Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ.Ә.О.Ә. жинақ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.52 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Жораева Г Бастауыш буын қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлері. Шымкент 2011 жыл

2. Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения. //Методическое пособие. – Алматы: Респ. изд. комитет, 1999. -55

3. Жөркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 1984.

4. Селевко Г.К. Слагаемое педагогичемкое технология: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998. - 256 с.

5. Беспалько В.Л. Слагаемые педагогической технологии – М.: Педагогика, 1989. - 192 с.

6. Жанпеисова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002. - 180 б

7. Тілешова С. Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. – Алматы, 1978

8. Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту. – Алматы,1973 3..

9. Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділіг арттыру жолдары. – Алматы, 1974

10. Жұмажанова Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі А., 2009

11. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.

12. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.

14. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.

15. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.

16. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.

Әдебиетті оқыту әдістері

Оқытудың ауызекі әдістері. Көрнекілік әдістері. Практикалық әдістері. Әдебиетті оқыту

әдістерінің топтары. Проблемалық, саралап , дамыта оқытудың өзіндік ерекшеліктерінің

болуы. Әдебиетті оқытудың репродуктивтік, зерттеушілік, эвристикалық және

шығармашылық әдістерінің айырмасына тоқталу.Оқытудың ауызекі , көрнекілік ,

практикалық әдістері.Проблемалап оқыту, саралап оқыту,дамыта оқыту,шығармашылық

оқыту әдісі, эвристикалық зерттеу , репродуктивтік әдісі.Диалогиялық әңгімелеу,

Дебат,диспут,прозаны драмаға ,поэзияны драмаға айналдыру, тосыннан жұмбақ ,қиял

әлеміне шомылдыру,тосын жағдайға келтіру,проблемалық жағдаяттар әлеміне салу,ой

толғау,сыр толғау, бес шумақ өлең,Венн диаграммасы,диагностикалық карта,т.б. әдістер

туралы.Әрқайсысының ерекшелігіне тоқталу.Қоңыратбаевтің , Көшімбаевтің, Айтқалиевтің,

Бітібаеваның тиімді әдіс- тәсілдері туралы мағлұмат беру.Б.Смановтың «Сабақ , оның

ерекшелігі туралы» зерттеу еңбегімен жұмыс жүргізу.Панорама сабақ берудің үлгісін

көрсету, талқылау, қорытындылау.

Семинарда (2)талқыланатын мәселелер:Қазіргі сабақ үлгілері

Сабақ құрылымы, мазмұны

Ю.Конаржевскийдің сабақ үлгілері

Жаңашыл ұстаздардың сабақ үлгілері

Панорамалық сабақ үлгілерін практика жүзінде көрсету

Пайдаланған әдебиеттер

1. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 1894.

2. Шамова Т.И. Мектеп реформасын жүзеге асыру шарты негізінде мектепішілік

педагогикалық мәліметті жетілдіру. М.,1983.

3. Конаржевский Ю.А. Мектепішілік басқаруды бақылау бойынша әдістемелік

нұсқау. Челябинск.1982.

4. Портнов М.Л. Азбука школьного управления.М.,Просв.1991.

5. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А.,1994.

6. Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня.М.,2000.

7. Құрманбаева Г.,Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.А.,1999.

8- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

Жоспары:

  1. Оқыту үрдісі.

  2. Әдістерді топтау үлгілері.

  3. Сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістері.

Лекция мақсаты: Оқыту үрдісі және де оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу әдістеріне тоқталу. Әдістерді топтау үлгілері, сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістерінен мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

2. Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

  1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.

  2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.

  3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, бір топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ, репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.

Сөздік әдіс

Көрнекілік әдіс

Практикалық әдістер

Зерттеу әдісі

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге де болатындай.

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы бар.

Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.

Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

3. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлей, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасау, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқыту үрдісі

  2. Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу әдістері

  3. Әдістерді топтау үлгілері, сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістерінен мәліметтер беру

  4. Оқытудың ауызекі әдістері

  5. Зертттеу іздендіру юбағытындағы проблемалық жүйесі,

  6. Тапсырмалар беру юарқылы қашықтықтан оқыту

  7. Электрондық оқулықтарды пайдалану

  8. Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі

  9. Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігінеи байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер

6. Әдебиет пәнінің мұғалімі