
Билет №5
Көлік құралының техникалық қызмет жұмыстары «Положение о ТО и ремонте подвижного состава» автомобильного транспорта құжатына сәйкес жүргізіледі.
1-сұрақ. ТҚ – 1 және ТҚ – 2 мерзімдерін табыңыз.
Жауабы: ТҚ – 1 және ТҚ – 2 жұмыстары көлік құралдары мен олардың құрама бөліктерінің желіну қарқындылығын төмендету үшін жүргізіледі. Қарсылықтың пайда болуын алдын-ала ескерту жұмыстарыда ТҚ жұмыстарының негізгі мәселелеріне жатады.
КамАЗ-5511 автомобилінің нормативті жүрісі ТҚ – 1 = 3000 км. ТҚ – 2 = 12км. Егер, автомобиль III категория жағдайында пайдаланылса, онда оған қорытынды коррекциялау коэффициент ескеріледі.
Кп (то) = К1 * К3
мұнда К1 – автомобильдердің пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент;
К3 – табиғи-климаттық жағдайларды ескеретін коэффтцтент
Анықтамаларда коэффициенттердің мәнін анықтаймыз К1 =0,8; К3=0,9, сонда Кп(то) =0,8*0,9 =0,72
Автомобильдің техникалық қызмет жүрістерін анықтаймыз
Птқ-1 = Птқ-1н * Кп(то) = 3000*0,72=2160 км.
Птқ-2 = Птқ-2н * Кп(то) = 12000*0,72=8640 км.
2-сұрақ. КамАЗ-740 қозғалтқышының конструкциялық ерекшеліктерін және Қазақстан оңтүстік зонасында қозғалтқыштардың ұзақ мерзімділігін арттыру жолдарын келтіріңіз.
Жауабы:Камск автомобиль зауыты.Кабинасы 4 орынды, орындары қауіпсіздік белдіктерімен қамтамасыз етілген,тапсырыс бойынша арнайы төсек жабдығы бар.Бортты автокөліктің кузовы темір борттық платформа каркаспен тентоамнан. КамАЗ-5511 аввтомобилінің қозғалтқыштары 8-цилиндрлі, 4-тактілі, V-тәріздес айналу моменті 912 Н-м (93 кгс-м) КамАЗ-740 қозғалтқышы болады. Мұндай қозғалтқыштар өте қуатты(176 кВт) болады. Қозғалтқыштың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
2-сұрақ жауабының жалғасы
а) поршеньдері жоғары кремнийлі алюминий қоспасынан құйылған.
б) хромды және молибденді қабаты бар поршень сақиналары қолданылады.
в) иінді білігі азотталған және индукциялық тоқпен шынықтырылған.
г) шатунды және өстік ішпектері болатты-бронзалық үш қабатты төсемдермен қапталған.
д) «ылғалды» шойын цилиндрлер гильзасы қолданылады.
е) қоршаған ауа – 250С дейінгі температурада жеңіл оталдыру жүйесі қолданылады. Ол жүйе ауаны электрофакельді қыздыру қондырғысы көмегімен жұмыс істейді.
Қозғалтқыш өнімділігін арттыру үшін оған мерзімді ТҚ жұмыстарын жүргізіп тұру қажет.
3-сұрақ. Пайдаланылған мотор майын жинау, қайтадан өңдеу және екінші рет қолдану үшін қандай шаралар қарастырылады.
Жауабы: Мотор майы поршенді іштен жанатын қозғалтқыштың бөлшектерін майлау жүйесі аркылы майлау қызметін атқарады. Болшектергі кривошипті шатунды механизм, газ бөлістіргіш механизм, цилин поршенді тобы және т.б. жатады.
Мотор майы келесі эксплуатациялық талапқа жауап беру керек:
цилиндр поршенді топты бөлшектердің ілінісу беггерінің санылауын жабуды қамтамасыз ету керек;
- үйкелістегі бөлшектерден жылуды эффективті бөліп алу, үйкеліс беті тозған калдыктан тазартуды қамтамасыз ету керек;
қозгалтқыш бөлшектерінің жұмыс беттерін коррозиялық әсерден (майдың тотығуынан және отынның жануынан) сенімді қорғау;
қозғалтқыш бөлшектерінде бөлінудің (отложение) барлық түрлері (нагары, лак, зольные отложение, шламы) пайда болуын болдырмау;
механикалық әсерге, сулануына және тотығуға қарсы жоғары тұрактылық болу керек;
минималды шыгын болу керек;
қызмет мерзімі ұзақ болу керек.
Көлік құралдарын пайдалану кезінде оның майлары ластанады. Оған шаңдар отырады, механикалық желіну қалдықтары қосылады және т.б. сондықтан ондай майларды техникалық тазартып қайтадан пайдалануға болады. Оны регенерация деп атайды. Регенерация процесі кезінде майды механикалық қосындылардан, отын фракцияларынан, су құрамынан, органикалық қышқылдардан, смола қалдықтарынан шаңдардың кірлеуінен тазартады. Физика-механикалық қасиеттерін жоғарылату мақсатында регенерациядан өткен майға қажетті присадкалар қосады. Автокөлік кәсіпорындарында жұмыс істеген майлар 2 топқа бөлінеді: 1. ММО – жұмыс істеген мотор майларытобы; 2. СОН – жұмыс істеген мұнай өнімдері қоспасы. Осы майларды қабылдау пунктері қабылдап, қайта өңдеу кәсіпорындарына жібереді.