- •Фациялдық талдауға теңіз организмдердің мағынасы.
- •Нормалды емес – Түшшы және түзды теңіздердің түзілмдері
- •Теңіз организмдердің өміріне тұздылықтың байланысы.
- •Жағалау фация арасындағы жағажай түзілімдері.
- •Карбонатты шөгінді жиналу.
- •Абиссалды фация
- •Эстуарий және лиман фациялары.
- •Литофациалды карталарды құру принциптері, олардың мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Палеогеографиялық картаның мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Гранулометриялық талдау мәліметтерінің мағынасын ашу және кумулятивты қисықтардың графикалық көрінісін құрау.
- •Мұнайгазды формациялар.
- •Оңтүстік-Торғай ойпатының мұнай-газ формациялары.
Дәріс 1. Фация туралы жалпы түсінік.
Фация деген сөз латын тілінде facies (лицо, облик).
Фация деген белгі геологияда 300 жыл бұрын Николос Стенон деген дания ғылымының жұмыстарында пайда болған.
1690-1700 жж. Н. Стенон Флоренцияда “Тоскана” деген жердің алты қабатын анықтаған. Әр бір қабатын фация деп атаған. Фация деген сөз содан келе жатыр. Н. Стенон төменгі қабатты жоғарғы қабат пен салыстырғанда ежелгі болып келетінін алғашқы рет дәлелдеген. Бұл түсініс стратиграфия деген ғылымға бастапқы даму берді.
Қазіргі “фация” терминнің негізгі салушысы болып саналатын Швейцария ғалымы А. Грессли 1839 жылы Швейцариядағы “Юра таулары” деген жерде алғашқы рет “фация” деген терминді бір жасты тау жыныстардың горизонтальды бағытта өзгеруіне қолданды. Вертикальді өзгерістен басқа горизонтальді өзгерісті байқаған. Ол кездерде бір жасты тау жыныстар бір құрамды болу керек деп саналатын. Ал Грессли бір жасты тау жыныстар горизонталь бағытта өзгеруін сол “Юра тауларында” байқады. Гресли әр бір стратиграфиялых бөліктерді горизонтальды бағытта, петрографиялых өзгерістерін және ағза қалдықтардың өзгерісін байқады. Сол горизонтальды бағытта өзгерілген бөліктерді Гресли «фация» деп атады және әр түрлі фацияның жаралуын әр түрлі жағдайда пайда болды деп есептеді. Гресли Юра ағзалардың фациалды өзгерістерін кәзіргі теңіз ағзалардың фациалды өзгерісімен салыстырды. Мысалы кораллдар таяз сулы жерде өмір сүреді, пелецеподалар терең сулы сазды жерде өмір сүреді, қазынды ағзалардың да солай таралуы мүмкін деп дәлелдеді. Гресли Портлан қабаттарының жоғарғы юра түзілімдерінде мыныдай фацияларды бөлді: 1 – кораллды әр түрлі фауналы, 2 – устрицалы литоральды сазды, 3 – губкалы литоральды сазды, 4 – жартылай пелагийлы, 5 – пелагийлы. Кейінгі екі фация сирек фауналы, таза, тығыз және бір түсті ізбестастар мен доломиттерден құралған. Бөлінге фацияларда өзінің ерекше сипаттамалары байқалады. Бірінші ерекшклік – белгілі петрографиялық құрамды тау жыныстарда өзіне сәйкес ағзалар кездеседі, яғни тау жыныстардың құрамымен солардың ішіндегі ағза қалдықтарымен байланысы барын табты. Екінші ерекшелік – белгілі фациядағы ағза қалдықтары, басқа фацияда кездеспейді, кездесседе оның мөлшері өте аз болады. Гресли тағы бір ерекшелік байқады, литологиялық бір құрамды тау жыныстар әр түрлі стратиграфиялық горизонттарда болсада, олардың ағза қалдықтары бір-біріне өте үқсас болып келетінін.
Сонымен Гресли ғылымға «фация» деген ұғымды кіргізді. Алғашқы рет, қазынды фациялармен кәзіргі шөгінділердің ұқсастығын байқап, салыстырма анализ қолдады. Гресли ғылыми палеогеографияның негізгі салушысы. палеогеографиялық қорытындысының фундаменті фацияның кеңістіктегі таралуы және оның генетикалық түсінігі. Артынан осы трактовка: Головинский, Рухин, Крашенинковтың еңбектерінде әрі қарай дамытылған. Осы авторлардың пікірі бойынша: “Фация” –бір стратиграфиялық горизонттың қабаттар жинағы, көрші қабатты жинағынан құрамы және физико-географиялық жағдайы ерекше болып келеді. Яғни “фация” біріншіден өзінің айқын құрамымен сипатталады. (литологиялық –палеонталогиялық), екіншіден физико-географиялық жағдайын көрсетеді. Сонымен фация құрлықтың не теңіздің бір бөлігі, яғни географиялық не палеогеографиялық ұғым.
Геологиялық горизонттың фациялары
Қазіргі және қазынды фацияларды айыру қажет. Қазіргі шөгінділердің физико –географиялық жағдайын құрамын анықтай отырып, бұрын пайда болған шөгінділердің жағдайын анықтауға болады. Қазіргі фация геологиялық дене болып саналмайды, себебі ол қазынды түрге айналмаған (борпылдақ), бірақ физико –географиялық жағдайын анықтауға қолайлы. Ал қазынды түрде тау жыныстардың текстуралық-структуралық белгілерімен, құрамымен, палеонтологиялық қалдықтармен, физико-географиялық жағдайын анықтауға болады. Кәзіргі физико-географиялық жағдайдағы шөгінділерді зерттеу, қазынды түрдегі шөгінділердің палеогеографиялық жағдайын анықтауға көмектеседі. Бұндай салыстырма анализді актуализм анализы деп атайды. Кәзіргі шөгінді тау жыныстардың белгілерін, олардың ағза құрамын қазынды шөгінді тау жыныстардың белгілерімен, олардың ағза қалдықтарымен салыстырып, қазынды шөгінді тау жыныстардың генезисын анықтауға болады. Бірақ көне шөгінді тау жыныстардың құрамы, кәзіргі шөгінді тау жыныстардың құрамынан өзгеше болып табылады. Мысалы қалың доломит қабаттары, темір кварциттер, яшмалар көне дәурде түзелген. Геологиялық тарих өзгерген сайын, биогенді шөгінділер ұлғайа береді, яғни хемогенді шөгінділер азайып, орнын биогенді шөгінділер алып жатады. Континенттен шөгінділер, сонымен бірге тұздар, тасымалдану арқылы, теңіздің тұздылығыда геологиялық тарихте, өзгерген. Жер тарихының мерзімділігі, қатпарлану және тау жаралу эпохалармен байланысты, сондықтан физико-географиялық жағдай жер бетінде қайталанып отырды. Сол себептен фациалды талдау жүргізген уақытта, жер тарихында болған және қайталанған уақиғаларды есептеу керек. Тағы бір кәзіргі және қазынды шөгінділердің айырмашылығы – кәзіргі шөгінділер аймақтарының мөлшері, қазынды шөгінділер аймақтарымен салыстырғанда, аз болады.
