Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2test_zhauaptary_TTT_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884.22 Кб
Скачать

Билет № 15

1-сұрақ. Автомобильдің КЖ дейінгі түзетілген мөлшерлік жүрісін табыңыз.

Жауабы: КАМАЗ-5410 бортты жүк автокөлігі: Дөңгелектік формуласы ─ 6×4, Жабдықталған массасы, кг - 9650. Автопоездың толық массасы, кг – 25900. Қозғалтқыш моделі — КамАЗ 740.10 дизелі. Қуаты -154 кВт (210 л. с.)

Техникалық қызмет мерзімі және автокөліктердің күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін жылжымалы құрамды пайдалану коэффициенті арқылы есептейміз. К1пайдалану категория бойынша ескерілетін шартты коэффициент; К2жылжымалы құрам және оның жұмысын жетілдіруді ұйымдастыру коэффициенті; К3климаттық жағдайлар.

КЖ дейінгі автомобиль жүрісі:

lкж = lкж.н · Ккж , Ккж = К1 · К2 ·К3 ≥ 0,5 (1)

мұндағы : lкж, lкж.н - автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі мөлшерлік жүрісі, км ;

lкж.н = nж · l'кж.н + nкж · l"кж.н /100; (2)

l"кж.н = 0,8 · l'кж.н; (3)

мұндағы: lкж.н - жаңа және күрделі жөндеуден өткен автомобильдің күрделі

жөндеуге дейінгі сәйкесінше нормативі. Есептеулер кезінде,

l"кж.н = 0,8 · l'кж.н деп алуға болады;

nж , nкж - сәйкесінше жаңа және күрделі жөндеуден өткен

автомобильдің жалпы алғандағы көлеміндегі проценті ;

К12,К3 - күрделі жөндеуге дейінгі жүрісті реттейтін коэффициенттер,

оның қорытынды коэффициенті, яғни коэффициенттердің

көбейтіндісі 0,5-тен кем болмауы керек.

l2 = К1 · К3 l1= К1 · К3 (4)

мұндағы: ─ТҚ-1 және ТҚ-2 мерзімі.

Ккж = 1 · 0,95 · 0,9 = 0,86 ;

=0,8·300000=240000

lкж.н = 0 · 300000+ 100 · 240000 / 100 = 243000 км ;

lкж. = 243000 · 0,86 = 208980 км ;

2-сұрақ. КаМАЗ автомобильдерінің конструкциясында өсь аралық дифференциялдың қызметі.

Жауабы: Бұрылыстарда және тегіс емес тура жолмен жүргенде оң және сол доңғалақтар бірдей жол жүрмейді . Мұндай жағдайда доңғалақ бірдей жылдамдықпен айналғанның өзінде жетекші доңғалақтың бірі (жолды аз жүргені) ара кідік жолдың бетімен сырғанап өтеді. Жетекші доңғалақтардың тербелісі сырғанамай өтуі үшін әр түрлі жылдамдықпен айналдыруға мүмкіндік беретін механизм қажет. Мұндай механизм дифференциал деп аталады. Автомобильдерде доңғалақ аралық, ось аралық және үйкелісі жоғары жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.

Автомобильдерде сателлит крестовинасына), конусты тісті доңғалақтар-сателлитерден, жартылай ось тісті доңғалақтардан және қорабтан құралатын дифференциал қолданылады. Сателлитердің крестовинасы дифференциалдың қорабына бекітілген және сонымен бірге әр бас берілістің жетектегі тісті доңғалақтарымен қоса айналдырылады. Крестовинаға оң жақтағы және сол жақтағы жарты осьті тісті доңғалақтармен үздіксіз іліністе болатын сателлиттер еркін отырғызылған. Жетекші мосттың оң және сол доңғалақтары тербеліске бірдей қарсылық көрсеткенде (автомобиль тура және тегіс жолмен жүріп келе жатқанда) бас берілістің жетектегі тісті доңғалағы дифференциалдың қорабын және крестовинаны сателлитерімен қоса айналдырады. Сателлиттер өзінің тістерімен жарты осьті тісті доңғалақтарды біркелкі жылдамдықпен айналдырады, бұл жағдайда сателлиттер өз осінен айналмайды. Қалай доңғалақтың біреуі күшті қарсылыққа кездессе, оның айналуы баяулайды, ал екінші доңғалақ сателлитердің өз осінен айналуына байланысты жылдамырақ айнала бастайды. Алайда жолсыз жағдайларда дифференциал автомобильдің кедергіден өтуіне бөгет жасайды. Сондықтан жүрдек көліктерде дифференциалдарды ажыратуға болады. Дифференциал ажыратылғанда екі доңғалақтардың жылдамдықтары бірдей болады. Тегіс жолға шыққанда дифференциал қайтадан қосылады.

Ось аралық дифференциал доңғалақтар формуласы 6×4 немесе 6×6 болатын өткіштігі жоғары автомобильдерде болады.

Мысал ретінде КамАЗ автомобилінің ось аралық дифференциалын көрелік. Ось аралық дифференциалдың картері)аралық мосттың бас берілісінің картеріне бекітіледі. Дифференциалдың қорабы өзара болттармен қосылатын екі табақтардан тұрады. Алдыңғы табақтың ұшы болады, онымен ол торап-тірекке орналасады. Ұштың шлиц жеріне фланец бекітіледі, ол дифференциалды кардан білігіне қосып тұрады. Қорабтың ішіне дифференциал механизмі орналасады, оның құрылысына крестовина мен сателлиттер, артқы мостты іске қосатын конусты тісті доңғалақ және аралық мосты қосатын тісті доңғалақ жатады. Тісті доңғалақ шлиц көмегімен аралық мосттың бас берілісінің жетекші тісті доңғалағына қатаң түрде қосылады, ал тісті доңғалақ , артқы мостты қосатын аралық біліктің шлиц ұшына орналасады.

