Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Дарис.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.35 Mб
Скачать

Гранулометриялық талдау мәліметтерінің мағынасын ашу және кумулятивты қисықтардың графикалық көрінісін құрау.

Кумулятивты әлде өсу қисықтар құмтасты және алевролитты тау жыныстардың графикалық көрінісін құрауға және петрографиалық коэфициенттерді анықтау үшін пайдаланады. Кумулятивты қисықтармен петрогрпфиялық коэфициенттер анықталады. Олар түйірлердің отрта мөлшері (Мd медиана), сұрыптау коэффициенті (S0) және ассиметрия коэффициенті (Sк).

Түйірлердің орта мөлшері (Md – медиана) – бөліктердің шектес саны. Оларды салыстырғанда белгілі тау жыныс түйірлерінің бір жартысы үсақ, ал екінші жартысы ірі болып келеді. Медиананы анықтау үшін, абсциссасы 50% қисықта орналасқан нүктеден ординатаға перпендикуляр түсіреді. Перпендикулярмен ординатаның қыйлысқан жері медианаға сәйкес болады. Квартильдерде сондай әдіспен анықталады.

Сұрыпталу коэффициенті түйір кесектерінің мөлшері бойынша біртұтастық дәрежесін көрсетеді. Олар квартильдерді қолданып есептелінеді. Бірінші квартиль (Q1) үсақ мөлшерлі түйірлердің салмағы 25 % болып келеді, ал 75% үшінші квартиль (Q3) ірі кесектердің салмағы. Квартильды анықтау үшін абсциссасы 25 және 75% қисықта орналасқан нүктеден ординатаға перпендикуляр түсіреді. Кумулятивты қисық сұреттінде Md =0,15, Q1=0,11, Q3=0,22. Квартильдердің қатынысы сұрыпталу коэффициентін көрсетеді.

S0 = Q3/Q1

Берілген мысалда S0 = 0,22/0,11 = 2. Өте жақсы сұрыпталған түйіршіктердің сұрыпталу коэффициенті 1-ғе тең болады. Кесектер түйірлерінің бір тұтас мөлшерлігі азайған сайын S0 ұлғайады. Жақсы сұрыпталған түйіршіктердің коэффициенті 1-ден 2,5-ке дейін, орта сұрыпталған түйіршіктердің S0 = 2,5 -4,5, сұрыпталуы нашар бөліктердің S0 >4,5

Негізгі әдебиет: 6 – [251–273], [126–129]

Бақылау сұрақтары:

  1. Литофациалды карталарды құру принципптері?

  2. Палеогеографиялық картаның мұнай-газ іздеудегі маңызы?

  3. Гранулометриалық талдаудың маңызы?

Дәріс 13. Формация туралы түсінік.

Фация –негізінде палеогеографиялық және палеогеоморфологиялық түсінім.

Формация –тектоникалық түсінім, себебі ол айқын структурамен байланысты, яғни регионалды структуралармен.

Геотектоникалық режим бойынша платформалық, өткінші, геосинклиналды формациялар бөлінеді.

Климат шарты бойынша –аридты гумидты формациялар бөлінеді. Құрамының ерекшелігі бойынша: көмірлі, эвопаритті, карбонатты т.б.формацияларға бөлінеді. Түсі бойынша: қызыл түсті, сұр түсті құрылысының ерекшелігі бойынша: филиты, малоссты.т.б. Фация мен формацияның арасында шекара көбінесе бөлінбейді. Мысалы, карбонатты фация, карбонатты формация.

Америка әдебиетінде “формация” ірі стратиграфиялық бөліктерді көрсету үшін қолданылады, ол біздің түсінігіміз бойынша свитаға жатады. Формация түсінімінің ең көп таралған анықтамалары.

Н. С. Шатскийдің анықтамасы бойынша: формация бір –бірімен латериалды және вертикальды байланыс тау жыныстардың комплекстары.

Л. Б. Рухин: формация жер қабатының ірі аймағындағы, айқын тектоникалық режимдегі фацияның генетикалық жиынтығы.

Н. М. Страхов: шөгінді формация ол шөгінді жыныстардың қалың қабатты, ол көп уақытқа созылған физико –географиялық жағдайды және тектоникалық режимді көрсетеді.

Хайн формация –Айқын тектоникалық жағдайдағы лиофациялардың парагенетикалық жиынтығы.

Жоғары айтқандардың қорытындысы бойынша: Айқын тектоникалық және палеогеграфиялық жағдайда пайда болған ірі геологиялық дене.

Стратиграфиялық көлемі бойынша формация ярус, отдел әлде бірнеше отдел, не ярустың бөлігіне сәйкес.

Сонымен формация тұрақты тектоникалық және климаттық жағдайда пайда болған әр түрлі фацияның комплексі.

Формаияның атауы тау жыныстардың құрамы және физико –географиялық жағдайы бойынша беріледі. Мысалы: ашық шельфтың карбонатты формацияның терригенді –қызыл түсті филитты формасы континентальды молассты формация т.б.

Көмірсутекті шөгінді формациялар олардың құрамы бойынша аталады. Құрамында көмірсутекті бар шөгінді формация, оның типіне байланысы былай аталады: мұнайды формация, газды әлде битуминозды, көмірлі, тұзды формациялар деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]