- •Фациялдық талдауға теңіз организмдердің мағынасы.
- •Нормалды емес – Түшшы және түзды теңіздердің түзілмдері
- •Теңіз организмдердің өміріне тұздылықтың байланысы.
- •Жағалау фация арасындағы жағажай түзілімдері.
- •Карбонатты шөгінді жиналу.
- •Абиссалды фация
- •Эстуарий және лиман фациялары.
- •Литофациалды карталарды құру принциптері, олардың мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Палеогеографиялық картаның мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Гранулометриялық талдау мәліметтерінің мағынасын ашу және кумулятивты қисықтардың графикалық көрінісін құрау.
- •Мұнайгазды формациялар.
- •Оңтүстік-Торғай ойпатының мұнай-газ формациялары.
Карбонатты шөгінді жиналу.
Карбонатты түзілімдер ізбестас, доломитпен құрылған, негізгі карбонатты шөгінділер органогенді ізбестастар болып табылады. Органогенді- кесекті, рифогенді, оолитті ізбестастар өте кең таралған. Тау жыныстардың текстурасы таңдақты, органогенді, горизонтальды, тоқынды болып келеді. Таяз сулы шельф түбі ойпат көтерілісті курделі болады, бірақ жалпы теңізге қарай еңкіш 30м ден 100м ге дейін.
Бұл зонада әр түрлі бентос өте жиі орналасқан: жоғары және дара клеткалы балдырлар, рифқұрғыш коралл, губкалар. Әр типті терригенді, терригенді-карбонатты және хемогенді шөгінділер қалыптасады.
Жаға сызығы орнын бірнеше қайта ауыстырғаннан шельф зонаның ені біргеше км-ге дейін болады (қазынды түрде). Терригенді өнімдер, ірі аймақта орын алып ұсақ және орта түйірлі құмтас, алевролиттен құрылады.
Сазды жыныстар сирек кездеседі. Карбонатты жыныстар ізбестас және доломиттен құралған. Органогенді сынықты, рифогенді және оолитті ізбестастар кең таралған.
Таяз сулы шельф бөлігі мұнай сыйғыш жыныстарды құрайды, әсіресе рифтар.
Рифогенді массивтер
Риф деп теңіз үстіне шығып тұратын, әлде дерлік шығып тұратын, тік әлде вертикальды баурайлы массивті денені атайды. Риф тек жылы жерде субтропик және тропик климатта пайда болады және риф пайда болу үшін құзды тірек қажет. Риф пайда болу процессі төмен түсетін тектоникалық қозғалыс жағдайында пайда болады. Жер төмен түскен сайын риф жоғары жарыққа қарай өсе береді.
Риф құрғыш ағзаларға коралл, мшанка, балдыр және басқалары жатады.Кораллдар нормалды тұзды теңіздерде, орта жылдық температурасы 23 –250, тереңдігі 10-50м жерде дамиды және коралдардың жаппай дамуы үшін теригенді зат дерлік болмау керек. Басқа риф құрғыш ағзалар ізбесті балдырдар, мшанкалар, серпулдар теңіздің тұздылығынан және теңіздің температурасынан тәуельділік болмайды. Олар төмен тұзды теңңіздерде және тропикалық емес климаттарда дами береді. Рифогенді зонаның органикалық әлемі өте бай. Әсіресе Үнді және Тынық мұхиттардың шельфті зонасында 700 ге жуық риф құрғыш кораллдардың түрі мәлім. Әрбір келесі ұрпақ өлген ұрпаққа бекітіліп отырады. Солай 5-40 м тереңдікте риф өсеіп отырады. Кейде рифтер үлкен тереңдікте болады. Ол төмен түсетін тектоникалық жағдайда байқалады. Рифтың мөлшері әртүрлі болады. Биіктігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін, ұзындығы жүздеген километрге дейін болады.
Органогенды құрылыстар: а) биостром, б) бигерм, в) симметриалы риф, г) асимметиалы риф.
Пайда болу жағдайы және құрамы бойынша риф төрт түрге бөлінеді.
Жағалы
Алаңды, ауданды.
Барьерлы
Атолл
Жағалы риф – жағадан 10 шақты метр жерде, таяз суда пайда болады. Қызыл теңіздің жағалы рифін айтуға болады.
