Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗЕНОВ Т-РЕФЕРАТ .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.5 Кб
Скачать

2. Аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау

      14. Аумақтық департаменттер не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым аккредиттеу рәсімдерін өту үшін денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын құжаттарды сараптауды жүргізеді.       15. Аумақтық департаменттермен не уәкілетті орган аккредиттеген ұйыммен аккредиттеуден өтуге өтініш тіркелген сәттен бастап құжаттарды қарау мерзімі аккредиттеуші орган бекітетін кестеге сәйкес белгіленеді.       16. Аумақтық департаменттер не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым денсаулық сақтау субъектілерімен ұсынған құжаттардың осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмеу жағдайда қабылдамау себептерін негіздеумен қабылдаудан бас тартады.

3. Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау

      17. Сыртқы кешенді бағалау рәсімін бастар алдында сараптау тобының мүшелері бағалау кестесіне салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бұдан әрі - СТН) немесе (бар болса) бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) енгізеді.       18. Бағалау кестелерінде оларға сәйкес медициналық ұйым қызметтеріне сыртқы кешенді бағалау рәсімі жүзеге асырылатын бағана бар:       «Ақпарат көздері» - құжаттар, рәсімдер, нұсқаулықтар мен зерделеуге жатқызылатын басқа да құжаттар көрсетілген;       «Стандарттың талаптары» - осы аккредиттеу стандартын орындау үшін ұйымда не болу керектігі сипатталады;       «Стандарттың орындалуын бағалау» - ұсынылған құжаттарды зерделеу, ғимараттарды, құрылыстарды, қажетті үй-жайларды, медициналық жабдықтар мен техникаларды тексеру, пациенттер мен медицина қызметкерлерімен сұхбаттасу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы бағалау рәсімдері сипатталады;       «Ескерту» - анықталған аккредиттеу стандарттарына сәйкессіздігі белгіленеді.       Аккредиттеу объектісі қызметін бағалау үшін жекелеген стандарттарды қолдану тиімсіз болған жағдайда оның ерекшелігіне қарай тиісті бағанда «стандартты бұл ұйым үшін қолдану тиімсіз» деген белгі қойылады. Жекелеген стандартты қолдану тиімсіз болған жағдайда «балмен жиналуы тиіс» сомасынан осы стандарт үшін белгіленген балдар алынып тасталады;       «Орындау» - жүргізілген бағалау бойынша балдар қойылады;       «Жиналған балдардың нақты сомасы» - жиналған балдардың нақты сомасы көрсетіледі.       19. Медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттары талаптарына сәйкестігін бағалау балдық жүйеде жүргізіледі: стандарттың талабына толық сәйкестік 2 балмен бағаланады, ішінара – 1 балл және сәйкес болмаған жағдайда – 0 балл.       Бағалау кестесінде әрбір стандарт жеке тармақтар бойынша бағаланады.       Стандарттардың төртінші және бесінші блоктарынан басқа стандарттар блоктарын бағалау ұсынылған құжаттар пакетін сараптау, ғимараттарды, құрылыстарды, қажетті үй-жайларды, медициналық жабдықтар мен техникаларды тексеру, пациенттер және медицина қызметкерлерімен сауалнама және сұхбаттасу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.       «Медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау» стандарттарының төртінші блогын бағалау медициналық ұйымдардағы сапаны басқару жүйесін енгізу жөніндегі құжаттарды зерделеу, медицина қызметкерлерімен сауалнама және сұхбаттасу жүргізу негізінде жүргізіледі.       «Клиникалық қызмет» бесінші стандарттар блогын бағалау медициналық ұйымның әрбір клиникалық бөлімшелері бойынша жүзеге асырылады, «Медициналық ұйымдардың атауы» деген бағанда клиникалық бөлімшелердің атаулары қосымша көрсетіледі.       Стандарттардың алтыншы блогының стандарттарын бағалау кезінде, алаңдардың санитарлық ережелермен белгіленген талаптарына 20% және одан жоғары сәйкессіздігі жағдайында «Ескерту» бағанында ерекше белгі қойылады.       