Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1256_tegenova_Gau_1211_ar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.06 Mб
Скачать
    1. Конденсатор параметрлері

Конденсатордың негізгі параметрі сыйымдылық және жұмыстық кернеу болып табылады. Одан басқа конденсаторлардың қасиеті паразитті параметрге жақын сипатталады.

Номинальды сыйымдылық Сном   және ∆С номиналынан рұқсат етілген ауытқу. Жоғарғы жиілікті номинальды сыйымдылық Сном  мәні стандартталған номинальды кедергі мәні сияқты ретпен анықталады Е6, Е12, Е24 және т.б (2.1 - кесте). Электролитті конденсаторлардың номиналь мәні мына ретпен анықталады: 0,5; 1; 2; 5; 10; 20; 30;50; 100; 200; 300; 500; 1000; 2000:5000 мкф.

Қағаз және пленкалы конденсаторлардың номиналды сыйымдылық мәндері мына ретпен анықталады: 0,5; 0,25; 0,5; 1; 2; 4; 6; 8; 20; 20; 40; 60; 80; 100; 200;400; 600; 800; 1000 мкф.

Конденсаторлар номинальдан ауытқуы бойынша келесі топтарға бөлінеді (1.3.1 – кесте).

1.3.1 – кесте. Конденсторлардың номиналды ауытқуы бойынша топтары

Тобы

0,01

0,02

0,05

00

0

I

II

III

IV

V

VI

Шегі %

±0,1

±0,2

±0,5

±1

±2

±5

±10

±20

-10 +20

-20 +30

-20 +50

I, II, және III топтарындағы конденсаторлар кең қолданылатын және Е24, Е12 және Е6 ретіне сәйкес келетін дәлдікте болып табылады.

Конденсатордың электрлік беріктігі негізінен диэлектриктің изоляциондық қасиетіне тәуелді және кернеудің тесіп өту шамасымен сипатталады. Дайындау процесі 2-5 с барысында барлық конденсаторлар сынақ кернеуі әсеріне ұшырайды.

Техникалық құжаттамада конденсатор ұзақ уақыт шарттарды сақтауда максимальды кернеу көрсетілген, техникалық құжаттамада номинальды кернеуі көрсетіледі.

Сыйымдылықтың тұрақтылығы сыртқы факторлар әсерінен оның өзгерісімен анықталады. Температурадан сыйымдылық шамасына ең үлкен әсер болады. Оның әсері температуралық сыйымдылық коэффициентімен бағаланды (ТКС):

(1.3.1)

Негізінен сыйымдылықтың өзгерісі диэлектрлік өтімділікпен шартталған. Жоғарғы жиілікті конденсаторлар шамасы ТКС температураға тәуелді емес және белгілі бір түске корпаустың боялып және түсті белгісі қойылып, конденсатор корпусында көрсетіледі.

Төменгі жиілікті конденсаторларда сыйымдылықтың температураға тәуелділігі сызықты емес сипаттамасын көрсетеді. Мұндай конденсаторлардың температуралық сыйымдылығы шектi ауытқудың шамасымен температураның соңғы мәндерімен бағаланады. Төменгі жиілікті конденсаторлар температураның тұрақты болмауына байланысты 3 топқа бөлінген: Н20 – ; Н30 – ; Н90 – . Уақытта конденсаторлардың тұрақтылығы тозу коэффициентімен сипатталады:

(1.3.2)

Конденсаторлардағы энергия шығыны электр өткiзгiштiк және диэлектриктiң поляризациясымен шартталған және диэлектрик шығынының тангенс бұрышымен  tgδ сипатталады. Конденсаторлар шығындары керамикалық диэлектрикпен tgδ≈10-4, слюдалық диэлектрикпен - 10-4, қағазды - 0,01-0,02, оксидті -0,1-1,0 болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]