
- •Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері
- •Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары
- •Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік бәсеке, олигополия, т.Б.
- •Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:
- •Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:
- •Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
- •Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс көлемін таңдау
- •Бәсекені қорғау және монополияны шектеу. Антимонополиялық саясат
Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:
Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.
Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.
Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.
Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады.
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады.
Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.
Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:
Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын экономисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:
IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / EdP.
мұндағы, Pm – монополиялық баға,
МС – шекті шығын,
EdP – сұраныстың бағалық икемділігі.
Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығында (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды.
Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттайтын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы алынады:
IHH = S2 1 + S2 2 + . . . + S2 n,
мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші,
S2 1 – ең ірі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы,
S2 2 – көлемі бойынша келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы,
S2 n – ең кіші фирманың үлес салмағы.
IHH -дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені S2 1 – 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S2 1 = 1%-ке, ал IHH 100-ге тең болады.
2. МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар, олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.
Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады.
Сұраныс икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену (дифференциациялану) деңгейі.
Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз – фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.
Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі сипаты бойынша қарастыруға болады:
1. Монополиялық сипаттары бойынша: - кемімелі сұраныс қисығы;
- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.
2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:
- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;
- іс-әрекеттері басқа фирмалаға тәуелді емес;
- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.
Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы мүмкін.
Монополистік бәсеке нарығының монополия сияқты қоғам үшін экономикалық тиімсіздікке алып келетін әлеуметтік-экономикалық салдарлары бар.
Біріншіден, тауарлар өндірісі үшін ресурстар толық қолданыла алмайды, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, артық өндіріс қуаты пайда болады.
Екіншіден,тұтынушылар тауарларды төменгі бағамен сатып ала алмайды, яғни оларға қажетті тауарлар тиісті деңгейінде өндірілмейді.
Үшіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға үнемі ерекшелік беріп жетілдіріп отыру қажет.
Төртіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға жарнама жасап отыруды қажет етеді.
3. ОЛИГОПОЛИЯ – шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестерінің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның бір типі.
Олигополия нарығы моделінің түрлері:
1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.