз.

Рψ=Рƒ+Рі+Рϳ+Рw ; Н мұндағы

Рƒ=Gавт*cosα*ƒ=187670*0.996*0.02=3738.4 Н –доңғалақтарды айналдыруға кеткен күш.

Рі=Gавт* sinα = 187670*0.087 =163273 Н-жоғары көтерілуге кеткен күш.

Рw= k*F*V = 0,55*5,8725*22,2 =71,7 Н –ауа кедергісі

Gавт 187670

Рі=δ* —— * ϳ= 1,21* ——— * 2,25 =38115

g 9,8

Автомобильдің толық салмағы келесі тұжырым арқылы анықталады.

Gавт=9,8(mo+mгр)=9,8*19150=187670 Н

α=5 °-көтерілу бұрышы:

ƒ=0,02-жолдың қарсылық коэф-ті

ϳ=2,25 м/с² -орныннан қозғалу үдеуі

К=0,55; V=22,2 м/с F=В*Н=2,175*2,7=5,87 м²

δвр=1,04+0,05*ікпп=1,04+0,05*3,4=1,21

Билет №10

1сұрақ. ТҚ-1 жұмыс көлемін түзету коэффициенттерін табыңыз.

Жауабы: Берілгені: ЛuA3-677 автобусы

Au=50 дана

Ттк-1-?

Шешімі: ТҚ-1 жұмысы көлемін табу үшін нормативті еңбек сыйымдылығының мәнін түзету коэффициенттерін ескеріп оларға көбейту керек. Ол үшін К2-автокөліктің модификациясын және оның жұмысын ұйымдастыруды ескеретін коэффициент және К5-мекемедегі автокөліктердің санын ескеретін коэффициент.

Сонда ЛuA3-677 автобусы үшін: К2=1.0 және K5=1.15 тең болады

Tтқ-1=tтқн · К2 · К5 адам сағ

Сонда Ттk-1= 6 · 1.0 · 1.15 = 6.9 адам сағ

2-сұрақ. Егер жалпы кедергі Рf, Рi мынадай f=0,08 және α = 6о.болса, жетекші дөңгелек бетіндегі күшті табыңыз. Өзіндік салмағы 8т автобусы 80 жолаушыны тасымалдайды.

Жауабы: Берілгені: f = 0.08

α = 6°

ЛuA3-677 автобусы

mо =8т

n = 80 жолаушы

Рк-?

Шешімі: Жетекші дөңгелек бетіндегі күшті мына формуламен анықтаймыз

Рк = Pf + Pψ + Pw , Н

Мұндағы Pf - тербеліске қарсы күш

Рψ - жолдың жалпы қарсылық күші

Рw – ауаның қарсылық күші

Ауаның қарсылық күші Рw автомобилдің жылдамдығы 40км/сағ асқанда ескеріледі. ЛиA3 автобусы қалада маршрутта жүретіндіктен оның орташа пайдалану жылдамдығы V=25 км/сағ. Сондықтан ауаның қарсылық күшін ескермейміз

Сонда Рк=Pf+Pψ, Н

Олай болса Рf=G t, Н

Мұндағы G - автобустың толық салмағы

G = (m0+n 75) g , Н

G = (8000+80·75)·9.81=137340 H

PF=137340·0.08=10987,2 H

Pψ=G·ψ, Н

Мұндағы ψ - жолдың қарсылық коэффиценті

ψ=fcosα±sinα

ψ=0.08·cos60±sin60=0.08·0.9945+0.10404 = 0,18404

олай болса Pψ=137340·0.18404=25278.8 H

Сонда Pk=10987.2+25278.8=36266 H

3-сұрақ. №1 автобус паркіндегі ЛuA3-677 автобустары газ күйіндегі отынға ауыстырғаннан кейін қозғалтқыштың қуаты азайды. Оның себептерін атаңыз.

Жауабы: Қозғалтқыш автомобильдің қозғалуы үшін қажетті энергияны қамтамасыз ететін қондырғы болып табылады. Қазіргі автомобильдердің көбінде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ, және де уақыт өте осы қозғалтқыштардың орнын құрылыстары аса жетілдірілген күш қондырғылары алуы мүмкін.

Қозғалтқыштың қуатының азаюының себебі төмендегідей

1) Газдын октан саны 100-ден артық болады, жану кезінде ол толық пайдаланылмай қалады

2) Газдың бензинге қарағанда жану жылуы 3% ... 10%-ке төмен болады

3) Газбен жұмыс істегенде цилиндрдің толымдылық коэффиценті төмендеу болады

4)Механикалық пайдалы әсер коэффиценті төмендеу болды

Осы аталған кемшіліктердің себептерінен қозғалтқыштың қуаты 10%дан 20% ға төмендеп кетеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]