Д. В. Наливкин бойынша фация белгілі бір палеогеографиялық ландшафқа сәйкес келетін айқын құрамды айқын фауна, флорасы бар қабат әлде свита.
Фацияның генетикалық комплекс деген түсіндемесі. Фация белгілі стратиграфиялық түзілімнің горизонтальды бағытта өзгерген бөліктері деп жоғарыда айтып кеттік. Бірақ артынын бүндай жолмен геологтардың көбі жүрмеді. Олар фация деген терминді айқын стратиграфиялық горизонтқа тендемеді.. Басқаша айтқанда бір жасты стратиграфиялық түзілімдерғана емес, әр түрлі жасты стратиграфиялық айқын құрамды түзілімдерді бір фацияға жатқызатын болды. Бұндай ұғынымды алғашқы рет швейцар ғалымы М.Е. Реневье , одан кейін неміс ғалымы И. Вальтер қолданды. Соған ұқсас ұғынымды В.Е. Хаин деген ғалым да корсетті, оның пікірі бойынша «Фация айқын физико-географиялық жағыдайда пайда болған айқын типті шөгінді тау жыныстар».
Фацияның генетикалық типтері. Әр түрлі фацияның пайда болуы геологиялық агенттердің ісіне байланысты. Мысалы элювиалды, алювиалды, моренді тағы басқалар. Осындай ұғынымды орыс геологтары континеталды төрттік түзілімдерді зерттегенде қолданды. Артынан теңіз бассейндердеде әр түрлі жағдайда әр түрлі шөгінділер құрылатынын байқады. Мысалы рифогенді құрылыстар, қызыл түсті терең сулы саздар және басқалары. Сонымен генетикалық тип деген айқын физико-географиялық жағдайда және белгілі геологиялық агенттің ісінен пайда болған түзілімдер. Қортына келгенде физико-географиялық жағдай және сол жағдайда пайда болатын шөгінділер бір-бірімен байланысты. Сондықтан зертеушілер литологиялық белгілерді дұрыс анықтап, физико-географиялық жағдаймен байланыстыру керек.
Фацияның негізгі мақсаты палеогеографиялық реконструкция жасау. Ол фациалды талдау арқылы жасалды. Фациалды талдаудың маңызы стратиграфиялық бөлімдердің генетикалық комплекстерін (фацияларын) бөліп шығару. Фациалды талдау, шөгінді тау жыныстардың генетикалық талдауының бір бөлігі. Фациалды талдау мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды іздеуге зор көмек көрсетеді. Пайдалы қазбалардың жер қыртысында заңды ретпен таралуын, заңды рет пен шоғырлануын фациалды талдау арқылы анықтауға болады. Пайдалы қазбалардың көбі шөгінді жыныстармен байланысты. Солардың ішінде мұнай, газ, жаңғыш тақтатастар, көмірлер, темір кендері, мыс, марганец, алюминий, фосфориттер, шашыранды кен орындар, керамикалық және шыны шикізаты, құрылыс материалдар.
Фациялдық талдаудың мұнай газ іздеудегі негізгі мақсаттары:
Фация қимасында мұнай жаратушы және газ жаратушы тау жыныстарды анықтау (органикалық заттардың жиналуна және қорымдалуна қолайы жағыдай).
Органикалық заттардың жиналуына және қорымдалуына қолайлы фацияны анықтау, яғни литологиялық және палеонталогиялық факторларды анықтап шөгінді қыртыстағы коллектор және жапқыштарды белгілеу. (теңіз, өткінші, континент фациялары).
Толық литофациялдық карталарды жасау – рационалды өңдеуге, жобалауға көмек көрсететін.
Лиотфациалды жағдайды зерттеу, структуралы емес мүнай-газ тұтқыштарының пайда болуын анықтайды. Структуралы емес тұтқыштарды табу өте қүрделі іс. Ол үшін өте көлемді геолого-геофизикалық информация керек. Бірақ структуралы жатындылардың қоры азайған сайын, структуралы емес тұтқыштарды зерттеу тура келеді.
Сонымен фациялдық талдау – өткен геологиялық физико-географиялық жағдайды қайта жасау. Литологиялық белгілерді дұрыс анықтау, оның пайда болған жағдайын сол белгілермен байланыстыру, палеогеографиялық жағдайды шешу. Фациялдық талдау –мұнай газдылықты болжауға мүмкіншілік туғызады.
Фация үш ірі түрге бөлінеді: континетті фация, өткінші фация және теңіз фациясы.
Жер қыртысының бедері
Негізгі әдебиеттер: 2 – [47–50], 4 –[3–24], 5 – [154–162]
Бақылау сұрақтары:
Фация қандай жағдайды көрсетеді?
Фацияның генетикалық типтері?
Фациалды талдау деген не?
Фациалды талдаудың мұнай-газ іздеудегі негізгі мақсаттары?
Дәріс 2. Континентальды фация
Континентті шөгінді жиналу жағыдай, теңіз және өткінші шөгінді жиналу жағыдайынан айырмашылығы өте күрделі. Біріншіден шөгінді жиналу аймағы өте аз. Екіншіден жиналған шөгінді көп уақытқа сақталмайды. Негізінде континент бұзылу, бұзылған өнімдерді әлемдік мұхитқа әкету, орын. Континент денудациалық орын болып келеді. Сондықтан қазынды түрде континенті шөгінділер, теңіз шөгінділеріне қарағанда, сирек кездеседі. Континентті шөгінділердің арасында көбінесе кесекті және сазды тау жыныстар кездеседі, себебі олар аналық тау жыныстармен тыныс байланысты. Мысалы шашыранды кен орындар түпті кен орындардың аймағында кездеседі. Солай Сібірде алмаз кен орындары табылған және шашыранды алтын кен орындары да солай табылған. Континентегі шөгінді жиналу, жер беті бедерімен өте тыныс байланысты. Континент денудациялық аймақ, жоғары тәрәзді бедер, таулар. Бұзылған өнімдер төмен аймақтарда ғана шоғырланады: өзен арнасында, көлдерде, құрғақ ойпаттарда, яғни жиналуы, шөгінділердің миграциясы бұзылған жерде ғана, болады.
