Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_kaz_yaz_9_klass.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.67 Кб
Скачать

Ақылбай Абайұлы Құнанбаев

Ақылбай - Абайдың баласы. Ол дарынды домбырашы болған, өлең шығарып айтқан.

Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған. Бірақ негізінде, Ақыл-байды дарынды ақын ретінде танытқан оның белгілі поэмалары: "Дағыстан", "Зұлыс", "Жанақ батыр". Бұл шығармалардың ішінен бізге толық жеткені тек "Дағыстан" ғана. "Зұлыс" поэмасының басы сақталса, "Жанақ батыр" түгелдей жоғалып кеткен.

Ақылбайға Абайдың тікелей әсері болғандықтан, жас ақын романтикалық поэмалар жазуға ұмтылып, біраз еңбек еткен.

Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады. Оның бейіті Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы Тышқан бұлағының басында.

Билет № 6

Мәтінді оқып, аудар.

Интернет тарихы

Интернет тарихы - компьютерлік құрылғылар жасай бастаған уақытынан басталады (1950-1960 жылдар аралығы). 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталды. Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды. 1990 жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті. 1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады. 1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.

Билет № 7

Мәтінді оқып, аудар.

Қазақ халқының мәдениеті

Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері қазақ жерінде өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналары қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақтың күнтізбесі, бай, әдеби мұралар, көркем өнердің сан алуан түрлері, мәдениет мұралары, т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Билет № 8

Мәтінді оқып, аудар.

Ұлағаттты ұлы ұғымдар

Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Мысалы, орта ғасыр астрологтардың жеті күнге жеті жұлдыздың атын қойып жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күні деп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндеріне ат берген. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасаған: жолға сәрсенбі – сәтті күн шығуы, немесе тойды сәрсенбі күні жасауы, жұма ауыр күн деп есептеп, жолға шықпай, құдайы садақа беріп, мешітке намазға баруы. Өлген адамның жетімін беріп, жеті шелпек пісіріп еске алу, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп, «Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің», «Жеті қабат жер асты» деуі т.б. Жеті санымен байланысты ұғымдар: «Жеті ата», «Жеті жарғы», «Жеті күн», «Жеті ғалам» (шығыс, батыс, терістік, түстік, жер ортасы, аспан, жер асты), «Жеті қазына мен жеті ырыс», «Жеті жұт» (құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, жер сілкінуі )т.б.

Тоғыз санымен байланысты мынадай сөз тіркестері бар: «тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келеді», «тоғыз қабат торқа кию», «Тоғыз жолдың торабы», т.б.

Байырғы қазақ календары бойынша он екі санын да қасиетті санаған. Он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың атын беруін, оларды 12 қазына деп атаған, он екі жылды адамның бір мүшелі деп арнайы атап кеткен.

Жаңа туған баланы қырқынан шығару, өлген адамның қырқын беру.

Билет № 9

Мәтінді оқып, аудар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]