- •Реферат
- •Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- •Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу нұсқаулығы
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау
- •3. Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау
- •4. Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде сауалнама және сұхбат жүргізу
4. Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде сауалнама және сұхбат жүргізу
26. Стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін сыртқы кешенді бағалау жүргізу кезінде респонденттер мыналар болып табылады: медициналық ұйымдардың басшылары, медициналық қызметкерлер, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, сондай-ақ емі аяқталған пациенттер, пациенттердің туыстары. Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттер мен медицина қызметкерлеріне сауалнама бойынша жүргізіледі. 27. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін сыртқы кешенді бағалау жүргізу кезінде респонденттер мыналар болып табылады: медициналық ұйымдардың басшылары, медициналық қызметкерлер, пациенттер және олардың туыстары. Респонденттерді іріктеу кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі. 28. Медициналық персоналдың ішінде респонденттердің саны медицина ұйымдары үшін медициналық білімі бар штат қызметкерлерінің кемінде 5%-ы болуы тиіс. 29. Респондент-пациенттер саны стационарлық емделіп жатқан немесе сауалнама және сұхбат сәтінде медициналық көмекке жүгінген адамдар санының кемінде 5%-ы болуы тиіс. 30. Туысқандардың, келушілердің ішіндегі респонденттердің саны әрбір нақты жағдайда жеке анықталады, бірақ кемінде 2-3 адам болады. 31. Сұхбат жүргізу кезінде сұрақтар (3-5 сұрақтар) екі жақты түсінуді болдырмайтындай және респондент үшін түсінікті нысанда жазылған стандарт бөлімінің мазмұнына қарай нақты болуы тиіс. 32. Респонденттерге арналған сауалнамалар медициналық ұйымның СТН немесе бар болса БСН көрсете отырып, аккредиттеу стандарттарына сәйкес нөмірленуі және күні белгіленуі тиіс
Қолданылған әдебиеттер:
nmh.kz/quality/accreditation_of_... копия
ru.wikipedia.org/wiki/Аккредитация копия
online.zakon.kz/Document?doc_id..
news.gazeta.kz/art.asp?aid=323964
healthproject.kz/ru/page/79 копия