Алаңды риф – ірі жайнақ ауданды алады. Малайский архипелагтың кең аймақты рифін жатқызуға болады.
Барьерлі риф ірі таяз сулы жердің терең сулы жермен ауысқан зонада, тік баурайлы теңіз түбінде ұзақ уақытта қалыптасады. Барьерлі рифтің теңіз жағасы жағында таяз сулы лагуна пайда болады, ашық теңіз жағында кесекті, риф алды, ізбестастар құралған.
Атолл – планда бөлек-бөлек аралдардың сақина түрінде ашық мұхитта орналасуын атолл деп атайды. Сақинаның ішінде лагуна таяз сулы болып келеді.
Барьер мен атолл теңіз түбі баяу төмен түсетін тектоникалық жағдайда пайда болады, себебі сондай жағдайда ағзалар өсуге үлгереді. Осыны алғаш рет Ч. Дарвин дәлелдеген. Қазіргі рифттердің қалыңдығы 100 шақты метр, ал қазбалы рифттердің қалыңдығы мыңнан астам метр.
Карбонатты түзілімдер жоғары классты мұнай-газ коллекторы болып келеді, әсіресе риф массивтері жоғары гидродинамикалық ортада пайда болған. Бұл құрылыстардың коллекторлары кавернды-кеуекті және кеуекті болады.Өтімділігі 1мкм2 , кеуектігі 25-35%. Гидродинамикалық режим ортасы жоғары емес орташа болса, теңіздердің карбонатты түзілімдерінде кеуекті коллекторлар пайда болады. Кеуекті коллекторлардың өтімділігі 0,5мкм2 , кеуектілігі 17-25%.
Негізгі әдебиет: 2 –[51–60], 4 – [129–144], 5 –[259– 270], 6 – [163–165]
Бақылау сұрақтары:
Теңіздіің шельф бөлігінде қандай шартта терригенді түзілімдер жиналады?
Қандай шартта карбонатты платформалар пайда болады?
Қандай геологиялық денелерді риф деп атайды?
Атолл деген не?
Дәріс 7. Органогенді риф массивтердің құрамы мен құрылысы.
1. Остов сүйеніш – бекітілген ағзалардың қаңқасынан құралған. Бұл сүйеніштің үстінде теңіз ағзалары және өсімдіктер мол дамиды: балдырлар, моллюска, устрица, гастроподы, фораминиферы, иглокожие, губкалар және т.б.
2. Сыртқы бауырай - Бұл жерде теңіздің толқын шарпыны көп әсер тигізеді. Толқын ірі кесектерді қиратып үгеді, сондықтан сынықты ізбестастар пайда болады.
3. Ішкі лагунада ұсақ түйірлі өнімдер жиналады. Ізбесті лай, сазды және сазды құмды шөгінділер.
Биостром – линза әлде пласт тәрізді.Қазынды түрде қасындағы бір жасты тау жыныстардан қалыңдығы дерлік аспайды.
Банка – массивті тегіс дене теңіз түбінде көтеріңкі. Судың қозғалысынан жиналған өнімдері: моллюска, брахиопода қабаршақтары, су асты барьер және таязды құрайды. Банка құмды, кораллды, қабыршақты т.б. болады.
Сонымен таяз сулы теңіз түзілімдері шельф бөлігінің таяз сулы фациясын құрайды. Бұл жер қалың және ұзаққа созылған терригенді және карбонатты коллекторлардың шоғырлану орны болып келеді. Жоғары класс коллекторы.
Карбонатты коллекторлардың ішінде ең маңыздысы – рифты тау жыныстары. Бұл жерде қалыптасатын коллекторлар кавернды-кеуекті және кеуекті, кеуцектілігі 25-30 %. Сазды түзілімдерден, ұсақ-сулы, теңіз фациясында, жапқыш тау жыныстарда қалыптасады, бірақ олардың арасында құмды алевритті қосымдар кездеседі.Жағалау фациямен салыстырғанда таяз-сулы фацияда органикалық заттар көбірек болады.
Қазіргі кораллды рифттер: Тынық және Үнді мұхиттарында көп тараған. Атлантика жағасында Орта Америкада рифты құрылыстар мәлім Бірақ Атлантика жағасының риф құрғыш ағзаларының түрі аз 35 түр. Ал Тынық және Үнді мұхиттарының ағзалардың 700 түрі кездеседі.
