- •Реферат
- •Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- •Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу нұсқаулығы
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау
- •3. Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау
- •4. Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде сауалнама және сұхбат жүргізу
Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 14-бабына сәйкес және «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын (бұдан әрі - қаулы) іске асыру мақсатында әзірленді. 2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғым қолданылады: аккредиттеуші орган – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым; уәкілетті орган – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 3. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау (бұдан әрі - сыртқы кешенді бағалау) мынадай кезеңдерден тұрады: аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау; аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау; аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау; сауалнама жүргізу, сұхбат алу; аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды балдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негізінде, аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін интегралдық коэффициентті есептеу арқылы жүргізу. 4. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау денсаулық сақтау субъектімен дербес немесе қаулыға сәйкес аккредиттелген тәуелсіз медициналық сарапшыларды тарта отырып өткізіледі. Денсаулық сақтау субъектілері осы Нұсқаулыққа сәйкес аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалауды өткізеді. 5. Аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынылатын құжаттарды сараптау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) не уәкілетті орган аккредиттеген ұйыммен өткізіледі. 6. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау, сауалнама жүргізу, сұхбат алу, аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды балдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негізінде, аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін интегралдық коэффициентті есептеу үшін өңірлік сараптау тобы (бұдан әрі - сараптау тобы) аккредиттеуші орган бекітетін кестеге сәйкес медициналық ұйымға шыға отырып жүргізеді. Сараптау тобының басшысы медициналық ұйымда аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау, сауалнама жүргізу және сұхбат алуды бастаудың алдында стандарттардың белгілі блоктары бойынша бекітілген сарапшыны (бұдан әрі - сарапшы) анықтайды. 7. Аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды балдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негізінде, аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін интегралдық коэффициентті есептеу үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымда «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) орнатылады. Стандарттар блоктары бойынша сарапшыға ақпараттық жүйе мәліметтері базасына кіру үшін және онымен жұмыс істеу үшін жеке код және логин беріледі. Ақпараттық жүйемен жұмыс ақпараттық жүйе пайдаланушысының басшылығына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Сараптау тобының тиімді жұмысы үшін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша аккредиттеу стандарттарының әрбір блогы бойынша жасалған бағалау парақтары (бұдан әрі - бағалау кестелері) бойынша жүргізіледі. 9. Сарапшы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау рәсімдері аяқталғанда жиналған баллдардың нақты сомасының нәтижелері бағалау кестелеріне ақпараттық жүйе мәліметтері базасына аккредиттеу стандарттарының блогына енгізеді. 10. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасына сәйкес сарапшы қызметтік құпияға жататын мәліметтерді жариялауға (блок бойынша ақпараттты енгізу құқығын басқа адамға беру) жол берілмейді. 11. Сарапшы ақпараттық жүйе мәліметтері базасына мәліметтерді енгізгеннен кейін толтырылған стандарт блоктары бойынша бағалау кестелерді өңірлік сараптау тобының басшысына қағаз және электронды тасығыштар арқылы беріледі. 12. Көрсетілген рәсімдер аяқталғаннан кейін сараптау тобының жұмысы туралы бағалауды өңірлік сараптау тобының басшысы аумақтық департаментіне қағаз және электронды тасығыштар арқылы береді. 13. Әрбір стандарт бойынша балдар жиынтығының нақты сомасы стандарттардың әрбір блоктары бойынша сәйкестік коэффициенттерін есептеу және осы Нұсқаулыққа 3-бөлімге сәйкес әдістеме бойынша есептелетін медициналық ұйымдардың тұтасымен аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі интегралды коэффициентін есептеу негізі болып табылады.
