- •Тыйым сөздер
- •Аға буын суретшілері
- •Абайдың мұражай үйі
- •Ақылбай Абайұлы Құнанбаев
- •Интернет тарихы
- •Қазақ халқының мәдениеті
- •Ұлағаттты ұлы ұғымдар
- •Тәуелсіздігімізді қастерлейік!
- •Қазыбектің шешімі
- •Тіл мәдениеті
- •Қазақ ырымдары
- •Газет және оның ерекшеліктері
- •Әбілхан Қастеев атындағы галерея
- •Жарнама
- •Радиохабар
- •Николай Гаврилович Хлудов
- •Ақпарат құралдары
- •Қабанбай батыр
- •Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы
- •Третьяков галереясы
- •Жеті қазына мен жеті ырыс
- •Қазақстан -2030 білім беру туралы
- •Ақыл, ғылым, бақыт
Радиохабар
Радиохабар - радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі.
Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радио-инсценировка, радиопьеса, т.б.). Радио сонымен бірге өз ха-барларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланды.
Радионы алғаш ойлап тапқан - А.С. Попов.
Ол 1895 жылы 7 мамырда өзі жасап шығарған сымсыз сигнал беретін қабылдағышты көпшілікке көрсетті.
Билет № 18
Мәтінді оқып, аудар.
Николай Гаврилович Хлудов
(1850-1935)
Н.Г. Хлудов – орыс кескіндемешісі, Ресейдегі Орел губерниясында туған.
1872-74 ж. Одесса сурет мектебінде, кейін Санкт-Петербург қаласында жеке студияда оқыды. 1879 жылдан Верный (Алматыда) тұрды. Орта мектептерде суреттен сабақ берді. Жетісу облысының басқармасында сызушы, сосын жер өлшеуші болып жұмыс істеді. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайы қорында 100-ден аса картина, акварель және эскиздері сақтаулы. Суретші «Түнгі барымта» (1887), «Дауылда қалғандар» (1896), «Бие сауу» (1908), «Тайынша мінген бала» (1907), т.б. картиналарында қазақ халқының өмірі мен тұрмысын шынайы бейнелейді. «Киіз үйде» (1891) атты полотнода көшпенділер тұрақжайының құрылымы, оның ішкі жасау-жабдығы, ұлттық киім-кешек, күнделікті тіршілік қамы түгел қамтылған.
1920 ж. ол Верныйда жергілікті ұлт жастары үшін сурет студиясын ұйымдастырды. Хлудов шәкірттерінің бірі Әбілхан Қастеев болды.
Билет № 19
Мәтінді оқып, аудар.
Ақпарат құралдары
Ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі - газет, журнал, телевизия және радио, жарнамалық, мәтіндер, т.б. жатады.
Қалыптасқан мағынасында: мерзімді баспасөз, телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді.
Ақпарат құралдары - мемлекет тәуелсіздігінің саяси экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.
Билет № 20
Мәтінді оқып, аудар.
Қабанбай батыр
Жоңғарларға қарсы күресте қазақ жерін шапқыншылардан қорғауда да қазақ батырларының қосқан үлесі зор. Олар: Қарасай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Жасыбай, т.б.
Қабанбай (Ерасыл) – ХVІІ ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі және қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болған.
Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны «Қаракерей Қабанбай» деп, ал асқан батырлығы мен қолбасылығына, жекпе-жектердегі теңдесіз ерлікиеріне орай «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған.
Қабанбайдың көптеген ерлік істері Абылайдың жоңғарларға жасаған жорықтарына байланысты. Оның батырлық, ерлік хиқаяларын баяндайтын «Ер Қабанбай» атты дастан бар. Оның атында Шығыс Қазақстан облысында ауыл, үлкен бір әскери бөлім бар. Семей қаласында батырға арнап ескерткіш орнатылған.
Билет № 21
Мәтінді оқып, аудар.
