Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Дарис.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.35 Mб
Скачать

Литофациалды карталарды құру принциптері, олардың мұнай-газ іздеудегі маңызы.

Фациалды талдаудың қортынысы литофациалды және палеогеографиялық карта құру. Оларды құру үшін алдымен фактігі (негіделген) материал картаны құру қажет. Содан кейін литологиялық колонка құру және литофациалды профиль жасау қажет.

1. Фактігі материал картасы. Картада ұңғымалардың сол жағына литологиялық белгілермен және фауна мен флора табылған орындарымен ұңғыма колонкалары салынады. Фактілік карта, палеогеографиалық картаны күрделетпеу үшін, бөлек карта болып салынады.

2. Литологиялдық колонка. Литофациалдық колонканың стратиграфиялық колонкадан айырмашылығы, шөгінділердің жиналу жағдайын стратиграфиялық колонканың қатарында көрсетеді, одан басқа колонкада қабаттастық типтерді, гранулометриялық құрамды, конкрецияларды және басқа белгілерді көрсету қажет.

3. Литофациалды профиль. Жеткілікті материалы бар қыйылыс алынып, әдеттегі геологиялық профиль құрылады.

4. Фациалды карта құру. Фациалды деп бір жасты түзілімдердің өзара байланыстығын көрсететін карта. Фациалды карта тау жыныстардың литологиялық құрамымен және айқын генетикалық белгілермен байланысты. Сондықтан палеогеграфиялық картаны құрудың негізі болып келеді.

1ші этап. Литологиялық картада тау жыныстардың әр түрлі типтері көрсетіледі.

2ші этап. Егер литолгиялық айқын стратиграфиялық горизонтқа құралса ол литофациалды карта болып шығады. Әр бөлек өнім пласттарға салынған деталды литофациалды карталар, кен орынның рационалды өнімдеу жобасын істеуге мүмкіндік береді. Себебі фациалды талдау көне физико-географиялық жағдайды қайта құру әдісі. Фациалды талдаумен мұнай-газ кен орындарын болжауға мүмкіншілік туады.

3ші этап. Егер литофациалды картада тау жыныстардың жаралу жағдайы көрсетілсе, ол карта фациалды карта болып аталады.

Әр бір стратиграфиялық горизонттарға бірнеше фациалды карталар жасалынады (ярус, ярусасты, отдел, система).

5. Палеогеографиалық карта құру. Бұл картаның негізгі тағайындауы алаңда айқын уақыт бөлігінің физико географиалық жағдайының тарауын көрсету. Тау жыныстардың типын көрсету қажет емес. Палеогеографиялық шартты белгілерді әр түсті бояумен, сол жағдайлы алаңда, көрсетеді.

Палеогеографиялық картаның мұнай-газ іздеудегі маңызы.

Палеогеографиалық карталар мұнай-газ аналық тау жыныстардың таралу аймақтарын, коллектор және жапқыш түзілімдердің қолайлы жағдаын табу, және тау жыныс –коллекторлардың стратиграфиялық және литологиялық сынылуын көрсету ұшін жасалады. Палеогеографиялық карталар негізгі геологиялық документ болып саналады. Осы карталармен мұнай-газды аймақтар көрсетіліп, барлау жұмыстардың перспективты план дары жасалады. Структурлы элементтердің тарих дамуын зертеудегі негізгі материал палеогеографиалық карта болып табылады. Палеогеографиялық карталар жапқыштардың анық картасын, тау жыныстардың кеуектік және өткізділікшілік картасын, структуралы емес терригенді бар, дуал карталарын және карбонатты құрылыстар (риф, биогерм, биостром ж. б. ) картасын құруға себебін көрсетеді. Үсақ масштабты палеогеографиялық картадан ірі масштабты детальды картаны құру ұшін структурлы-фациалды зоналарды бөлу, детальды терең литологиялық зерттеулер және кәсіпшілік-геофизикалық мәліметтердін деталды интерпретациясы жасау қажет. Түзілімдердің литологиялық құрамы қара штрих шартты белгілермен, ал палеогеографиялық жағдай түсті белгілермен көрсетілінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]