Карбонатты күмбездердің пайда болу механизмы.
Теңіз деңгейіне жеткен органогенді құрылыстар риф деп аталады. Кәзіргі органогенді құрылыстардың көбі кораллдардан құрылған. Бұлар қаңқалары ізбесті теңіздің колониальды ағзалары. Колниальды кораллдардың келесі ұрпақтары өлген ұрпақтардың үстіне бекітіледі. Осылай тек қана жоғарғы жағы өмірлі колониялар пайда болады. Кораллдар пайда болу үшін айқын шарттар болу керек: құзды түб, нориалды тұздылық, тереңдік 5-40м. Кейбір кораллды құрылыстар өте терең жерде кездеседі. Ол кораллдардың өсуі теңіздің төмен түсуімен бірге байланысты.
Риф ірі, теңіздің үстінен көтеріліп тұратын массифты дене. Рифтың табанында микритпен бірге вакстоун құралады. Микрит деген жұқа түйірлі карбонатты саз. Карбонатты саз жасыл балдырдың қалдықтарынан пайда болады. Микриттың құрамында 10% ағзалардың қаңқасы болса – вакстоун деп аталады. Егер вакстоун каркасты болса пакстоун деп аталады.
Боунстоун (bound –бірктіретін) каркас құрайтын коралл, мшанка, пелецепода, криноидея, брахиопода, фораминифер және басқа ағзалардың қаңқасынан құралған. Каркас толқынға тұрақты мықты жартас. Кейде теңіздің үстіне шығып турады. Вакстоунның үстіне бафлстоун құралады. Бафлстоун (bafl –ағын кетіремін) Вакстоунның үстіндегі балдыр ағынды келтірмей микритті жинайды, солай рифтың табанында күмбез құрылады. Бафлстоун күмбездің ең ірі қабаты. Теңіздің толқынына жеткенде бафлстоунның үстіне каркас құраушы ағзалар өсе бастайды. Солай рифтың үстінгі қабаты боунстоун құралады.
Егер тектоникалық төмен түсу жағыдай болса, боунстоун бірнеше 100м. кейде 1000м. ге дейін өседі. Әр өлген қатардың үстіне, теңіз қыртысы түскен сайын, жәңа ағзалар жабысып жоғары қарай өсе береді.
Осылайша рифтер 5 – 40 м. тереңдікте өсе бастайды. Риф ірі, теңіздің үстінен көтеріліп тұратын массифты дене. Ірі риф пайда болу үшін тектоникалық төмен түсу жағдай болу керек. Мысалы барьерлі рифтер.
Таяз сулы шельфте тропикалық және субтропикалық климатта карбонатты ағзалар өте көп дамиды, себебі жылы, жарық, оттегісі, энергиясы көп жер. Литораль және таяз сулы шельфты карбонатты фабрика деп атайды. Тектоникалық төмен түсу жағдайда, шельф үлғая берген сайын, карбонатты түзілімдер ұлғайып, карбонатты платформаны құрады. Рифтың теңңіз жаққа қараған баурайы тік болып келеді, оның етегі толқынмен қираған органогенді кесектерден түрады. Рифтың жағаға қараған баурайында лагуна пайда болады.
Көне және кәзіргі шельфты карбонатты платформалар органогенді құрыстармен шеттеледі.Уилсон деген ғалым риф зерттеуші мамандарға келесі терминдерді үсынды. Карбонатты құрылыстар – органогенді локальды, сол жердің карбонатты шөгінділерінен пайда болған, оң бедерлі денелер.
Күмбез – планда элипсоидты және изометриалы құрылыс.
Риф шыны – конус тәрізді, тік баурайлы күмбез.
Уилсон шеткі карбонатты плпатформаның ұш түрін бөлді.
Бірінші тип шельф баурайымен төмен түсетін органогенді құрылыс. Бұл құрылыстың құрамында карбонатты саздар және органогенді детрит. Оны ұстап қалатын ағзалар губка, балдыр, мшанка, криноидея. Бірінші тип тынық теңіздерде дамыйды.