Континенталды жатындылардың ерекшелігі. Континетті жатындылар өсімдік қалдықтарымен өте байыған, тірі ағзалардың қалдықтары өте сирек кездеседі . Жазық аймақтардың континентті жатындылары климатқа байланысты. Гумитті климатта көмір шоғырлану процесстермен бірге мору қыртыста темір, марганец, аллиминий шоғырланады. Аридтті климатта, туз шоғырлары жиналады.
Гумидты климатта фациалды комплекстер көп түлі болып келеді, көмір даму процесстері кең тарайды. Ал аридты климатта бір түсті тау жыныстар пайда болады.
Континенталды түзілімдердің текстуралық ерекшелігі қиғаш қабаттастық.. Көлді түзілімдерд жүқа горизонтальды қабаттастықпен сипатталады. Терригенді материалдың сұрыпталуы төмен дәрежелі болады, жұмырлануы өте төмен болады, құрамы полимиктылы болып келеді. Тау жыныстар қызыл түсті, ала түсті, мору қыртыстың тау жыныстары ақ түсті болып келеді.Айтып кеткен ерекшеліктерге байланысты континенталды жатындылар кенет өзгеріспен сипатталады. Құрамды өзгерістер алаңда және қимада байқалады.
Континентті шөгінді заттар екі топқа бөлінеді: автохтонды және аллохтонды. Автохтонды шөгінділер қайнардан узамаған өнімдер. Аллохтонды шөгінділер қайнардан басқа жаққа тасмалданған өнімдер. Соның ішінде теңізге жетпегендер континентальды фацияға жатады, теңізге жеткендер теңіз фациясына жатады, континентпен теңіз арасындағы шөгінділерді өткінші фация деп атайды.
Автохтонды шөгінділер. Автохтонды шөгінділер ландшафт және климатпен байланысты. Қазынды түрде жазық аймақтардың шөгінділері кездеседі.
Тундра және лесотундрада топырақ горизонты мәңілік мұздықпен байланысты, сондықтан үгілу процесстерінің әсері өте аз. Топырақта сазды және карбонатты горизонттар кездеспейді.
Біркелкі және біркелкі суық аймақтарда топырақ қалыңдығы едауір, құрамында гидрослюда, монтмориллонит, хлорит, каолиниткездеседі. Үсақ көлдер терригенді сазды болып келеді. Көл қопаланғанда торфқа айналады.
Шөл дала шөгінділерінде карбонатты және түзды тұңбалар түзіледі. Тұзды түзілімдер карбонатты, гипсты, темірлі, кремнийлы, сульфатты болады. Карбонатты тип калькрет жер шарының шөл даласының бәрінде кездеседі. Аутигенді карбонаттың ірі шоғырлары түздалған көлдерде кездеседі. Мысалы Балхаш көлінде. Балхаштың таяз сулы жағында кальцит, терең сулы жағында магнезит түңады.
Суы жоқ құрғақ шөлді далада гипс шөгінеді. Темір қыртыстар тропикалық шөлдерде кездеседі. Кремний қыртыстары Австралия, Африка, Ливия шөлдерінде мәлім.
Дымқыл жаңбыры көп тропиктарда аллитты және ферроаллитты топырақтар тұнады.
Аллохтонды шөгінділер элювиалды, аллювиалды, көлді, пролювиалды, эолды, мұздықты болады.
Элювиалды фация. Бұзылған тау жыныстардың орнында қалған өнімдерін элювий деп атайды, оларға үгілген өнімдер және мору қыртыс жатады.
Үгілу өнімдердің факторлары: 1)атмосфераның құрамы, 2) бедер, 3)климат, 4) ағзалар және ағзалардың заты, 5) жанартаулық.
1) Атмосфераның құрамы. Жер торырағы мен атмосферадағы газдың айырмашылығы – жер топырығында көмірсутек қышқылы көп, атмосферада аз. Тау жыныстардағы кеуектерде, топырақта жүретін ерітінділер газды атмосферадан алады: оттегі, азот, көмірсутек. бұрынғы эпохада атмосферадан аммиак және басқалар алынған.
2) Бедер. Таулы аудандарда бұзылған өнімдер тез жыйналып тез шайылып кетеді, сондықтан химиялық үгілу бұл жерде болып үлгермейді. Жазық аймақтарда шөгіну жылдамдығы азайады, сондықтан химиалық үгілу процесстеріне мұмкіндік туады. Бірақ кейбір құрғақ шөл аймақтарда желдің әсерінен жиналған үгінділер орнында қалмайды. Жоғарғы бедерден төменгі бедерге жеткенде өнімдердің құрамында монтмориллонит көбейеді. Ал жоғары бедер өнімдерінде гидрослюда дамыйды.
3) Климат. Климат негізгі фактордың бірі. Үгілудің жылдамдығы климатқа байланысты. Климаттың бірнеше типы болады: аридты (шөлдік), семиаридты (жаңбыры бар), нивальды (қарлы), арктикалық, гумидтты (біркелкі), тропикалық және субтропикалық.
Аридты климатта элювий қыртысы екі бөліктен құралады: жоғарғы бөлігі сортталған элювийдан, төменгі бөлігі үсақталған шағыл тастан және топырақтан. Элювий қыртыс жылулық изолятор, жер қыртысына жоғарғы температураны өткізбейді.
Семиаридты климатта аздаған жауын шашу әсерінен химиялық процесстерде болады. Оның әсерінен слюдалар гидрослюдаға айналады, пироксен мен алдамыш мүйіз оксидтерге айналады.
Нивалды және гумидтты ылғалды климатта химиалық үгілу интенсивты болып, мору қыртыстар пайда болады.
Тропикалық және субтропикалық климатта қалың 20м-ге дейін топырақ құралады: қызыл күрең топырақ (саванна), латерит (алюмосиликат). Бұл климаттың негізгі топырақ құру процесстері: кремнезем интенсивты шығарылып алюмосиликат құралады, гумус қалыңдығы шамалы, эрозия процесстері дамыйды.
4) Ағзалар және ағза заттары. Тау жыныстардың жоғарғы беті ағзалармен және өсімдіктердің тамырымен уақталады. Микроағзалардың ролі өте жоғары. 1г. топырақта – 1-3млрд. бактерий бар. Микроағзалар силикаттарды бұзып өз денесіне жинайды. Өсімдіктер бұзылған өнімдерді тасымалданудан сақтап қалады.
