Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
653.82 Кб
Скачать

Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік бәсеке, олигополия, т.Б.

Жетілген бәсекенің жоғарыда аталған шарттарының ең болмағанда біреуі ғана бұзылатын болса, онда нарықта жетілмеген бәсекенің формалары орын алады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалардың саны шектеулі болып табылады, мұндай нарықтық құрылымдар жетілген бәсеке нарығына қарағанда экономикалық жағынан тиімділігі төмен нарықтар ретінде саналады.

Себебі, жетілмеген бәсеке жағдайларында фирма нарықтағы бағаны бақылай алады, оның нарықтағы белгілі бір үстемдігі орын алады және өнім көлемін жетілген бәсекеге қарағанда салыстырмалы түрде аз өндіреді.

Жетілмеген бәсекенің негізгі формаларын қарастырғанда кейбір жағдайларда сатушылар да және сатып алушылар да нарықтық билікке ұмтылып бағаға ықпал жасай алуы мүмкін.

Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары:

1. МОНОПОЛИЯ – нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі. Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық –монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады.

Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:

1.      «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі.

2.      Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды.

3.      Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай отырып, бағаны кез-келген бағытта өзгертеді және басқара алады.

4.      Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан, оның өніміне деген сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың да сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың бағасын анықтайды.

5.      Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауылдармен) қорғалады.

Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Монополия жағдайында барлық кедергілер былайша екіге бөлінеді:

1.      Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау).

2.      Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар – институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.

Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.

Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер» немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни, монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға») қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері болады:

1.      Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.

2.      Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргенне гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.

3.      Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әр түрлі бағамен сата алады. Бағалық дискриминация –монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.