Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бакылау олшегиш 14-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
474.03 Кб
Скачать

9.3. Жм факультеті студенттеріне арналған патофизиология-1 пәнінен

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

  1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).

  2. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 697 бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

  3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік.

  4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.

  5. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

  6. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  7. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының этиологиясы және патогенезі.

  8. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.

  9. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалаушылық патология түрлерінің жіктелуі.

  10. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Зақымдалу деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық. . арақатынастар. Мысалдар.

  11. Патогенездегі негізгі тізбек және «кері айналып соғу шеңбері». Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.

  12. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.

  13. Организмнің жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы. . Организмнің жыныс мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

  14. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

  15. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.

  16. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

  17. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдары.

  18. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасының зақымдалуының негізгі тетігі ретінде МАТ белсенденуі.

  19. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Мембараналық фосфолипазаның және басқа гидролазалардың белсенденуі, осмостық зақымдалу, иммундық зақымданулар..

  20. Апоптоз, түсініктемесі, патогенезі. Зақымдануда жасушаның икемделіу- бейімделу тетіктері.

  21. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

  22. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің патогенездік факторларының сипаттамасы.

  23. Организмнің сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  24. Газдық, газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

  25. Газдық, газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

  26. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  27. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  28. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.

  29. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  30. Инсулиннің ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері. Инсулинге төзімділік туралы түсінік

  31. Организмнің азоттық тепе-теңдігі, түрлері, патогенезі. Гиперазотемия, түрлері, патогенезі.

  32. Гипопротеинемия, себептері, організм үшін салдары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис.-, парапротеинемия туралы түсінік.

  33. Семіру, түрлері, даму тетіктері.

  34. Гиперлипидемиялар, түрлері, патогенезі. Гиперлипопротеидемиялар, дислипопротеидемиялар, патогенезі.

  35. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.

  36. Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.

  37. Гипоксия кезінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелердің қызметі өзгерістері.

  38. Гипоксия кезінде жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.

  39. Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.

  40. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  41. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  42. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  43. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

  44. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Теңгерулік үрдістер:біріктіріп қосу, қосымша қанайналымы. Алдын алу және емдеу жолдары.

  45. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары.

  46. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынудың онтогенез барысында дамуы.

  47. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер.

  48. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабыну туындататын және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.

  49. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  50. экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  51. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы.

  52. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері.

  53. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері және олардың патогенезі.

  54. Жұқпалық үрдіс туралы түсінік, патогенезі.

  55. Сепсис туралы түсінік. Сепсистік сілейменің патогенезі.

  56. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі.

  57. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі.

  58. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері

  59. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Пиротерапия туралы түсінік. Туылғаннан кейінгі кезеңдегіқызбалық әсерленістің ерекшеліктері.

  60. Гипертермия (ысыну) туралы түсінік, патогенезі. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

  61. Жіті кезеңдік жауап, себептері, дәнекерлері және олардың әсері. Жіті кезеңдік жауаптың нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жіті кезеңдік жауаптың маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.

  62. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері.

  63. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.

  64. Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

  65. Кома, түрлері, даму тетіктері.

  66. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  67. Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі.

  68. Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі.

  69. Аллергиялық серпілістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі.

  70. Аллергиялық серпілістердің жасуша қатысуымен болатын түрі. Сатылары, патогенезі.

  71. Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері.

  72. Жалған аллергиялы серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі.

  73. Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Өспелер атипиясы туралы түсінік. Морфологиялық атипиясы, өсу және көбею атипиясының сипаттамасы.

  74. Өспелер атипиясы туралы түсінік. биохимиялық атипиясының сипаттамасы.

  75. Өспелік жасушалардың антигендік және қызметтік атипиясының сиапттамасы.

  76. Қатерлі өспелердің биологиялық ерекшеліктері (сіңбеленіп өсуі, метастаздануы, қайталануы), патогенезі.

  77. Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

  78. Өспе өсуінің патогенезі (бастама, күшею, өршу сатылары).

  79. Қатерлі өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі.

  80. Өспе өсуіне қарсы төзімділік тетіктері, (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспелерді емдеудің ұстанымдары.