- •Тыйым сөздер
- •Аға буын суретшілері
- •Абайдың мұражай үйі
- •Ақылбай Абайұлы Құнанбаев
- •Интернет тарихы
- •Қазақ халқының мәдениеті
- •Ұлағаттты ұлы ұғымдар
- •Тәуелсіздігімізді қастерлейік!
- •Қазыбектің шешімі
- •Тіл мәдениеті
- •Қазақ ырымдары
- •Газет және оның ерекшеліктері
- •Әбілхан Қастеев атындағы галерея
- •Жарнама
- •Радиохабар
- •Николай Гаврилович Хлудов
- •Ақпарат құралдары
- •Қабанбай батыр
- •Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы
- •Третьяков галереясы
- •Жеті қазына мен жеті ырыс
- •Қазақстан -2030 білім беру туралы
- •Ақыл, ғылым, бақыт
Газет және оның ерекшеліктері
Газет - мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым.
Оның ағымдағы саяси, мәдени, экономикалық, спорттық, т.б. оқиғалар туралы шағын көлемді материалдары мен фотодеректері түптелмейтін әр түрлі қалыптағы парақтарға басылады.
Газеттердің арғы тегі, ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтары, жарналық мағлұматтардан бастау алады.
Өзге басылымдардан газет өзіндік қалыбымен, көлемімен және шығу мерзімінің жиілігімен ерекшеленеді.
Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.
Газет түрлерін ата:
Билет № 14
Мәтінді оқып, аудар.
Әбілхан Қастеев атындағы галерея
Қазақтың Ұлттық Көркемсурет галереясы Қазақтың Қолөнер мұражайымен біріктіріліп, 1976 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Өнер мұражайы деген атқа ие болды. Оған 1984 жылы Ә. Қастеев есімі берілді.
Бұл мұражай қорында бейнелеу өнерінің түрлі саласында жинақталған 18 мыңға тарта шығарма бар. Мұражайдың 14 залында орыс және Батыс Еуропа, сондай-ақ Шығыс өнері туындылары қойылған.
Қазақ қолөнері залында сонау ежелгі заманнан бергі көшпенді тұрмысқа лайық киіз, тері, сүйек, алтын мен күмістен жасалған заттар, әсіресе зергерлік бұйымдар көп. Олар халық шебері мен ұсталарының ғажайып өнерінен сыр шертеді. Мұнда республикамыздағы танымал суретшілер Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Х. Наурызбаев, Н. Нұрмұхамедов, С. Романов, Е.М. Сидоркиннің , т.б. суретшілерінің шығармаларымен танысасыңдар.
Атақты орыс суретшілері К.П. Брюллов, И.Е. Репин, И.И. Шишкин тағы басқаларының ғажайып картиналарымен кездесесіңдер.
Билет № 15
Мәтінді оқып, аудар.
Жарнама
Жарнама барлық істің басы болып саналады.
Жарнама жасаудың ең қарапайым түрі – баспа өнімдері. Олар: каталогтар, хабарлама-бағдарламалар, жарнама парақшалары, газет-журналдар. Жарнама – қысқа, мәнді болуы керек. Рас, жарнама мәтіндерін дайындау оңай емес. Ол үшін шығармашылық дағды қажет. Жарнаманың тұтынушыны қызықтырып тұрғаны жөн.
Бір АҚШ-тың өзінде жарнама саласына байланысты 35 колледж және жеке бір университет білім береді екен. Бұл елдің тұрғындарының 0,1 пайызы жарнамада жұмыс істейді.
Жарнаманың негізгі үш міндеті бар: бірінші – тауар жайында немесе көрсетілетін қызмет түріне байланысты толық мәлімет беру. Екінші – тауардың артықшылығын, ерекшелігін көрсете білу. Үшінші – тұтынушыларды сол затты алуға ынталандыру. Әрине, жарнамада жұмыс істеу үшін талант керек.
Қазіргі кезде нарықтық экономика жақсы жарнаманы қажет етеді. Радио, теледидар, баспасөз, көше жарнамалары кең қолданылады.
Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар. Ол үшін қазірден өзінді дайында. Оған тапқырлық, ұшқыр киял, жазу дағдысы, сурет сала білу керек.
Билет № 16
Мәтінді оқып, аудар.
Айтыс
Бәйгеге ат қосқанда қай ат озар екен, балуандар күрес-кенде қайсысы жығар екен деп халық қатты толқымай ма? Ақындар айтысқан кезде де жұрт сондай күй кешеді.
Ақындар айтысы - екі ақынның сөз өнерімен сайысы, жыр мерекесі. Ертеректе кара сөзбен айтысу салты болған. Кейін бірте-бірте шешендік сайысқа, өлең-жырмен айтылатын ақындық айтысқа ұласқан. Ақындар елдің елдігін, жақсы мен жаманды, ақ пен караны, әділет пен арамзалықты, арлылық пен абыройсыздықты саралап, ортаға салып отырған.
Екі ақын тек бір-бірінің кемшілігін іздемеген, олар ел ішіндегі жайларды қозғаған. Айтыс елдің жақсы істерін мадақтап, кем-кетіктерін сынап, оның түзелуіне себепкер болатын, тәрбиелік мәні өте күшті өнер түрі саналған.
Билет № 17
Мәтінді оқып, аудар.
