Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗЕНОВ Т-РЕФЕРАТ .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.5 Кб
Скачать

С .Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау.

Орындаған: Казенов Т.Т.

Факультет: Жалпы медицина

Курс: 5

Тобы: 10-25-02

Қабылдаған: Байзаханов А.А.

Алматы-2015

Жоспар:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Аккредитацияға анықтама

  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі аккредитация

  • Қолданылған әдебиеттер

Аккредиттеу – бұл тұтас жоғары оқу орнының немесе жеке білім беру бағдарламаларының белгілі бір стандарттарға және өлшемдерге сәйкес келуін бағалау үшін қолданылатын процесс.

  • Акредиттеу процесі, негізінен төмендегідей 4 нысаныдан тұрады:

  • Институционалдық аккредиттеу

  • Мамандандырылған аккредиттеу

  • Ұлттық аккредиттеу

  • Халықаралық аккредиттеу.

Институтционалдық аккредиттеу – ол ұйымды тұтас аккредиттеуден өткізу. Мамандандырылған аккредиттеу деп кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді атайды. Ұлттық аккредиттеу мемлекет шеңберіндегі білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу. Халақаралық аккредиттеуде білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу шетелдік агенттікте жүргізіледі.

Аккредиттеу кезеңдерi

  • 1. Аккредиттеу мынадай негiзгi:

  • 1) өтiнiмдi және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;

  • 2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;

  • 3) ұсынылған құжаттарды сараптау;

  • 4) өтiнiш берушiнi орналасқан жерi бойынша тексеру;

  • 5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау;

  • 6) аккредиттеуден кейiнгi шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекiту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерiн қамтиды.

11-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялау Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың медициналық, дәрiгерлiк, фармацевтикалық, ғылыми және бiлiм беру қызметiмен шұғылдануының мәртебесi мен құқықтылығын тану мақсатында өткiзедi. Денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау, аттестаттау тәртiбiн ҚР Үкіметі белгiлейдi.

Медициналық бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу - бұл олардың бiтiрушiлерге мемлекеттiк үлгiдегi бiлiмi туралы құжаттарды беру құқығы бар бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, типi мен түрi бойынша олардың мәртебесiн мемлекеттiң тануы. Бүкiл әлемде аккредиттеу тәуелсiз кәсiби ұйымдардың тарапынан жоғары оқу орнының сапалы бiлiм беру қызметтерiн көрсету қабiлетiн растауы деп түсiндiрiледi.

Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6432 болып енгізілді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 14-бабына сәйкес және "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:       1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.       2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.       3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.       4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.       5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министрдің м.а.                                    Б. Садықов

Қазақстан Республикасы      Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі           № 542 бұйрығымен бекітілген