Әлеуметтік
Балалардың ата тектері мен діңін ұмытуы. Заң бойынша шетелдік ата-аналар балалардың есімдерін, тектерін, туылған күндерін, тіпті, діндерін де өзгертуге құқылы. Сол себепті, көптеген шетелдік азаматтар балалардың бірін шоқындырып, бірін атеист болуға тәрбиелеп жатса, енді бірі Қазақстандағы есімдері мен биологиялық ата-аналары туралы мәліметтерді жасырын ұстауда. Мәселен, оралдық Марлен Нұржанұлы Ермановты асырап алған испандық әкесі Фульхенсия Ромеро былай дейді: «Икерьді асырап алғаннан кейін бір жыл өткен соң шоқындыру рәсімін жасадық. Апасы қоймай қойды, қайта-қайта айтып, «өз дінімізге сай жасамасақ жұмаққа түспейді» деп…». Ал, Өскеменде өмірге келген Дамир Төлегенов бір жасында Даниэль Джонс болып шыға келді. Оны асырап алған жалғызбасты ағылшындық әйел Сюзен Джонс: – Мен ешқандай наным-сенімді ұстанбаймын, менің дінім – гуманизм. Құдайға сенбеймін. Мен адамдарға сенем, эволюцияға, Дарвиннің ұстанымына сенем. Ұлым да осыны ұстанады, - дейді. Жат елде, жаттың қолында өсіп келе жатқан қазақ балалары өзінің қайдан шыққаны мен мұсылман екендігін білмегенде, олардың ұлттың тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, тілінен, тұрмысынан хабарсыз екені сөзсіз.
Қазақ балаларын шетелдік азаматтарға беруге деген халықтың ой-пікірі мен көзқарасын анықтау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналар және психологтар арасында 40 әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Халықтың пікірін талдай келе, адамдардың шетелге сатылған қазақ балаларының болашағына қатты алаңдайтындығы анықталды.
Сауалнаманың негізгі нәтижелері төменде көрсетілген:
Сұралушылардың 92 % пайызы шетел ата-аналары асырап алған балалардың проблемасы көкейкесті күрделі мәселеге айналып келетіндігін айтады.
Сұралғандардың 60% пайызы шетелдік отбасылар арқылы тәрбиелеуге алынған қазақ балаларының мәселесімен таныс еместігін айтса, 40% пайызы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы арқылы білетіндігін айтты. Жетім балаларды тәрбиелеп алған шетелдік отбасылар туралы көп біле бермейтіндерінің себебін ол тақырып турасында ақпараттың аздығынан немесе аталған деректер құпияда ұсталатындықтан деп біледі. Диаграмма 1
Диаграмма 1. Шетелге кеткен қазақ балаларының бүгінгі мәселелерімен Шымкент қаласының тұрғындарының таныстығы
Халықтың ой-пікірінше, балалар үйіндегі жетімдер саны өсудегі негізгі себептер: ата-анасының ерте қайтыс болуы, ата-анасының түрлі діни ағымдарға кіріп, я болмаса нашакорлыққа, ішкілікке салынуына байланысты ата-ана құқығынан айырылуы, көкек аналардың сәбиін тастап кетуі.
Сауалнама берушілердің айтуы бойынша, шетелдіктер қазақ балаларын түрлі себептерге байланысты асырап алады. Біріншіден, қан тазалығы, яғни ұрпақтың жеті атаға жалғасуы және генінің таза, мықты болуы. Екіншіден, қазақ балаларының бойына көшпенді халықтың тәрбиесінің сіңуі. Қазақ балалары, көбінесе, зерек, дарынды, тәртіпті,алғыр болып келеді. Шетелдіктерді қызықтыратыны да қазақтың осы қасиеті. Үшіншіден, кейбір арам пиғылды шетелдік азаматтардың балалар мүшелерін саудалап, пайда табу мақсатында немесе дайын жұмыс күші ретінде қазақ балаларын пайдалану.
