Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2test_zhauaptary_TTT_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884.22 Кб
Скачать

ВБилет №1

1-сұрақ. Агрессиялық қоршаған орта үшін ТҚ-1 және ТҚ-2 мерзімдерін табыңыз.

Жауабы: Автомобиль көлігі жылжымалы тізбегінің техникалық қызметі «Автомобиль көлігі жылжымалы тізбегінің техникалық қызметі және жөндеу» туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бірінші (ТҚ-1) және екінші (ТҚ-2) техникалық қызмет бөлшектердің желіну жиілігін төмендету, істен шығу мен ақауларды анықтау және ескерту үшін арналған. Техникалық қызмет жылжымалы тізбектің агрегаты, желісі мен жүйелерінің кезеңділіктің белгіленген аралығы мен міндетті операция тізімі негізінде ақаусыз жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

ТҚ-1 мен ТҚ-2 автомобиль көлігінің жылжымалы тізбегін пайдалану жағдайына байланысты белгіленетін белгілі-бір жүріс сайын орындалады. Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату, жұмыста ақауды болдырмау, жылжымалы тізбектің техникалық қарауына кететін шығынды азайту мен берілген деңгейде ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мақсатында техникалық қызмет нормативіне өзгерістер егнізіледі. ГАЗ-3304 автомобилі үшін ТҚ-1 нормативтік жүрісі 3000 км, ТҚ-2-12000 км. Қоршаған ортаға жоғары агрессиялығы үшін пайдаланудың 11 категориясын ескеріп ТҚ кезеңділіктің жөнделген мәнін аламыз:

N (ТО-1) =3000*К13=3000*0,9*0,9=2430 км;

N (ТО-2) =12000*К13=12000*0,9*0,9=9720 км;

2-сұрақ. ГАЗ-3304 автомобильдердің қорабтар берілісінің конструкторлық ерекшеліктерін айтыңыз.

Жауабы: ГАЗ-3304 автомобиль қорабы 3 біліктен тұрады: жетекші білік, ілініс муфтасынан айналдыру моментін береді; аралық білік, жетектегі біліктің әр түрлі шестериялары арқылы айналу моментін беруге арналған: жетектегі білік, аралық біліктен кардандық білік пен негізгі беріліске айналдыру моментін беруге арналған. Білік пен шестерня болаттан жасалған, қораб картері шойыннан құйылған. 4 сатылы беріліс қорабы, беріліс саны: I-беріліс – 6,55; II-беріліс – 3,09; III-беріліс – 1,71; 1V-беріліс – 1,0 АЖ (артқы жүріс – 7,79). Карданды беріліс аралық тіреулері бар екі біліктен тұрады. Негізгі беріліс – біртекті гипоидты, беріліс саны 6,17 тең.

Беріліс қораб шестернялары жоғары жүктілік жағдайында жұмыс жасайды (механикалық және температуралық). Жоғары жылдамдықтағы іліністер жоғары әсерлесу кернеулерін тудырады. Сол арқылы жоғары температура туындайды, ол шестернялардың бір-бірімен табысып қалуына да әкелуі мүмкін. Тісті доңғалақтарды зақымдануын алдын-алу мен қораптың пайдалану ұзақтығын жоғарылату үшін сапалы трансмиссиялық май қолдану керек.

Жүруші білік төрт сатылы беріліс қорабында Газ-3304 автокөлігі үшін тісті дөңгелек үнемі блокпен байланысты., тісті дөңгелектің аралық білігі.Осы блоктың қалған тісті дөңгелектері үнемі көлбеу тісті дөңгелектермен бірге болады, сәйкесінше,3,2 және1 берілістер алып жүруші білігінде. Алдыңғы жүрістің барлық төрт берілісі жылжымалы муфта мен синхронизатор шлицті ұштары сәйкес тісті дөңгелектермен бірге орындайды.

Бірінші беріліс іске қосылған сәтте айналдыру моментіқозғалтқыштың иінді білігінен алып жүруші біліктен блокка, тісті дөңгелектер арасындағы білікке сосын тісті дөңгелек арқылы муфтаға және сатылы синхронизаторға бірінші және екінші берілістер алып жүруші білікке береді.Екінші беріліс қосылған кезде айналу моменті алып жүруші білік арқылы тісті дөңгелекпен білік арасындағы блокка, тісті беріліске, муфтаға және екінші беріліс алып жүруші білікке береді.

