Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_kaz_yaz_9_klass.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.67 Кб
Скачать

Қазақ тілінен емтихан билеттері

2011-2012 оқу жылы.

«9» сынып.

Билет № 1

  1. Монолог «Менің мектебім. Мектеп түрлері»

2. Мәтінді оқып аудар. «Тыйым сөздер"

3. Берілген сөздерге синоним тап: қала, оқушы, бостандық, мол.

Фонетикалық талдау жаса: халық

Билет № 2

  1. Монолог « Отбасым. Қазақ отбасы»

  2. «Қарғалы кеніші» мәтінді оқып, аудар.

  3. Берілген сөздерге антоним сөздерді жаз.

Асты сызылған сөзді жікте: биік, тәтті, кішкентай, кәрі.

Билет № 3

  1. Монолог « Қазақстан – туған елім»

  2. « Аға буын суретшілері» мәтінді оқып, аудар.

  3. Омоним сөздерге мысал келтір, түсіндір.

Сөйлемді дұрыс құрастыр. Туған топырағына жер баға жетпейді.

Билет № 4

  1. Монолог « Қостанай – туған қалам»

  2. Мәтінді оқып аудар «Абайдың мұражай үйі»

  3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Халқымның жақсы қасиеттерін мақтаныш етемін.

Билет № 5

  1. Монолог « Астана – бас қала»

  2. « Ақылбай Абайұлы Құнанбаев» мәтінді оқып аудар.

  3. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қой.

Білекті .... жығады, білімді ... . жығады. ..... саусақ бірдей емес.

Билет № 6

  1. Монолог « Мұражай»

  2. Мәтінді оқы,аудар. «Интернет тарихы»

  3. Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр: 70-жылдар басында микрокомпьютерлер шықты.

Сөздерді сөз құрамына талда: оқушыларға, мектептің, достыққа.

Билет № 7

  1. Монолог « Мемлекеттік мерекелер. Наурыз»

  2. «Қазақ халқының мәдениеті» мәтінді оқып, аудар.

  3. Тұрлаулы мүшелерінің астын сыз. Ол көп оқулықтар жазды.

Септе: оқулық.

Билет № 8

  1. Монолог « Қазақ билері».

2. « Ұлағатты ұлы ұғымдар» мәтінді оқып, аудар.

3.Сөздерден сөйлем құрастыр:

Жері, туып, өскен, адамның дегеніміз Отан.

Фонетикалық талдау жаса: өскен.

Билет № 9

  1. Монолог «Ұлттық киімдер»

  2. Мәтінді оқып аудар. «Тәуелсіздігімізді қастерлейік»

  3. Сөздерді сөз құрамына қарай талда: көшелерінде, қатыспаған.

Билет № 10

  1. Монолог «Қазақстандағы бейнелеу өнері»

  2. «Қазыбектің шешімі» мәтінді оқып, аудар.

  3. Фонетикалық талдау жаса: батыр.

Сөз таптарына ажырат: бірінші, өзім, жазды, әдемі.

Билет № 11

  1. Монолог «Әбілхан Қастеев»

  2. « Тіл мәдениеті» мәтінді оқып, орысшаға аудар.

  3. Синтаксистік талдау жаса: Сіздерді еліміздің тірегі деп білеміз.

Тәуелде: ауыл.

Билет № 12

  1. Монолог « Ақпараттық құралдар»

  2. « Қазақ ырымдары» мәтінді оқып, аудар.

  3. Жалаң, жайылма сөйлем құрастыр.

Билет № 13

  1. Монолог «Табиғатты қорғау»

  2. « Газет және оның ерекшеліктері» мәтінді оқып аудар.

  3. Берілген сөйлемді қазақшаға аудар:

Столица Республики Казақстан – Астана.

Тәуелде: Астана

Билет № 14

  1. Монолог «Мемлекеттік тіл туралы»

  2. «Әбілхан Қастеев атындағы галерея» мәтінді оқып аудар.

  3. Сөйлем мүшелеріне талдау жаса:

Мен халқымның жақсы қасиеттерін мақтаныш етемін.

Билет № 15

  1. Монолог «Ұлттық аспаптар мұражайы»

  2. « Жарнама» мәтінді оқып, аудар

  3. Фонетикалық талдау жаса: табиғат

Бар – бұйрық райда жікте

Билет № 16

  1. Монолог « Тұмарымыз - Түркістан»

  2. « Айтыс» мәтінді оқып, аудар

  3. Қайда? Қашан? Қалай? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? Мысал келтір.

Билет № 17

  1. Монолог «Алтын адам»

  2. « Радиохабар» мәтінді оқып, аудар.

  3. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: саяхат, мемлекет.

Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Билет № 18

  1. Монолог «Мәдениет»

  2. «Н.Г. Хлудов» мәтінді оқып аудар.

  3. Анықтауышты тауып аудар: Екіншісі – толық, биік келген ақ жүзді, қара қас, үлкен қара көзді адам.

Биік – фонетикалық талдау жаса.

Билет № 19

  1. Монолог «Нұрғиса Тілендиев»

  2. « Ақпарат құралдары» мәтінді оқып аудар.

  3. Батыр сөзін септе, сөйлем құрастыр.

Билет № 20

  1. Монолог «Білім туралы» Заңы

  2. « Қабанбай батыр» мәтінді оқып аудар.