Сауалнама нәтижесі бойынша, қазақ балаларының шетелдіктерге асырауға беру «ата тектің ұмытылуы» (65%) мен «қазақ еліне деген патриотизмнің жоғалуына» (35%) себеп болады.
Сауалнамаға қатысушы адамдар шетелдегі қазақ балаларының мәселелерін шешудің біршене жолдарын ұсынды. Ұсыныстар төменде көрсетілген. Кесте 1.
Кесте 1. Шетелдегі қазақ балаларының мәселелерін шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?
Шешу жолдары |
Халықтың үлесі |
Шет елдерде қазақ мәдениетінің орталықтарын ашу |
38% |
Мемлекет тарапынан бақылауды күшейту |
22% |
Шетел азаматтарына бала беру туралы заңды күшейту |
24% |
Баланың Қазақстанға жылына 1 рет келіп тұруын қарастыру |
22% |
Сауалнамаға жауап берген халықтың 76 пайызы балаларды шетелге сатуға қарсы пікір білдірсе, қалған 24 пайызы тыйым салудың қажеті жоқ деп есептейді. Диаграмма 2.
.
Диаграмма 2. Шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алу мәселесіне қатысты Шымкент қаласы тұрғындарының көзқарасы
Шетелге бала сату мәселесі бойынша сарапшылар мен қоғамның пікірін бағалау үшін SWOT талдауы жасалынды. Осы мәселенің күшті, әлсіз жақтары және мүмкіндіктер мен қауіп - қатер төменде көрсетілген.
Күшті жақтары: Соңғы кездері еліміздегі балалар үйіндегі балалардың саны жыл өткен сайын азайып келеді. Өткен жылы 14 жетім балалар үйі қысқартылды. Сондай-ақ балалар үйіндегі балалардың саны бұрынғыдан екі мыңға төмендеді. Яғни, елімізде ата-ана қарауынсыз қалған балалар саны азайып, шетелдіктерге асырауға берілген балалар ата-ана мейірімін сезініп, алаңсыз өмір сүре алады.
Әлсіз жақтары: Бүгінде таңда көптеген миссионерлік ұйымдар, негізінен мұсылман балаларды асырап алуға ұмтылуда. Осы орайда жетім балалардың тегі мен ұлттық ерекшеліктерінің сақталуына ерекше мән беретін елдер де баршылық. Яғни, христиан дінін ұстанатын халықтар өз асырандыларының мұсылман болуын, ал мұсылмандар елдегі жетімегінің христиан болуын қаламас еді. Балалардың тектерін өзгертіп жатқан американдықтарға олардың діни наным-cенімдерін де өзгертуге рұқсат берілген. Сол себепті, шетел асқан қазақ балалары – таза «американдық өнім» болып шыға келеді. Ал олардың қазақы ата тектері ұмытылып, қан тазалығы бұзылады.
Мүмкіндіктер: Шетелдіктердің қазақстандық балаларды асырап алуы арқылы біздегі денсаулығы нашар балаларға бақуатты отбасы мүшесі болу мүмкіндігі туады. Шетел азаматтарының 85 пайызы денсаулығында кінәраты бар, ауру балаларды асырап алуға ниет танытады. Өйткені, шетелдерде мұндай балаларға үлкен көмек көрсетілетіні белгілі. Жанар Байсемізова Канадаға жасаған сапарында оң қолындағы төрт саусағы бір-біріне жабысып туған Айша есімді қазақ қызын асырап алған отбасында болыпты. Оның саусақтарына ата-анасы ота жасатыпты. Қазір жағдайы дұрысталып келе жатыр екен. Испаниядан пана тапқан сегіз жасар Ерланның да қарағандылық дәрігерлер анықтай алмаған ауыр диагнозы он айлық нәрестеге Испанияға барған соң, тек жеті айдан кейін қойылды. Орталық жүйке жүйесі зақымданған, мидың оң-сол жақ бөліктері дұрыс жетілмеген, сал ауруы. Ерланға дәрігерлермен кеңесе отырып, арнайы емдеу тәсілдері таңдалған. Сол аяғына операция жасалған, қазіргі күнге дейін Ерланмен арнайы мамандар жұмыс істейді. Алғашқы кезде дәрігерлер мұндай диагноздағы балалар мүлдем жүрмейді, тек жатады деп айтқан екен. Алайда, Ерлан төсекке таңылмай, шауып жүр. Осындай Ерлан мен Айша секілді денсаулығында ахауы бар еліміздегі қаншама балалар шет елдерден өз емін тауып жатса, бұл олар үшін үлкен мүмкіндік болар еді.
