Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2test_zhauaptary_TTT_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884.22 Кб
Скачать

Билет № 4.

1-сұрақ. ТҚ – 1 және ТҚ – 2 мерзімдерін табыңыздар.

Жауабы: Автомобильдердің ТҚ нормалары бойынша ТҚ-1=3000 км; ТҚ-2= 12000км жүріс сайын жүргізіледі. Пайдалану жағдайына байланысты бұл норматив түзілуі тиіс. Ол үшін түзету түзету коэффициенттері қолданылады:

ПТҚ-1 = ПТҚ1∙к1∙к3 к1 – пайдалану жағдайын ескеретін коэф.

ПТҚ-2 = ПТҚ-2∙к1∙к3 к3 – табиғи климат жағдайын ескеретін коэф.

ПТҚ-1 = 3000∙0,9∙0,9 = 2430 к1 = 0,9

ПТҚ-2 = 12000∙0,9∙0,9 = 9720 к3 = 0,9

2-сұрақ. Камаз 740 қозғалтқышының ілініс муфтасының негізгі реттеу жұмыстарын айтыңыз.

Жауабы: Ілініс автомобиль трансмиссиясының өте маңызды бөлігі болып табылады. Ілініс қозғалтқыш пен трансмиссияны уақытша ажыратуға және берілісті қайтадан қосқанда, сондай-ақ автомобиль орнынан қозғалғанда оларды жайлап қосуға мүмкіндік береді.

Құрылысына қарай іліністер фрикционды, гидравликалық немесе электромагниттік болуы мүмкін. Фрикциондық ілініс айналу моментін үйкеліс арқылы жеткізіп отырады. Гидравликалық іліністе сұйқтықтың ағысының күші пайдаланады. Электромагнитті ілініс магнит өрісімен басқарылады.

Камаз автомобилінің ілініс муфтасын мынадай реттелуі болады:

1. Педальдің бос жолы.

2. Педальдің толық жолы.

3. Педальдық жұмыс жолы.

Бұларды реттеу үшін арнайы сызғыштыкабинаның полына тіреп қойып педальді қолмен жайлапбасады. Сол кезде педальдің ось жолдары анықталады. Педальдің бос жолы 35-45мм болады.

Камаз автомобилінде гидравликалық жүйе қолданғандықтан онда пневмогидравликалық күшейткіш орнатылған. Гидарвликалық жетегі және поршеньдік типті байқаушы құрылғысы бар КамАЗ автомобильдерінің ілінісінің жетегін пневматикалық күшейткіш.

Іліністі шашу кезінде, іліністің негізгі бөлшектерінің өзара орналасуын сипаттайтын, нүктелерді белгілеп қою керек (бояумен, бормен). Кейінгі жи-нау кезінде бұл белгілер бөлшектерді берілген жайда орнатуға және, сонымен, іліністің тепе-теңдігінің (балансировка) мүмкін бұзылуын азайтуға мүмкіндік береді. Іліністің дисктері мен басқа бөлшектері майдан тазартылуы және бензинмен жуып-шайылуы керек. Жетектелетін дисктерді орнату кезінде оларды сермерге және беріліс қорабының жетекші білігіне қатысты орталықтандыру үшін арнайы оймакілтік жақтауларды қолданады. Қаптаманы сермерге бекітудің және ілініс картерінің бұрандамаларын тарту кезінде тарту моментінің мәнін бақылайды.

Гидрожетекті жинау кезінде бөлшектерді бензинмен жуу, кептіру немесе сығылған ауамен үрлеу керек. Балшықтың және сүрту материалының қылшықтарының гидрожүйеге тиюіне жол бермеу керек. Іліністі ажырату механизмінде ажырату муфтасының бос жүрісі реттеледі, ол 3-4 мм құрайды.

Механикалық жетегі бар іліністерде муфтаның бос жүрісі, басқыштың бос (30-50 мм) және толық (180-190 мм) жүрісі іліністі ажырату айырының білігінің иінтірек тартқышының ұзындығын өзгертумен реттеледі. Гидравликалық жетек кезінде муфтаның бос жүрісі жұмыстық цилиндрдің поршень сояуышының (шток) ұзындығын өзгертумен реттеледі. Басқыштың бос және толық жүрісін, 1-1,5 мм тең болатын, поршеньнің және басқыш астындағы цилиндр мен ілініс басқышының шеткі жайларындағы тірек бұрандаларының арасындағы саңлауды орнату арқылы қосымша реттейді. Басқыштың жүрісін кабинаның еденіне тірелгенген дейін орнатылатын сызғышпен өлшейді.

Ондағы бос жолдарды реттеу үшін поршенды итергіштік эксцентрлік саусақтың итергішін реттеу арқылы орындалады, сондай-ақ пневмогидравликалық күшейткіштің поршенің итергіштік сфералық гайкасын бұрап қажет мөлшерге дейін өлшейміз.

Гидравликалық жүйеге ауа кіріп кеткен болатын болса онда жүйедегі ауаны шығару арқылы реттейміз.

3-сұрақ. ”Камаз” автомобилінде пайдаланылатын шиналардың түрлері мен таңбалауын және камераларды келтіріңіз.

Жауабы: Камаз автомобилінде 260-508 (9.00-20) шинасы пайдаланады.

Ондағы ауаның қысымы алдыңғы дөңгелектерде 716кПа (7,3кгс/см2) артқы дөңгелегінде 422кПа (4,3 ).

Бұл шиналар радиалды және диагональды болып келеді.

ГОСТ∙5513-75 бойынша Камаз автомобилінде 260-508Р шинасы орнатылған. Осы дөңгелектерді Камаздың прицепінде пайдалануға болады. Мұндағы Р – радиалды дөңгелек екенін көсетеді.

Камаз автомобиль дөңгелегінде резинадан жасалған жұмсақ камера орнатылған. Оны ауамен толтыру үшін винтиль орнатылған, оның ішінде золотник бар.

Шиналар камерлықтармен камерасыздарға) бөлінеді. Үлкен таралуды, дөңгелек тысынан , камерадан және бүкпелі лентадан тұратын, камералық шиналар алды. Камерасыз шиналарда камераның орнына дөңгелектің тысының ішкі қуысына желімдеу жолымен қалыңдығы 2-3 мм ауа өткізбейтін каучуктық қабат біріктірілген. Ауа камераға (шинаға) реттығын (золотник) және қалпақша-кілтпен жабылатын клапаны бар вентиль арқылы келеді. Пневматикалық шиналардың қысымы, нығыздалу тәсілі, өлшемдері мен профиль пішіні әртүрлі болады.

Шиналардағы рұқсат етілетін қысымның жоғарғы шегі: жеңіл және салмағы төмен жүк көліктер үшін – 0,20...0,30 МПа, ал басқа жүк көліктер мен автобустар үшін – 0,50...0,75МПа.

Камералық шина покрышкадан, вентильді камераданжәне құрсау лентасынан (жеңіл автомобильдерде құрсау лентасы болмайды) тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]