Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_kaz_yaz_9_klass.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.67 Кб
Скачать

Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы

Қаз дауысты Қазыбек – асқан шешен, ақын.

1730-1731 жылдары Тайкелтір бастаған төрт кісі Жоңғар ханы Қоңтәжіге елшілікке барған екен. Олардың ішінде Қаз дауысты Қазыбек би, Тұрсынбай батыр, Жәнібек батыр болған. Елшілікті қабылдаған Жоңғар ханының сыншыл Қарабас деген бәйбішесі Қаз дауысты Қазыбекке қарап тұрып: «Екі аяқтыға жол бермес, екі жақтыға сөз бермес адам екен.»депті. Осы жолы Қазыбек би Жоңғар ханын сөзден жеңіп, бітімге келтіреді. Ол жоңғар ханына:

- Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Ұл мен қызын жатқа құл-күң ғып отыра алмайтын елміз, - дейді. Қазыбек одан әрі былай дейді:

Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз, танымайтын жат елге танытқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, бітім берсең, жөніңді айт, бітіспесең, сонынды айт!

Өзінің жеңілгенін Қоңтәжі хан мойындап:

  • Бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп, қайтарып беріңдер, - депті.

Билет № 22

Мәтінді оқып, аудар.

Третьяков галереясы

Третьяков галереясы – орыс бейнелеу өнерінің Мәскеу қаласындағы аса ірі мемлекеттік мұражайы. Оның негізін белгілі көпес-меценат Павел Михайлович Третьяков (1832 – 1898 жылдары) қалаған. Павел Михайлович Третьяков 1856 жылдан бейнелеу өнері туындыларын жинаумен айналысып, соның нәтижесінде 1892 жылы інісі Сергей Михайлович Третьяков (1834 – 1892 жылдары) екеуі өздерінің жинаған жекеменшік картиналар қорын қоғам игілігі үшін сый ретінде Мәскеу галереясына өткізді. 1918 жылдан мұражай Павел және Сергей Третьяковтар атындағы Мәскеу қалалық көркемсурет галереясы деп аталды. Сол жылы 3 маусымнан Третьяков галереясы мемлекет меншігіне көшіріліп, қазіргі атына ие болды. Бұдан кейінгі жылдары да Третьяков галереясының коллекциясы жеке қорлар мен басқа мұражайлардағы бейнелеу өнерінің ең үздік туындыларымен үнемі молайтылып отырылды. Третьяков галереясы қорында орыстың II – XVII ғасырлардағы иконалары, Третьяков галереясының қоры кейінгі кезеңде де мемлекет тарапынан арнайы бөлінген қаржымен бейнелеу өнері туындыларын сатып алу арқылы толықтырылып отырды. Галерея қорында 150 мың дана экспонат (2006 жылы) сақтаулы.

Билет № 23

Мәтінді оқып, аудар.

Жеті қазына мен жеті ырыс

Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1. жүйрік ат; 2. қыран бүркіт; 3. құмай тазы; 4. берен мылтық; 5. қанды ауыз қақпан; 6. майланғыш ау; 7. өткір кездік

Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіті – қуаты. Құмай тазысы – сенімді серігі. Мылтығы – оты. Қақпаны – серті. Ауы - әдіс-айласы. Кездігі – сұсы.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің екіншісі – жеті ырыс.

«Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1.адамның ақылы, ой-санасы;

2. денсаулық; 3. ақ жаулық; 4. бала; 5. көңіл; 6. жер; 7. ит.

Билет № 24

Мәтінді оқып, аудар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]