Екінші тип каркасты дөңесті рифтер шельфтің жазық баурайында орналасады. Құрылыстың ағзалары коралл, губка, страмотолиттпен көрсетіледі. Бұндай рифтер Мексика шығанағында мәлім. Екінші тип тынық және баяу толқынды теңіздерле дамыйды.
Үшінші тип жоталы каркасты рифтер, теңіз деңгейінен жоғары шығып түратын, тоқын энергиясы өте жоғары зонада дамыйды. Бұл рифтер барьерлі, жағалы типты болады. Риф бойымен экологиялы белдеуді жылы және жарық жерде ғана дамыйтын алты сәулелі кораллдар өседі және онымен бірге моллюска, теңіз кірпі, балдырлар және фораминиферлер дамыйды. Теңізге қараған риф баурайы толқынмен бұзылған кесектерден құрылған. Шеткі құмды түзілімдер ізбесті балдырдың кесектерінен құралған, кораллдың қаңқасынан құмдар пайда болмайды.
Негізгі әдебиет: 4 – [155–166], 5 – [259–262], 6 – 165–171]
Бақылау сұрақтары:
Қандай тау жыныстар микритке жатады?
Қандай тау жыныстар боунстоунға жатады?
Қандай тау жыныстар вакстоунға жатады?
Қандай тау жыныстар пакстоунға жатады?
Дәріс 8. Карбонатты жыныстардың стратиграфиялық орны.
Карбонатты жыныстар биохимиялық тұңбалардан сулы бассейнде шөгінеді
(in siti – сол жерде) басқа жақтан әкелінбеген автохтонды шөгінділерге жатады. Карбонатты жыныстар шельфтың беткейінде беткеймен төмен қарай түзіледі. Карбонатты беткейді ( ramp) римды зона деп атайды. Бастапқы этапта жоғары энергиялы зона, сонымен қатар органогенді карбонатты жыныстар, жағаға жақын орналасады. Бірақ трангрессия онымен қатар тектоникалық төмен түсу жағдайда, карбонатты беткей жағадан алыс кете бастайдыда ұлғаайа береді. солай ірі карбонатты түзілімдер – карбонатты платформа құрылады. Осы ірі карбонатты түзілімдердің ішінде тоғыз стандартты белдеулерді Уилсон деген ғалым бөлген: 1) бассейн, 2)ашық теңіздің шельфы, 3) шельфтің терең жатқан шеті, 4) алдыңғы беткей, 5) биогермді құрылыстар, 6) шайылған құмды құрылыстар , 7) шельфты лагуна – ашық лагуна, 8) жабық лагуна, 9) эвапориттер.
1-ші белдеу – Бассейн. Бұл жерде шельфтен әкелінген аллохтонды тұңба тасқындары – ізбесті турбидиттер. Жер сілкінген кезде пайда болатын ірі қалың кесекті карбонатты тасқындар материалымен терең сулы планктонды карбонатты материалмен араласып түзіледі.
2-ші бельдеу – Ашық теңіздің шельфы. Бұл терең сулы карбонатты және сазды седиментация. Шөгінді затттар біркелкі үсақ түйірлі.
3-ші бельдеу – Бассейіннің шеті, әлде шельфтің терең сулы фациясы. Карбонатты шельфтың шеті планктонды ағзалардан және үсақ детриттен құралған. Бұл жерде жұқа қабатты турбидиттер және карбонатты сазды көтерілістер пайда болады.
4-ші бельдеу – Карбонатты беткей. Беткейдің құлау бағыты 300. Беткейдің құрамында карбонатты кесектер, карбонатты саздар, карбонатты құмдар, брекчиялар.
5-ші бельдеу – Органогенді риф. Платформаның шеті. Төменгі жағында микритты күмбездер, үстінде боунстоун – каркасты құрылыстар. Карбонатты жыныстардың құрамында массивты ізбестастар, доломиттер, кей жерде жаппай ізбесті ағзалардың қаңқасы. Структурасы органогенді, органогенді-кесекті, кристалды. Текстурасы шомбал-каркасты. Ағзалар: коралл, брахиопода, криноидей, мшанка т. б.
6-ші бельдеу – Су асты платформаның жуылған құмдары. Құмдар жағажай, су асты дуал, дөн және басқа аккумулятифты денелерді құрайды. (5 –10м. тереңдікте жиналады).