5) Жанартаулық. Активты жанартаулық аймақтарда пирокласты өнімдер атмосфералық жаун шәшінмен шайылып отырады.Атмосфералық сулар қышқылдарды ерітіп, күлдің құрамынан – темір, алюминий, магний тағы басқа элементтерді шығарады.
Мору қыртыс аналық тау жыныстардың физикалық және химиялық процесстердің әсерінен бұзылған өнімдерінен пайда болады. Әсіресе мору қыртыс ыстық және ылғал климатта жақсы өниді. Дамыған мору қыртыста жоғары кеуекті коллекторлы тау жыныстар пайда болады. Мору қыртыспен литолды-стратиграфиялық тұтқыштар байланысты. Жатындылар морылған жарықшақты эрозионды қалдықтарда орналасады. Мору қыртыстың мұнай-газ шоғырлары тек қана эпигенетикалық болады, себебі ол литолды тұтқыш.
Мору қыртыста вертикалды зоналар байқалынады. Жоғарыдан төмен қарай: саз, шақпақ тас, аналық тау жыныстар. Мору қыртыстың қалыңдығы бірнеше сантиметрден он шақты метрге дейін болады. Ыстық және ылғалды климатта, баяу жоғару көтерілу тектоникалық қозғалыстарда, көтеріңкі жазық беделі жағдайда, мору қыртыстың дамуы жоғары дәрежеге жетеді. Мору қыртыстың тау жыныстарында кеуектік пайда болғандықтан, коллекторлы қасиетті тау жыныстарға жатқызуға болады. Мору қыртыста массивты тұтқыштар кездеседі, мысалы Оң түстік Маңғышлакта “Оймаша” кен орыны, Ливиада “Аужика” кен орыны, Батыс Сібірде 40қа жуық мұнай-газ жатындылары мәлім.
Элювий, коллювий және делювийдың пайда болу схемасы
Жоғары дамыған мору қыртыстың коллекторлық қасиеті – кеуектігі және өткізділігі тұрақсыз минералдардың басқа жаққа шығарылуымен байланысты. Коллекторлы қасиет мору қыртыстың төменгі жағында (борпылдақ сазды кесектерде, жарықшақты тау жыныстарда) ұлғаяды.
Мору қыртыстың минералдық құрамы әр түрлі болады, бірақ негізгі құрамы сазды минералдар. Сазды минералдар жер үсті физико-химиялық жағдайдың тұрақты минералы болып табылады. сондықтан сазды минералдар шөгінді жыныстардың негізгі минералы болып саналады. Элювиалды процесстің дамуымен бірге аналық тау жыныстардан сазды минералдардың дамуы ұлғая береді. Кейдір мору қыртыстың жоғарғы қабаттары жаппай сазды минералдардан құралған. Сазды минералдар монтмориллонит, гидрохлорит, гидрослюда, каолинит, галлуазит және басқалардан тұрады.
Негізгі әдебиет: 2 – [67–68], 4 –[27–34], 5 –[170–176], 6–[140–142]
Бақылау сұрақтары:
Автохтонды шөгінділер деген не?
Аллохтонды шөгінділер деген не?
Элювиалды фация қандай жағдайды көрсетеді
Дәріс 3. Аллювиалды фация.
Өзен жатындылардың сипаттамасы рельеф, тектоника және климатқа байланысты. Тегіс жердің өзен жатындылары жақсы сақталады. Тегіс жердің жатындыларының арасында, қазынды түрде анық көрінетін арналы, жайылмалы фациалар. Өзен суының деңгеі өзгергендіктен аллювиалды шөгінділер арналы, жайылмалы және көне арналы болады.
Өзен суы мөлдір емес тұңбалы болса, арна саздалып таяздалған соң, өзен басқа арна іздей бастайды, солай қаңғыма арналар пайда болып ірі жазықтар пайда болады. мысалы: Хуанхе, Амударья, Сырдарья. Қаңғыма арналы өзендердің ортасында көне арналар, көлдер пайда болады.
Гумитті біркелкі-суық аудандарда көбінесе арналы шөгінділер байқалады. Мысалы: Индигирка, Енисей өзендерінде көктемде тасқын суы аз болады, сондықтан жайылма шөгінділері шамалы таралады. Ал гумидтті-тропикалық аудандарда ірі жайылма шөгінділері таралады. Мысалы Амазонка көп тармақты ірі жайылмалы.
Арналы фацияның шөгінді тау жыныстары мұнай және газдың коллекторы болып келеді. Бұл ірі және орта түйірлі терригенді жатындылар. Арналы құмтастардың кеуектігі 3 – 30 %ға дейін болады. Арналы құмтастар мен алевролиттер сазды тау жыныстардың арасында тар үзын жолды болып орналасады. Ассиметриалық линза тәрізді болып кездеседі. Кеңістікте арналы фация орнын жиі ауыстырып отырады. Аллювиалды жатындылардың диагностикалық қасиеті, бір жаққа, өзеннің ағынына қарай бағытталған қиғаш қабаттастық. Арналы жатындылармен байланысты мұнай-газ тұтқыштары Поволжие және Тимано-Печор мұнай-газ провинциаларында мәлім. Ірі жатындылар штат Оклахома және Канзас АҚШ та мәлім. Арналы жатындылардың қалыңдығы 20-25м ге дейін барады.
Арналы фация аллювиалды комплексте ең ірі түйірлі шөгінділерден құралған, бұл комплексте құм және гравий, қосымша түрде саздар сирек кездеседі. Құмдардың сұрыпталу дәрежесі әр түрлі, бірақ жалпы делювиалды-пролювиалды жатындыларға қарағанда сүрыпталуы жоғары. Ағыннан төмен қарай түйірлердің мөлшері азайады, ал сүрыпталу дәрежесі көбейеді. Арна құмды, алевролитті, ал жайылма сазды болады. Арна мен жайылманың минералдық құрамында айырмашылық байқалады. Арна құмдары кварц пен және дала шпат пен байыған, слюдаларда кездеседі, ал жайылма шөгінділерінде ол минералдардың мөлшері азайады. Арнада ірі салмақты минералдар таралған: ильменит, циркон, гранат. Таулы өзендердің арнасында ірі фракциалар артық кездеседі олар гравий, қойтас, малтатас, жайылмасына құмтас, алевролит. Жазық өзендердің арнасында –малтатас, құмтас, алевролитті шөгінділер, жайылмасында – құмды және алеврлолитты саздар және саздар.
Арналы жатындылармен байланысты мұнай-газ тұтқыштары Поволжие және Тимано-Печор мұнай-газ провинциаларында мәлім. Ірі жатындылар штат Оклахома және Канзас АҚШ та мәлім.
