Билет № 13.
1-сұрақ. ТҚ – 1 және ТҚ – 2 жұмыс көлемін табыңыз.
Жауабы: ТҚ – 1 және ТҚ – 2 жұмыс көлемін анықтаймыз.
ТҚ – 1 жұмыс көлемі.
ТТҚ-1 = N ТҚ-1·t ТҚ-1;
N ТҚ-1 - техникалық қызметтің саны N ТҚ-1 = 20.
t ТҚ-1 – ТҚ – 1 қызметінің еңбек сыйымдылығы
Камаз – 5320 автомобилі ұшін
t ТҚ-1 =3,4 адам.сағ.
ТҚ-1 = 20 · 3,4 = 60,8 ад – сағ.
ТҚ – 2 жұмыс көлемін табамыз
ТТҚ-2 = N ТҚ-2 · t ТҚ-2
N ТҚ-2 = 8
t ТҚ-2 = 14,5 адам. сағ
N ТҚ-2 – ТҚ – 2 қызметі саны
t ТҚ-2 - ТҚ – 2 қызметінің еңбек сыйымдылығы
Сонда ТТҚ-2 =8·14,5=116 ад·сағ
Жалпы ТҚ жұмыстарының көлемі
Тж = ТТҚ -1 + ТТҚ-2 =60,8 + 116 = 176,8 адам.сағ.
2-сұрақ. Ауа алғышты және ортадан тепкіш ауа тазалағышты неге КамАЗ автомобильдерінің кабинасының жоғарсынан орнатады.
Жауабы: Ауа алғашты және ортадан тепкіш ауа тазалағышты Камаз автомобилінің кабинасына жоғары қоюға себеп – автомобилдің төменгі жағына шаң, түтін, жаңбыр сулары, майда тастар көп болады. Олар ауа тазалағышқа түскен жағдайда сүзгіш материал деформацияға ұшырайды, ауа сүзгіштің қызмет ету мезгілінен ерте істен шығады. Нәтижесінде көлік құралына материалдық шығын келеді. Сондықтан ауа алғышты және ортадан тепкіш ауа тазалағышты ауа таза жерге, яғни кабинадан жоғары жерге орнату керек.
3-сұрақ. Шаруашылықта жанар-жағар майды үнемдеудің қандай шаралары қарастырылады. Дизелдік жанар майдың қандай көрсеткіштері қозғалтқыштың жұмсақ істеуін қамтамасыз етеді.
Жауабы: Шаруашылықта жанар – жағармайды үнемдеудің бірнеше жолдары бар. Олар: барлық автомобилдердің жүрңс жолын есептеуіш құралдарын (спидометр) пайдалану, жанармайды берілген мерзім толық өткенше пайдалану, жанар - жағармайды мекеме қолмаларынан есептеуіш машиналар арқылы босату, мекеме жанармайды қалпына келтіру құралдарын пайдалану, автомобилдердің отын аппаратураларын үнемі реттеп отыру, тиімді маршруттар (бағыттар) пайдалану, т.с.с. Дизельдік жанар – жағармайдың цетан саны қалыпты мөлшерде болған жағдайда қозғалтқыш жақсы жұмыс жасайды. Сондықтан дизельдік отынның цетан санының 45 болуын қадағалап отыру қажет. Цетан саны осы мөлшерден аз не көп болса қозғалтқыш жұмысының шығыны көбейеді.
Билет № 14.
1-сұрақ. Автобустың жылдық жүрісін табыңыз:
Жауабы: Автобустың жылдық жүрісін мына формула арқылы табамыз:
мұндағы: Lr – автомобильдің жылдық жүрісі, км.
Аu – автомобильдер саны.
Lcc – орташа тәуліктік жүріс, км.
lt – көлік техникасының дайыныдық коэффициенті.
Dрб – жыл бойындағы КТ жұмыс істеу күндері.
Ж: Автобустың жылдық жүрісі – 43432 км.
2-сұрақ. ҚР солтүстік облыстарынад пайдаланатын ПАЗ-3205 автобусының жылыту жүйесінің конструкциялық ерекшеліктері және жылу беруді жоғарылату жолдары.