7-ші бельдеу – Ашық теңіз лагунасы. Бұл зонаның тереңдігі бірнеше метрден он шақты метрге дейін. Шөгінділердің құрамында көбінесе ізбесті саздар. Қосымша түрде ізбесті құмдар, ағзалардың қалдықтары – детрит. Структурасы пелитті, текстурасы қабатты, фаунасы губка, моллюска, фораминифер, балдырдар.
8-ші бельдеу – Теңізден бөлінген лагуна. Бұндай лагунаның тұздылығы көбейеді, құрамында ізбесті саздар, литокласты шөгінділер, карбонатты кесектер. Структурасы әр түрлі: пелитті, псаммитті, псефитті. Текстурасы қабатты. Ағзалары: фораминифер, гастропода, остракода.
9-ші бельдеу – Эвапориттер. Құрамында гипс, ангидрит, карбонаттар.
Рифогенді массивтердің геологиялық түзілімдерде кездесуі. Ең көне биогермді құрылыстар PR . Орта протерозой Карелияда мәлім. Колониальды риф құрғыш страматолитті денелер. Сібір платформасында рефейді түзілімдерде – биогерм страмотолиттер мәлім. Кембрийде карбонатты жыныстарды – биогермді құрылыс архиацаттардан құралған. (Кораллға ұқсас ағзалар). Ордовик және Силурда рифты құрылыс: С. Амер-Великие озера. Орталық Қазақстанда –(Байқоңыр) риф Ордовикте – қалаңдығы бірнеше 100 м. Атоллға ұқсас. Ең жақсы сақталған рифты массив Теңіз кенорнында.
Биогермнің екінші қайта өзгерістері: 1.Биогенді ізбестастарда таңдақты доломиттенген бөліктер кездеседі (мұнай осы доломиттердеде шоғырланады), 2.Эпигенді сульфаттану: гипстер, тұздар пайда болады кунгур уақытымен байланысты. 3. Созылу бағытымен және вертикальды бағытта, биогермді ізбестастар, кесекті түрге айналады. Қабат арасында болған үзілістер байқалады.
Негізгі әдебиеттер: 5 – [272-276], 4 – [161–167]
Бақылау сұрақтары:
Карбонатты платформаның тоғыз стандартты белдуі қалай сипатталады?
Тоғыз стандартты бельдеуді қандай ғалым бөлген?
Көне рифогенді массивтер қандай түзілімдерде кездеседі?
Дәріс 9 . Шельфтің терең сулы фациясы немесе біркелкі тереңсулы бөлік
Шельфтың терең сулы жағында шөгінді жиналу 100-200 кейде 400м тереңдікте жүріп жатады. Бұл зонада гидродинамикалық қозғалыс өте төмен болады, сондықтан ағза дамуы төмен болады.
Шельфтің терең сулы жағында шөгінділер жиналу түрі кенет өзгереді. Бұл жерге ағын жетпейді, күкіртті сутек қағыну пайда болады, мысалы Африканың батыс жағында. Шельфтің терең сулы бөлігінде ұсақ түйірлі сазды жыныстар жиналады. Тау жыңысының текстурасы горизонтальды ұсақ қабатты, кейде жапырақты болады. Жағадан алыстай бере түзілімдер ұсақ түйірлі келеді. Сондықтан теңіздің терең-сулы жағында жоғары сапалы региональды жапқыш сазды тау жыныстар пайда болады. Гидросюда және монтмориллонит құрамды ірі аймақты алатын сазды тау жыныстар түзіледі.
Терең сулы аймақтың ағза әлемі байымаған, таяз-сулы аймақпен салыстырғанда. Органикалық шөгінділер көбінесе планктонның қалдықтарынан жиналады: балдыр, форамифер, радиолярий, кремнийлы губкалар және басқалары. Органогенді жыныстардан фораминеферлі ізбестастар таралған. Басқа ізбесті тау жыныстардан доломит, биохемогендіден пелитоморфты ізбестастар. Кремнийлы жыныстар, фосфорит және глауконитті жыныстарда кездеседі. Кремнийлы саздар және сазды опокалар радиоляриймен байланысты.