Жайылманың пайда болу схемасы
Жайылма жатындылары өзен көктемде суға толғанда пайда болады, бұндай жағдайда шөгінділер үсақ түйірлі, сүрыпталмаған. Ірі құмды горизонтар сазды горизонттармен ауысып жатады. Қиғаш қабаттастық жөнді көрінбейді, көбінесе ұсақ горизонталды қабаттар байқалады. Құмды және алевролитті саздар және саздар жайылманың шөгінділері болып табылады. Сазды минералдардан көбінесе монтмориллонит кездеседі.
Көлді фация. Көл суы континентте ірі шұңқырды тектоникалық ойпаттарды толтырады. Көлдің жағалау беткейі, жағалауы (жиегі), қайраңы (отмель) және көл түбі болады. Көл тұңбаларда аллохтонды және автохтонды түзілімдер пайда болады. Аллохтонды түзілімдер өзен суымен тасымалданып тұнған заттар. Көлдің түбіне терригенді тұңбалар алевролитті құмдар, саздар жиналады.Құмның және алевролиттың құрамында кварц (94%), дала шпаттар және графит кездеседі. Саздың құрамында: каолинит, гидрослюда, монтмориллонит кездеседі. Аур минералдардан мұйыз алдамыш, магнетит, биотит, гематит кездеседі. Аутигенді минералдар: темір-марганецті конкрециалар, кальцит, магнезит, арагонит және басқалар.
Автохтонды түзілімдер. Шөл даланың көлдерінде органогенді және хемогенді карбонат, түздар шөгінеді. Аридті климаттың көлдерінде түздар шөгінеді. Аутигенді карбонаттың ірі шоғырлары тұздалған көлдерде кездеседі, мысалы Балхаш көлі. Балхаштың таяз сулы жағында кальцит, терең сулы жағында (батыс жағында) магнезит тұнады. Суы жоқ құрғақ шөлді далада гипс шөгінеді. Гумитті климаттың көлдерінде сапропель, батпақ, тарф, көмір шөгінеді. Суы жоқ ойыстарда аллитты және ферролитті топырақтар түнады.
Пролювийлы-делювийлы фация. Пролювийлы-делювийлы фация таудың етегінде және жазық далада пайда болады.
Тау етегінің пролювий шөгінділері тек қана аллотигенді болады. Ірі түйірлі сортталмаған, құрамы провинцианың петрографиалық құрамындай. Мысалы Ыссық көлдің сол түстік жағында бірнеше километр пролювийдың (малтатастардың) құрамы гранитті. Тау етегі пролювийі – уақытша және үзіліссіз тасқын суларымен ысырынды конус тәрізді, тау аңғардың жазыққа шыққан жерінде жиналатын шөгінділер. Ысырынды конус, локальды шоғырлар – қазынды түрде сирек кездеседі, себебі су мен шәйлып делювийға айналады. Бірақ мезгілді тектоникалық төмен түсу процесс кезінде , қазынды түрде сақталуы мүмкін. Пролювий қазынды түрде ірі, сортталмаған, жұмырланбаған малтатастардың құм және сазды заттармен цементелген тау жыныстардан түрады. Құрамында коллювий және тау аңғарының кесектері. Пролювийдың қалыңдығы бірнеше метрден он шақты метрге дейін болады. Қазынды түрде пролювий Испанияда Кантабар таунда мәлім –көмірлі ірі түйірлі шоғырлар.
Жазық даланың пролювийлы шөгінділері – жыра аңғармен байланысты. Жыра аңғармен тасымалданған пролювий шөгінділері өзен жайылмасына апарылып шөгінеді. Жыра аңғарының шөгінділері өзеннің шөгінділеріне ұқсас, айырмашылығы алевропсамиттерде карбонат қосымша түрде кездеседі.Бұндай шөгінділерді делювий деп атайды. Сонымен пролювий таулы жерде, ал делювий жазық жерде кездеседі.
Эолды фация. Эолды шөгінділер көбінесе шөлді далада жиналады. Желдің әсерінен және құрғақтықтан өсімдіктері дерлік жоқ. Шөл далада кесекті заттардың желмен жылжуынан біркелкі қалыптасқан эолды құмдар бархан, дөн деген құрылыстарды құрады.
Континенттің 30% эолды шөгінділер алады. Аридты және семиаридты зоналарда желмен құм, алевриттер және сазды заттар төмен жерлерге тасымалданып құмды теңіздер құрайды (эрг). Эргтың маңайында лёссты жабықтар құралады. Сахара шөлінің құмдары бір эргтен бір эргке көшіп отырып, Атлантика мұхитына жетеді. Австралианың эргтері Үнді мұхитқа жетеді. Азианың құмдары (бархан шаңы) Хуанхе өзенімен Тынық мұхитқа апарылады.
Қазынды түрде эолды құмдар өзінің қиғаш еңкішті, түзу не ойыс-дөнесті қабат іші текстурасымен білінеді. Эолды құмдар тек қана құм (құмтастар) және ірі түйірлі алевролиттерден құрылады. Себебі ірі түйірлі заттар желмен үшырылынбайды, ал үсақ сазды заттар жоғары бийікке көтеріліп алыс жаққа үшырылып (теңізге) кетеді. Эолды құмдар өзен, пролювий, делювий, көл және теңіз жағасы құмдарынан пайда болады. Эолды құмдардың құрамында тек қана тұрақты минералдар кездеседі: кварц, гранат, циркон, силлиманит, магнетит, құмдар сүрыпталған болып келеді. Кәзіргі эолды құмдардың қалыңдығы 10-15м, кейде 20-30м. Қазынды түрдегі эолды құмдардың қалыңдығы 100-150м-ге дейін барады. Эолды құмдар мұнай және газ резервуарлары болуы мұмкін. Мысалы Солтүстік теңіздің оң түстігінде пермь құмдарында ірі газды кен орындар мәлім.
Мұздық фация. Мұздық жатындылар материкті және таулы мұздалған аймақтарда пайда болады. Мұздық, қалың қар кристалданып (фирн) мұзға айналғаннан, құрылады. Құрылықтың 11% мұзбен жабылған материктерде (Антарктида, Шпицберген, Гренландия, Исландия ж.б.) және таулы аудандарда.
