Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Дарис.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.35 Mб
Скачать

Абиссалды фация

Абиссалды түзілімдер кәзіргі дәуірде жер шарының 56 пайызын алады. Мұхит түбінің 75 пайызын алады.

Материктен алыс болғандықтан, абиссалды аймаққа шөгінді зат құрлықтан дерлік келмейді. Кәзіргі уақытта абиссалды аймақта қызыл-терең сулы саздар, ізбесті және кремнийлі органогенді саздар және вулканогенді түзілімдер мәлім. Шөгінді жиналу уақыты өте төмен, фациялды өзгерістер маңызсыз, қазынды түрде абиссалды түзілімдер дерлік кездеспейді. Себебі: біріншіден, платформа ішінде үлкен (мыңдаған метр) тереңдік болмаған, тек қана таяз сулы теңіздер болған. Геосинклинальді аймақтарда (шовная зона) 3-5 км тереңдік болған. Олар тар - терең сулы науалар болған. (Кәзіргі мұхиттардың абиссалды аймақтары кең). Науаның жағасында таулы аралдар түзілген. Бұл жерде офиолиттер мен кремнийлі тау жыныстар кездеседі. Екіншіден, кәзіргі уақытпен салыстырғанда абиссал аймақтың шөгінді жиналу жылдамдығы төмен. Мұхиттық қыртыст спрединг зонадан субдукция зонаға жылжып отырады. Шөгінді жиналу жылдамдығы мен мұхиттық қыртыстың жылжу жылдамдығы дерлік бірдей (1 мм жылына). Сондықтан 3 млрд жылдық борпылдақ шөгінді 100-1000 м қалыңдықпен сипатталады. Мұхит түбі әр түрлі абиссал жазықтармен бірге - терең сулы науалар, орталық мұхиттық жоталар және бөлек таулар аралдармен құрылады.

Абиссалды түзілімдер екі негізгі түрмен ерекшеленеді: пелогенді және органогенді. Одан басқа вулканогенді және терең сулы науалар түзілімдері мәлім.

1) Пелогенді қызыл терең - сулы саздар, темір, марганец конкрецияларымен бірге.

2) Органогенді – ізбесті және кремнийлі саздар.

3) Вулканогенді түзілімдер - темір, марганец, мыс, мырыш, қорғасын, сирек металдар колчеданды кенді заттармен, кремнийлі яшма, офиолиттермен бірге кездеседі.

4) Терең сулы науалар түзілімдері.

Органогенді ізбесті және кремнийлі саздар Атлантика мұхитінің 60 пайызын алады, тереңдігі 2-3 км. Ізбесті саздар фораминифералы, көбінесе глобигиринді, кейде птероподты және кокколитті. Кремнийлі саздар орталық мұхит жоталардың маңайында радиолярийлі және диатомитті шөгінділерден құралған. Органикалық ізбесті саздардың құрамына 50 пайыз қызыл саз кіреді.

Қызыл - терең сулы саздар терең мұхиттың 50 пайызын алады тереңдігі шамасы 5000м. Бұл тереңдік карбонаттардың компенсациялық тереңдігінен төмен орналасқан. Қызыл саздар – қою немесе ашық қоңыр саздар, кейде қызыл шөгінділер. Құрамындағы гидрослюда, алевритті саздар континенттен әкелінген, монтмориллонит - су асты вулканды зат (Mn-5%, Fe- 5-10%). Қосымша түрде қызыл саздарда: биогенді материалдар (радиолярий, акуланың тістері), кіші элементтер (Co, Ni, Cu, Pb, Mo ), космостан әкелінген темірлі, никельді заттар. Қызыл саздардың үстінде темір, марганец конкрециялардың алаңдары жиі кездеседі.

Темір, марганец конкрециялары Тынық және Үнді мұхиттің 50 пайызын алып жатыр. Бұл өте ірі қор, жүздеген миллиард тонна, бірақ ондай тереңдіктен өндіру әдісі әлі табылған жоқ. Қызыл саздардың жиналу жылдамдығы өте төмен (1мм /1000 жыл). 4-5 км тереңдіктен жоғары қызыл және фораминиферлі ізбесті саздар ауысып отырады. Бірақ олардың құрамында 50 пайызға дейін қызыл саздар бар.

Вулканогенді түзілімдер. Вулканды әрекет мұхит түбінде өте көп тараған. Бірақ, зерттеу өте қиынға түседі. Кәзіргі уақытта 850-ге жуық вулкандар мәлім. Соның ішінде 62 пайызы Тынық мұхитта, 14 пайызы Үнді мұхитта, 4 пайызы Жер орта теңіздерінде, континентте 3 пайыз, қалған 17 пайызы мұхиттардың орталық аймақтарында орналасқан, бірақ оның азғана бөлігі мәлім. Тынық мұхиттің орталық бөлігінде 400-ге жуық вулканды аралдар мәлім. (Су үстінде). Үнді мұхиттің аймағында вулканды конустар көп тараған.