Карбонатты коллекторлар ұсақ түйірлі хемогенді ізбестастан құралады, екінші қайтара кеуектер жарықшалары кеңігенде пайда болады. Осындай жағдайда каверна пайда болып кеуектілік 10-20 % дейін барады. Кавернды жарықша типті коллектор пайда болады. Жарықты кеуектік 2-5% тен 10-20 % ке дейін көбейеді. Теңіз ағыны бар жерде терригенді коллектор пайда болады, ол литологиялы тұтқыш ретінде кездеседі. Бұл түзілімдердің гранулометриялық құрамы өзен түзілімнің құрамындай болады. Құмды-алевриттер, кейде ірі кесекті теңіз ағыны жыныстарының сыртқы жақтары сазды жыныспен шектелген. Ондай объект мұнайгазға перспективті болады. Теңіз ағыны түзілімнің диагностикалық белгісі сыйдырғыш жыныстар теңіз жыныстары: ұсақ түйіріл саз, ізбестас және фауна түрі.
Сонымен терең-сулы нерит түзілімдерде : Біріншіден региональды жоғары сапалы сазды жапқыштар түзіледі. Екіншіден төмен сапалы карбонатты жарықты кавернды коллекторлар түзіледі. Үшіншіден теңіз ағынынан пайда болған жоғары сапалы терригенді коллекторлар түзіледі..
Біркелкі терең сулы аймақ органикалық заттардың жиналуына қолацлы жер. Бұл жердің органикалық әлемі планктонды болады. Олардың қорымдалуына колайлы жағыдай керек. Теңіз бассейннің осы бөлігінеде, Волго-Урал және Батыс-Сібір мұнай-газ провинциасында, доминикан горизонтында жаңғыш тақтатастар және баженов свитасы мұнай жаратушы тау жыныстар болып келеді.
Басқа пайдалы қазбалар. Неритті аймақта кенді темір және марганец түзілімдері жиі кездеседі Лиссаков қоңыр темір кен орыны, Керч түбегінің темір белдеу т. б. Марганец кендері: Чиатури, Никополь, Атасу темір марганец белдеуі. Марганец кендері сазды жыныстара кездеседі. Темір кендер –құмды жыныстарда кездеседі.
Глауконит және фосфоритты шөгінділер кәзіргі теңіздерде үнемі кездеседі. Глауконит шельфтің шеткі жағында үсақтүйірлі құмтастармен, алевролиттермен бірге кездеседі. Фосфориттер конкреция тәрізді әр түрлі мөлшерлі болып кездеседі. Олар кейде теңіз түбін жаппай жабады. Фосфоритты конкрециялар кейде глауконитты құмдармен бірге кездеседі. Таралу тереңдігі 100м ден 1500м ге дейін.
Неритты түзілімдердің геологиялық таралуы. Неритты түзілімдер көне геологиялық қималарда кең таралған. Мысалы Сібір платфораның Енисей кряжында страмотолитты ізбестастар мен доломиттер кең таралған, олардың қалыңдығы 200-300м ге дейін. Орыс платформада орта-жоғары карбон түзілімдерінде төрт зона қалыптасқан.
1 ші зонада терригенді-карбонатты шөгінділер.
2ші зонада карбонатты түзілімдер.
3ші зонада микротәрізді жүқа шламды ізбестастар.
4ші зона үсақ түйірлі доломиттер мен ізбестастар
Палеоағынның схемасы
Глауконитті, фосфоритті және кремнийлы шөгінділер. Қазіргі және қазынды түрде глауконит мен фосфорит бірге кездеседі. Глауконит шельфтің орта және тереңдігі жағында пайда болады. Кейде абиссалды жақта кездеседі. Глауконит "жасыл саз" қазіргі шельфтің шеткі жағында орналасады.
Солтүстік, Оңтүстік және Тынық мұхит жағасында, Австралия , Жаңа Зеландия, Европа мен Тынық мұхиттың Азия жағасында глауконит аз кездеседі.
Фосфорит – конкреция түрінде әртүрлі өлшемді және пішінді және кейде теңіздің түбін жаппай толтырады. Оңтүстік Америка, Калифорния жағасында терең 100-1500 м. Фосфорит пен глауконит орналасып жиі кездеседі. Шельфтің төменгі бөлігінің белгісі болып келеді- батиалдың жоғары бөлігі.
