Биология
1. Гүлді өсімдіктердің көбеюі- A) тұқымымен. B) аталығымен. C) жемістерімен. D) спорамен. E) аналығымен. |
2. Күрделі жапырақты өсімдік A) Итсигек B) Ботакөз C) Шетел D) Итмұрын E) Астра |
3. Лалагүл тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны: A) 5. B) 4. C) 6. D) көп. E) 8. |
4. Ашытқыны ұнға қосып қамыр илесе, сәлден соң қамыр дереу көтеріліп ашиды, себебі A) Ашытқы ұлғайып дербес жасушаларға айналады. B) Көбейеді. C) Қамырда қоректенеді. D) Ашытқының әрбір жасушасы бастапқы жасушадан үзіледі. E) Қантты сіңіріп спиртпен көмірқышқыл газын түзеді. |
5. Актинияның тіршілік ететін мекені- A) мұхиттар. B) теңіздер. C) топырақ. D) тұщы су. E) көлдер. |
6. Астық қорына зиян келтіретін кене: A) Қамба кенесі. B) Алма кенесі. C) Берішкене. D) Өрмек кене. E) Қышыма кене. |
7. Қанның қоймалжың келген сұйықтығы: A) плазма B) цитоплазма C) су ерітіндісі D) физиологиялық ерітінді E) лимфа |
8. Адам денесінде күн сәулесінің әсерінен түзіледі: A) Д дәрумені. B) К дәрумені. C) В дәрумені. D) А дәрумені. E) С дәрумені. |
9. Биосфера дегеніміз: A) Жердің өткен заманда ғана тіршілік болған аймағы. B) Жер ғаламшарындағы тіршілік жоқ аймақ. C) Гидросфера. D) Жердің ауа қабаты. E) Жер ғаламшарының тіршілік бар аймағы. |
10. Көп тұқымды сүйекті жемісі бар өсімдік: A) Мақта B) Таңқурай C) Бақбақ D) Күріш E) Үйеңкі |
11. Балықтар торсылдақтың көмегімен: A) Судың бағыты мен күшін сезеді. B) Тамақты қорытады. C) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады. D) Газ алмасуға қатысады. E) Тез қозғалады. |
12. Жасушада әрі фермент, әрі гормон, әрі құрылыс материал: A) ақуыз B) крахмал C) көмірсулар D) РНК E) ДНК |
13. Тірі ағзалардың сыртқы ортаның физикалық және химиялық өзгерістеріне әрекеті: A) тежелу B) қимылдау C) биосинтезделу D) ыдырау E) қозу |
14. Қан плазмасындағы су мөлшері шамамен A) 70 %. B) 50 %. C) 60 %. D) 90 %. E) 80 %. |
15. Туберкулез таяқшасының кездесетін жері- A) үй ішінде. B) суда. C) ауада. D) топырақта. E) тағамда. |
16. Сілекей безінің әсерінен крахмал ... айналады: A) гликогенге B) фруктозаға C) аминқышқылына D) инсулинге E) глюкозаға |
17. Рибосоманың атқаратын қызметі: A) Қоректік заттарды тасымалдайды B) Органикалық заттарды қорытады C) Фотосинтезге қатысады D) Ақуызды синтездейді E) АТФ жасайды |
18. Жасуша рибосомасында түзілетін заттар- A) Бейорганикалық қосылыстар. B) Майлар. C) Энергия көзі. D) Көмірсулар. E) Ақуыздар (нәруыздар). |
19. Сыртқы ортадағы маусымдық өзгерістердің ең негізгі әрекеттері. A) Жауын-шашын мөлшері. B) Күн жарығының ұзақтығының өзгеруі. C) Ауа температурасындағы өзгеріс. D) Ауаның атмосфералық қысымы. E) Қардың түсуі. |
20. Қосжарнақты өсімдік үрмебұршақтың тұқымында қор заттарының жинақталатын орны- A) эндоспермінде. B) ұрығында. C) қауызында. D) тұқымжарнағында. E) кіндігінде. |
21. Қой малына айналма ауруын тудыратын: A) қылқұрт B) үшкірқұрт C) миқұрт D) суыртқы E) ішексорғы |
22. Кроссинговер дегеніміз: A) гомологиялық хромосоманың бір-бірімен тығыз жанасуы B) жасушаның айқас бөлінуі C) гомологтық хромосомалардың бөліну кезінде айқасуы D) жыныс жасушаларының пайда болуы E) хромосоманың спиральды ширатылуы |
23. Жүгерінің, какаоның, үрмебұршақтың отаны: A) Шығыс Азия орталығы. B) Жерорта теңізі орталығы. C) Орталық Америка орталығы және Оңтүстік Мексика. D) Абиссиния орталығы. E) Оңтүстік-Батыс Азия орталығы. |
24. Табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі: A) Тұқымқуалаушылық. B) Өзгергіштік. C) Тіршілік үшін күрес. D) Бейімделушілік. E) Қолдан сұрыптау. |
25. Эволюцияның эмбриологиялық дәлелдемелеріне жататындар: A) Қазбалы өтпелі формалар. B) Әр түрлі ағзалардың химиялық құрылымы және клеткааралық сұйықтықтардың ұқсас болуы. C) Филогенетикалық қатарлар. D) Биогенетикалық заң. E) Түрлердің географиялық таралу заңдылықтары.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