Вулкандар екі типті құрылыммен байланысты: 1. мұхит шетіндегі арал доғалар; 2. орталық мұхит жоталар. Бұл екі типтің вулкандық әрекеті әр түрлі.

Арал доғалардың вулканды жыныстары негізді, орта және қышқыл, көбінесе орта андезитті, базальтті, эффузивті, магмалық жыныстардан құралған. Бұл жерде пирокласты күлдер өте көп шығарылады (95 пайызға дейін), эффузивті лава 5 пайызға дейін.

Ал орталық мұхит жоталардың вулканогенді жыныстары базальтті лавадан құралған. Пирокласты материалдар 1-3 пайыз, эффузивті лава 97 пайыз. Атлантика мұхитінің орталық жотасынан тау жыныстар алынған. Құрамы негізді және ультра негізді. Бұл тау жыныстар офиолитті ассоциацияны құрады. Офиолитті ассоциация дегеніміз көне мұхиттық қыртысқа ұқсас метаморфталған, ультранегізді, негізді құрамды денелер. Офиолитті ассоциацияның үстіңгі жағында вулканогенді негізді құрамды (пилоу лава) болып құралған базальттар. Төменгі жағы негізді және ультранегізді магмалық тау жыныстар. Су асты вулкандық әрекет (субмаринді вулкандық) жер қойнауынан континенттік вулкандықпен салыстырғанда едәуір көп материал шығарады. Субмаринді вулкандармен колчеданды кен орындар байланысты. Мысалы: Алтай, Мұғалжар; Орталық Қазақстанда Акбақай, Құсмұрын, Майқайың. Колчеданды кен орындар: алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, хромит, титан, темір, сирек металдар және яшма, тальк, асбест.

Қазынды түрде абиссалды түзілімдер Кипр аралында офиолитті массив Троодостың (Тетис мұхитінің түбі) үстінде темір, марганец металдарымен байыған аргиллиттер. Қазақстандағы офиолитті массивтердің үстінде шөгінді түзілімдер байқалмайды.

Мұхиттің терең сулы науалары арал доғалардың бойымен орналасады. Кәзіргі уақытта 26 терең сулы науалар мәлім. Соның ішінде 21 – Тынық мұхитта, 4 – Атлантика мұхитта, 1 – Үнді мұхитта. Ең терең нау Мариан науасы тереңлігі 11км. Кейбір науаларды бұрынғы геосинклинальдардың аналогы деп санайды. Егер солай болса олардың түзілімдері кәзіргі геосинклинальдардың түзіліміне үқсас болу керек. Кәзіргі терең сулы науалардың құрамында карбонатсыз кремнийлы алевролитты саздар және саздар, тығыздалған сазды койтастар, вулканогенді материал мәлім. Қабаттастықтың күрделі бұзылғаны байқалады.

Негізгі әдебиеттер: 4 – [167–184], 6 –[172–178]

Бақылау сұрақтары:

  1. Батиалды фация теңіздің қай бөлігін сипаттайды?

  2. Абиссалды аймақ қандай түзідімдермен сипатталады?

Дәріс 11.Өткінші фация

Бұл топқа дельта, эстуарий мен лимандар және лагуна фациясы жатады. Бұл шөгінділердің құрамына құрлықтың, теңіздің әсері тиеді. Өткінші фацияның көлемі жер шарының 2 пайызын алады. Алайда өте аз таралғанымен геологиялық маңызы өте жоғары. Қазынды түрде өткінші фацияның қалыңдығы бірнеше жүздеген метрден бірнеше километрге дейін жетеді. Жалпы өткінші фацияның ерекшеліктері: қимада құрамының әр түрлілігі, алаңының көлемі тұрақсыз, ағзалар дамуында жәндіктер де, өсімдіктер де қатысады, яғни түзілімдер күрделі комплекстерден құралады. Дельта және лагуна түзілімдері қалың қабаттарды сирек құрайды. Әдетте олар горизонтальды және вертикальды бағыттарда өзгеріп отырады, себебі тынық лагуна мен тасқынды мұхит жағасы қатар орналасуы жиі кездеседі. Өткінші фацияның құрамында көбінесе кесекті және сазды шөгінділер таралған.Себебі осы зонада, континентен әкелінген кесектер, интенсивты шөгінеді. Хемогенді және биогенді түзілімдерде кездеседі, бірақ мөлшерін салыстырғанда олардың маңызы өте төмен.