  3. Морфологиялық талдау жаса: әншілерге

Жалаң сөйлемге мысал келтір

Билет № 21

  1. Монолог «Салт-дәстүрлер»

  2. «Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы» мәтінді оқып аудар.

  3. Сын есімнің салыстырмалы шырайын жаса: қатты, жарық.

Етістікті өткен шақта жікте: тыңда

Билет № 22

  1. Монолог «Тарихи ескерткіштер»

  2. «Третьяков галереясы» мәтінді оқып аудар

  3. Етістікті келер шақта жікте: жаз.

Оқшау сөздер дегеніміз не? Түрлері қандай? Мысал келтір.

Билет № 23

  1. Монолог « Абай Құнанбайұлы»

  2. «Жеті қазына мен жеті ырыс» мәтінді оқып аудар

  3. Тәуелде: мектеп. Есімдіктің түрлері.

Билет № 24

  1. Монолог «Президент»

  2. «Қазақстан -2030» білім беру туралы мәтінді оқып, аудар

  3. Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аудар: зимний вечер, пожилой человек, младший брат.

Кел, күт, көр - тұйық етістік түрінде жаз. «Кел» етістігін мақсатты келер шақта жікте.

Билет № 25

  1. Монолог «Ыбырай Алтынсарин мұражайы»

  2. «Ақыл, білім, бақыт» оқып, аудар.

  3. Сан есімнің түрлерін аударып жаз: бір, бесеу, бесінші, үштен, қырыққа жуық, бес бүтін оннан екі.

Сан есімнің қай тобына жататынын анықта.

Билеттердің мәтіндері. Қосымша.

Билет № 1

Мәтінді оқып, аудар.

Тыйым сөздер

Қазақ халқының баяғы заманнан бері балаларына жаман болады, пәле жалаға ұшырайсың, құдайдың, аруақтардың киесі соғады деп, ырым етіп, тыйым салған қаракет-қылықтар көп кездеседі. Мысалы «Босағаны керме», «Қолыңды шошайтып бейітті көрсетпе», «Аяғыңды көкке көтерме», «Жұлдызды санама», «Жұма күні кір жума», «Үйді айналма», «Бос бесікті тербетпе», «Жақын адамдарға пышақ, мылтық, ит сыйлама», т.б.

Ал бір топ тыйым сөздер әдептілік мінез-құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға арналған. Мысалы, «Төрге қарап, жүреңнен отырма», «Итке ожаумен ас құйма», «Ағын суға кір шайқама», «Үлкеннің алдын кеспе», «Дастарқанды аттама» , «Сыпырғышпен баланы ұрма», «Нанды жерге тастама», «Әйелге ер адамның жолын кесуге болмайды»

Билет № 2

Мәтінді оқып, аудар.

Қарғалы кеніші

Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ескерткіштер өз ғажайыптарымен әлемді таңғалдырып келеді, өйткені бұлардың барлығы – көне тарихымыздың жәдігерлері.

Қарғалы кеніші – Алматы қаласының маңындағы Қарғалы шатқалындағы жартас астынан 1939 жылы табылған әйел қабірі және алтын бұйымдар қоймасы. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен қапталып, асыл тастар орнатылған ғажайып өрнекті бұйымдар табылған. Олардың ішінде сирек кездесетін тышқан бейнелі алтын сырға мен түйе бейнелі алтын жүзік бар. Б.з. д II-I ғғ «аң» стилінен кейін қалыптасқан  безендіру  стиліндегі  қарғалылық  әшекейлер  ежелгі  үйсіндердің  зергерлік  өнерінің  шыңы деуге болады.

Билет № 3

Мәтінді оқып, аудар.

Аға буын суретшілері

.Аға буын суретшілеріне Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Орал Таңсықбаев, Әубәкір Ысмайылов, т.б. атақты суретшілерді жатқызуға болады.

Ә. Қастеев бұрыңғы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаркент қаласының маңында, Шежім ауылы деген жерде (1904-1973 ) дүниеге келген. Алғашқыда Түрксіб темір жолында қарапайым жұмысшы болып жұмыс істеген. Жұмыс істеп жүріп суретшілікпен айналысты. Кейіннен Мәскеудегі И. Бродскийдің студиясынан сабақ алып, шеберлігі ұшталып, қазақ бейнелеу өнері айдынына шығады. Республика өмірінде басқа суретшілермен бірге Қазақстан суретшілер одағын құруға белсенді атсалысады.

Ә. Қастеев табиғат берген тума талант иесі еді. 30-шы жылдары кескіндеген «Автопортрет», «Қарындасымның портреті» жұмыстары кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашудағы шеберлігімен көзге түседі. Бұдан кейін де суретші ел тұрмысын, тарихи кезеңдерді («Түрксіб», «Аманкелді сарбаздары», «Ескі және жаңа тұрмыс») бейнелейтін туындылар жазды. Оның көптеген еңбектері қазақтың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін көрсетуге арналды. Соның ішінде суретшінің шеберлігің шыңдай білген атақты туындылары «Шалкөде жайлауы», «Бие сауу», «Медеу мұз айдыны».

Билет № 4

Мәтінді оқып, аудар.

Абайдың мұражай үйі

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында 1940 жылы 1 сәуірде ұйымдастырылды. Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды. Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы». Мұражайда Абайдың медреседе пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері. Жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы. Билет № 5

Мәтінді оқып, аудар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]