Қауіп – қатер: Шетелге бала сатудың салдарынан туындайтын қауіптердің бастапқысы, балалардың өгей ата-аналардың қолынан қаза табуы болып табылады. Статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей, соңғы уақыттарда шетелдік азаматтар асыранды балаларына қол жұмсауды әдетке айналдырған. Ал, шетелдік азаматтар асырап алған қазақстандық балалардың қаншасы ата-ана мейіріміне бөленді, қаншасы зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жапа шегіп жүргендігі жайлы мәліметтер жоқ десе де болады. “Шетел асқан балалардың бәрі тірі ме?” деген сауалға жауап табудың өзі қиын қазір. Сонымен қатар, Батыста біржыныстыларға ерлі-зайыптылар ретінде үйленуге рұқсат берілген, бұл олардың түсінігінде қалыпты жағдай болып табылады. Ел ортасында құлақ естіп, көз көрмеген мұндай сұмдықтар, соңғы уақыттарда Батыс елдерінде етек жайып барады. Егер жағдай осылай өрши берсе, күндердің бір күні қазақстандық балаларды асырауға ағым-секталардың өкілдерімен қатар, біржынысты отбасылардың да келуі әбден мүмкін.
Шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алуынан туындап отырған саяси және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары
Саяси
Шетелдік бала асырап алушыларды іріктеу шартын өзгерту. Жақында еліміз шетелге кеткен қаракөздеріміздің сақтығын, амандығын қамтамасыз ету үшін халықаралық Гаага конвенциясына қол қойды. Яғни енді біз қазақ балаларының шетелде қандай күйде екенін, денсаулық, білім алу деңгейінің қандай екенін елшіліктер арқылы біліп отырамыз. Жаңашылдықтың енді бірі – жетім балаларды есепке алудың иерархиясын, бала асырап алушы үміткерлердің есебін жүргізу.
Сонымен қатар, 2015 жылы шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы заңға біршама өзгерістер енгізілді. Ол өзгертулер бойынша енді еліміз бұрынғыдай 30 елге емес, тек 8 елге бала беретін болды. Сонымен қатар, шетелдік ата-ананың баламен алғашқы қарым-қатынасқа түсу уақыты екі аптадан төрт аптаға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, баланы бауырына басқысы келгендер мен бала арасындағы жас айырмашылығы он алты жастан кем, қырық бес жастан артық болмауға тиіс деп белгіленді.
Арнайы комиссия құру. Шетелге асып кетіп жатқан балалардың жағдайын жіті бақылап отыратын арнайы комиссия құрылуы қажет. Шетелдік ата-аналар қамқорлығындағы балалардың жағдайын көрсететін толық видеолар мен жаңадан түсірілген фотоматериалдар жіберіп тұру немесе баланың өзі жылына бір рет келіп тұруын қарастырғаны дұрыс. Сонымен қатар, жылына төрт рет баланың тәрбиесі, оқуы, денсаулығы туралы есеп өкілетті органға немесе арнайы құрылған комиссияларға жіберіліп отырылуы қажет. Кейін кәмелетке толған соң, осындай есеп жылына бір рет беріліп отырылуы тиіс. Осындай жағдайда ғана Қазақстан шетел асқан балаларының қауіпсіздігіне сенімді бола алды.
