Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Дарис.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.35 Mб
Скачать

Мұнайгазды формациялар.

А. А. Бакиров бойынша: Мұнайгазды формациялар –мұнайгаз пайда болуына және мұнайгаз жиналуына себепті, бір –бірімен генетикалық байланысы бар, палеотектоникалық, палеогеографиялық жағдайда пайда болған тау жыныстар жиынтығы.

Регионалды мұнайгазды шөгінді формациялардың палеотектоникалық, палеогеографиялық жағдаймен генетикалық байланысы барын, салыстырма анализбен көрсетуге болады. Мысалы: Орыс, Туран және Батыс Сібір платформалар.

Орыс плитаның Шығыс аймағында Волго –Орал мұнайгаз провинцияда Девон –Карбон (D –C) литостратиграфиялық коплекстер –регионалды мұнайгазды. Құрамынада терригенді және карбонатты теңіз, жағалау, лагунды, жағалау –континентальды тау жыныстар. Бұл тұрақты төмен түсу тектоникалық жағдайдағы седиментация. Орыс платформаның батыс жағында сол (D –C) түзілімдері континенталды аэробты геохимиялық жағдада пайда болған, сондықтан мұнайгаз шоғырлары жоқ. Тектоникалық режим бірненше өзгерген жағдай.

Туран плитаның мезозой түзілімдерінде Амударья және Оңтүстік Маңғыстау ойпаттарында (J2 –K1) регионалды мұнайгазды құрамында терригенді, карбонатты және терригенді –карбонатты түзілідер әр түрлі литофациялық жағдайда (теңіз, лагуна, жағалау) пайда болған. Бұл жерде шөгінді жиналу субаквалды, анаэробты ортада, тектоникалық тұрақты төмен түсу жағдайда пайда болған. Сырдарья ойпатының мұнайгазды аймағынан солтүстік жағында сол (J2 –K1) түзілімдер континентальды жағдайды, мұнайгаз комплекстері жоқ. Бұл жерде тектоникалық режим бірнеше рет ауысқан.

Сонымен регионалды мұнайгаз формациялар палеогеографиялық және палеотектоникалық жағдайлармен генетикалық байланысы барлық континенттерде және континентальды шельфтерде мәлім. Сондықтан бұл негізгі глобальды заңдық. Осыған орай А. А. Бакиров регионалды мұнайгазды комплекстерді бөлді.

Регионалды мұнайгаз комплекстердің негізгі факторлары.

  1. Органикалық заттар және оны сыйғызатын шөгінділер субаквалды ортада анаэробты геохимиялық жағдайда, тектоникалық төмен түсу фазада жиналуы, яғни мұнай пайда болу жағдайда.

  2. Қарастырып отырған түзілімдер активті аэракцияға тектоникалық жоғары көтерілу жағдайға түспеуі.

  3. Комплексте коллектор –тау жыныстардың болуы.

  4. Комплексте жапқыш тау жыныстардың болуы.

Регионалды мұнайгазды комплекстермен ірі мұнайгаз шоғырлары байланысты. Кейбір аймақтарда мұнайгаз шоғырлары ұсақ бір жерде ғана болады. Бұндай шоғырлар эпигенетикалық жаралымды, төменгі мұнайгазды комплекстермен байланысты.

Мұнайгаз жаратушы тау жыныстармен байланысты мұнайгаз комплекстер сиигенетикалық (құрамында мұнай жаратушы тау жыныстары бар) және эпигенетикалық болады, (мұнай мен төменгі қабаттардан миграция арқылы келген).

Мұнайгаз шоғырларының пайда болуына қолайлы формациялар.

Платформа аймағында: құмды –сазды және карбонатты –көне платформалы Каспий маңы ойпаты; құмды –сазды және көмірлі, құмды –сазды глауконитті, карбонатты терригенді – жаңа платформа Туран плитасы; көмірлі ,карбонатты, терригенді – карбонатты, терригенді – туффитты, кремнийлі, моласса, флишты –геосинклтнальды және өткінші аймақтарда (Апшерон).

Геосинклиналь дамуында екі этап бөлінеді. Ороген алды және ороген.

Ороген алдында бассейін тар көтерілістер және терең сулы науаларға бөлінеді. (Қазіргі уақытта ол арал доғалар мен терең сулы науалар). Бұл формацияның типі –флиш.

Флиш деген әртүрлі жасты ойпаттың ортасына қарай еңкіш линзалар. Бара –бара флиш бассейінді жалпы толтырады. Артынан орогенді этапты –молассты формация құрылады.

Молассты формация –полимиктті және кварцты құмтастар алевролиттер және саздар. Қосымша түрде конгломерат, гравелит, мергель, гипс, тұз, көмірлер. Мұнайгазды молассты формация Апшеронның неогенді қабаттары, Батыс –Туркмения мұнайгаз провинцияның қызыл түсті қабаттары.

Өнімді Апшерон қабатты: саз, алевролит, құмтас, гравелитт және конгломераттан құралған қалыңдығы 4000 м. Формацияның қалыңдығы шығысқа Каспий акваторияға қарай ұлғаяды. Фациялды құрамы әртүрлі (аллювиальды, дельта, көл).