Егер үшінші беріліс қосылса, онда айналу моменті тісті дөңгелек арқылы муфтаға, синхронизатордың үшінші және төртінші беріліс ступицасына беріледі. Төртінші беріліс іске қосылғанда, синхронизаторды үшінші және төртінші беріліс алып жүруші мен ілесіп жүруші біліктермен қосылады.

Артқы беріліс іске қосылу үшін тік тісті дөңгелектер енгізіледі тісті дөңгелектермен қоса білікпен тісті дөңгелектер арасындағы блокка, тістер муфтамен ілінісіп, синхронизаторға біріші және екінші берілісті береді.

3-сұрақ. ГАЗ-3304 автомобильдері үшін пайдаланылатын моторлық, трансмиссиялық майлар мен тежеу сұйықтарын келтіріңіз.

Жауабы: Мотор майы поршенді іштен жанатын қозғалтқыштың бөлшектерін майлау жүйесі арқылы майлау қызметін атқарады. Бөлшектер кривошипті шатунды механизм, газ бөлістіргіш механизм, цилиндр поршенді тобы және т.б. жатады.Белгіленуі:М.Мотор майлары эсплуатациялық қасиеті бойынша А,Б,В,Г,Д,Е болып5 топқа, майдың тұтқырлығы бойынша жаздық, қыстық, барлық мезгілде болып, қозғалтқыштың түріне байланысты:1-карбюраторлы,2-дизельді болыа бөлінеді.

Трансмиссиялық майлар тісті берілістерді, подшипниктерді және бөлшектерді және автомобильдің тораптарын майлау үшін қолданылады. ГОСТ 17479.-85 бойынша трансмиссиялық майлар тұтқырлық бойынша 4 классқа (9,12,18,34) , ал эксплуатациялық қасиеті бойынша 5 топқа бөледінеді:қоспасыз минералды майлар, желінуге қарсы қоспасымен минералды майлар, тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, жоғары тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, көп функциялы және жоғары тиімді желімдеуге қарсы қоспасымен минералды майлар, сонымен қатар әмбебеп майлар.

Тежеу сұйықтары (тежеу механизмінің гидравликалық жетек үшін сұйықтық) тежеу механизмнің педалінен колодкаға дейін күш беру үшін жұмыс элементі ретінде қызмет етеді.Тежеу сұйықтарын майсананың (каторовой) және гликолдың негізінде өндіреді.Майсананың негізінде тежеу сұйықтары: БСК,ЭСК,АСК болып, гликолды негізінде тежеу сұйықтары :ГТЖ-22М, Томь және Роса, Нева болып бөлінеді.

Моторлы майдың майлау қасиеттері қозғалтқыштың кривошипты-шатунды және газ бөлгіш механизмінің қалыпты жұмысы үшін маңызы зор. Үйкеліс күші ең көп орын алатын цилиндрлі поршенді топта майдың жоғары майлау қасиеті күрделі жөндеуге дейінгі қозғалтқыш ресурсын анықтайды.

Газ-3304 автомобилінде ЗМЗ-53-11 модельді қозғалтқыш орнатылған, бензинді, V-тәрізді, қуаты 120 ат.күші мен көлемі 4,25л., форсирленбеген, яғни жазда бұнда минералды азтұтқырлы М-8-А 1000С темпратурада тұтқырлығы шамамен 8 мм2/с немесе моторлы майын қолдануға болады. Қыста М-33 -А, М-43-А аз тұтқырлы майларын қолдануды ұсынуға болады. Сонымен қатар М-43/6-А, М-43/8-А, М-43/10-А барлық маусымды жайларды қолдануға жіберіледі.

Трансмиссиялық май ретінде әсер ету кернеуі 2500 МПа дейінгі цилиндрлік, конустық және червяктың беріліске арналған 3 топтағы майларды қолдану ұсынылады. Бұл майларға ТМ-3-9, ТМ-3-12 жатқызуға болады, мұндағы 9 және 12-майдың тұғырлық класы (t =1000С кезіндегі кинематикалық тұғырлығы, мм2/с).

Тежеу сұйығы тежегіш механизм педалінен колодкаға дейінгі күшті беретін жұмыс элементі ретінде қызмет етеді. ГАЗ-3304 автомобиліне БСК (50% бутилді спирт пен 5% касторлы май) – касторлы негіздегі, ЭСК (40% этилді спиртпен 60% касторлы май, АСК (60% изоамилді спирт пен 40% касторлы май) тежеуіш сұйықтарын қолдануға болады. Сонымен қатар жақсы төменгі температуралы қасиетке ие тот басуға қарсы тұнбасы мен гликолдің қоспасы-ГТЖ-22М сұйығын қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]