20. Бағалау аяқталғаннан кейін әрбір клиникалық бөлімшелер бойынша ақпарат ақпараттық мәліметтер жүйе базасына енгізіледі.       Әр клиникалық бөлімшелер стандарттары бойынша мынадай жағдайда медициналық карталар зерделенеді:       өлім жағдайы;       ауруханаішілік жұқпалардың туындау фактілері;       ауру ағымының асқынулары, оның ішінде операциядан кейінгі;       емдеуді сапасыз жүргізудің салдарынан сол ауруы бойынша бір айдың ішінде қайтадан емдеуге жатқызу;       негізсіз емдеуге жатқызудың іріктелген жағдайлары (1-3 күн болу).       Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде мынадай жағдайда медициналық карталар зерделенеді:       еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың, жасөспірімдер мен балалардың үйде қайтыс болуы;       қан айналым жүйесінің ауруы бойынша пациенттердің алғаш мүгедектікке шығуы (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы);       онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған түрі;       нәрестелер өлім-жітімі;       ана өлім-жітімі.       Жедел медициналық көмек көрсету деңгейінде мынадай жағдайда медициналық құжаттар зерделенеді:       тәулік ішіндегі бір ауру түрі бойынша қайта шақырулар;       бригаданың көзінше болған өлім жағдайы;       жедел жәрдем бригадасы мен науқасты емдеуге жатқызған стационардың қабылдау бөлімі диагноздарының сәйкес келмеуі.       «Медициналық көмек көрсету сапасының индикаторларына сәйкестік» стандартының бесінші блогы талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ағымдағы жылғы (есептік кезең) жарты жылдық қорытындысы бойынша өңірлердің медициналық ақпараттық-талдау орталықтары ұсынған индикаторлардың мәндері пайдаланылады. Индикаторлардың нақты мәндерін және шекті шамаларды салыстыру нәтижесінде медициналық ұйымдар индикаторларының сәйкестік көрсеткіші пайызбен есептеледі.       Стандарттың бесінші блогының «А» талаптарына сәйкестігін бағалау бұл көрсеткіштің алынған мәнімен сәйкестігі мынадай шкала бойынша жүзеге асырылады:       көрсеткіштің мәні 100-ден 80% дейін – стандарттың талаптарына толық сәйкестігі (2 балл);       көрсеткіштің мәні 79-дан 60% дейін – стандарттың талаптарына ішінара сәйкестігі (1 балл);       көрсеткіштің мәні 59-дан 0% дейін – стандарттың талаптарын орындамау (0 балл).       Стандарттың бесінші блогының «Б» талаптарына сәйкестігін бағалау өткен жылғы 6 айдың және ағымдағы жылғы 6 айдың индикаторлары мәнінің динамикасын зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Медициналық ұйымның аккредиттеуге дайындықтың бірден бір критерийі стандарт бойынша көрсеткіш 60%-дан жоғары болуы болып табылады.       21. Стационарлық көмекті жүзеге асыратын және құрылымында емханалық (консультациялық-диагностикалық) бөлімшелері бар (халық тіркелмеген) медициналық ұйымдар үшін бұл құрылымдық бөлімшенің емханалық қызметін бағалау консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады (бесінші блок).       22. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін және құрылымында күндізгі стационар бөлімшесі бар медициналық ұйымдар үшін осы құрылымдық бөлімшенің қызметін бағалау стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады (бесінші блок).       23. Шипажайлық үлгідегі, қалпына келтіру және медициналық оңалту медициналық ұйымдарды бағалау стационарлық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады.       24. Диагностикалық орталықтарды, отбасын (неке және отбасы) жоспарлау орталықтарын бағалау консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттары бойынша жүзеге асырылады.       25. Әрбір стандарт бойынша сәйкестікті бағалау дұрыстығы және балдарды есептеу анықтығы сараптау тобының жауапты тұлғасының жеке қолымен куәландырылады, оның тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ баға қою күні көрсетіледі.