Карбонатты формация –қосымша –карбонатты типтерге бөлінеді: терригенді –карбонатты (таяз сулы шельф), кремнийлі –карбонатты (терең сулы шельф), вулканогенді карбонатты (орта теңіз жоталар) субформация болып риф бөлінеді.

Каспий маңы ойпатында С1 –С2 карбонатты формациялар, органогенді ізбестас және доломитты ізбестастары –регионалды мұнайгазды.

Рифогенді субформация D –C түзілімдерінде кездеседі.

Тұзды формация. Бұл аридтты топ тұз жаратушы суаттарда: лагуна, көл, залив, бұғаз. Сульфатты –гипс, ангидрит шығанақ, галитты –гипс галит және калитты формациялар.

Негізгі әдебиет: 2 – [5–45]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай комплекстерді формация деп атайды?

  2. Мұнай-газ шоғырларының пайда болуына қандай формацилар қолайлы?

Дәріс14.Фация мен формация және тектоника.

Шөгінді жиналу жағдайдың әр түрлігі және түзілімдердің сипаттамалары, яғни фациялар екі негізгі себебпен байланысты. Ол климат және тектоникалық режим. Климаттың әсері әр түрлі климатта әр түрлі литогенез типтарының пайда болуымен сипатталады. Ал тектоника, фациалды жағдайды құруымен біргі, бедер құруына әсер тигізеді. Одан басқа жылдамдық және тектоникалық ойыстың амплитудасы шөгінді қабаттардың құрамына және құрылысына әсер тигізеді. Әсіресе тетоникалық әсер, фация сипаттамасына, глабалды масштабта көрінеді.

Н. А. Головинкин шөгінді жиналу жағдайдың өзгеруін теңіздің деңгейінің өзгеруімен байланыстырды. Теңіз деңгейінің өзгеруін вертикальды тектоникалық қозғалыстармен байланыстырды. Ондай өзгерістер теңіздің трансгрессия және регрессиясымен байланысты. Теңіз бассейінің даму тарихында бірнеше цикл дар байқалады. Әр бір циклдың табаны трансгрессиямен байланысты. Трансгрессия тектоникалық қозғалыспен байланысты.

Қималарды бөліктеу және корреляция жасау

Шөгінді қабаттардың циклдарын зерттеу қималардың деталды зерттеунде қолданады. Әр бір цикл өзінің литологиялық, текстуралық және басқа ерекшелерімен бөлінеді. Үсақ циклдер фацияға бөлінеді, ал ірі циклдер формацияға бөлінеді. Анық циклды қабаттар қөмірлі қабаттарда, теңізбен континент аусқан жерде мәлім. Ал континт қабаттарының ішінде және теңіз қабаттарының ішінде циклдарды бөлу анық болмайды. Әр түрлі шөгінді формациялардың цикл құрылысындағы негізгі белгілері.

Көмір құрамды формациялар өте анық циклды құрылысты болады. Төменнен жоғары қарай жүйелегенде: көмір, аргиллит, алевролит, құмтас кейде конгломерат. Ірі циелдардың қалыңдығы 100-250м. Ірі цикл ішінде 8-10 үсақ циклдер болады.

Флишты формация. Терригенді флиште келесі белгілер болады: қабаттастықтардың спаттамасы және мөлшері, гранулометриялық құрамы, механикалық және химялық өнімдердің мөлшері, органикалық заттардың тарауы. Карбонатты флиш келесі белгілермен сипатталады: табанында – конгломерат, брекчия, кесекті ізбестастар, ізбесті құмтастар; ортанңы бөлігінде – көрінбейкристалды ізбестастар, мергельдер, ізбесті саздар; жоғарғы бөлікте – карбонатсыз саздар және аргиллиттер.

Карбонатты формациялардың циклдық құрылысы тау жыныстардың заттық құрамымен, структура-текстуралық ерекшелігімен, фаунаның құрамы мен мөлшерімен ж.б. белгілермен көрсетіледі.

Циклды зерттеуде коллектор және жапқыш тау жыныстардың тарауы. Регионалды сазды және карбонатты-сазды жапқыштар трансгрессиямен байланысты. Мысалы Батыс Сібір плитада юраның сазды жапқыштары максималды трансгрессиямен байланысты. Эвапоритты жапқыштар регрессия мен байланысты. Регионалды мұнай-газ комплекстерде коллектор қабаттары регрессиямен байланысты. Максималды регрессиямен ірі коллектор қабаттары мәлім.

Циклды зерттеуде мұнай-газ аналық тау жыныстардың таралуы. Мұнай-газ пайда болуы шөгінді қабаттардың циклды құрылысымен байланысты. Интенсивты органикалық заттардың жиналып, әр эпохада қайталанып отыруы қимада сапропельды мұнайаналық және гумусты газаналық свиталрдың пайда болуына әсер етеді. Барлық типты мұнайаналық свиталар максималды трансгрессия циклымен байланысты. Газаналық свиталар трансгрессияның бастапқы фазасымен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]