Мұздық шөгінділерді морен деп атайды. Мұздық жүргенде алдында моренді шоғырлар пайда болады, ал мұздық ерігенде флювиогляциалды шөгінділер құрылады. Морен алды, мұздық алды көлдер жиі кездеседі. Флювиогляциалды шөгінділердің гигантты шоғырлар алдында моренді көлдер пайда болады. Морен сортталмаған, жұмырланбаған ірі қойтас, кесек малтатас, құм, саз аралас шөгінділер. Қазынды моренді тиллиттеп атайды. Мұздық шоғырлары қазынды түрде дерлік сақталмайды себебі, тасқын суларымен төменгі аңғарға қарай тасымалданып, өзен шөгінділеріне қосылады.Тек қана шельфті морендер сақталады (Антарктида жағасындағы). Флювиогляциалды шөгінділермен мұнай газ кен орындары байланысты болуы мұмкін. Мысалы Алжирде Тассили ойпатында төменгі силур жатындыларының мұнай кен орыны мәлім.
Негізгі әдебиет: 2 – [68–70], 4 –[34–78], 5 – [170–202], 6 –[144–155]
Бақылау сұрақтары:
Қандай жағдайда аллювиалды фация қалыптасады?
Пролювиалды-делювиалды деген қандай фация?
Көлді, эолды, мұздық фациалардың сипаттамасы?
Дәріс 4. Теңіз фациясы
Қазіргі уақытта мұхит пен теңіздер жер шарының 70,8% алады. Өткен геологиялық дәуірлерде олардың көлемі одан да артық болған. Сондықтан геологиялық қималарда теңіз жатындылары едәуір артық кездеседі. Негізінде теңіз бен мұхиттар шөгінділері жинау алабы, континенттің шөгінділері көбінесе сақталбай сумен желмен шайылып немесе ағып кетеді. Себебі континенттің өзі шайылу орын. Континенттің өзінен бұзылған өнімдер теңіз бен мұхитқа барып шөгінеді. Теңіз шөгінділері континенттік шөгінділеріне қарағанда құрамы тұрақты. Тек қана судың жағасындағы (жағалаудағы алқапта) шөгінділер әр түрлі (контрасты) болып келеді.
Сонымен теңіз шөгінділердің ерекшелігі: құрамының тұрақтылығы, ірі аймақты алуы, тірі органикалық заттардың көпшілігі (өсімдік континентте).
Теңізге жиналатын шөгінділердің негізгі қайнары континент. Екінші, қайнар су асты (субмаринды) жанартаулар (лава, туфтар, күлдер, гидротермді заттар). Үшінші, қайнар теңіз түбіндегі түп тау жыныстардың бұзылу өнімдері. Ол активті тектоникалық аудандарда ғана болады: орта-мұхиттық жоталарды, аралдық доғаларда, терең сулы науаларда.
Континенттен келген өнімдерден шөгінділер ғана емес ерітінділер де әкелінеді, солай теңіз суы деген гидрохимиялық жүйе пайда болады. Теңіз суының негізгі компоненттері: Na, K, Ca, Mg, Cl, SO4. NaCl 77%. Mg Cl -10%. Теңіздің орта тұздылығы 3,5% . Мұхиттардың солтүстік жағында жауыны көп жауған уақытта тұздылық 3,2 % ға дейін төмендейді. Құрғақ ыстық аймақтарда тұздылық 5% га дейін көтеріледі. Теңіз тұздылығы шөгінді жиналу процессіне өте жоғары әсер тигізеді. Тұзды суда жұқа саздар тез шөгініп ірі кесекті шөгінділермен араласып кездеседі. Және тұздылыққа ағзалардың дамуы байланысты. Теңіздердің температурасы географиялық аймақпен байланысты. Тереңдікпен температура өте баяу төмендейді. Жарық теңізде 50м тереңдікке дейін байқалады. Жарықты керек қылатын өсімдіктер 150м тереңдікте кездеседі. Теңіздің бентос ағзалары және балдырдары жарықты шельф зонада ғана дамыйды.
Теңіздер шөгінді заттарды ұш қайнардан алады. Біріншісі құрылықтың өнімдері көбінесе өзен суымен әкелінеді. Екінші қайнар теңіздің өз жұмысы – жаға мен түбінің бұзылуы. Ұшінші қайнар вулканды өнімдер. Барлық теңіздер мен мұхиттар жыл сайын 12,5 млрд. тонн кесекті өнімдер, 5млрд. тонн ерітінді өнімдерді алады.
Механикалық, хемогенді және биогенді заттардың Әлемдік мұхитқа жиналуы суаттың түріне байланысты. Олардың шөгіну жағдайы, климаттық зона, ағындардың болуы, теңіздің физико-химиялық қасиеті, органикалық заттар және басқа да жағыдайлар заттардың Әлемдік мұхитқа жиналуына байланысты. Әлемдік мұхиттың сулары үш түрге бөлінеді: Жерорта теңіздері, шеткі теңіздері және мұхиттардың өзі.
Жерорта теңіздері (ішкі теңіздер): Жерорта (Средиземное), Балтика, Қара теңіз, Қызыл теңіз. Бұл теңіздер дерлік толық құрылықпен қоршалған мұхитпен бұғаз арқылы байланысады. Бұл жерде теңіздерге материктің құлату өнімдерінің әсері максималды. Сондай геологиялық даму процесінде, теңіздің мұхитпен байланысы кетіп, көлге айналады.
Шеткі теңіздер – құрлық пен мұхиттың арасында орналасқан. Құрылықтың өнімдері бір жақтан ғана келеді, ол Әлемдік мұхитпен байланысы ашық. Кәзіргі шеткі теңіздер Азияныңшығыс және Оңтүстік шығыс жағында орналасқан: Беринг, Охот, Жапон, Шығыс және Оңтүстік Қытай, Сары және басқа теңіздер. Бұл теңіздердің түбі қалың 6-9км. шөгінділермен құралған. Шеткі теңіздер активты тектоникалық континеттердің шетіменбайланысты. Жалпы шеткі және ішкі теңіздердің шөгінді түзілімдері өте қалың болады – бірнеше километр.
Мұхиттардың өзі. Құрылықтың әсері мұхиттарғы минималды - өте аз. Бұл жерде мұхиттың өз заттары шөгінеді: органикалық шөгіндер, терең сулы тұнба, қызыл саздар, Fe, Mn шөгіндері, су асты жанартау шөгіндері.
Теңіздердің тағы екі түрі бар: жазық (теңіз), теңіздер платформаның үстіндегі “Солтүстік” теңіздер және “Азов” теңізі (Батыс Сібір платформасы, Орыс платформасы). Бұларға қарсы терең теңіздер енсіз шельфті. Геосинклиналь теңіздері (Жапон, Қара, Мексика).
Сонымен теңіздердің түзілімдеріне әсер ететін жағдайлар: бассейіннің тереңдігі, түбінің бедері, бассейіннің мұхиттан алыстығы.
Тереңдігіне байланысты седиментациялық алаптар (бассейн) үш зонаға бөлінеді.
