- •Аааааааааааааааааааааааааа
- •Ббббббббббббббббббббббббббб
- •Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және құрамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
- •Дддддддддддддддддддддддддддддд
- •Жжжжжжжжжжжжжжжжжжж
- •Ззззззззззззззззззззззззззззззззззззз
- •Ммммммммммммммммммм
- •Ррррррррррррррррррррррррррррррр
- •Ттттттттттттттттттттттттт
- •Ффффффффффффффффффффффф
- •Ххххххххххххххххххххххххх
Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және құрамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Бюджеттік құрылым. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстарМемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарымым орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс процестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы.Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайластырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі екілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.Қазақстан Республикасыныц бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда ел әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономияда, мемлекетте жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындагы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шектеу, бюджет деңгейлері арасьшда кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.Бюджетаралық қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюджетаралық принциптер мазмұндалған:•төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы теңбе-теңдік;•түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;ә) мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтерге төленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қызметтерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;б)қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;г) тиянақты аумақтық салықтық база бойынша жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.•әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;•жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет керсетуді қамтамасыз ету;•мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететің мемлекеттік органдар маңына бекіту;•мемлекеттік қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасін жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;-алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі,Тәжірибеде бюджетаралық қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мұқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойынша бюджетаралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады. Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі. Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сондықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:I. Кірістер:•салықтық түсімдер;•салықтық емес түсімдер;•иегізгі капитал сатудың түсімдері;•ресми трансферттер түсімдері.2.Шыгындар;3.Операциалық қалдық;4.Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;5.Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;6.Бюджет тапшылығы (профициті);7.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - займдар түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.
Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэніАнықтама бойынша салықтық түсімдер деп «ҚР бюджетке салықтар және басқа да міндетті телемдер жөніндегі» ҚР Заңы-мен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлейтін са-лықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұнын солардың негізіндегі салық-тар құрайды. Олар кірістердің материалдық көзі - Ұлттық табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғандықтан өндірістік қатынастардың арнайы формасын құрайды. Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ере-кше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнзмі қозғалыста болады.ҚР-ның Бюджеттік кодексіне сәйкес барлық бюджет түрлерінің күрамына келесі салықтар кіреді:1. Корпоративтік табыстық салық.2.Жекеленген табыстық салық.3.Қосымша құнға салық.4.Акциздер.5.Үстеме пайдаға салық.6.Экспорттайтын пшкі мүнайға салық.7.Бонустар.8. Роялти.9.Әлеуметтік салық.10.Жер салығы.11.Бірыңғай жер салығы.12. Транспорттық құралдарға салық.13.Мүлікке салық.14.ҚР-ның өнім бөлігі бойынша үлесі.Салықтық түсімдерге Бюджеттік кодексімен бюджеттердің түрлері мен деңгейлері бойынша тағайындалған басқа да әр түрлі алымдар, ақылар мен баждар жатады.Бюджеттік кодексте салықтық түсімдердің нақты түрлері бюд-жет жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республика-лық бюджет бойынша өте маңызды фискалды және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер бекітіледі. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық категория ретіндегі функцияларын пайда-лану қажеттілікпен дәлелденеді, себебі салықтардың фискалдық функциясы мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективтік шарттар туғызады. Мысалы, мемлекет салықтардың экономикалық (реттеуші) функциясы арқылы ел экономикасында болып жатқан процестерге, қайта өндіріске, капитал қорланды-руға, тұрғындардың төлемқабілеттілік сүранысына маңызды әсер етеді.Салықтарды және олардың функцияларын экономикалық процестерге әсер ету үшін пайдалану мемлекеттің салықтық сая-саттының негізін құрайды. Бұл саясатты іске асыру салық салу-дың ұйымдастырушы-құқыктық нормалары мен басқару әдіс-терінің жиынтығынан қалыптасатын салықтық механизм арқы-лы жүргізіледі. Салықтық механизм заңнамалы түрдеСалық ко-дексінде бекітіледі. Қоғам өмірі мен мемлекеттің іс-әрекеттінде салықтардың рөлі осы салықтык саясат пен салықтық механизм арқылы көрінеді. Мемлекеттің экономикалық саясатына байла-нысты салықтық түсімдердің релі мен мәні, механизмі езгереді, оларды жаңарту мен жетілдіруі болады.Салықтық емес түсімдер маңында бюджетке Салық кодексін-де қарастырылғандардан басқа Бюджет кодексінде тағайындалған міндетті және қайтарылмайтын төлемдер жатады. Салықтық түсімдерге қарағанда салықтық емес түсімдердің мығым тағайын-далған мөлшерлемелері жоқ, басқаша айтқанда, олар фискал-ды-тұрақты сипатта емес, сондықтан мұндай түсімдер мөлшерін өткен жыл деңгейінде жоспарланады. Салықтық емес түсімдер тізімі бюджеттер түрлері мен деңгейлері бойынша заңды және жеке тұлғаларға бөлек міндетті телемдер форма ретінде Бюджет кодексімен тағайындалады.Салықтық емес түсімдер жіктеледі: а) аумақтық белгілері бойынша; ә) қалыптастыру мен төлету белгілері бойынша; б) төлемдер төлету үшін нақты негіздері бойынша. Бірінші бел-гілері бойынша белгілі деңгейдегі бюджетке түсетін, яғни респуб-ликалық, облыс немесе аудан бюджеттері кірістеріне, салықтық емес түсімдер айырылады. Екінші белгілері бойынша міндетті және өз еркілік төлемдерге бөлінеді. Үшінші белгілері бойынша салықтық емес түсімдер телемді қалыптастыратын негізге байла-нысты нақты түрлерге бөлінеді, мысалы, бюджеттен қаржыланды-рылатын мемлекеттік мекемелердің тауар сатудан түсетіндері.Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамывда салыңтык және са-лықтық емес түсімдердің рөлі мен мәні өте зор, себебі барлық кіріс-тер ішінде 80-90 пайызы осы түсімдер үлесіне жатады және жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызын құрайды, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-13 пайызға жетеді.
Бюджеттің сипаттама белгілері. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық жэне ұйымдастырушылық формалары Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым — қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық фунцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да, мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым — қатынаста жатыр.Бюджет экономикалық қарым – қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