Терең сулы неритті шөгінділердің геологиялық тарауы. Кембрийге дейінгі рефей түзілімдерінде Сібір платформада страмотолитті ізбестас және доломиттер кездеседі. Страматолит көкті-жасыл колониалды балдыр. Страмотолит кейбір горизонттарының қалыңдығы 10 шақты және 200-300м. Бұндай жаппай даму үшін көп жарық керек таяз-сулы жер және терең сулы зонаның ортасы (бұзылмаған ағын, толқын мен ірі аймақты алады).
Страмотолит жасы 1млрд. жыл мүмкін көне теңіздің шарты осындайболған, әлде трансгрессияның белгісі.
Неритті шөгінділер С2-С3 Орыс платформасының Каспий маңы ойпатында: құмды-алевритті глауконитті түзілімдер, ізбестастар: детритті, оолитті, фораминиферлі, балдырлы. Сазды жыныстар: монтморилонит, сазды опока, радоилярий, сазды мергель.
Негізгі әдебиет: 4 – [145–147], 6 –[169–172]
Бақылау сұрақтары:
Терең сулы неритты фацияның белгілері?
Теңіз ағыны бар жерде қандай коллектор пайда болады?
Дәріс 10. Батиалды фация
Батиалды фация тереңдігі 200-3000 м. Гипсометриялық батиалды аймақ континенттік баурайы болып келеді. Батиальды аймақ шельф пен абиссалды аймақтың ортасын алады.
Ең маңызды топографиялық сипаттамасы жер асты коньоны: шельфтен абиссалды аймаққа дейін жүретін вертикальді жағалы науалар. Жер асты науалар шөгінді заттарды абиссалды аймаққа шығаратын негізгі жолдар болып табылалы. Шөгінді заттар лайлы тасқын арқылы шығарылады. Лайлы тасқын жер сілтіленген кезде пайда болады. Қозғалған шөгінді өнімдер бір аз уақыт судың ішінде асылу тұрінде болып шөгіне бастайды. Шөгінгенде басында ірі ауыр заттар, содан кейін үсақ жеңіл заттар шөгінеді. Бұндай жағдайда градациалық қабаттастық пайда болады. Градациалық қабаттастық флишты формацияда байқалады.
Материк баурайының көрінісі
Жалпы батиалды аймақта жұқа түйірлі шөгінділер басымды болып табылады. Шеппардтың санауы бойынша батиалды аймақта саздар – 60%, құмдар – 25%, ірі кесектер – 10%, қабыршақты және оолитті материалдар – 5%. Кейде батиалды аймаққа глауконит пен фосфориттер түседі. Тағы бір маңызды батиалды шөгінділер «Челленджер» экспедициамен табылған – 200 –5000м тереңдікте таралған қара көк саздар. Осы саздармен мұнай жаратушы тау жыныстар байланысты деген пікірдер көптеген геологтардың арасында таралған.
Батиалды аймақтың диагностикалық белгісі: ірі органикалық қалдық өте аз, көбінесе планктонды микроқалдықтар, түзілімдердің қалдығы шельф түзілімдермен салыстырғанда 5-6 есе аз, құрамы көбінесе сазды, қара түсті, сазды зат - 60 пайызға дейін, құмдар 20 пайызға дейін, қалғандары кремнийлі немесе карбонатты шөгінділер. Саздың қара түсі шашыраңқы органикалық заттың және ұсақ түйірлі пирит пен гидротоилиттің болуын сипаттайды: (FeS2 · n H 2O)
CaSO4 + C + H 2O → H 2S + CaCO3
H 2S + H 2O + Fe → FeS 2· n H 2O
C – органикалық көміртек. H 2S - күкіртті сутек. CaSO4 – теңіз сульфаты. Күкірт сутек қанығуы оттексіз жерде пайда болады.
Көне шөгінді түзілімдерде органикалық затпен және пирит, маркозитпен байыған сазды жыныстар жиі кездеседі. Ондай қабаттар мұнай жаратушы жыныстар болуы мүмкін
Қазынды түрде батиалды түзілімдер деп Каспий синеклизасының жоғарғы девон жыныстарын жатқызуға болады. Бұл жыныстар тығыз ізбестастар, планктонды (моллюска птеропод) қара мергель, жанғыш тақтатастар.
