Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2test_zhauaptary_TTT_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884.22 Кб
Скачать

Билет №11

Тараз қаласындағы №3 автобус паркінде 42 дана ПАЗ – 672 автобустары бар.

1-сұрақ. ТҚ – 2 жұмыс көлемін түзету коэффициенттерін табыңыз.

Жауабы: tто2= tнто2∙k2∙k5, адам-сағат

k1 автокөліктерді пайдалану коэффициенті; k3 - табиғи-климаттық жағдайын ескеретін коэффициенті; k4 - пайдаланудан бері жүрген жолын ескеретін коэффициенті;

k2 =1 жылжымалы құрамның модификациясын ескеретін коэффициенті;

k5 =1,15 - АКК-дағы жөнделетін автокөліктердің және қызмет көрсету тәуелділігіне байланысты ТҚ және ТЖ жөндеу жұмыстарының нормативтік

2-сұрақ.Толық массасы 15т ПАЗ-672 автобусы көтерілу бұрышы α =100 қатты төсемді жолдан қозғалып келеді.

Жауабы: Автобус көтерілуге кететін күш анықталады

Рi = G *sinα

мұнда α –көтерілу бұрышы, α =100

G-ПАЗ-672 автобусының толық салмағы, Н

G=g*(mо+mгр)=9,81*m

g-еркін түсу үдеуі, g=9,81

mо-автобустың өзіндік массасы, кг

mгр-автобустағы жолаушылар массасы, кг

m-автобустың толық массасы, кг

G=9,81*15 000=147 150 Н

Рi =147 150* sin100=147 150*0,17=25015 H

Тербеліске кететін күш

Рк= f*cosα*G

мұнда f – тербеліс коэффициенті, қатты төсемді жолда f =0,03

Рк=0,03* cos100*147 150=0,03* 0,98*147 150=4326 Н

Толық жол кедергісі

∑Р= Рiк=25015+4326=29 341 Н

3-сұрақ. №3 автобус паркіндегі ПАЗ-672 автобустары газ тектес жанар майға ауыстырылды, оның бензиннен артықшылықтарын атаңыз.

Жауабы: Сығылған газ бензинге қарағанда келесі артықшылықтары бар:

‑ 1,5 – 2 есе арзан;

- детонациялық тұрақтылығы өте жоғары ОЧ≈105

- қозғалтқыш онымен жұмсақ жұмыс істейді, ал ресурсы шамамен 1,5 есе ұзарады;

- мотор майларының қызмет мерзім 1,5 – 2 есе өседі;

- құрамында күкірт тіпті жоқ десе болады, ол болса бөлшектерді коррозия ұшыратады және оларды тоздырады;

- шығынды газдардың улағыштығы (көміртек тотығы 2 есе; азот тотығы 1,2 есе; көмірсутегі – 1,3-1,9 есе) аз;

- шайыр бөлінуі жиналмайды, өйткені мұнайгаздары оларды ерітіп жібереді.

Қалыпты температурада сығылған газдар, жоғары қысымда да газтәріздес күйін сақтайды. Олар -820С төмен температурада және 4,5 МПа қысымда сұйық күйге айналады. Негізгі компонент ретінде – метан және басқа көмірсутектер қатысады. Сонымен қатар көмірқышқыл газы, оттегі, азот, су, механикалық қоспалар бар.

Қозғалтқышты сұйытылған газға өткізгенде қуатты 3-4% төмендейді. Бұны болдырмауға болады, егер қоспаны еңгізу тактінде салқындатса немесе қысу дәрежесін өсірсе, өйткені бензинге қарағанда газдын октан саны жоғары.

Бензиннен сығылған газға өту кезінде қозғалтқыштың өту кезінде қозғалтқыштың қуаты 18-20%, жылдамдығы 5-6%, екпін алу уақыты 24-30 төмендейді.

Сығылған табиғи газдарды тиімді қолдану үшін қысу дәрежесін 10-ға дейін, енгізу құбырлардың диаметрін кеңейту арқылы қозғалтқыш цилиндрінің толу коэффициентін жоғарлату, енгізу кезінде газды жылытуын болдырмау, газбөлістіру фазасын өзгерту керек.Бірақ бұл қозғалтқышқа конструкциялық өзгеріс жасау керек. Баллон массасын азайту үшін төмен температурады сұйытылған газ алу және оны изотермиялық баллондарда сақтау керек. Бұндай газ энергиясыйымдылығы жағынан сұйық мұнай отындарымен тең келеді.

