
- •Мазмұны
- •1 "Қтж" ұк ақ туралы қысқаша мәлімет
- •2 "Астанатранстелеком" ақ туралы қысқаша мәлімет
- •3 Талшықты-оптикалық байланыс желісі
- •4 Мультиплексирлеу технологиялары
- •4.1 Pdh технологиясы
- •4.2 Атм технологиясы
- •4.3 Sdh технологиясы
- •4.3.1 Sdh желісінің құрамы
- •4.3.2 Sdh жүйесін талдау
- •4.3.3 Sdh құрылу алғышарттары
- •4.3.7 Sdh мультиплексирлеудің рdh жүйесінен негізгі ерекшеліктері
- •Қорытынды
3 Талшықты-оптикалық байланыс желісі
Талшықты-оптикалық байланыс желісі — талшықты-оптикалық элементтері мен құрылғылары арқылы ақпарат беру жүзеге асырылатын оптикалық байланыс желісі. Басқа электр байланысы желілерінен ақпарат беру жылдамдығының жоғарлығымен (100 км-ден асатын қашықтыққа 107 — 109 бит/с), аз шығындалуына (инфрақызылтолқын аумағындағы ешу 1 дБ/км-дан аз) байланысты алыс қашыктыққа ақпаратты ретрансляторсыз жеткізу мүмкіндігімен, бір немесе көп тасымалдаушы толқындарда модуляциялаудың кең жолақтылығымен, талшық диаметрінің жіңішкелігімен, пайдалануға икемділігімен және арзандығымен ерекшеленеді.
Тиімді талшықты-оптикалық элементтерді жасау, аса ұзын кабельдер мен кең жолақты қабылдағыштардың жасалуы, ұзақ өмір сүретін (104 сағ-тан артық) жарықкөздерінің (лазерлік диодтар мен жарық диодтары) пайда болуы байланыс желілерінің басқа түрлерімен бәсекелестікте талшықтық-оптикалық байланыс желісінің тиімді екенін дәлелдеп келеді.
Талшықтық-оптикалық кабель (ТОК) — деректерді жарық көмегімен жылдам әрі сапалы тарататын кабель. Талшықты-оптикалық кабельді (ТОК) жасауда сәулежолдар пайдаланылады. Бұл сөулежолдардың әрқайсысының бірнеше қабат қаптармен қоршалуы олардың механикалық және оптикалық сипаттамасын жақсарта түседі. Мұндай қаптамалары бар сәулежолдарды оптикалық талшық деп атайды. Сәулежолдың диаметрі 50—125 мкм, ал қаптамасымен қосқанда 0,5 мм және одан үлкен оптикалық талшықтар тобы оптикалық кабельді қүрайды. Оның ішіндегі талшықтар жуандау келген пластмасса түтіктерге салынады және беріктендіргіш болат және пластмасса шыбықтар қолданылады. Кабельдің ішкі бөлігін су өткізбейтін зат немесе пластмасса талшықтардың шоқтарымен толтырады. Оптикалық талшықты кабель ағытпасына бекіту өте маңызды. Сигналдың сөулежол арқылы өту тиімділігі соған байланысты. Қауіпсіздік үшін талшықтың ұшын желіммен, эпоксидті смоламен, т.б. саңылаусыз бітейді. Оптикалық кабельдің иі-лу радиусы оның маңызды ерекшелігіне жатады. Радиус өте аз болғанда сөулежолдық бөліктердің сынуы немесе өту сигналдарының артуы мүмкін. Әдетте, сөулежол сыну көрсеткіші өзекшенің сыну көрсеткішінен кем болатын қабықпен қапталған кварцты шыныдан жасалған талшықты (иілгіш) диэлектрик болып келеді. Ток бір немесе бірнеше ОТ-дан тұрады. Құрамына қарай ҚКЖ ток ішкі және сыртқы төсеу кабельдері, сондай-ақ баусымдарға арналған кабельдер деп бөлінеді.
Талшықты – оптикалық кабельдер (ТОК) үшін оптикалық талшыққа өлшеулер жүргізуде негізгі сипаттамалар болып оптикалық талшықтың геометриялық және механикалық сипаттамалары есептеледі, сонымен қатар сөнуі, мод дағының өлшемі, қателік толқындары ұзындығы, хроматикалық дисперсия (бір модты талшықтар үшін), сөнуі, өзекше диаметрі, цифрлық апертура, хроматикалық дисперсия, көп модты дисперсия (көп модты талшықтар үшін) есептеледі. Талшықты оптикалық тізбекті жүйесін тұрғызуда талшықты – оптикалық кабельдің маңызды параметрлері болып талшық тұтастығы және зақымдану орнына дейінгі қашықтық есептеледі. Одан басқа, кез келген пассивті және активті компоненттер ТОТЖ өзінің меншікті параметрлеріне, сонымен қатар талшықты-оптикалық кабель қосындыларымен байланысты параметрлерге ие болады. мысалы, талшықтарды ұзарту, конвекторлар қосу және т.б. қайтарымды және енгізілетін жоғалымдар, шағылысу коэффициенті, компоненттер қайталанушылығы сияқты параметрлерді өлшеу қажеттілігінің туындауына алып келеді. оптикалық қуат қабылдағыштары және көздерін қосу, оптикалық күшейткіштерді талшықты-оптикалық кабельге қосу қуатты, күшейту коэффициенті, сезімталдылықты, спектральды сипаттамаларды және т.б. өлшеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта талшықты-оптикалық кабель бір модты оптикалық талшық болып саналады, ол өткізудің кең жолағына, кіші сызықты жоғалымдарға және мәліметтер берудің үлкен қашықтығына ие, талшықты оптикалық тізбек жүйесіндегі ең кеңінен таралған болып саналады.
ТОБЖ техникалық пайдалану негізін мыналар құрайды: магистральды кәбіл, 382-тармақта, оның ішінде STM¼, STM 16, STM 64, DWDM, IP/MPLS, Интернет (DISLAM) орналасқан бірінші желідегі белсенді құралдың шеткі құрылғысы.
Желінің жоғары сенімділігі талшықты-оптикалық байланыс желісін географиялық таратылған бағыттар бойынша сақтық қорда сақтаумен және жөнге салынған желілік-кәбілдік құрылысты пайдалану жүйесімен қамтамасыз етіледі. Басқа мемлекеттің (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыз) оператор желілерімен бірігу нүктелері халықаралық операторлардың трафиктерін беру үшін тиімді ортаны құруға мүмкіндік береді және «Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай» (Еуропа-Азия) және «Еуропа-Ресей-Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстан» (Еуропа–Орта Азия) халықаралық дәлізінің жер үсті магистральды желісіне шығу кезінде байланыс қызметінің кепілдендірілген сапасын қамтамасыз етеді.
ТОБЖ топологиясы ҚР ірі 11 қалалары арасында айналма бағыттарын қамтамасыз етеді.