
Билет № 7
1-сұрақ. ТҚ-1 жеке жұмыс көлемін табыңыз.
Жауабы: Жүк автомобилінің техникалық қызметінің еңбексыйымдылығын мына формула бойынша анықтаймыз
tтқ-1 = tнтқ-1 · К2 · К5 , адам сағ
мұнда tнтқ-1 – ТҚ-1-дің бекітілген нормативті еңбек сыйымдылығы , ЗиЛ-4335
автомобилдері үшін tнтқ-1 = 3,3 адам сағ;
К2 - автомобилдердің модификациясын және олардың жұмысын
ұйымдастыруды есепке алу коэффициенті, К2=1,15
К5 – АКК өлшемдерін және технологиялық бірігетін автомобилдер
топтарын есепке алу коэффициенті, K5=1,3.
Осыларды есепке ала отырып ЗиЛ-4335 автомобилінің жеке ТҚ-1 еңбексыйымдылығын анықтаймыз
tтқ-1 = 3,3 · 1,15 · 1,3 = 4,9 адам сағ
Автомекемедегі барлық 35 дана ЗиЛ-4335 автомобилдерінің ТҚ-1 еңбексыйымдылығын табу үшін, осы автомобилдердің жылдық жүру жолын және соған байланысты ТҚ-1 санын анықтап tтқ-1 мәніне көбейту керек.
2-сұрақ. ЗиЛ-4335 автомобилінің беріліс қорабының конструкциялық ерекшеліктері және оларды ұзақ пайдаланғандағы негізгі ақаулары.
Жауабы: Зил-4335 автомобилінің беріліс қорабы негізгі қораптан және бөлістіргіштен тұрады. Оның алға жылжуы үшін 8 негізгі берілістері және қосымша «жылжу » берілісі, жәнеде артқы жүрістің бір берілісі бар.
Негізгі қорап шойын картерден тұрады. Оның ішінде шарикті және роликті подшипниктерде орнатылған шестернялары мен, синхронизаторлары мен, берілістерді ауыстыру механизмі мен және басқару механизмдері мен жетекші, жетектегі және аралық біліктер орналасқан. Жетекші аралық білктің шестернясы мен тұрақты іліністе тұрған жетектің шестернясы мен біртұтас жасалған.
Жетектегі біліктің алдыңғы бөлігінде үшіенші, төртінші, жетінші және сегізінші берілістердің синхронизаторының шлицалы втулкасын орнату үшін, орта бөлігінде бірінші, екінші, бесінші және алтыншы берілістердің синхронизаторлары үшін және артқы бөлігінде «жылжу» берілісінің қосу муфтасы үшін шлицалары бар. Жетектегі біліктің шестернялары роликті подшипниктерде еркін айналады және аралық біліктің тиісті шестернялары мен тұрақты іліністе тұрады.
Шестернялардың синхронизаторлардың муфталарының ішкі тісті венецтері мен бріктіру үшін сыртқы тісті венецтері бар, және де синхронизаторлардың блоктайтын сырғалары мен жұмыс істеу үшін конусты сырғалары бар.
Аралық білік «жылжу» берілісінің және артқы жолдың екі түзу тісті шестернялары мен біртұас жасалған. Бірінші, екінші және үшінші берілістердің шестернялары және аралық біліктің жетегінің шестернясы білікке пресстеліп отырғызылған.
Артқы жолдың аралық шестернясы оске шарикті подшипникте орнатылған және аралық және жетектегі біліктердің артқы жолдық шестернялары мен тұрақты іліністе болады.
Бөлістіргіш бір деңгейлі планетарлық ретуктор болып есептеледі. Ол беріліс қорабының картеріне бекітілген картерде орналасқан. Планетарлық редуктор шестернялардан(солнечной, коронной) , бөлістіргіштің сателлиттері бар білігінен және синхронизатордың блоктайтын дискісінен тұрады.
Бөлістіргіштің білігінің шлицалы ұшында спидометрдің жетегінің шестернясы және кардан білігінің фланецсі орнатылған. Біліктің орта бөлігіндегі шлицаларда бөлістіргішті қосу синхронизаторының втулкасы орналасқан. Бөлістіргіштің картерінің төменгі бөлігінде, беріліс қорабының аралық білігінің артқы ұшында май насосы орнатылған.
Берілістерді ауыстыру механизмі беріліс қорабының қақпағында орналасқан. Ол вилкалы үш штоктан, штоктардың басшаларынан, штоктардың үш фиксаторынан және екі берілістің бірдей қосылуын болдырмау үшін құлыпты құрылғыдан тұрады.
Беріліс қорабының ақаулары автомобильді ұзақ пайдаланған кездегі бөлшектердің желінуі және бүлінуі себепті болады. Негізгі ақаулар-олар шестерня іліністерінің майысуы, сынуы, үйкелуі болып табылады. Сондай-ақ сапасыз транссмиссиялық май құюына байланысты кездесетін ақаулар. Мысалы, майдың көбіктенуі, сұйылып кетуі ж.т.б. болып табылады.
3-сұрақ. Зил-4335 көліктерінде қолданатын негізгі моторлық және трансмиссиондық майлардың маркасын атаңыз.
Жауабы: Зил-4535 автомобильінің қозғалтқышына құйылатын матор майлары 3-ке бөлінеді: жаздық, қыстық және барлық сезондық. Сонымен қатар минералдық, жартылай синтетикалық және синтетикалық. Қыстық және жаздық майлар М10Г2 және М12Г2. Мұнда М-матор майы: 10, 12-майдың тұтқырлығы, 100оС-дегі: Г-жоғары үдеулетілген қозғалтқыштар үшін; 2-дизель қозғалтқыштары үшін. Барлық сезондық М-6з/10Г2 .
Тұтқырлығы SAE 75W-90және сапа деңгейі GL-5синтетикалық ирансмиссиялық майлар
Зил-4535 автомобильінің трансмиссиясында ТМ-5-18 және ТМ-6-12 трансиссиялық майлары пайдаланылады. Бұл трансмиссиялық майлар әмбебап болып саналады. Мұндағы: ТМ-трансмиссиялық май, 5,6-пайдалану қасиеттері, 18,12-тұтқырлық класы.
Мотор майы поршенді іштен жанатын қозғалтқыштың бөлшектерін майлау жүйесі арқылы майлау қызметін атқарады. Бөлшектер кривошипті шатунды механизм, газ бөлістіргіш механизм, цилиндр поршенді тобы және т.б. жатады.Белгіленуі:М.Мотор майлары эсплуатациялық қасиеті бойынша А,Б,В,Г,Д,Е болып5 топқа, майдың тұтқырлығы бойынша жаздық, қыстық, барлық мезгілде болып, қозғалтқыштың түріне байланысты:1-карбюраторлы,2-дизельді болыа бөлінеді.
Трансмиссиялық майлар тісті берілістерді, подшипниктерді және бөлшектерді және автомобильдің тораптарын майлау үшін қолданылады. ГОСТ 17479.-85 бойынша трансмиссиялық майлар тұтқырлық бойынша 4 классқа (9,12,18,34) , ал эксплуатациялық қасиеті бойынша 5 топқа бөледінеді:қоспасыз минералды майлар, желінуге қарсы қоспасымен минералды майлар, тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, жоғары тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, көп функциялы және жоғары тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, сонымен қатар әмбебеп майлар.
.