- •Фациялдық талдауға теңіз организмдердің мағынасы.
- •Нормалды емес – Түшшы және түзды теңіздердің түзілмдері
- •Теңіз организмдердің өміріне тұздылықтың байланысы.
- •Жағалау фация арасындағы жағажай түзілімдері.
- •Карбонатты шөгінді жиналу.
- •Абиссалды фация
- •Эстуарий және лиман фациялары.
- •Литофациалды карталарды құру принциптері, олардың мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Палеогеографиялық картаның мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Гранулометриялық талдау мәліметтерінің мағынасын ашу және кумулятивты қисықтардың графикалық көрінісін құрау.
- •Мұнайгазды формациялар.
- •Оңтүстік-Торғай ойпатының мұнай-газ формациялары.
Оңтүстік-Торғай ойпатының мұнай-газ формациялары.
Бұл регион Торғай депрессияның оңтүстік-шығыс бөлігін алады. Ойпаттың құрамы кембрийға дейінгі фундамент, палеозой және мезозой-кайназой түзілімдерімен сипатталған.
Кембрийға дейінгі фундамент. Фундаменттің тау жыныстары метаморфты және гранит-гнейсті архей, протерозой және рифей комплексті. Гипсометриалық фундаменттің тереңдігі 700-800м. ден Мыңбүлақ ертоқылықта, 1200-4400м. ге дейін Арысқұм және Жыланшы ойыстарында. Фундаменттің құрамы Ұлытау протерозойлы массивтің құрамына ұқсас. Сондықтан фундамент, Ұлытау массивтің оңтүстік-батыс сатысының төмен түскен бөлігі деп, саналады.
Палеозой түзілімдері ойпатта сирек кездеседі, себебі тектогенез дәуірінде денудацияға үшыраған. Бұл түзілімдер Арысқұм ойысының солтүстік-батыс бөлігінде және Мыңбұлақ ертоқылықтың батыс бөлігінде кездеседі. Палеозой түзілімдері жоғарғы девон және ортанғы-жоғарғы карбон уақытымен көрсетілген. Құрамында кызылтұсті вулканогенді-шөгінді және карбонатты тау жыныстар. Континенталды терригенді-вулканогені формациямен сипатталады.
Мезозой-кайнозой түзілімдері екі комплекске бөлінеді: төменгі рифтогенді және жоғарғы платформалық (эпирифтылық). Рифтылық комплекстың құрамында триас, төменгі-ортанғы юра түзілімдері көрсетілген. Бұл түзілімдер рифтогенез процессінде грабендерде локальды жиналған. Түзілімдердің құрамында құмды-конгломерат-алевролитты кейде аргиллиты тау жыныстар. Құмтастардың құрамы граувккты кесектері жұмырланбаған. Бұндай түзілімдер молассты формацияға жатады.
Эпирифтылық (платформалық) шөгінділер жоғарғы юра-төменгі мел уақытында басталып палеоген –неогенге дейін созылады. бұл түзілімдер субгоризонтальды жатындыларды құрайды. Мезозой түзілімдердің құрамында континенталды қызыл-қоңыр түсті құмтастар, алевролиттер, аргиллиттер –молласты формация. Кайнозой түзілімдері палеогенді теңіз және неогенді континентальды тау жыныстармен сипатталады.
Оңтүстік-Торғайдың юра-мел комплкексі региональды мұнай-газды. Юра комплексы сингенетикалық регионалды мұнай-газды, жоғарғы комплекс эпигенді неоком (төменгі мел). Бұл комплекстер Батыс-Сібір плитадада регионалды мүнай-газды.
Арысқұм ойысы. Арысқұм ойысының мөлшері 300х150х200км. Ойыстың ішінде Арысқұм, Ақшабұлақ, Сарылан және Бозинген грабен-синклинальдар мәлім.
Арысқұм грабен-синклиналі Арысқұм ойысының батыс жағында, негізгі Каратау тереңдік жарылымның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның кембрийға дейінгі гетерогенді фундаменті 5- 7км тереңдікте орналасқан. Юра-мел түзілімдері өнеркәсіпті мұнай-газды.
Ақшабұлақ грабен-синклиналі Арысқұм ойысының орталық бөлігінде орналасқан. ені 30км узындығы 250км. Бұл грабен-синклинальда мезозойға дейінгі ортанғы девон эффузивтері және төменгі карбон визе-серпухов ізбестастары ашылған.
Бозинген грабен-синклиналі Арысқұм ойысының шеткі шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыста Батыс-Ұлытау тереңдік жарылыммен шектелген. Батыста Ащисай грабен-синклиналімен шектелген.
Сарылан грабен-синклиналі Арысқұм ойысының құрады бөлігін құрады. Сарылан грабен-синклиналь меридиональды бағытта тар сызық тәрізді структураны бельгілейді. ені 20-25км үзындығы 100км.