Шельфті зона 0 -200 м. кейде 400 м. (платформа теңізі).
Батиалды зона 200 м -2000 м -3000 м .
Абиссалды 2000 м -10000 м. дейін.
Мұхиттық седиментацяны екі типке бөледі: континент маңы
(приконтинентальный) және пелагийлы.
Біріншіде өнімдер континенттен әкелінді (сынықтар әр түрлі мөлшерлі). Екіншіде –пелагийлы биогенді планктон, терең сулы саздар.
Континент маңайында органикалық заттар 4 -8 рет көп, шөгіндінің көлемі 2 -3 реттен асады.
Континенттің маңайы шельфті фация деп аталады. Ол өзі литоральды (жағалаудығы алқап) (30 м), таяз сулы (30 м -100 м), біркелкі терең сулы (200 м -400 м) фацияларға бөлінеді. Таяз сулы, біркелкі терең сулы шельфті –неритті зона деп атайды.
Фациялдық талдауға теңіз организмдердің мағынасы.
Теңіз ортада ағзалардың өте көп дамуы теңіздің негізгі сипаттамасы болып табылады. Ағзалар теңіз ортасының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Ол фациалды генетикалық анализ жасуға өте жоғары маңыз береді. Теңіз ағзалардың көбі шөгінді тау жыныс құрғыш болып келеді. Мысалы органогенді ізбестастар.
Ағзалардың генетикалық маңызын білу үшін, олардың өмір сұру жағдайын білгу керек. Соған себебті теңіз организмдер үш түрге бөлінеді:
Бентос –теңіздің түбінде өмір сүретін организмдер. Бұлардың ішінде бекітілген және жылжымалы түрлері болады.
Нектон –активті жүзетін балық –акула, кит т.б.
Планктон –су қабатында өмір сүретін, еркін жүзуге қабілеті жоқ, су ағынымен көшіп жүретін организмдер. Бұнда дара клеткалы организмдер жатады: өсімдікті –диатомды балдыр, фитопланктон, және тірі (фораминиферы, радиолятий), дара клеткалы организмдер, ал көпклеткалылар – медуза және басқа – зоопланктон жатады. Планктонның көбі судың жоғарғы қабатында өмір сүреді –жарық және жылы жерде.
Нектон мен планктонның мағынасы фациялдық талдауға аз, бентосқа қарағанда, себебі олар жермен байланысты емес. Бірақ планктонмен мұнай жаратушы тау жыныстар байланысты. Ал Бентоспен мұнай сыйдырғыш карбонатты тау жыныстар байланысты.
Нормалды емес – Түшшы және түзды теңіздердің түзілмдері
Түшшы және түзды тегіздер материктің ішкі бөлігінде орналасқан. Түшшылық, гумидты климатта, өзен суларының құйылғандығынан пайда болады. Түзды теңіздер аридты климатта пайда болады. Гумидты климатта терригенды заттар түзіледі (мысалы Кара теңізде), ал аридты климатта түзды және карбонатты түзілімдер пайда болады (мысалы Каспий теңізінде).Қазынды түрде Орыс платформада перм теңізі мәлім. Ол теңіздің шөгінділері қалың тұзды жатындылармен сипатталады. Платформаның шығыс жағында калийлы шөгінділер және қалың терригенді шөгінділер дамыған. Кунгур уақытында теңіз ірі түзды бассейінге айналды.Тектоникалық көтерілу нәтижесінде бассейн ойпаттарға бөлініп, тұз сол ойпаттарға құйылды. Ішкі теңіздер регионалды тектоникалық көтерілу дәуірде пайда болды. Сол уақытта ішкі теңіздер мұхитпен байланысын жоғалтты. Палеогенде түшшы теңіз Фергана аңғарында болған.
Теңіз организмдердің өміріне тұздылықтың байланысы.
Теңіз организмдер стеногалинный және эвригалинныйға бөлінеді.
Стеногалинныйлар тұздылықтың өзгеруіне шыдамайды. Оларға коралл, ине терілі (иглокожие), фораминифера, брахиопода тағыда басқалары жатады.
Эвригалинныйлар әр түрлі жағдайға бейімделетін организмдер, оларға балдырлар, балықтар т.б. жатады.
Тұздылық азайғанда теңіздің ішіндегі өмір де азаяды. Мысалы: Солтүстік теңізде -1500 түрі, Балтикада 150, Фин.зал. 50, Жерорта теңізінде -7000 түрі, Қара теңізде 1200, Азов теңізінде -100 түрлері кездеседі.
Литофациялдық талдауға стеногалинный организмдер мағынасы көбірек.
Өсімдіктер. Теңіз өсімдіктердің көпшілігі балдыр –дара клеткалы планктон. Өсімдіктер қазынды түрде дерлік сақтанбайды. Оттегісіз бұзылғанда өсімдіктер сапропельді өнімге айналады. Шөгінділерде жиналған өсімдік органикалық заттардың бұзылу өнімдерінен мұнай газ жаралады.
Қарапайым организмдер:
Радиолярий –дараклеткалы қаңқасы кремнийлі. Радиолярий геосинклинальды аймақта көп дамиды, себебі жанартаулар әрекетінен теңіз суы кремнийге байиды.
Фораминифер дара клеткалы, қаңқасы ізбесті, ірі фораминиферлер –фузулинидтер (Pz). Нумулиттер (Рg). Фораминифер стеногалинныйға жатады, жылы суларда өмір сүрген.
Көп клеткалы:
Губкалар маңызды топ, теңіз түбінің организмі (бентос). Қаңқасы ізбесті және кремнийлі. Ізбесті губка шельфте өмір сүрген, ал кремнийлі губка әр түрлі тереңдікте өмір сүрген. Қазбалы түрде ізбестілер (Pz), кремнийлі (Mz).
Археоциаттар кембрийде өмір сүрген, кораллдарға ұқсас.
Страматопороид колониалды гидромедузаға ұқсас (Pz бастапқы және ортаңғы).
Коралл – колониалды риф
құрғыш тек қана таза суда температурасы 22ºС, нормальды тұзды суда өмір сүреді. Көбінесе экваторда тереңдігі оншақты метр кейде 600 метр тереңдікте кездеседі. Қазбалы түрде Pz –да кездеседі.
Инетері – сирек кездесетін бентос (Pz).
Теңіз лилиясы (бентос) (Pz –Mz) шельфінде кездеседі.
Теңіз кірпі шельф және терең сулы зонаны мекендейді. Таяз сулардың панцирі, қалың терең судың панцирінен жұқа. Бұл тереңдіктің индикаторы – литофациялдық талдауға қолайлы.
