Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2test_zhauaptary_TTT_kaz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884 Кб
Скачать
☆

Билет № 2

1-сұрақ. ТҚ-2 мерзімін табыңыз.

Жауабы: Газ-3110 жеңіл автомобилінің техникалық қызмет мерзімдері коррекциялау коэффициенттері көмегі арқылы табылады.

Птқ-2 =Пн.тқ-2*Кп(тқ),

мұнда Пн.тқ-2-техникалық қызмет №2 жұмыстарының кестелік немесе нормативтік мәндері, жеңіл автомобильдер үшін Пн. тқ-2 =16 000 км.

Кп(тқ)-техникалық қызметтің мерзімдерін түзетуге арналған қорытынды коррекциялық коэффициент.

Кп(тқ) -нің мәнін мына формуламен анықтаймыз

Кп(тқ) = К1 * К3,

мұнда К1-автомобильдердің пайдалану жағдайыларын ескеретін коэффициент, К1-дің мәні Тараз қаласы үшін К1 =0,9

К3-автомобильдерді пайдаланудың табиғиклиматтық жағдайын ескеретін коэффициент К3 =0,9

Сонда, Кп(тқ) =0,9*0,9 =0,81

Газ-3110 автомобилінің техникалық қызмет №2 жұмыстарының мерзімін, жоғарыда келтірілген формула бойынша мәндерін орындарына қойып, анықтаймыз.

Птқ-2 =16000*0,81 =12960км.

Сондықтан, Тараз қаласында 11-категория пайдалану жағдайындағы жеңіл ГАЗ-3110 автомобилінің ТҚ-2 жұмыстарының мерзімі 12960 км.болады

2-сұрақ. Газ-3110 қозғалтқышының су сорабының техникалық қызметін келтіріңіз. Оның негізгі бұзылымдары мен оларды жөндеу тәсілдері

Жауабы: Салқындату жүйесі қозғалтқыштың әртүрлі жылу режимдері кезіндегі бірқалыпты температураны қалыптастырып (80-950С), қызған бөлшектерден жылуды қоршаған ортаға сейілту қызметін атқарады.

Салқындату жүйесінің бұзылы болуы үмкін: шлангылардың түйіскен жерінен салқындату суықтығының ағуы,

Газ – 3110 қозғалтқыштың су сорабының құрылысы шестернялық тісті болып келеді. Оның негізгі бұзылымдарына негізгі жетекші білігінің төлкелері мен төлкенің білікпен жылжымалы қосылысының беттері желінеді. Су сорабының төлкелері желінген кезде оның өнімділігі және суды айдау қысымы төмендеп кетеді, сондықтан техникалық қызмет кезінде, су сорабының техникалық жағдайын бақылап, техникалық күтім жұмыстарын жүргізеді. Су сорабының өнімділігі мен айдау қысымы төмендеп кеткен жағдайда, олардың төлкесін ауыстырып, су сорабының техникалық қызмет жұмыстары арқылы техникалық жағдайын жұмысқабілеттілік жағдайына жеткізеді.

3-сұрақ. Газ – 3110 автомобилінің ТҚ кезінде қолданатын арнайы сұйықтарының түрлері мен таңбалары.

Жауабы: Жеңіл ГАЗ – 3110 автомобилінде қолданылатын арнайы сұйықтарға салқындату сұйығы, тежеуіш сұйығы,мотор майы және тағы басқалар жатады.

Мотор майлары: М–6з/12Г1 немесе М–5з/10Г1, API SF/CD, SAE 10W/30;

Трансмиссия майлары: «Омскойл–Супер Т» немесеТМ–5–18, или ТМ–3–18 (көшірше түрі), API GL–5, SAE 85W90;

Графитті майлау (графитная смазка): УСсА,W–G–671d 078.01 (REA);

Рульдік басқарудың гидрокүшейткіш майлары: маркалары Р не А, Dexron–IID, Dexron–IIE, Mercon–M;

Салқындату сұйықтықтары: су, Тосол–А40М;

Тежеу сұйықтықтары: Роса», «Роса–3», «Томь», «Нева» немесе шет елдік DOT–3.

Трансмиссиялық майлар тісті берілістерді, подшипниктерді және бөлшектерді және автомобильдің тораптарын майлау үшін қолданылады. ГОСТ 17479.-85 бойынша трансмиссиялық майлар тұтқырлық бойынша 4 классқа (9,12,18,34) , ал эксплуатациялық қасиеті бойынша 5 топқа бөледінеді:қоспасыз минералды майлар, желінуге қарсы қоспасымен минералды майлар, тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, жоғары тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, көп функциялы және жоғары тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, сонымен қатар әмбебеп майлар.

Тежеу сұйықтары (тежеу механизмінің гидравликалық жетек үшін сұйықтық) тежеу механизмнің педалінен колодкаға дейін күш беру үшін жұмыс элементі ретінде қызмет етеді.Тежеу сұйықтарын майсананың (каторовой) және гликолдың негізінде өндіреді.Майсананың негізінде тежеу сұйықтары: БСК,ЭСК,АСК болып, гликолды негізінде тежеу сұйықтары :ГТЖ-22М, Томь және Роса, Нева болып бөлінеді.

Мотор майы поршенді іштен жанатын қозғалтқыштың бөлшектерін майлау жүйесі арқылы майлау қызметін атқарады. Бөлшектер кривошипті шатунды механизм, газ бөлістіргіш механизм, цилиндр поршенді тобы және т.б. жатады.Белгіленуі:М.Мотор майлары эсплуатациялық қасиеті бойынша А,Б,В,Г,Д,Е болып5 топқа, майдың тұтқырлығы бойынша жаздық, қыстық, барлық мезгілде болып, қозғалтқыштың түріне байланысты:1-карбюраторлы,2-дизельді болыа бөлінеді.

Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарына салқындатқыш ретінде төмен қататын салқындатқыш сұйықтығы(немесе антифриз) қолданылады. Ең көп тараған сұйықтар эилгенгликолды антифриздер.Қазіргі кезде антифриз маркасына М индексін қосады.

Ресей өндірісінде келесі антифриз маркалары шығарылады:қарапайым антифриз -40,65,40М, тосолдар-Тосол А, Тосол А-40, Тосол А-65.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]