Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12А. Арайлым Әбілдәбек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.64 Кб
Скачать

Әлеуметтік

Қазақ мәдени орталықтары мен қазақ балаларын асырап алған отбасылар арасында белсенді жұмыс жүргізу. Көпшіліктің пікірінше, шетелде тәрбиеленіп жатқан балалар үшін арнайы жобалар мен тіл курстарын ұйымдастырып, оларға қазақ тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы дәріс беру қажет. Осындай жобалардың бастапқысын Американың Род-Айланд штатында Сара есімді қазақ қызын асырап алған америкалық әйел жасады. Ол “Қазақ ауылы” қоғамдық бірлестігін ашып, онда жаз сайын “Жайлау” балалар лагерін ұйымдастырды. Лагерьдің базасында балалардың қазақтың мәдениеті, әдебиеті, дәстүрі жайлы көбірек білу, сондай-ақ ұлттық тағамдардың дәмін татып көру мүмкіндігі бар. Осы секілді түрлі мәдени орталықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын шаралар барлық елдерде өткізілсе, елінен жырақта жүрген балалар қазақы иістің бір бөлігін сезінер еді.

Қорытынды.

Қалай болғанда да, жетімдер мәселесі қоғамымыздағы көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Ал, олардың шетелге сатылуы елімізде көптен бері нақты өз шешімін таппай келе жатқан мәселе. Елдің шын шерін білдіретін көкейкесті күйді кім шертеді? «Жерде бір жетім жыласа, көкте мың періште налиды» демеуші ме еді? Әйтеуір, жетімдерді жебеуде, өзге мемлекеттермен салыстырғанда, мәртебеміз төмендеп-ақ тұр. Олай дейтініміз: өзге елдер жетімдерін шетке шашыратып жібермей, өз елінде алып қалып жатқанда, біз сонау 1999 жылдардан бастап панасыз балдырғандарымызды шекара асырдық. Құзіретті органдар: “сол шетелдіктер асырап алған қазақ баласының ол елге барғанда азаматтығы ауыспайды. 18 жасқа толғанда бала қай елде қалатынын өзі таңдайды. Егер Қазақстанға қайтып келгісі келсе, қайтып келеді”, - деп сендіруге тырысты. Алайда, шетелдіктердің қамқорлығына өтіп, сол жақтан пана тапқан, оң-солын таныған баланың 18 жасқа келгенде, еліне деген мейірімі ояна қояр ма екен? Керісінше, “әке-шешеден айырылып, жасымнан жетімшілк көргенде, өз Отаным мені шетке тепкен” деп жүрегіне кек сақталмасына кім кепілдік бере алады? Елімізде бала асырап алушыларға жәрдемақы тағайындалып, баспана мәселесі шешілетін болса, сол әке-шешесі жоқ панасызға пана, қорғансызға қорған болып, бауырына басар азаматтар өз елімізден де табылар еді.Көрші Ресейде бала асырап алушыларға жәрдемақымен қоса, баспана мәселесіне де жеңілдік қарастрылған екен. Ал өзі көрінгеннің есігінде баспанасыз жүрген бауырларымыз қалай жетімегінің маңдайынан сипап, қалай пана болмақ? Қазақтың рихани көсемі Ахмет Байтұрсынов: “Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады”,-деген болатын. Сондықтан біздің тиісті органдар осы жағдайларды ескерсе, әр балаға өз бауырларымыздығ мейірі түсіп асырап алуына, өз Отанынан пана табуына, өз елінің мейіріміне бөленіп өсуіне мұрындық болуы тиіс. Израил елінің заңында: «Еврей тек еврейдің баласын асырап ала алады», — деп жазылған екен. Израил жеткен жетістікке біз де ұмтылып, өзімізге қатағ талап қояр болсақ, бүгінде қаракөз домалақтарымызды жәудіретіп, мұхит асырмаған болар едік.