Дельта фациясы

Дельта фациясы өзеннің теңізге құйылған жерінде пайда болады. Бұл теңізден тартып алынған құрлықтың бөлігі. Дельта құрылу үшін тектоникалық режим, шығарылатын заттың өлшемі, климаттың әсері тиеді.

1. Егер шығарылатын заттың мөлшері көп болып, тектоникалық төмен түсу баяу болса немесе жоғары көтерілу жылдам болса, тез дамитын дельта пайда болады. Мысалы: Еділ дельтасы. (Нилл, Мисс, Ганг, Брахманул)

2. Егер тектоникалық төмен түсу едәуір болып, шөгінділермен орны толатын болса, тұрақты дельта пайда болады. Мысалы: Жайық дельтасы.

3. Егер тектоникалық төмен түсу едәуір болып, шөгінділер орнын толтыра алмаса, (әкелінетін шөгіндінің мөлшері төмен) эстуарий, әлде лиман пайда болады. Гумидті климатта дельтада торф, артынан көмір пайда болады. Ал аритті климатта терригенді және карбонатты шөгінділер пайда болады.

Дельта аймағында төрт зона бөлінеді:

1.Су үсті (субэральная) дельталы жазық. Дельтаның өзі.

2. Құйылу алдындағы теңіз жағалауы (авандельта)

3. Құлау беткейі.

4. Терең бөлігі

1.Су үсті (субэральная) дельталы жазық. төмен аралдардан, оларды бөлетін тармақтардан, көл, батпақтардан құралады. Шөгінді жиналу континентальды жағыдайда өтіп жатады, бірақ уақытша қатты жел әсерінен кейде қайта құйылу әсерінен бұл жерге теңіз суы келеді, онымен бірге теңіз фаунасы және теңізде жаралатын минералдар пайда болады.

2.Құйылу алдындағы теңіз жағалауы (авандельта) бұл өте таяз, дерлік жазық, су астындағы кеңістік. Тереңдігі бірнеше сантиметр. Авандельта жағадан бірнеше километрге созылады. Бұл жерге өзенмен әкелінген су үсті дельталы жазыққа шөгініп үлгермеген заттар шөгінеді. Авандельтада өзен мен әкелінген заттардың едәур бөлігі шөгінеді. Себебі теңіз суымен кездескенде өзен суының ағу жылдамдығы кенет азайып, әкелінген материалдың жылжу қабілеті жоғалып, шөгіне бастайды. Авандельта толған соң субаэральды дельта жазығы ұлғаяды.

3.Құлау беткейі. Бұл шөгіну жылдамдығы азайған жер. Құлау беткей зонада су тұзды бола бастайды, сондықтан теңіз ағзалары дамый бастайды. Тереңдік он шақты кейде жүз шақты метрге дейін болады. Шөгінді жиналу тынық жағдайда өткендіктен, жұқа горизонтальды қабаттастық пайда болады. Бірақ кейде түпті ағындарлар әсерінен қиғаш қабаттастықта кездеседі.

4.Терең бөлікте дельталық шөгінділер азаяды.

Дельталық түзілімдердің ерекшеліктері: олардың көп фациялдығы. Бұл жерде аллювиалды, көл, батпақ, теңіздің жағалау шөгінділері бір-бірімен жиі алмасып отырады. Континент жағы аллювиалды-көлді, теңіз жағы жағалау фация.

Дельта түзілімдердің коллекторлық қасиеті қимада да, алаңда да өзгеріп отырады. Дельтаның құрлық жағында коллекторлы түзілімдер арна, тармақты түзілімділер, ал су асты коллекторлар-жағажай, құмды дуал, бардың түзілімдері.

Кенет фациялды өзгеріс көптеген литологиялық тұтқыштарды құрайды. Мысалы: Прадо-Бей-Аляскада , Техаста - Порт Артур, Волга-Орал мұнайгаз провинцияда және Оңтүстік Маңғыстауда (Жетібай 13 горизонт, Өзен 28 горизонт) жолақ құмды зоналар.

Дельта фациясы – мұнайаналық тау жыныстардың түзілуіне өте қолайлы. Себебі: тұщы су мен тұзды су араласқанда көптеген планктон апатқа ұшырайды. Басқа жәндік және өсімдік ағзалар өте көп дамиды. Дельтаның ағзалығы 20 есе көп. Шөгіну жылдамдығы өте жоғары болғандықтан, ағзалар көмілуі де өте жоғары.

Қазынды дельталық шөгінділер өте ірі аймақты алады. Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің бұрынғы дельталары Ұлы Қытай жазықтарын құрайды. Бенгальді дельта 80-100 мың км³. алаңды алады, қалыңдығы 150-300м. Миссисипи және Волга дельталарының қалыңдығы 14м.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]