Негізгі әдебиет: 2 – [72–87], 3 –[5–65]
Бақылау сұрақтары:
Тектоника фация мен формация комплекстеріне қандай әсер тигізеді?
Теңіз бассейіннің даму тарихында циклдар қалай пайда боладыя№
Мұнай-газ аналық тау жыныстар циклмен қалай байланысты?
Оңтүстік Торғай ойпатында қандай мұнай-газды формациялар кездеседі?
Дәріс 15. Каспий маңы ойпатының мұнай-газ форамациялары.
Мұнай газ шөғырларының пайда болуың негізгі факторы тектоникалық жағыдай. Тектоникалық жағыдай Каспий маңы ойпатының мұнай –газ формацияларының құрылуына әрекет келтірген.
Кристалды фундаманттің ерекшеліктері. Каспий маңы ойпатының фундаменттінің негізгі ерекшелігі ірі тереңдікте орналасуы, орталық бөлігінде 20км. ден астам, шет жағында 6-7км. Сейсморазведканың беруімен фундаменттің шағылу горизонты «Ф». Зерттеушілердің көбі фундаментті кембрийге дейін, бірақ жасы гетерогенді және құрамыда әртүрлі деп санайды. Фундаментің құрылысы ассиметриалық және үш әртүрлі алаңға бөлінеді: солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және Каспийорталық. Каспийорталық алаң үшбурышты тәрізді, локальды көтерілістермен күрделенген. Ол көтерілістер Аралсор және Хобды. Солтүстік-батыс структурлы-тектоникалық зонаның құрылысы флексура бұрылыс тәрізді, тереңдігі 8-18 км. Стуктураның шет жағы жайпақ Шығыс-Европа платформаның фундаментіне сай орналасқан.
Оңтүстік-шығыс структуралы-тектоникалық зона Каспиймаңы ойпатының жарты бөлігін алып, күрделі құрамдылығымен сипатталады. Ондай күрделік Орал герцинитердің шек арасында орналасқандықтан және солардың әрекетінің белгісі. Оңтүстік-шығыс структуралы-тектоникалық зонаның негізгі элементі Солтүстік-Каспий-Ақтөбе көтерілістер (фундамент көтерілістері).
Тұзасты шөгінді қыртыстың структуралық ерекшелері. Каспиймаңы ойпатының қалың шөгінді қыртысында бес структурлы ярустар белгіленген – екуі тұзасты түзілімдерде, үшеуі тұзүсті түзілімдерде: төменгі-орта палеозой (турнеге дейін), тұзасты-жоғарғы палеозой, кунгур-жоғағы перьм, триас-палеогенді, неоген-төрттік. Бұл структуралық түзілімдерді Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс аймағында толық көрсетілген.
Төменгі-орта палеозой түзілімдері таяз сулы бассейінде жиналған. Төменгі-ортанғы визеде үш фациалды зона көрсетілген: 1.Батыс жағында Приморский көтеріліс зонада таяз сулы: биоморфты және детритті (балдыр, фораминифер ж. б.) кейде оолитты карбонаттар және доломитті ізбестастар. Кей жерлерде биогенді көтерілістер құралған (Тенгиз). Бұл түзілімдер карбонатты формацияға жатады. 2. Каспиймаңы синеклизаның шығыс бөлігінде алевритті-сазды шөгінділер басымды болып кездеседі. Олар мергель және құмтастармен ауысып түзіледі. Құрамында көмірленген өсімдіктер қалдықтары кездеседі. Бұл теңіздің таяз сулылығын көрсетеді. Бұл түзілімдер терригенді формацияға жатады. 3. Оңтүстік-Эмба ойыссында көбінесе терригенді сазды, құмды, алеаритті шөгінділер түзілген. Кесекті жыныстар құрамы грауваккты, сұрыпталмаған, қосымша түрде кремнийлы және вулканогенді тау жыныстар мәлім. Бұл фациалардың қалыңдығы ірі болғанмен, компенсациялы таяз сулы теңіз бассейінді сипаттайды. Орта визейдің аяқ шетінде шөгінді жиналу кенет өзгерді. Жоғарғы визе және серпухов ярусында барлық зонада карбонаттар түзіледі. Палеоқалыңдық картада карбонатты түзілімдер Биікжал синеклизадан Оңтүстік-Эмба көтеріліске қарай ұлғайады. Бұл ұлғайу жалпы трансгрессиямен байланысты. Бұл түзілімдер терригенді карбонатты формацияға жатады.
Сонымен литологиялық ерекшелігіне қарағанда Каспиймаңы ойпатының оңтүстік-шығыс аймағының батыс жағында жоғарғы визе уақытында теңіз бассейің тереңдігі он шақты метрден аспаған. Зонаның солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс жағында таяз сулы алевритты саздар, құмтастар және мергелдер, ал оңтүстік-шығыс және Оңтүстік-Эмба, және Приморский зоналарда негізгі шөгінді жиналу карбонатты болып табылған.
