Билет № 22
1-сұрақ. АЖ жеке жұмыс көлемінің К4 түзету коэффициентін табыңыз.
Жауабы: АЖ жеке жұмыс көлемінің К4 түзету коэффициенті
Пайдалану басынан бері автомобильдің жүру жолының коэффициенті (жүрген жолмен күрделі жөндеу жолынының қатынасы) |
К4 коэффициенті |
0,25 дейін |
0,4 |
0,25-тен 0,5 дейін |
0,7 |
0,5 -тен 0,75 дейін |
1,0 |
0,75 -тен 1,00 дейін |
1,2 |
1,00 -тен 1,25 дейін |
1,3 |
1,25 -тен 1,50 дейін |
1,4 |
1,50 -тен 1,75 дейін |
1,6 |
1,75 -тен 2,00 дейін |
1,9 |
2,0 жоғары |
2,1 |
Сонда ЛАЗ-695автобустарының пайдалану басынан бері жүру жолының коэффициенті 0,8 болса, онда 0,75 -тен 1,00 дейін аралығында АЖ жеке жұмыс көлемінің түзету коэффициенті К4=1,2 тең
2-сұрақ. ЛАЗ-695 автобустарының гидротрансформаторының конструкциялық ерекшеліктері.
Жауабы: Гидротрансформатор беріліс қораптын жетекші білігіне аналдыру моментің өзгерісін сатысыз беру үшін арналған. Ол орнынан бірқалыпты қозғалуын қамтамасыз етеді, яғни ілініс және қорап берілісі қызметін атқарады. Берілісі 2,9 –ға дейін өзгереді. Гидротрансформатор автоматты түрде айналдыру моментін және айналдыру жиілігін реттейді.
Гидротрансформатор төрт жұмыс дөңгелегінен тұрады: 9 сығымдағыш дөңгек- гидротранспорматордың қаңқасымен біріктірілген, 1 турбиналық дөңгелек – 6 беріліс қорабының жетектеуші білігіннің шлицасында орнатылған, 8 екі дөңгелек – 7 қозғалмайтын реактивті білігіне орнатылған. Гидротрансформатордың қаңқасы және дөңгелегі алюмин құймасынан жасалады. Реактор дөңгелегі мен реактивті білік арасында 5 босжүрісті роликті муфта орантылған.
Қозғалтқыш жұмыс істегенде сығымдағыш дөңгелегі айналғанда арасындағы майды айналдырады. Жылдамдығы жоғары болған сайын майдың қысымы жоғары. Майдың қысымы турбиналық дөңгелек түсіп оны айналдыра бастайды. Турбиналық дөңгелектен өтіп бөлік қысымын азайтып реактор дөңгелегіне беріледі. Ол болса май ағының бағытын өзгертіп үлкен жылдамдықпен сығымдағыш дөңгелекке беріледі.
3-сұрақ. ЛАЗ-695-5256 автобустары газ отынына ауыстырылмақшы. Сығылған немесе сұйытылған газ отынына ауыстыру туралы өз ойыңызды келтіріңіз.
Жауабы: Қозғалтқышты сұйытылған газға өткізгенде қуатты 3-4% төмендейді. Бұны болдырмауға болады, егер қоспаны еңгізу тактінде салқындатса немесе қысу дәрежесін өсірсе, өйткені бензинге қарағанда газдын октан саны жоғары.
Сұйытылған газдардың негізгі компоненттері ретінде пропан, бутан және олардың қоспасы.
Баллонды толтыру 90% асырмайды.
Сұйытылған газдардың иісі болмайды, бірақта газдың жоғалуын білу үшін арнайы иісі аңқыған зат еңдіреді, ол – одоранттар.
ГОСТ 20448-90 бойынша сұйытылған газ екі маркалы шығару ойластырылған: СПБТЗ (қысқы техникалық пропан-бутандық қоспа) және СПБТЛ (жазғы техникалық пропан-бутандық қоспа)
Сығылған газдың негізгі компонент ретінде – метан және басқа көмірсутектер қатысады.
Табиғи газ екі марка өндіреді: А және Б, олар метан және азот құрамына байланысты ерекшеленеді. Энергетикалық көрсеткіш бойынша 1 м3 сығылған табиғи газ 1 л бензинге теңеседі.
Сығылған газ үшін газбаллонды аппараттын басты кемшілігі оның массасы.. 8 баллонды толық толтырғанда автомобильдің жүк көтерімділігін 14% құрайды және 200-280 км жол жүреді.
Бензиннен сығылған газға өту кезінде қозғалтқыштын қуаты 18-20%, жылдамдығы 5-6%, екпін алу уақыты (разгон) 24-30% төмендейді.
Сығылған табиғи газдарды тиімді қолдану үшін қысу дәрежесін 10-ға дейін, еңгізу құбырлардың диаметрін кеңейту арқылы қозғалтқыш цилиндрінің толу коэффициентін жоғарлату, еңгізу кезінде газды жылытуын болдырмау, газбөлістіру фазасын өзгерту керек.
