Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2004.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
632.83 Кб
Скачать

32 Байқау сынағы «тараз-125» ббо 0420 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

0420 - НҰСҚА

«ТАРАЗ-125» ББО

2014

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Қай сөздің жеке лексикалық мағынасы жоқ, табыңыз.

A) Таба.

B) Бажа.

C) Бата.

D) Таша.

E) Таса.

2. Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді табыңыз.

A) Өндіріс.

B) Жалқау.

C) Өнерпаз.

D) Жолаушы.

E) Емхана.

3. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

A) Сейсенбі.

B) Сәрсембі.

C) Бүгүн.

D) Бейсембі.

E) Дүйсембі.

4. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Жиырма.

B) Кітап оқу.

C) Уәлихан.

D) Илеуіш.

E) Күркешік.

5. Жалпы есімді табыңыз.

A) Көл.

B) Айман.

C) Жанар.

D) Жасыбай.

E) Ұлмекен.

6. Сапалық сын есімді табыңыз.

A) Түнгі аспан.

B) Малды ауыл.

C) Еріншек бала.

D) Сүтті сиыр.

E) Үлкен үй.

7. Жіктеу есімдігінің жекеше түрін көрсетіңіз.

A) Сендер.

B) Ешкім.

C) Әркім.

D) Өзім.

E) Сен.

8. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Баға, бейне.

B) Баратыным, көрерім.

C) Күлгіз, орғыз.

D) Жазыппыз,айтпассың.

E) Жүргенсің,отырғыз.

9. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

A) Рас.

B) Әрине.

C) Кә-кә.

D) Демек.

E) Әттеген-ай.

10. Кәсіби сөздерді табыңыз.

A) Келер, жылым.

B) Су, теңіз.

C) Ой, арман.

D) Қанат, мінез.

E) Мұрап, ау.

11. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

A) Кеше ғана.

B) Жанға рақат.

C) Жақсы жар.

D) Табиғат ана.

E) Қарт ата.

12. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз.

A) Тотыдайын.

B) Босқа.

C) Қапылыста.

D) Соншалық.

E) Жөнімен.

13. Демеулік шылауды көрсетіңіз.

A) Түспей-ақ қой.

B) Сол себепті.

C) Кешеден бері.

D) Сен түгіл.

E) Қызық сияқты.

14. Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз.

A) Гүл өсті.

B) Әжесін ойлады.

C) Баланың добы.

D) Торы ала ат.

E) Егінді дала.

15. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз

A) Аязды түндер.

B) Халықаралық жағдай.

C) Экономикалық өрлеу.

D) Ит арқасы қиянда.

E) Қол шапалақтау.

16. Сөйлемдегі пысықтауыш қандай сөз табынан жасалған, табыңыз.

Жұмыс әлдеқашан біткен.

A) Есімдік.

B) Шылау.

C) Еліктеуіш сөз.

D) Одағай.

E) Үстеу.

17. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Үйлер, дүкендер -бәрі жөндеуді қажет етеді.

B) Бір ұстасып қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің.

C) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.

D) Күн шығып, ел тұра бастады,- Нұрлан әлі жоқ.

E) Күдері сөзінен соң Жақыптың да жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.

18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қап, мынаның баласы!

B) Өркенің өссін, балам!

C) Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.

D) Бәрекелді, ұлы сөз!

E) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз.

19. Тырнақша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Абыз- Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз – деп ойлады.

B) Абыз: “Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз”, – деп ойлады.

C) Абыз Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз – деп ойлады.

D) Абыз, Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз деп,- ойлады.

E) Абыз; Қарт ананы жалғыз отырғызу ретсіз « деп ойлады».

20. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.

A) Жаратушы сана, ақыл, ес берсін десейші.

B) Әр адам өз ісіне өзі маман.

C) Бір шортан мен үш сазан ауланды.

D) Өскен тілекке сай опералар, либреттолар туды.

E) Мұраттың кітап оқуға да, ойынға да көңілі соқпады.

21. Күрделі сөз қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.

Селт етті.

A) Зат есім, зат есім.

B) Есімдік, зат есім.

C) Еліктеу, зат есім.

D) Еліктеуіш, көмекші етістік.

E) Зат есім, етістік.

22. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз.

Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.

A) Түнеріп өтті.

B) Сұр жапалақ.

C) Кеңк-кеңк етіп.

D) Қайта-қайта түнеріп.

E) Төбеден өтті.

23. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.

Дала. Егін даласы.

A) Толынды.

B) Жақсыз.

C) Атаулы.

D) Жақты.

E) Жайылма.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.

A) – Рахмет ақсақал, қош болыңыз – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

B) Рахмет ақсақал қош болыңыз! - деп меңгеруші бізді шығарып салды.

C) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

D) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз,- деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

E) – Рахмет ақсақал қош болыңыз,- деп меңгеруші бізді шығарып салды.

25. Шешендік сөздің әсерлілігін арттыратын тілдік сапаны белгілеңіз.

A) Тез сөйлеу.

B) Қарабайыр сөздерді қолдану.

C) Дауыс мәнерін сақтамау.

D) Сөз мағынасын жетік білмеу.

E) Айшықты сөздерді мол қолдану.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]