Каспиймаңы синеклизаның аймақтарында башкир ярусының қалыңдығы 100м. ден аспайды, Қалың түзілімдер Оң түстік-шығыс және Оңтүстік- Эмба майысу зонасында байқалады. Бұл ірі зонада башкир ярусы әр түрлі карбонатты тау жыныстармен көрсетілген. Приморский көтерілісінде биоморфты- детритты және полидетритты балдырдар, оолитты және басқа ізбесті тау жыныстар. Кей жерлерде биогермды құрылыстар құрылған. Башкир ярустың аяқ кезінде уақытша көтеріліс болып кей бөліктер шайылып кеткен.
Московский ярустың түзілімдері башкир түзілімдеріндей қалың карбонатты тау жыныстармен көрсетіледі: балдырлы ізбестастар, биогермды құрылыстар, криноидеялы, фораминиферлы, сазды ізбестастар және басқалары. Жоғарғы таскөмір түзілімдері барлық аймақта көрсетілмеген. Бұл уақыт регионалды көтеріліспен сипатталады.
Төменгі перьм уақытында қайта карбонатты түзілімдер жиналады. Бұл түзілімдер сазды ізбестер, биоморфты-детритты ізбестер, мергель, құрамында өсімдік қалдықтары байқалады. карбонатты тау жыныстардың арасында құмды-алевритты кейді ірі мөлшерді конгломераттарда кездеседі. Кей бір ассель-сакмар қималарында ангидрит бельгілері байқалады. Ол теңіз регрессиясы басталған бельгі.
Артинский ярус уақытында ірі көтеріліс байқалады. Оңтүстік-Эмба ойыстың орнында таулы бедерлі аймақ байқалады. Оның интенсивты эрозиасы ірі кесекті молассты материал жиналуға әрекет жасайды. Бассейіннің солтүстік шығыс жағында артинский түзілімдер карбонатты жыныстармен сипатталады. Жалпы арт түзілімдері қалың ірі кесекті конгломерат, гравелит, құмтастармен көрсетілген. Кей жерде туфогенді, андезит құрамды туфтар және пирокласты материалдармен байыған құмды алеролиттер мен саздар кездеседі. Бүл түзілімдер молассты формацияға жатады. Арт уақытында Касспиймаңы синеклизада Оңтүстік-Эмба көтерілісімен бірге, синеклизаның солтүстік жағында ойыс басталады. Арт уақытының көтерілісі жалпы Орал көтерілісімен байланысты.
Кунгур-жоғарғы перьм структурлы ярус тұзды және терригенді түзілімдермен сипатталады. Тұзды горизонттың кәзіргі структурасы өте күрделі. Ірі кен орындар (Кенкияк, Прорва) тұзды күмбездердің диапирлі типымен байланысты. Күмбездердің өсүі юра уақытынадейін жүрген. Жалпы тұз түзілімдерінің қалыңдығы синеклизаның шетінне 500м. ортасында 5000м. ге дейін. Кунгур уақытында Каспиймаңы бассейіні әлемдік мұхиттан бөліне бастайды. Аридтты климатта сульфатты-терригенді шөгінділер жиналып, бассейннің тұздылығы көбейеді. Тұздың қалыңдығы 3км. ге дейін барады. Бұл уақытта Каспиймаңы ойпаты интенсифты төмен түсу мульдаларға бөлініп континент іші теңізі болып көрінеді. Кунгур уақытың аяғында интенсивты терригенді материал жиналып бассейін түшшыланады.
Тұз үсті триас-палеогенді шөгінді қыртыс. Бұл қыртыс жалпы терригенді комплекспен (терригенді форамция) сипатталады, ішінде екі струтурлы бөлік көрсетілген: триасты және юра-палеогенді. Триас комплексы тұз күмбездердің локалды мульдаларында жиналған, сондықтон ол торлы пішінді болып көрінеді. Триас уақыты интенсивты төмен түсу процесстермен бірге, компенсациалық терригенді материалдың жиналуымен сипатталады. Бұл уақыт лагунды-континентальды фациямен байланысты.
Юра-палеогенді структуралы комплекс терригенді-карбонатты тау жыныстармен сипатталады. Бұл комплекстің де құрылысы тұзды тектоникамен байланысты. Юра-палеоген комплекстері күмбезге ұқсас баяу қатпарларланған жерде мұнай –газ тұтқыштары пайда болады. Юра-палеоген тұзілімдері құм-гравелитті континенталды лагунамен байланысты. Бұл уақытта жылы гумидты климат болып, өсімдіктер зор дамыған.
Негізгі әдебиет: 1 – [5–110]
Бақылау сұрақтары:
Каспиймаңы ойпатының карбонатты формациялары.
Каспймаңы ойпатының регионалды галогенді түзілімдері?
Тұзасты түзілімдердің ерекшеліктері.
Тұзүсті түзілімдердің ерекшеліктері.