Сенімді және арзан кригенді бактар және толтыру станция жүйесі жасалғанда сығылған табиғи газдармен жүретін автомобильдер паркі көбейетін еді.

Билет № 12

1-сұрақ. ТҚ қажетті санын табыңыз.

Жауабы: kто=k1∙k3=1*0,9=0,9

kкр=k1∙k2∙k3=1*1*0,9=0,9

  • автокөліктерді пайдалану жағдайы коэффициенті-k1; Пайдалану жағдайы I – категория k1=1

  • жылжымалы құрам модификациясы және оның жұмысын ұйымдастыру коэффициенті-k2=1

  • табиғи-климаттық жағдайы коэффициенті-k3=0,9

ТҚ және жөндеу жұмыстарының мерзімділігі

L1=Lн1∙kто, =5 000*0,9=4 500 км

L2=Lн2∙kто,=20 000*0,9=18 000 км

Lкр=Lнкр∙kкр=320 000*0,9=288 000 км

мұнда Lн1∙, Lн2∙, Lнкр∙- нормативтік мерзімділігі ТҚ-1,ТҚ-2, КЖ

lсс - орташа тәуліктік жүрген жолы, км

ТҚ қажетті саны

Nгкр = Lго / Lкр=100 000/288 000=0,35≈0 рет

Nг2 = Lго / L2 – Nкр=100 000/18 000-0,35=5,55-0,35=5 рет

N г1 = L г0 / L1 - Nкр -N г2=100 000/4 500-0,35-5=222,2-0,35-5=216 рет

Nгео =L г0 / lсс=100 000/110=9090 рет

L г0‑ автомобильдерінің жылдық жүрісі 100 000 км

2-сұрақ. Егер ГАЗ-3507 автомобилі 3т жүкті топырақ жолда тасымалдаса жетекші дөңгелектің ілініс күшін табыңыз. (φ = 0,3 λ = 0,7 ).

Жауабы: Жетекші дөңгелегінің ілініс күші

Рсц.вед= φ*λ*G

мұнда G – автомобильдің толық салмағы: G=(m0+mгр)*g=(4 000+3 000)*9,81=68670 Н

λ – жетекші дөңгелекке түсетін салмақ үлесі

φ– дөңгелектің ілініс коэффициенті

m0–автомобильдің өзіндік массасы

Рсц.вед=0,3*0,7*68670=14420 Н

3-сұрақ. ГАЗ-3507, ЗИЛ-4335, КамАЗ-5320 автомобильдерінің конструкцияларында пайдаланылатын резина-техникалық бұйымдарды атаңыз.

Жауабы: Автомобиль конструкцияларында қолдануына байланысты резина-техникалық бұйымдар келесі негізгі топтарға бөлуге болады: виброизоляциялық (амортизациялы), тығыздамалар, шлангілер және ремен.

1. Виброизоляциялық бөлшектер.

Бұл топқа қозғалтқыштың тіремелері, беріліс қорабының тіремелері, кабинаның тіркемесі, айналу моментін беретін трансмиссиялық муфталар, сайлент-блоктар және т.б. Виброизоляциялық бөлшектердің негізгі мақсаты - әртүрлі тораптарда автомобильдердің және қозғалтқыштардың жылдам тербелісін өшіру және берікті виброизоляция қамтамасыз ету.

2. Тығыздамалы бөлшектер. Олар айналмалы біліктерді тығыздау (радиальды тығыздамалы манжеттер) және тежеу цилиндрін тығыздау (манжеттер және тежеу сақиналары), терезе және есіктерді тығыздау, қозғалмайтын бөлшектерді және ілгері кейінді қозғалысты тығыздау, әртүрлі қозғалмалы бірікпелердің бөлшегін қорғау үшін қолданады.

3. Шлангілер. Олар иілгіш құбырлар ретінде қолданады және ол автомобиль жүйесінің әртүрлі тораптарына сұйық заттарды (жанар, жағар майларды және т.б.) тасымалдауын қамтамасыз етеді.

4. Ремендер. Ремендердің кен тараған түрі қимасы трапециялы ремендер. Көбінесе ол вентиляторды айналдыру берілісінде қолданады және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]