Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ МУРАТБЕК СУЛТАН АСКАРҰЛЫ .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
637.96 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................

1 "ҚТЖ" ҰК АҚ.....................................................................................................

2 "Астанатранстелеком" АҚ.................................................................................

3 Талшықты-оптикалық байланыс желісі...........................................................

4 Мультиплексирлеу технологиялары.................................................................

4.1 PDH технологиясы...........................................................................................

4.2 АТМ технологиясы..........................................................................................

4.3 SDH технологиясы...........................................................................................

4.2.1 SDH желісінің құрамы ................................................................................

4.3.2 SDH жүйесін талдау.....................................................................................

4.3.3 SDH құрылу алғышарттары........................................................................

4.3.4 STM1, STM4 және STM16 деңгейлерінің мультиплексорлары...............

4.3.5 SТМ-N төменжылдамдықты ағындардың мультиплексирлеу сұлбасы..

4.3.6 STM-4 мультиплексорының сипаттамасы................................................

4.3.7 SDH мультиплексирлеудің РDH жүйесінен негізгі ерекшеліктері.......

Қорытынды.............................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................

Кіріспе

Қалалық байланыс желілерінде оптикалық кабель көп қолдануда. Себебі оптикалық-талшықты кабель арқылы байланыс ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағытының бірі болып табылады. Оптикалық кабельдер мен жүйелер тек қалалық және қалааралық байланысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар кабельді телевидения, видеотелефония, радиотарату, есептеуіш техникада, корпоративті желілердің технологиялық байланысында қолданылады. Оптикалық-талшықты байланысты қолдану арқылы ақпараттарды тарату көлемі, кең таралған спутникті байланыс, радиорелейлі байланыспен салыстырғанда тез өсті, яғни оптикалық-талшықты тарату жүйесі жіберу жолағы кең болады.

Байланыстың оптикалық кабель мен жүйесін дамытудың негізгі факторы болып оптикалы квантты генератордың-лазердің пайда болуы себепші болды. Лазер сөзі Light Amplification by Emission of Radiation сөзінің бастапқы әріптерінен құралып, индуцирленген сәуле көмегімен сәулені күшейту деген мағынаны білдіреді. Лазерлі жүйелер толқынның оптикалы диапазонында жұмыс істейді. Егер мәліметтерді тарату кабельмен жүргізілсе-мегагеряті жиілік, ал толқынтасығышта-гигагерц, онда лазерлік жүйелер үшін көрінетін және инфрақызыл жолақты оптикалық толқын диапазоны (жүздеген терагерц) қолданылады.  Байланыстың оптикалы-талшықты жұйесінің бағыттауыш жүйелерін өткізу көлемі мен қабылдау әдісіне байланысты диэлектрлі толқынтасығыш немесе талшық деп аталады. 

Тарихына үңілсек бірінші әртүрлі қоспалы жарықтасығыш пайда болып, оның өшуі 1000 дб/км құрады, сосын 20 дб/км қшуі бар талшықты жарықтасығыштар пайда болды (1970 ж). Бұл жарықтасығыштың жүрекшесі сыну коэффициентін жоғарылату үшін титан қосылған кварцты қолданды, ал сырты таза кварцпен қапталған. Келесі ұрпақ жарықтасығыштардың өшуі 4 дб/км дейін төмендеді (1974г.), ал 1979 жылдары сипаттаммасы жақсарған, толқын ұзындығы 1,55мкм тең жарықтасығыштар ( өшуі 0,2 дб/км тең) пайда болды.  Қазіргі уақытта оптикалық-талшықты кабелдер көптеген елдерде өндірілуде және қолданыста. 

Сандық тарату жүйелерін PDH негізінде енгізу XX-ғасырдың 70-ші жылдары басталды. Бағыттаушы орта негізінде метал өткізгішті кабелдер қолданды. Сандық тарату жүйелерін SDH негізінде енгізу өткен ғасырдың 90-шы жылдарында сигналдардың оптикалық тарату техникасы мен технологиясы дамыған кезде пайда болды. 

PDH жүйелерінде төмен сатылы иерархияға тікелей қолжетімділік жоқ, тек жоғары сатылы циклдер қосылған. Мұндай қолжетімділік қажеттілігінде (мысалы, арналарды бөлу пунктерінде) қалыптастыруды және сызықты сигналдарды қайта жинауды қажет етеді.

SDH жүйелерінде бұл мәселе құрамында әртүрлі деңгейдегі VC-n виртуалды контейнері бар STM-N транспорттық модулін ұйымдастыру жолы арқылы шешіледі. Бұл деңгей жүктемені әртүрлі PDH сигнал деңгейлері АТМ ұяшығы немесе басқада сигналдарды транспортировка жасауға жасалады. Виртуалды контейнерлер транспортты модулдерге толқын фазасын компенсациялайтын және тактілік жиілікті өшіріп олардың циклінің басталуын көрсетеді. Көрсеткіш позициясы STM-N фиксирленген. Сондықтан әрқашан жүктеме циклінің басталуы белгілі болады. Бұл дегеніміз сызықтық трактте сигналдарды тікелей мультиплекстеу деп аталады. 

PDH жүйелерінде желілік синхронизация бірінші сатыда орындалады (2048 кбит/c). жоғары сатының сандық ағыны синхрондалмаған. Бұл уақытта SDH желілік түйіндері синхронды режимде жұмыс істейді. Аумақтың барлық түйіндері (мысалы, ұлттық желі) МСЭ G.811 Ұсынысымен анықталған бір жоғары деңгейлі қорек көзінен синхрондалады. 

Синхрондалған ақпараттардың тасығышы ретінде STM-N сызықты сигналдар қызмет етеді. “Синхронды аумақтардың” өзара әрекеті синхронды режимде іске асырылады. Плезихронды режимді де авариялық негізінде қолдануға болады. 

PDH және SDH жүйелерінің қолдану ортасын келесі әдіспен анықтауға болады. SDH жүйелерінде көп магистральді желіні, зоналық желі аумақтарын экономикасы дамыған аумақтарды магистральді желіге сонымен қатар қалалық желілерді дөңгелек құрылымды ұйымдастыруы қарапайым болуында. Осы уақытта PDH жүйелерін SDH желілеріне қолжетім кезінде және магистралді желілерге, SDH желілерінің жіберу мүмкіншілігі аз болғанда қолданылады.