
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Abstract
- •In part of calculation shown different methods , formulas and diagrams мазмұны
- •1.1 Конденсатор туралы жалпы мәлімет
- •Конденсатордың негізгі түрлері
- •Конденсатор параметрлері
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Электролитикалық конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу
- •2.2 Конденсатор параметрлерін өлшеу
- •2.3 Сыйымдылықтарды вольтметр-амперметр тәсілімен өлшеу
- •2.4 Тізбекті және параллельді микрофарадметрлер өлшеу схемасы
- •2.5 Бірдей өлшемді шкалалы микрофарадметрлер
- •2.6 Сыйымдылықты салыстыру әдісімен өлшеу
- •2.7 Айнымалы токты өлшеу көпірлері
- •2.8 Конденсатор параметрлерін өлшеудің көпірлік әдісі
- •2.9 Сыйымдылықты резонансты өлшеу әдісі
- •3 Есептеу бөлімі
- •3.1 Конденсатордың сыйымдылығын анықтайтын аспаптың негізгі параметрлерін есептеу
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Конденсатордың сыйымдылығын өлшегішті мультиметрге қосымшасымен жобалау
- •4.2 Конденсатор сыйымдылғын өлшегішті мультимтрге қосымша құруға кететін капиталды шығындар
- •4.3 Қосымшаны өндіруге кететін шығындар
- •4.4 Автоматты басқару жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •5 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •5.1 Өндірістік жарықтану
- •5.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •5.3 Ұйымдастыру шаралары
- •5.4.1. Адамдарды өрт кезінде эвакуациялау
- •5.4.2 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
- •5.4.3 Өртке қарсы су құралы
- •5.4.4 Өрт байланысы және дабыл беру
- •5.5 Жалпы техникалық талаптар
- •5.6 Үйлестірілген стандарттар тізімі:
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5.4.4 Өрт байланысы және дабыл беру
Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.
Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.
Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.
Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді. Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады.
Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.
Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.
Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген.
Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.
Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін, жылу, ашық өртті анықтауға арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке қарсы дабыл беру көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты бақылап отырады және сәулелікпен дыбысты дабыл берумен бірге оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен жұмыс істейді, ол жоғары температураға әсер етеді.
5.5 Жалпы техникалық талаптар
Осы техникалық регламент металл конструкциялардың тіршілік циклі процестеріндегі (өндіру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату кезінде) механикалық қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін, радиациялық, термикалық және санитарлық–эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптарды белгілейді. Болат конструкциялар металл конструкциялардың жұмыс сызбалары (МК) бойынша әзірленген металл конструкциялардың егжей–тегжейлі сызбаларына (МКЕ) сәйкес дайындалуы тиіс.
Металл конструкциялардың егжей–тегжейлі сызбаларын әзірлейтін ұйым олардың металл конструкциялардың сызбаларына сәйкестігін, металл конструкциялардың сызбаларында көзделмеген конструкциялардың барлық зауыттық және монтаждық қосылыстарының есептік беріктігін, конструкциялар элементтері өлшемдерінің және олардың арасындағы өзара байланысуының дұрыстығын, сондай–ақ монтаж жұмыстарының технологиясымен айқындалатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Металл конструкциялардың сызбаларынан ауытқуға рұқсат берілмейді. Қажеттілік жағдайында олар металл конструкциялары сызбаларының авторларымен келісілген болуы тиіс.
Металл конструкцияларды жасау кезінде осы Техникалық регламенттің, металл конструкциялардың егжей–тегжейлі сызбаларының, технологиялық процестің, зауыттың цехаралық тапсыру құжаттамасына бақылау нәтижесін енгізе отырып, нормативтік–техникалық құжаттаманың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.
Металл конструкцияларды монтаждау кезінде осы Техникалық регламенттің, жұмыстарды жүргізу жобасының, монтаждау жұмысына (актісіне, журналға) атқарушылық құжаттаманың нәтижелерін енгізе отырып, нормативтік–техникалық құжаттың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.
Металл конструкциялардың тіршілік циклінің барлық процестерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес талаптар орындалуы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін отандық және импорттық металл конструкцияларға нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша біліктілік берілуі тиіс.
Металл конструкциялар өрт кезінде ашық от әсер еткен кезде, олардың түріне байланысты көтергіш қабілетін және (немесе) тұтастығын, ал оттан қорғау қолданған жағдайларда жылудан қорғау қабілетін белгіленген уақыттың ішінде сақтаулары тиіс. Металл конструкциялардың отқа төзімділік шегін және өрт қауіптілік класын тиісті нормативтік құжаттар бойынша сынақтардың негізінде анықтайды және жұмыс құжаттамасында көрсетеді.
Болат конструкциялардың отқа төзімділік шегін жобаға сәйкес нормаланған мәндерге дейін жоғарылату үшін оттан қорғаудың мынадай тәсілдері қолданылады: бетондау, оттан қорғаушы қаптаулар, оттан қорғаушы жабындар, ісінетін оттан қорғаушы жабындар. Металл конструкциялардың сызбаларынан ауытқуға рұқсат берілмейді. Қажеттілік жағдайында олар металл конструкциялары сызбаларының авторларымен келісілген болуы тиіс.
Металл конструкцияларды жасау кезінде осы Техникалық регламенттің, металл конструкциялардың егжей–тегжейлі сызбаларының, технологиялық процестің, зауыттың цехаралық тапсыру құжаттамасына бақылау нәтижесін енгізе отырып, нормативтік–техникалық құжаттаманың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етілуі тиіс. Металл конструкцияларды монтаждау кезінде осы Техникалық регламенттің, жұмыстарды жүргізу жобасының, монтаждау жұмысына (актісіне, журналға) атқарушылық құжаттаманың нәтижелерін енгізе отырып, нормативтік–техникалық құжаттың талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етілуі тиіс. Металл конструкциялары адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін, шекті рұқсатты мәндерден асатын радиоактивтік сәулелерді қоршаған ортаға бөлу көздері болмаулары тиіс. Адамға және қоршаған ортаға радиациялық әсер ету мүмкіндігі бар металл конструкцияларды (әкелу, әкету және өткізу) санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытындысынсыз айналымға шығаруға рұқсат берілмейді. Металл конструкциялардың радиациялық қауіпсіздігінің нақты нормативтері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарда белгіленеді. Қайталама металдың әрбір партиясы кәдеге жарату кезінде радиациялық бақылауға ұшырауы тиіс. Радионуклидтермен ластанған металды дәнекерлеу немесе кесу бойынша жұмыстарды орындайтын персонал ұшқынға төзімді, жақсы активсіздендірілетін материалдардан жасалған арнайы жеке қорғану құралдарымен жабдықталуы тиіс. Үлестік бета-белсенділігі 0,3 кБк/кг-нан 100 кБк/кг-ға дейінгі немесе үлестік альфа-белсенділігі 0,3 кБк/кг-нан 10 кБк/кг-ға дейінгі не құрамындағы трансурандық радионуклидтер 0,3 кБк/кг-нан 100 кБк/кг-ға дейінгі шикізат, материалдар және бұйымдар тек мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қолданудың белгілі бір түріне арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде ғана шектеулі пайдаланылуы мүмкін. Бұл материалдар міндетті радиациялық бақылауға жатады [30].