Дифференциалды айыру, арнаулы механизмнің көмегімен жүзеге асады. Механизм құбырлар арқылы, автомобиль кабинасындағы приборлар панелінде болатын пневматикалық басқару кранына қосылады. Айыру механизмін іске қосу үшін жүргізуші басқару кранын ашады да, сығылған ауа қақпақ пен мембрана арасында болатын кеңістікке беріледі. Мембрана иіліп, тартқыш серіппенің қарсылығына қарамастан, жылжыту серіппенің көмегімен стакан мен сырғыманы ілгері бағытта ығыстырады. Қозғалыс нәтижесінде өшіргіштің түйіспелері қосылып, приборлар панеліндегі лампаны қосады.

Сырғымамен қоса оған бекітілген айыр жылжып, муфтаны дифференциал қорабында орналасқан тісті құрсауға іліністіреді. Осы сәтте аралық мостты қосатын тісті доңғалақ пен дифференциал қорабы бір-біріне қатаң түрде қосылу нәтижесінен, дифференциал ажыратылады, ал мосттарды іске қосатын тісті доңғалақтар бір жылдамдықпен айналып тұрады. Дифференциалды іске қосу үшін кран жабылады. Механизмнің мембранасының артқы жағындағы кеңістік қоршаған ортаға қосылады. Нәтижесінде тартқыш серіппенің қысым әсерінен мембрана , айыр мен сырғыма оң жаққа ығыстырылып, айырғыш муфта бастапқы қалпына қайтарылады.

Дифференцалдың негізгі қызметі ─ негізгі беріліске келтірген бұраушы моментті осьтер немесе дөңгелектер арасына жол жағдайына байланысты қажетінше бөлістіріп, доңғалақтардың әр түрлі бұрыштық жылдамдықпен қозғалуына жағдай жасайды. Дифференциалға төмендегі талаптар қойылады:

1) басқарымдылықты жақсартуға ықпал етуі тиіс;

2) дөңгелектердің бос айналымына жол бермей, автомобильдің өтімділігін арттыру керек;

3) ось аралығында болатын момент айырмашылығына жол бермеуі тиіс;

4) өміршеңділігіі негізгі берілістен кем болмауы тиіс;

4) техникалық күтім мен жөндеу жұмыстарына бейім болып, аз еңбек сиымдылығын талап етуі керек.

Осьаралық дифференциал. Соңғы жылдары автокөліктің өтімділігін арттыру үшін екі немесе үш белі де алып жүруші автокөліктер жиі қолданылуда. Бұл автокөліктерде жол жағдайына байланысты, яғни бұрылғанда ось аралығында жол айырмасы пайда болады да тірек дөңгелегі жол бетінен бос айнала бастайды, ал ол болса трансмиссия мен қозғалтқышқа қосымша қарсылық алып келеді. Міне осы ыңғайсыз жағдайларды болдырмас үшін КаМАЗ автокөлігінің екі бел арасына осьаралық дифференциалдар қойылады.

3-сұрақ. Дизель отынының қандай көрсеткіштері КаМАЗ қозғалтқышын жеңіл оталдыруға әсер етеді. Дизель отының қыс мерзімдерінде пайдалану шаралары.

Жауабы: Дизель отыны ─ көмірсутегі қоспасы 200−350°С температура арасында қайнағанда мұнай фракциясынан бөлінентін отын, ол дизель қозғалтқыштарына арналған. Неміс инженері 1897 жылы қысу арқылы тұтанатын қозғалтқышты Дизель Рудольф (1858-1913) жасады және бұл қозғалтқыш кейін оның атымен аталды. Отынның сыртқы түрі: мөлдір, тұтқырлығы жоғары, түсі сарыдан ақшыл-қоңырға дейінгі құрамы шайырмен боялған сұйық. Судан жеңіл және сумен араласпайды, ал 20°С температура жағдайындағы тығыздығы ρ=820-860 кг/м3 құрайды.

Қоршаған ортаның температурасы төмендегенде немесе жоғарылаған жағдайда дизель отыны қоюланып, сұйық болып жанармай насосына айдауға және форсунканы сапалы бүркуіне кедергі келтірмеуі тиіс, яғни сапалы дизель отынының пайдалану кезіндегі тұтқырлығы 2,5-4 мм2/с аралығында болуын қамтамасыз ету керек.

Дизель отынын қыс мезгілінде, әсіресе ортаның температурасы -20°С төмен болған жағдайда қозғалтқыштарды оталдыру қиындықты тудырады. Осындай қыс мезгілінде дизель қозғалтқыштарын оталдыру үшін төмендегідей оталдыру сұйықтықтары қолданылады: "Холод Д – 40", НАМИ және Диэтил сұйықтықтары – дизель қозғалқыштарына арналған. Бұл сұйықтықтар ауа тазалағыш сүзгінің түтігіне әдейі арналған қондырғымен бүркілінеді де, қозғалтқыштың тез оталуына жағдай жасайды, содан кейін оталған қозғалтқыштардың тез арада дизель отынына аударуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]