Жауабы: Қыс кезінде жүргізушіге және жолаушыларға жағдай жасау үшін ауаның температурасы жұмыс істеуге ыңғайлы блуы тиіс, ол үшін салонди суысыту системасын кран арқылы автомашинаның жылуын жыбереді. Радиатордың ішінде жылыған ауаны ауасорғыштың көмегімен сорып алып, түтіктердің көмегімен ауаның терезесін жылытуға және салондағы ауаны жылытуға болады. Жылығанауаны реттеу үшін ауыстырғыш-желдеткіштің жанына жапқыш қойылған, оның жәрдемімен ауаны жүргізушінің аяғына, салонның ішіндегі ауаны циркуляция жасауға және сырттан таза ауа сору қызметін атқарады. Осы процесті басқаратын кнопка қойылған. ПАЗ-3205 автобустарында суыту системасы ауа мен суытылуына байланысты, жүк автомашиналарында немесе жеңіл автомашиналарындағыдай ВАЗ-24, ВАЗ және «Москвич» системаны қолдану қиын, сондықтан бұл автомашиналарда (ЗАЗ) дербес қойылған жылыту системасы жұмыс істейді. ПАЗ-3205 автобусында екі қабатты терезесі бар, яғни 1-ші қабаттан өткен суықты 2-ші қабатты әйнек ортада ұстап қалады Және автобуста тек бір-ақ есік бар, онда тек алдынан ғана кіріп-шығуға болады. Өйткені автобусты жылыту қиынға соқтырады. Есік пен кузов орталары пенопластпен жабдықталған және пускатель, вентилятор, отопитель арқылы жұмыс істейді. Копот үстіндегі чехол, ал жер мен картердің арасында теплоизоляция материалы бар, предпусковая қондырғысы бар жылыту жолдары мен конструкциялық ерекшеліктері арқылы ПАЗ-3205 автобусында жылыту жүйесі жақсы жабдықталып қарастырылған.
3-сұрақ. ПАЗ-3205 автобустарына пайдаланатын мотор және трансмиссиондық майлар маркалары.
Жауабы: Ең алдымен, мотор және трансмиссиондық майларға арнайы жеке-жеке тоқталып, анықтама бере кетсек:
Мотор майы. Мотор майы поршенді іштен жанатын қозғалтқыштың бөлшектерін майлау жүйесі аркылы майлау қызметін атқарады. Болшектергі кривошипті шатунды механизм, газ бөлістіргіш механизм, цилин поршенді тобы және т.б. жатады.
Мотор майы келесі эксплуатациялық талапқа жауап беру керек:
цилиндр поршенді топты бөлшектердің ілінісу беггерінің санылауын жабуды қамтамасыз ету керек;
- үйкелістегі бөлшектерден жылуды эффективті бөліп алу, үйкеліс беті тозған калдыктан тазартуды қамтамасыз ету керек;
қозгалтқыш бөлшектерінің жұмыс беттерін коррозиялық әсерден (майдың тотығуынан және отынның жануынан) сенімді қорғау;
қозғалтқыш бөлшектерінде бөлінудің (отложение) барлық түрлері (нагары, лак, зольные отложение, шламы) пайда болуын болдырмау;
механикалық әсерге, сулануына және тотығуға қарсы жоғары тұрактылық болу керек;
минималды шыгын болу керек;
қызмет мерзімі ұзақ болу керек.
Қазіргі уақытта мұнай өндіруші өнеркәсіптер карбюратор қозғалтқыштарына арналған мынадай майларды өндіреді: М-8Б1, М-8Г1, М-12Г1, М-8ГИ, М-10ГИ, М-12ГИ. Қыстық майлар – М-8Б1, М-8Г1, М-8ГИ; барлық мезгілдік – М63/10Г, М-10ГИ; жаздық – М-12Г1, М-12ГИ (май маркасындағы «И» индексі оның құрамындағы импортты присадканың бар екенін білдіреді). Егер майдың тұтқырлығы ______ға дейін жаздық май, 10 – барлық мезгілдік. Майды маркалағанда (мысалы, М-8В, М-10Г2) М – мото майы, 8-10 кинематикалық тұтқырлығы, мм2, 100оС ыстықта; В, Г – май тобы (В – аз, ал Г өте жоғары форсировать етілген қозғалтқышқа арналған); 1 – карбюратор, ал 2 – дизель қозғалтқыштарына арналған.
Ал біздің қарастырып отырған ПАЗ-3205 автобустарынада мынадай мотор майының маркалары пайдаланылады.
Олар: барлық мезгілге арналған – М-8В1, М-63/10В.
ауыстырғыштары – М-8Б1
қыста – М-43/8В1.
ауыстыру мезгілі – 480.
Трансмиссиондық майлар. Трансмиссиондық майдың негізгі мақсаты – қозғалыстағы бөлшектердің желінуін төмендету, энергияның жоғалуын азайту, коррозиядан сақтау.
ПАЗ-3205 автобусында қолданылатын трансмиссиондық май маркасы ТАП-15В – май «р» ауыстыру мерзімі – 960. Барлық мезгілдік – ТАП-15В, орташа орташа климаттық ортада ТСП-14, -40оС температурада ТС-100ТП майы қолданылады.