Мшанки – колониалды түбті организмдер қаңқасы ізбесті. Пермь (Р) және неоген (N) уақытында маңызды риф құрғыш организм. Әртүрлі тереңдікте кездеседі.
Брахиопода –шельфті мекендейді, тек қана теңіздерде кездеседі.
Пелцепода – теңіз және тұщы суда мекендейді. Тұщы теңіздердің маңызды тобы. Mz –да биогерм құраған.
Гастропода – шельфте таяздылардың қабыршағы қалың. Терең сулы гастроподаның қабыршағы жұқа Mz –Pz.
Цефалопода –аммоноиды –наутилус. 100 метр тереңдікте теңіздің түбінде өмір сүрген.
Трилобиттер – кембрийде өмір сүрген, неритті және батиалды аймақтың бөлігінде балықтар –теңізде тұщы суаттарда өмір сүрген, акула тек қана мұхитта. Акуланың тісі жиі кездеседі.
Негізгі әдебиет: 4 – [109–118], 5– [285–309], 6 –159–162]
Бақылау сұрақтары:
Әлемдік мұхиттың сулары қандай үш түрге бөлінеді?
Тереңдікке байланысты сулы бассен қандай үш зонаға бөлінеді?
Фациалды талдауға теңіз ағзалардың мағынасы?
Теңіз ағзалары стеногалийный және эвригалийный түрлеріне қандай себебпен бөлінеді?
Дәріс 5. Жағалау (су жағасындағы) фация. Литораль.
Шельфтің жағалау бөлігі. Тереңдігі 30м. Бұл бөлік судың көтерілу және қайту әрекетіне максималды болады, соның нәтижесінде шөгінділер аэрацияға және лайлануға әр дайын болып тұрады. Аэрация және жарықтың көп болғандығынан организмдер өркендей береді.
Литоральда өсімдік өте көп кездеседі: қызыл –қоңыр балдыр, жасыл балдыр. 10 -15 м тереңдікте азая бастайды. Тірі ағзалар: гастропода, медуза, иглокожие, балықтар.
Литоральдық шөгінділері жие өзгеріп отырады. Құмның мөлшері тез өзгереді: құм, малтатас, саз. Шөгінділердің өзгерткіштігі гидродинамика режимінің тұрақсыздығынан пайда болады.
Литоральдық ені бірнеше метрден құзды жағада, бірнеше километр жазық жағада болады. Құзды жағадағы литоральдық ағзалар аз кездеседі, олар ірі кесекті конгломераттар, брекчиялар. Жағалау түзілімдерінде көбінесе әр түрлі мөлшерлі сортталмаған құмтастар кездеседі, текстурасы қиғаш, қабаттары әр түрлі бағытталған.
Негізгі литораль деп теңіз суымен қайту келуде үнемі сумен жабылып ашылып отыратын зонаны атайды. құйылудың тереңдігі 10м асса литораль ені бір неше километрге созылады. Литораль зонасы өсімдікке өте бай зона. Сондықтан бұл зонаны кейде фиталь деп атайды.
Литораль шөгінділері кенет өзгеріп отырады. Құмдардың ірілігі тез өзгеріп отырады, арасында малтатастар жиі кездесіп отырады. Тынық жерлерде жұқа саздар түнады. Тынық жердің түбінде фаунаның дамуы зор болады. Су өсімдіктер жалпы дамый бастайды. Гидродинамикалық режим кенет өзгергеннен шөгінді жиналу заттары жиі өзгеріп отырады.
Полимикті (граувакты) құмтастар жақын арада бұзылған кристалды (магмалық, метоморфтық) тау жыныстардан пайда болады. Егер ондай қайнар алыс болса, қайта түзілу нәтижесінен кварцты құмтастар пайда болады.
Алевритті және сазды түзілімдер нашар сортталған, қосымша түрде құмды заттар кездеседі.
Жағалау фацияның конгломераттары жақсы жұмырланған, жалпақ малтатастардан құрылады.
Органогенді тау жыныстар ұсақталған қабыршақтардан тұрады. Толқынның әсерінен шельфтің тереңдік жағынан ағзалардың қабыршақтары жағаға шығарылып үсақталады. Каспий теңізінің жағасында, пелецепода қабыршақтардың үсақталып цементтелген тау жыныстарын, ракушняк деп атайды.
Толқынның әсерінен эрозионды және аккумулятивті құрылыстар пайда болады.
Эрозионды абразивті құрылыстар құзды жағада пайда болады, қазбалы түрде ол ойыс, дөңес бет.
Аккумулятивті құрылыстарға су асты дуалдары және тізбегтері (гряда) жатады. Дуал мен тізбек әр түрлі ірілікті құмнан және малтатастан құрылады. Осындай аккумулятивті құрылыстар толқынның әсерінен пайда болады. Толқын шөгінділерді теңізден құрлыққа қарай жинап апарады. Су асты дуалы өскен сайын жотасы су үстіне шығады. Ондай ірі дуалды бар деп атайды. Бар деген құрылыс теңізді жағадан бөліп лагуна құрайды. Бардың теңізге қараған жағы құм жиналатын зона болады. Сондықтан бар теңізге қарай өседі. Бар жағаға қарай қарама-қарсы орналасады, кейде қиғаш келеді. Кейде арал маңына дөңгелек немесе жартылай дөңгелек бар құрылады. Бар пайда болу ұшін құмды материал үздіксіз келіп түру керек. Ол үшін өзен қайнары әлде теңіз жаға ағыны болу керек. Жоғары құйылу жағада бардар құрылмайды, төмен құйылу жағада тік созылған бардар пайда болады. Қазіргі “бардың” ұзындығы кейбіреулері 100 км астам болады, ені 10 -16 км. (Чукотканың жағасында). Бар профилі ассиметриалық болады – жаға жағы тік, теңіз жағы жайпақ. Бар деген денелер мұнай және газ қақпаны болады (ловушка). Барлың мұнайгаздылығы кең белгілі (Тимано –Печорск провинциясы, Татар күмбезі, Оклахома, АҚШ).
Бардың құмтастары өте жақсы коллектор болып келеді. Кеуектілігі 30%. Бар деген денені табу үшін фациялдық талдау қолданады.
Бар тұтқыштардың мысалдары
Бардың негізгі диагностикалық қасиетіолардың пішіні: жазық табаны, жоғарғы үсті дөңкеш болып келеді. Барды құмтастардың гранулометриалық зерттеуі, ірілігінің табанынан жабынына қарай ұлғайуын көрсетеді. Барлы денелерді табу үшін фациалды талдауды грануломертриалық зертеумен анықтайды.
