
Билет № 24
1-сұрақ. КҚ жұмыс көлемін түзету коэффициенттерін табыңыз.
Жауабы: Түзету коэф-ті жекелеген коэф-дің көбейтіндісі арқылы анықталады.КҚ
К=К2*К5
Мұндағы К2- жылжымалы құрамның моделіне ж/е оның ұйымдастырылуына б/ты түзету коэф-ті ;
К5-жылжымалы құрамның автопарктегі санына байланысты еңбек сиымдылығын түэету коэф-ті
Сонда К2=1,0 К5=1,15 Тео=0,7 адам/сағ
Т=Тео*К2*К5 ; Т=0,7*1,0*1,15 = 0,8 адам/сағ
Тео=0,7 мәні автомобильдерге техникалық қызмет пен жөндеу көрсетудің арнайы ережесінің 2.2 кестесінен алынды,
К2 мәні 2,9 кестесінен ,К5 мәні 2,12 кестесінен алынды.
2-сұрақ. Желідегі қозғалыс кезінде ЛАЗ-695 автобусының оптималды орташа жылдамдығын анықтаудың реті.
Жауабы: ЛАЗ-695 автобусының орташа жылдамдығы келесі тұжырым арқылы анықталады.
φ*Ga*Vном
Ng= ——————;
10³*Тmр
Мұндағы Ng-қозғалтқыштың қалыпты қуаты,кВт, Ga-жүктелген автобус массасы,кг Vном-қалыпты жылдамдығы ,км/сағ ,і-беріліс саны
Ng*10³*Ттр*і
Vном= ——————; км/сағ
Φ*Gа
Ng=110 кВт ; Ттр=0,8 ; φ= 0,02; і=8,8 ; Gа=10000 кг
Бұл мәліметтерді “НИИАТ” анықтамасы көмегімен қабылдаймыз.
Мәндерді орнына қойып ,автобустың орташа қалыпты жылдамдығын анықтаймыз
110*10³*0,8
Vном= —————— =50км/сағ
8,8*0,02*10000
3-сұрақ. ПАЗ-672 автобусында детонация қысымы байқалады. Оның себебін түсіндіріңіз.
Жауабы: Автобустарды детонация қысымының пайда болуы ,көліктегі орнатылған қозғалтқышпен оған пайдаланылатын жанармайға байланысты болады.Бензиннің детонациялық мығымдылығы оның негізгі қасиеті болып табылады.Сонымен детонация дегеніміз-жанармай қоспасының қозғалтқыш цилиндрінде дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жануы.Мұндай процессті болдырмау ұшін бензиннің октан санын жоғарылату қажет,өйтпеген жағдайда қозғалтқышта бөтен дыбыстар пайда болады,қуаты төмендейді, қозғалтқыш қызып кетеді.
Детонацияның болуына келесі пайдалану факторлары да әсер етеді :жану камерасының пішіні ,жандыру шырақтарының жай-күйі ,цилиндр диаметрі ,сығу дәрежесі .Сондықтан әрбір қозғалтқыш үшін арнайы бензин пайдалануы керек
Билет №25
1-сұрақ. АЖ жұмыс көлемін түзейтін К5 коэффициентін табыңыз.
Жауабы: АЖ жұмыс көлемін түзейтін К5 коэффициентін таппай тұрып алдымен бұл аталған коэффициентке анықтама берейік.
К5 – ТҚ мен АЖ еңбексыйымдылығы қалыптарын АЖТК-дағы автобустар санынан және технологиялық үйлесімді топтар санынан тәуелді түзету коэффициенті болып табылады.
Коэффициент К5 |
||||
Автомобильдер саны: |
— |
— |
1,15 |
1,15 |
100 дейін |
||||
100 ден 200ге дейін |
— |
— |
1,05 |
1,05 |
200 ден 300 ге дейін |
— |
— |
0,95 |
0,95 |
300 ден 600 ге дейін |
— |
— |
0,85 |
0,85 |
600 ден аса |
— |
— |
0,80 |
0,80 |
Жауабы: Автомекемеде 250 көлік бар,содан шығатыны К5-0,95 ге тең болады.
2-сұрақ. Толық массалы автомобильдің қозғалу күші. Жол жағдай – асфальт.
Жауабы: Жетектеуші доңғалақтағы жанама күшті табамыз.
Рψ=Рf+Рi+Рj+Рw ; Н
Мұндағы:
Рf=Gавт·cosα·ƒ; Рƒ-қозғалуға кететін күш, Н;
Рf=17225·0,996·0,017=291,65 Н.
Рi=Gавт· sinα ; Рi -жоғары көтерілуге кеткен күш, Н;
Рi = 17225·0,087 =1498,6 Н.
Pw= k·F·V2 ; Pw –ауа кедергісі, Н;
Pw = 0,55·5,8725·22,2 =71,7 Н .
Gавт 17225
Рj= —— · ϳ = ——— · 2,0 = 3511,7 Н
g 9,81
Рj –екпін күші, Н.
Автомобильдің толық салмағы келесі тұжырым арқылы анықталады:
Gавт=Go+Gгр+Gж·n, Н
Gавт=11000+6000+75·3=17225 Н.
Қолданылған мәліметтер:
α=5 °-көтерілу бұрышы;
ƒ=0,015- 0,020 жолдың қарсылық коэф-ті жол жағдайы асфальт кездегісі;
ϳ=2,25 м/с² -орныннан қозғалу үдеуі;
К=0,55; V=22,2 м/с F=В·Н=2,175·2,7=5,87 м²
Есептің шешімі:
Рψ=291,65+1498,6+71,7+3511,7=5373,65 Н.
Жауабы:5373,65 Н
3-сұрақ. Зил-4314 автомобилінде қандай арнайы сұйықтар қолданылады.
Жауабы: Зил-4314 автомобиліне суыту жүйесіне,майлау жүйесіне арнайы сұйықтықтар қолданылады. Сонымен қатар, трансмиссиялы майлар мен жұмсақ майларда қолданылады.
Зил-4314 автомобиліне суыту жүйесіне –Тосол А40 маркалы сұйықтық пайдаланылады. Тосол А40 маркалы сұйықтығы− автомобиль қозғалтқыштарына салқындатқыш ретінде тек ғана төмен температурада қататын салқындатқыш сұйықтығы болып табылады.Мұнда: А тосол маркасы, 40-түсі көк,тығыздығы -1,078−1,085, 108 0С температурада қайнайды, ал 40 0С температурада қатады.
Ал, майлау жүйесіне –М8В1 маркалы сұйықтық пайдаланылады.М –мотор майы.
Мотор майы –поршенді іштен жанатын қозғалтқыштың бөлшектерін майлау жүйесіне майлау қызметін атқаратын сұйықтық болып табылады.8- тұтқырлығы,В- орташа форсирленген қозғалтқыштар үшін арналған май,1- индекс,карбюратор үшін.
Трансмиссиялық майлар- тісті берілістерді,подшипниктерді және автомобильдердің тораптарын майлау үшін қолданылатын сұйықтық. Зил-4314 автомобиліне ТАП-15В трансмиссиялы майы қолданылады.Мұнда Т-трансмиссиялы,А-автотракторлы,П-присаткалары бар ( көбіктенуге қарсы,жерленуге қарсы,тозып кетуге қарсы), 15-тұтқырлық.
1
2
стр.